Ағаш отырғызу республикалық акциясы

Ағаш отырғызу республикалық акциясы Жуалы ауданында да жоғары деңгейде өтті. «Жасай бер, Қазақстан!» алеясында өткен аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары мен қызметкерлері, Қарасаз, Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері, жалпы 500-ге жуық адам қатысты. Акцияны аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашты. – Құрметті әріптестер! Бүгін республика көлемінде экологиялық акция өтуде. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның гүлденуіне үлес қосу, жас ұрпақты табиғатты аялауға  баулу. Бүгінде халық табиғат сыйы ағаштарды құрылыс заттарға көп пайдалануда. Сондықтан біз ағашты көптеп егуіміз керек. Орман қорымыздың молаюына өз үлесімізді қосуымыз қажет. «Судың да сұрауы бар»- демекші, суды да үнемдеп пайдалануымыз керек.  Барлықтарыңызды бүгінгі акцияға белсене атсалысуға шақырамын. Егетін ағаштарымызды шын ниетпен егіп, оған күтім жасайық. Ендеше іске сәт!,- деді аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы. Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі Көбейсін Хайралапов акцияға демеуші болған жеке кәсіпкер Бекзат Шубаевқа алғысын білдірді. «Туған жерге туыңды тік!» Бағдарламасы аясында демеушілік жасаған кәсіпкер 50 түп туя мен 50 түп можевельник сатып алып беріп отыр. Акция барысында одан бөлек орман шаруашылығы мекемесі арқылы 400 түп, ауылдық округтер арқылы 200 түп қараағаш көшеті әкелініп, отырғызылды. Акцияға аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы бастаған аудан басшылары белсене атсалысты.