АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

Біз Бауыржан Момышұлы ауылында тұрамыз, отағасы екеумізде де несие бар. Өзіміз төрт бала өсіріп, тәрбиелеп отырмыз. «Тірінің тіршілігі бітпейді» дегендей, өмір болған соң тірлік істеу керек, шаруашылық жүргізу керек. Сондықтанда кезінде несие алып, біраз оны төлеуге келгенде біраз әбіржуде болып жатқанбыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында халыққа берген аманатында, одан кейін шығарған Жарлығына сәйкес, алғашқы Жолдауында белгіленгендей өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қуантып, несиелерімізді жауып берді. Менің Халық банктен алған несиемнің 300 мың теңгесі жабылды. Ал уақытша жұмыссыз (вахталық жұмыста істейді) жолдасымның несиесі қаралып, құжаттары реттеліп жатыр. Ол да жабылар деген үміттеміз.

Осындай қамқорлық жасаған, біздің сияқты көптеген көпбалалы отбасына көмек қолын созған Президентімізге, Үкіметке алғысымыз шексіз!