Телефон арқылы және жазбаша түрде террористік актінің жасалу қаупі туралы хабар алған кездегі іс-қимылдар туралы жаднама

Телефон арқылы және жазбаша түрде террористік актінің

 жасалу қаупі туралы хабар алған кездегі

 іс-қимылдар туралы жаднама

 

  1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.) анониммен (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін:

1) өзін таныстыруы  (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы);

2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы;

3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.

 

  1. Анонимнің талаптарын анықтауы және қауіптің сипаты туралы ақпарат алуы қажет. Ол үшін:

1) жасырын адамды мұқият тыңдап, барлық талаптарын оның айтуы бойынша  жазуы;

2) кез келген сылтаумен оның өз талаптарын қайталауын ұсынуы;

3) анонимге әңгімені неғұрлым көбірек айтқыза отырып, қауіптің сипаты және  оның іске асырылу  уақыты туралы нақтылайтын сұрақтар қоюы керек.

 

  1. Анонимнің іс-әрекеттерінің себебін анықтау керек. Ол үшін:

1) анонимнің көздеген мақсаты туралы сұрақ қою, осы ретте қатыстылығыңызды сездіре отырып, анонимнің жауаптарын мұқият тыңдау;

2) анонимге өз мүдделерін іске асырудың басқа жолдарын  ұсыну.

 

  1. Анониммен байланысты тоқтатар кезде онымен болған әңгіменің маңызды сәттерін қайталап сұрай отырып, талаптарының әкімшілікке жеткізілетіндігін айту керек. Кез келген орынды сылтаулармен оны қайтадан телефон шалуға көндіруге тырысу керек.

 

  1. Әңгіме кезінде әңгіменің фонограммасын жазудың барлық мүмкін шараларын қолдану керек.

 

  1. Болған оқиғалар туралы:

1) «102» телефоны арқылы құқық қорғау органдарына;

2) объекті әкімшілігінің басшыларына хабарлау керек.

 

  1. Егер телефоныңызда нөмір анықтағыш болмаса немесе ол істемей қалса, телефон тұтқасын ілмей, жанына қойыңыз. Басқа телефоннан телефон стансасына қоңырау шалған телефон нөмірін (қалалық, қалааралық) анықтап беруді өтініп телефон шалыңыз.

 

  1. Қауіп-қатер туралы үрей тудырмау және бейкәсіби іс-қимылды болдырмау үшін ол туралы міндетті түрде білулері қажет адамдардан басқа ешкімге хабарламау керек.

 

Жазбаша қауіп-қатер туралы хабар алған кезде:

  • құқық қорғау органдарына хаттың (жазбалардың, дискеталардың, т.б.) сақталуы және оны жылдам жеткізу үшін шаралар қолдануы;
  • хаттарды (жазбаны, дискетаны және т.б.) мүмкіндігінше полиэтилен пакетке салуы;
  • құжатта саусағының таңбасын қалдырмауға тырысуы;
  • егер құжат конвертте болса, оны ашу конверттің сол жақ немесе оң жақ жиектерін қайшымен қию арқылы жасалуы;
  • құжаттың өзін, конвертті, оралған затты, барлық қолда барды сақтауы. Еш нәрсені лақтырмауы;
  • басқа адамдарға хаттың (жазбаның) мазмұнымен танысуға рұқсат етпеуі;
  • хатты (жазбаны және т.б) алған немесе тапқан кездегі жағдайды есте сақтауы;
  • алынған авторы беймәлім материалдардың үстінен жазуға, сызуға болмайды. Оларды бүктеуге, умаждауға, тігуге, желімдеуге рұқсат етпеуі;
  • алынған авторы беймәлім материалдарды олардың нақты белгілерін (түрін, санын, қандай тәсілмен және неде орындалғанын, мәтіннің қандай сөзден басталып және қандай сөзбен аяқталатын, қол қойылғандығы және т.б), сондай-ақ оларды табу немесе алу жағдайларын нақты көрсетіп, ілеспехатпен құқық қорғау органдарына жіберулері керек.