Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға арналған жаднама

Жарылыс қаупі  бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға  арналған жаднама

 

Табылған заттың жарылыс қаупі  болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері:

  • машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
  • машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
  • бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы;
  • табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
  • Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін.Жарылғыш құрылғылар үшінкамуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.

 

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

  • қоғамдық көлікте:

– қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

– заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға  тырысыңыз;

– егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.

 

  • үйіңіздің кіре берісінде:

– көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.

 

3) көшеде, саябақта және т. б.:

– айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;

– құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

 

4) мекемелерде, ұйымдарда:

– тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз.

 

Мыналарға тыйым салынады:

 

– табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;

– табылған бөгде затты пайдалануға;

– заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға;

– көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;

– жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;

– заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

– мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

– табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

 

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған адамдарға арналған жаднама

 

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, еңбірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда, саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

 

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, жасымауға тырысыңыз. Тынышталыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді біреулердің құтқаратынына иландырыңыз. Дыбыс беру және бір нәрсені тарсылдату арқылы адамдардың көңілін аударыңыз. Егер сізғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз,  сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер айналаңыздағы кеңістік біршама кең болса, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша  бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз. Мұрныңызбен тыныс алыңыз.