8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнаған құттықтауы

Жуалы ауданының әкімі Көпбосынов Бақтияр Бейсенбайұлының

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнаған құттықтауы

 

Б. Момышұлы ауылы                                                                   7 наурыз 2018 ж

Достық мәдениет үйі                                                                                 сағ: 1600

 

 

Қадірменді аналар,

Құрметті әпкелер мен қарындастар!

 

Сіздерді, Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған –әйел ана, әйел дана, барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш.

Демографиялық өсімді арттырудағы әйелдің рөлі де аса маңызды. Соңғы 25 жыл ішінде туу көрсеткіштері 2,5 есеге артқан. Ауданда 2017 жылы 947, ағымдағы жылдың 2 айында 152  шақалақ дүниеге келді.

 

Ауданымызда 10 ұл-қыз тәрбиелеген ақ жаулықты «Батыр аналарымыз» бар. Кеше Елбасымыздың жарлығымен 4 анамыз «Алтын алқа» иегері атанса, 16 анамыз «Күміс алқаға» ие болды. Ардақты аналар, Сіздерге ерекше ықыласпен бас иеміз.

 

Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі әйелге мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, біртұтастығымызды сақтаушы күш.

Олар тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, әдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Бүгінде нәзікжандыларымыз барлық саланының бел ортасында жүр.

Аудан бойынша мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 32 %, білім саласында 72%, мәдениет саласында 52%, денсаулық сақтау саласында 83 %, кәсіпкерлік саласында 38%, құқық қорғау саласында 10%  болса, солардың ішінде, жоғары лауазымдағы әйелдер 10 пайызды құрайды.

Теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстаған әйелдер Тәуелсіз мемлекетіміздің қысқа мерзім ішінде әлеуметтік                        экономикалық жетістіктерге қол жеткізуіне,                             Елбасымыздың Жолдауларында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда өздерінің білімімен, мәдениетімен, күш-жігерлерімен орасан зор үлес қосуда.

Осындай еселі еңбегімен дараланған, ауданымыздың «Құрметті азаматтары атанған» 13 азаматша бар. Олардың қатарында еңбек ері Миразова Аягүл Төреқызы, журналист, диктор Сағындықова Ұлжан Пармашқызы, білім саласының үздіктері Орынбаева Гүлсін Рахымжанқызы, Айсенова Күлшат Аймұхаметқызы сияқты ардақты азаматшаларымыз баршылық. Сондай-ақ, еліміздің қалыптасу жылында қажырлы еңбек еткен Әсия Молдақұлқызы, Күлпан Арыстанқызы, Лидия Захаровна, Евгения Петровна  апаларымыздың орны тіпті ерекше екені шындық.

Әр салада тынбай еңбек етіп отырған азаматшалар көпшілік. Білім саласында Сыпатаева Гүлсім, Қадырбекқызы Гүлнұр, кейінгі ұрпақ бойында тәлім мен тәрбиені ұштастыра білген №1 мектеп гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Бектурова Жеделхан, Көктөбе орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Таубаева Ұлбосын, №19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Көшпенбетова Қанткүл және тағы басқаларын атауға болады.

Кәсіпкерлігін өрге домалатып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын тиімді пайдаланып отырған әпке-қарындастарды да ерекше атап өтуге болады. Мәселен, былтырғы жылы осы бағдарламамен несие алған адамдар саны                   38 болса, олардың 9-ы – әйелдер. Жалпы өткен жылы 172 940,0 мың теңгеге несие берілсе, соның            25 пайызын (43,5 млн) нәзік жандылар игеріп отыр деген сөз. Олардың ішінде әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын , Байшаханова Гулдіжамал Амировнаны, құс шаруашылығын қолға алған Ләззат Бозтаеваларды атап өткім келеді. Спорт саласында да қарындастарымыз қуантып келеді. Республикалық трунир жеңімпаздары таэквондошы Кеңес Дана, боксшылар Кудинкина Мария, Рахметова Ақжүніс қарындастарымызды ерекше атап көрсетуге болады. Қарындастарымызға алдағы жарыстарда да сәттілік тілеймін.

 

Құрметті аналар, қарындастар!

Елбасымыз күні кеше жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялады. Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».   «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша несие өсімінің мөлшерлемесі 7 %. бастапқы жарнаға баспана құнының  20 %, 25 жылға дейінгі мерзімге берілетін болады.

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып,  1 процент қана салық салуды ұсынады.

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».   Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту». Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады.

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Елімізде   9 облысқа газ тартылған.

 

Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып

 

Дорогие женщины-матери, сестры,                       жены и дочери!

От всей души поздравляю вас                            всех с первым весенним праздником-Международным женским днем 8 марта.

Нет на свете такого народа, который не относился бы с глубоким почтением к женской половине общества. Женщины являются воплощением нежности и утонченности, милосердия и доброты.
Все хорошее и благое в этой жизни непосредственно связано с матерью. Поэтому значение этого праздника особо дорого                     для нас, близко нашим сердцам.
Современная женщина  активно участвует в строительстве нашего государства. Государством принимается немало мер по социальной поддержке женщин, многодетных семей.

Увеличивается размер пенсий, пособий. Охрана материнства и детства, укрепление института семьи и брака являются важнейшими                                 направлениями государственной политики.                                      Уверен, что женщины внесут свой достойный вклад в реализацию национальной идеи «Мәңгілік ел».

Дорогие женщины,

Пусть это весенний день подарит вам море цветов, доброй улыбки и внимания близких.

В этот праздничный день желаю вам крепкого здоровья, вашим семьям — благополучия и счастья! Пусть весенний свежий ветер и теплые солнечные лучи подарят вам праздничное настроение! Успехов вам и всех благ, милые женщины!

Құрметті аналар!

Қадірлі әпкелер мен қарындастар!

Шырайлы көктемнің алғашқы күндерінде келген, 8 наурыз мерекесінде, баршаларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, бақыт, шаттық тілеймін.