Аудан әкімі Б. Б. Көпбосыновтың 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне сөйлеген сөзі.

Аудан әкімі  Б. Б. Көпбосыновтың 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне сөйлеген сөзі.

 

Құрметті жерлестер!

Қадірменді қонақтар!

Сіздерді 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.

Сол бір тарихи күні Қазақстан халқы өздерінің тағдырын, еліміздің тағдырын сеніп тапсырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындағанын  көрсетті. Еліміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал жаңа  атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының  заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда  қабылданды. Осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті.

Аталмыш заңның бірінші тарауында: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол барлық  мемлекеттермен өзара қатынасын  халықаралық  құқық принциптері  бойынша құрады. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа  мемлекеттердің  тануы үшін  Қазақстан Республикасы ашық»,- делінген. Рас, содан бергі  24 жылда елдің іргесі   сөгілген жоқ. Ұлтаралық  татулыққа  селкеу  түспеді. Яғни, Конституциялық  заңның  дер кезінде  қабылдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етеді. Шындығы сол, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды  қабылдау  жаңа тәуелсіз  мемлекетіміздің  шынайы егемендігінің бастауы болды.Тыңнан түрен салған Казақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады.

Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған еліміз бүгінде әлем танымастай етіп өзгерді.

Қадірлі ағайын!

Құрметті Жуалылықтар!

Елбасының биылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 21 қарашада жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты Мақаласы халықтың болашаққа деген сенімін арттырып отыр десек артық емес.

Ендігі біздің басты мұратымыз-Елбасының саясатын қолдай отырып, Ұлы дала құндылықтарын қастерлеу,келешек ұрпаққа басты байлығымыз—тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.

Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше Тұңғыш Президент күні құтты болсын!