Аудан әкімі Бақтияр Бейсембайұлы Көпбосыновтың Көлбастау ауылындағы «Әсем достар» жекеменшік балабақшасының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі

Аудан әкімі Бақтияр Бейсембайұлы Көпбосыновтың Көлбастау ауылындағы  «Әсем достар» жекеменшік балабақшасының  ашылу салтанатында сөйлеген сөзі

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Қадірменді қонақтар!

30.11.2018 ж

 

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында сіздердің ауылдарыңызда үлкен жаңалық, қуаныш болып жатыр.  Жеке кәсіпкер Есаманов Әсет өз қаржысына жаңа 50 орындық балабақша ашып отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын!

Елбасымыз алдымен ана мен балаға үлкен көңіл бөліп, жағдай жасауда. Бүгінгі мереке сол игілікті қадамның жемісі.

Тәуелсіз еліміздің үкілеген үміті-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы саналып қана қоймай, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын саналады.

Елбасы биылғы 5 қазандағы Жолдауында балабақшадағы сапа мен тәрбиешілер еңбекақысын көтеруді тапсырды. Бұл ретте, Білім және ғылым министрлігі  әкімдіктермен бірлесе отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартуды, тәрбиешілердің бірыңғай біліктілік талаптарын енгізуді қамтитын Жол картасын әзірлейтін болады.

Бүгінде ауданда 30 мектепке дейінгі білім мекемесінде 2290 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында бүгінгі таңда ауданда                       2 жекеменшік балабақша жұмыс жасауда.

Ауданда 3 пен 6 жас аралығында 99,1 пайыз баланы қамтып отырмыз. 2020 жылға дейін елдегі балаларды түгел қамту керек туралы міндеті қойылған болсма, ол міндетті бүгін орындап отырмыз.

Мектепке дейінгі білім мекемелерінде       330-дан астам педагог қызмет атқарса, оның 67,4% «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар.

Ардақты ауыл тұрғындары!

Баршаңызды «Әсем достар» жекеменшік балабақшасының ашылу салтанатымен құттықтай отырып, барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын.

 

Назарларыңызға рахмет!