Аудан әкімі Н.Ергебековтың оңалту орталығының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі

Аудан әкімі Н.Ергебековтың оңалту орталығының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі

 

Қадірменді көпшілік!

 

Бүгін біз аса маңызды шараға жиналып отырмыз. Бүгін ауданымыздағы ерекше қажеттілікті талап ететін балаларымызға арналған Оңалту орталығы жұмысын бастағалы отыр.

Жалпы ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарттарға, өмірлік қиын жағдайға туындаған мұқтаж азаматтарға, тұрмысы төмен әлжуаз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету толастаған емес.

Бүгінгі күні ауданымызда ИНВА такси қызметі қолға алынып, жұмыс атқарып отырғанын білесіздер.

Балаларды үйде оқытуға байланысты шығынды да қарастырып,  64 балаға 752,0 мың теңге көмек тағайындалып, төленіп берілді.

Арнайы көмекшімен қамту және ымдау тілі маманының қызметіне 86 адам өтініш білдірсе, олардың барлығының сұранысын қанағаттандырдық.

Бұдан бөлек, санарий-курорттық емдеумен қамту үшін 150 азаматтың өтінішін қабылдап, облысқа жолдап отырмыз.

 

Қадірменді ата-аналар!

Бүгінгі оңалту орталығы балаларыңыздың дертіне шипа беретін мекенге айнала берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.