Аудан әкімі Н.Ергебековтың Қарасаз ауылында «Цифрландырылған ақпараттық орталықтың» ашылу салтанатын сөйлеген сөзі

Аудан әкімі Н.Ергебековтың Қарасаз ауылында  «Цифрландырылған ақпараттық орталықтың» ашылу салтанатын сөйлеген сөзі

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

 

Бүгін міне аудандағы кезекті «Цифрландырылған ақпараттық орталықтың» ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз.

Бұл – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып отырғын игі жұмыстар.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында межеленген басым бағыттардың бірі-цифрландыру мәселесі болатын.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қолға алынып, ел өңірлерінде жүзеге асырылуда.

Мұның нақты дәлелі ретінде сегізінші болып ашылғалы отырған осы цифрландырылған ақпараттық орталық ел игілігіне берілгелі отыр.

Орталықтың негізгі міндетінің бірі – жастардың білімге құштарлығын арттыру болып табылады.

 

«Кітап-білім қазынасы» дейтін болсақ, жасыратыны жоқ, бүгінде кітап құмар жастар саны азайып кетті. Оған басты себеп-кітапханалардың заман ағымынан кенжелеп қалуы. Осы оқылықтың орнын толтырып, оқырманды кітапханаға қайта тарту мақсатында 2018 жылы Бауыржан Момышұлы және Нұрлыкент ауылдарынан «коворкинг» орталығы, Б.Момышұлы, Т.Дүйсебайұлы, Жаңаталап, Талапты, Нұрлыкент ауылдарынан «Цифрландырылған ақпараттық орталық» ашылып, ел игілігіне қызмет атқарып отыр.

Сол мақсатымызды ары қарай жалғастыру бағытында өздеріңіздің ауылдарыңыздағы кітапханаға 960 мың теңге қаржы қарастырылып, 4 компьютер, кілем, жиһаз және тағы басқа қажетті құрал жабдықтарды қамтамасыз етіп отырмыз.

Айта кету керек мұнда электрондық үкімет порталы арқылы тұрғындарға 1 маман кітапханашы 18 қызмет түрін көрсетеді деп жоспарлануда. Яғни, ауыл тұрғындары аудан орталығына сабылмай, осы орталықтан өзіне керекті анықтамаларды «egov.kz» сайты арқылы алуға толық мүмкіндігі бар.

 

Алдағы уақытта осынау жүйелі жұмыстардың жалғасы ретінде алыс ауылдардардағы 6 кітапхананы ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Олар – Ақтөбе, Бақалы,Сұрым, Бәйтерек, Көлтоған, және Қарабастау ауылдары.

Бұл орталықтың қызметін үлкен кішіге қарамай ауыл азаматтары толықтай өз мүмкіндігіне пайдаланса, берер пайдасы орасан зор.

Мәселен, ауыл тұрғындары, соның ішінде әсіресе шаруа қожалықтары көктем басталысымен кірістер басқармасына декларация тапсыру үшін орталыққа сабылмай ақ, осы жерден декларацияны тапсыруға болады.

Мұнда жұрт негізінен кітап, газет-журналдар оқып, рухани азық алуымен қатар, интернет, вай-фай жүйесін тегін пайдаланады.

Сіздерді тағы да орталықтың ашылуымен құттықтай отырып, игілігін толық көріп, мол мүмкіндіктерді пайдалануларыңызды тілеймін!