Аудан әкімінің әскери АНТ қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзі

Аудан әкімінің әскери АНТ қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзі

25.05.2019 жыл

Құрметті сарбаздар!

Сіздерді бүгінгі әскери ант қабылдау рәсімдеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Барлық кезеңде де әскеріміз – еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің тірегі, тыныштығымыздың сенімді кепілі және азаматтарымыздың саулығы, әлемдегі мемлекеттік беделдің өлшемі болып келеді. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз кәсіби армия ұйымдастырды, еліміздің қызығушылығына толықтай жауап беретін әскери доктрина қабылдады.

Бүгінде біздің әскеріміз – барлық қазақстандықтардың мақтанышы.

Қарулы Күштер қатарындағы қызмет – әскер қатарына шақырылатын әрбір азамат үшін үлкен міндетке, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлерінен негізделген адамгершілік патриотизм мектебіне айналды.

Араларыңызда Жуалы өңіріне алғаш келгендер бар шығар. Жуалы өңірі батырлар мен ақындардың мекені. Әсіресе елдің басына күн туғанда ерлік көрсеткен кешегі Батырбек Датқа, Ұлы Отан соғысында ерліктің жоғарғы үлгісін паш еткен Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Владимир Вишневецкий, Дмитрий Кавешников,  Федор Кердань, Дмитрий Пахомов, «Даңқ» орденінің толық иегері Тайыр Тастандиев осы өлкеден. Ауған жерінде от кешкен Бақытжан Ертаев ағаларың да осы жердің тумасы. Өздеріңіз байқағандай, талай ұлыларды өмірге алып келген Жуалы өлкесінен сіздер де жоғары рух алып, әскери білімдеріңізді шыңдай түсесіздер деп ойлаймын.

 

Құрметті Отан қорғаушылар, еліміздің тыныштығы, жақындарымыздың қауіпсіздігі мен амандығы сіздердің қолдарыңызда. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік тілеймін. Азаматтық борыштарыңызды абыроймен атқаруға тілектеспін!