Аудан әкімнің м.а А.Жабағының «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында өтетін тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі

Аудан әкімнің м.а А.Жабағының «Келешекке кемел біліммен» тақырыбында өтетін тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі

 

Құрметті ұстаздар!

Қымбатты қонақтар!

 

Бүгін біз тағы бір жаңа оқу жылы қарсаңында кездесіп отырмыз. Сондықтан, ең алдымен баршаңызды келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Биылғы Тамыз педагогикалық кеңесінің «Келешекке-кемел біліммен» тақырыбында өтуі орынды деп санаймын.

Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым.

Білімді  жастарды тәрбиелеу бүгінгі ұстаз атқарып отырған ұлағатты іс.

Осыған байланысты, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді.
Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең.

 

 

 

Дорогие учителя!
Уважаемые участники конференции!

        Прежде всего, разрешите мне поздравить всех работников образования с наступающим новым учебным годом!

По традиции ежегодно на августовском совещании педагогических работников мы подводим итоги работы системы образования и намечаем цели и задачи на новый учебный год.

Құрметті әріптестер!

        Мемлекет тарапынан білім саласының дамуына жасалып жатқан қолдау өте көп.
Соңғы үш жылда ауданда 1 (бір) жаңа білім нысаны салынып, 8 (сегіз) нысан күрделі жөндеуден өткізілді. Жалпы білім саласына өткен 2018 жылы 5,6 млрд теңге бөлінсе, биыл ол артып 5,8 млрд теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде құрылыс жұмыстарына 108 841,4 мың теңге, жөндеу жұмыстарына 27 млн 982 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Атап айтсақ, Қарабастау ауылындағы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебіне қосымша спорт зал мен қазандық соғылуда, 2 мектептің (С.Байтіков, Қ.Сағындықов) оқу корпустарының шатыры күрделі жөнделсе,                  1 мектептің (А.Байтұрсынов) спорт залының едені ағымдағы жөндеуден өтуде.

Жалпы білім сапасының бірден-бір көрсеткіші ол – ұлттық бірыңғай тест. 2018-2019 оқу жылында 29 орта мектептен 791 оқушы мектептің толық курсын аяқтады,                        оның 750-ы (94,8 %) ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірді. (2018 жылы- 87,9 % ).

Ауданның орташа балы 97,5-ті құрап, облыстық көрсеткіштен 6,8 балға жоғары болды.

Ұлттық бірыңғай тестке қатысқан 750 түлектің 436-ы 100 балдан жоғары алды. Аудан бойынша ең жоғарғы баллды №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының бітірушісі Сахыбай Айжан-138 балл, №1 мектеп-гимназия бітірушісі Мұратаева Амина-137 балл иеленді.

Осындай саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздарымыз жетерлік. Оның ішінде, №1 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Утегенова Несипкул Жаксымуратқызын, №30 Көктөбе орта мектебінің тарих және география пәні мұғалімі -Таубаева Ұлболсын Сайтқызын, №19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі-Амиралиев Ғани Орынбекұлын,                           №29 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі-Артыков Асхат Артықұлын, «Аягүл» бөбекжай-балабақшасының әдіскері-Кемелова Гаухар Болатбекқызын атап айтуға болады.

 

Қадірменді көпшілік!

Өздеріңізге мәлім жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясына қатысып, білім саласының дамуы жөнінде арнайы сөз сөйледі.

Ол сөзін: «Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді»-деп бастады.

Президент баяндамасында білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау, тәрбие мен білімді ұштастыру мәселесі, дуалды оқыту, түлектерді жұмыспен қамту, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу, үштілділді білім беру мәселелерін қозғады. Ең бастысы, ұлттың бәсекеге қабілетті болуы үшін ұстаздардың мәртебесі биік болуы қажет екенін баса айтты.

 

Ол үшін «Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданатынын, онда мұғалімдердің жүктемесінің азайтылуы, ары мен намысының толық қорғалуы және әлеуметтік қолдау шараларын қабылдауды тапсырып, Үкіметке алдағы 4 жылда айлық жалақыны 2 есе өсіруді жүктеді.

                           Құрметті ұстаздар!

Мектеп – білім ордасы. Ал, қоғамның болашағы білімі терең, азаматтық позициясы айқын, мәдениеті жоғары жастарды тәрбиелеумен тікелей байланысты болмақ.

Ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!

Игілікті істеріңізде әрқашан асқақ абырой мен жоғары мәртебе тілеймін!

Назарларыңызға рахмет!