Медицина қызметкерлері күні сөйлеген сөзі

Медицина қызметкерлері күні сөйлеген сөзі

Құрметті медицина қызметкерлері

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.

Ауданымызда кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласында ілгерушілік байқалады. Мәселен, соңғы 2 жылда 5 жаңа құрылыс обьектілері соғылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, үстіміздегі жылы тағы да 8 нысан құрылысы басталды. Сондай-ақ, осы кезеңде біздің орталық аурухананың  медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 91,5 пайызға жетіп отыр.

Аудандық  денсаулық сақтау саласында барлығы 580 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде  дәрігерлер саны -83.

Ауданның  дәрігерлермен қамтамасыз етілуі әрбір 10 000  тұрғынға шаққанда 94 пайызды  құрап отыр.

Ал орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылуы 100 пайыз құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш.

Медицина қызметкерлерінің білімдерін үнемі жетілдіріп отыру да маңызды шаралардың бірі.  Жыл басынан бері  37 дәрігер мен  29 орта буын медицина қызметкерлері білімін жетілдіру базаларында арнайы оқудан өтіп келді.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілгендей жаңа жүйе-ауруларды басқару бағдарламасы еңгізіліп, 114 маман оқытылды.

Биылғы жылдан бастап дәрігерлердің еңбек ақысын төлеу бойынша жаңа жүйе еңгізілді. Нәтижесінде орташа жалақы 40 пайызға көтеріліп,  180000 теңгені құрады. Аймақтық дәрігерлермен медбикелердің жалақысы 20% -өсті.

Медицина қызметкерлері арасында өз ісінің нағыз мамандары жетерлік. Олардың қатарында Қалдыбай Байрамов, Қазихан Есманбетов,Замира Ашилова, Қалбике Сарсенова, Рая Рахимова, Алма Жумамуратова, Ұлбике Айтжанова және басқа да мамандарды ерекше атап өтуге болады.

Құрметті медицина қызметкерлері!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.