Жуалы ауданының әкімі Б.Көпбосыновтың «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ұйымдастырылған «Біздің мақсат – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» форумындағы СӨЗІ

Жуалы ауданының әкімі Б.Көпбосыновтың

 «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ұйымдастырылған

«Біздің мақсат – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» форумындағы сөзі

 

Құрметті форумға қатысушылар!

Құрметті әріптестер!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл басындағы Жолдауында белгіленген 10 негізгі міндеттің бірі, әрі негізгісі – «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» болып белгіленген.

Сыбайлас жемқорлық – жалпы қоғам дерті, оның  қоғамға тигізер зардаптары да орасан.

Бүгінгі күні республикада осы дертпен күресу бойынша көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде цифрландыру бағдарламасы. Е-Үкімет бағдарламасы арқылы көптеген мемлекет қызметтері ашық, қолжетімді болып, жемқорлыққа тосқауыл қояды.

Жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы тек құқық қорғау органдары тарапынан ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік және азаматтық қоғам өкілдері, бизнес қауымдастық пен жастар ұйымдары да күресуде.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облысымызда ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап «Адал жол – честный путь» ұранымен республикалық марафон бастау алды. марафонэстафетаны 4 маусымында Сарысу ауданынан қабылдап алған болатынбыз.

Осы марафон аясында, ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтар болсақ, аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында семинарлар, автошерулер,байқаулар, дебаттар, жастар флешмобтары, көңілді тапқырлар кеші, спортық жарыстар, сондай-ақ лекциялар мен түрлі деңгейдегі 50-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, 1200-ден аса жуалылықтар республикалық акцияға өз үлестерін қосты. Бұл шараларға мектеп оқушылары, колледж студенттері, еңбек ұжымдары мен кәсіпорындар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Бүгінгі өткізіліп отырған форумының негізгі мақсаты да осы, яғни мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлықтың кез келген  көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Құрметті жиналған қауым!

Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Оны барлығымыз білеміз.

Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің  еліміз үшін өте маңызды болып табылады.

Себебі, барша Қазақстан қоғамының ұлы құндылығы – Мәңгілік Ел! Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де осы құдіретті ұғымға сыйып тұр.

Құрметті Жуалылықтар!

Ең басты байлығымыз – Ел бірлігі. Барлығымыздың іс-әрекетіміздің түпкі мәні – осы!

Осы игі мақсаттар жолында барша қазақстандықтарменбірге сарысулықтарды да қоғамдық дертпен күресуге шақырамын.

Біздің, Елбасы Жолдауынан туындаған негізгі міндетті абыроймен жүзеге асыратынымызға сенімім мол.

Баршаңыздың атқарар ортақ істеріңізге сәттілік тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!