Жуалы ауданының әкімі Н.Ергебековтың 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай құттықтау сөз

Жуалы ауданының әкімі Н.Ергебековтың

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай құттықтау сөз

Б. Момышұлы ауылы                                          1 маусым 2019 жыл

Қымбатты балалар!

Міне өздерің асыға күткен жадырап жаз да келді. Жаздың алғашқы күнінде өздеріңнің төл мерекелерің — балаларды қорғау күні екенін білесіңдер. Бұл күн — балалардың әрдайым қамқорлықта болуын, ал үлкендердің олар үшін жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Еліміздің ертеңгі тірегі болатын Сендердің болашақтарыңды баянды ету біздің парыз, Сондықтан мемлекетіміз сендердің болашақтарыңа үлкен сенім артып, барлық жағдайларды жасап отыр.

Ауданда 2018-2019 оқу жылында 40 білім беру мекемелерінде 1-10 сынып аралығында  10402 оқушы білім алды. Оның 9841 оқушы мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде қамтылады, ал 2750 баласы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

 

 

Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне Берікқара шатқалында орналасқан  табиғаты әсем Берікқара лагеріне 400 бала сауықтырылуға жіберіледі. Оған аудандық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді.

Биыл 3–жыл қатарынан 1 маусым күні өткізілгелі отырған театрландырылған шеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  қолдауымен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі  ретінде жоспарланған.

Бұл – сендер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңнің еншілеріңе тиген төл мейрамдарың болып есептеледі. Ендеше, барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Қадірменді Жуалылықтар!

Балаларымыздың тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Мемлекет саясатының басты басымдығы да алдымен балалардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлу. Ол жұмыстардың барлығы бүлдіршіндеріміздің болашағы үшін.

Сондықтан баршаңыз отбасында бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, оларды мейірімділікке тәрбиелеңіздер. Мұндай тәрбиенің біз үшін маңызы зор. Өйткені халықтар арасында бейбітшілікті берік ұстанған мемлекетіміздің осы бағыттағы абройы өте жоғары.

Міне, осы орайда мемлекетіміздің тыныштығын сақтауда әрбір отбасы тәрбиелі, білімді азамат өсіру үшін өзінің үлесін қосуы керек. Сонда ғана болашақта еліміздің тыныштығы берік, дамуы қарқынды болады.

Ендеше балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасында балалар саны артып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!