«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

                                           Дипломмен ауылға!

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт  және  агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына әлеуметтік  қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы                         18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Ережесіне сәйкес                          2009 жылдан әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылуда.

Бағдарлама аясында әлеуметтік шараларын алуға ниетті жас маман,               аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне келіп, бағдарлама шарттарымен толық танысып, қажетті құжаттар тізбесін тапсыру арқылы, (70 АЕК-ке тең сомада) көтерме жәрдемақы  және (1500 АЕК-тен аспайтын сомада) тұрғын үй сатып алуға немесе соғуға бюджеттік кредит алуға мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз.

Мекен жайымыз: Б.Момышұлы ауылы, Е.Сауранбекұлы көшесі, №2 үй

Байланыс телефоны: 2-03-77, 2-04-84

 

 

Жуалы ауданы әкімдігінің экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі