№2 сайлау округі бойынша шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына өтетін сайлау барысы туралы

№2 сайлау округі бойынша шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына өтетін сайлау барысы туралы

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына  және сайлауды өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес аудандық «Жаңа Өмір – Новая Жизнь» газетінің 26.01.2018ж №7 нөміріне аудандық аумақтық , №2 округтік және №№186,187,188,189  учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен сайлау округі мен учаскелерінің шекаралары, орналасқан жерлері, телефон номерлері  жарияланды.

Шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына өтетін сайлау облыстық сайлау комиссиясының шешімімен 2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған .

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 22 ақпан күніне депутаттыққа кандидат ретінде  3 азамат тіркелді. Олар :

  1. Мұсаханова Гүлнар Махамбетқызы «Нұр Отан» партиясымен ұсынылған ;
  2. Тілікбаев Ерлік Нұрғалиұлы – өзін-өзі ұсыну жолымен ;
  3. Қожаров Амангелді Балташұлы – өзін-өзі ұсыну жолымен .

Аталған кандидаттарға тіркелгендігі туралы куәліктер №2 округтік сайлау комиссиясы тапсырды. Тіркелгендігі туралы мәліметтер аудандық газетте күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланды. Сонымен қатар кандидаттардың сенімді өкілдері де тіркеліп, оларға да тиісті куәліктер берілді.

Кандидаттар және жұбайлары салық органдарына табысы жөніндегі декларациялар тапсырып, салық органы олардың жариялаған табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруде.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, маслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы жылдың 25 ақпанында аяқталады. Ал 28 ақпаннан бастап кандидаттар  сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын бастайды.

Бүгінгі күні сайлау комиссиялары қажетті материалдық – техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сайлау комиссияларының мүшелері тиісті жұмыстарын өз өкілеттіктері шегінде атқаруда.