ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы       іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында және өңірдің шалғайдағы елді мекендер тұрғындарының қол жетімділік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында «Skype» бағдарламасы арқылы азаматтарды қабылдау өткізуді жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылғы 19 ақпанда сағат 10.00-де қызықтыратын сұрақтарыңызға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы жауап береді. Сұрақтарыңызды «Skype» бағдарламасы арқылы онлайн режимде қоя аласыздар.

Интернет желісіндегі мекен-жайымыз: ДДГСПК по Жамбылской области (https://join.skype.com/invite/g6jL7x00HXZf).

 

Видео-қабылдау үшін Сіздердің назарларыңызды техникалық талаптарға аударамыз:

 

Сіздің құрылғыңызда (комьютер, телефон) орнатылу қажет:

  • «Skype» бағдарламасы;
  • веб-камера;
  • гарнитура (микрофон, құлаққаптар).

 

Қоңырауды жүзеге асыру үшін Skype белгішесін басу қажет немесе іздеу мәзірінде «ДДГСПК по Жамбылской области» контактіні табу және қосу қажет.