«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жуалы аудандық бөліміндегі 2018 жылы атқарылған іс-шаралары жөніндегі ақпарат

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жуалы аудандық бөліміндегі 2018 жылы атқарылған іс-шаралары жөніндегі ақпарат

 

«Азамттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша Филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жуалы аудандық бөлімі өз жұмысын Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Сауранбекұлы көшесі 49 мекен жайы бойынша 28 қараша 2007 жылы бастады. 16 желтоқсан 2017 жылы ғимараттың тарлығына байланысты Жамбыл облысы әкімінің көмегімен Жуалы ауданыБ.Момышұлы ауылы Жібек жолы көшесі №21 мекен жайынан ғимарат сатып алынды.  Ғимарат ауданы – 403,7 ш.м. Тұтынушыларға 50-70 автокөлікке арналған автотұрақ бар.

Бөлімнің бекітілген штат саны 20 бірлік. 1 – Бөлім басшысы, 1 – бөлім басшысының орынбасары,  18 – маман.

Мұнда операциялық зал, кеңес беру секторы, дайын құжаттарды беретін сектор, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, мемлекеттік төлемдерді қаылдауға арналған касса бар.

Мемлекеттік қызметті  алу үшін төлем ақылары  бөлімінің ғимаратында орналасқан «Казпочта» АҚ-ның кассасы арқылы жүргізіледі.

Бөлімнің реттеу залында барлығы – 12 терезе, оның 6 – терезесі операция залының құжат қабылдау бағыты бойынша, 2 – терезесі дайын құжаттар беру бағыты бойынша, 2 терезе көші-қон полиция тобы арқылы құжаттандыруға арналған, 1 терезе жұмыспен қамту орталығына, 1 терезе касса төлемдерін жүргізуге қызмет көрсетеді, сонымен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету секторында 8 жұмыс орны бөлінген.

 

Көрсетілген қызмет бойынша ақпарат

 

Жуалы аудандық бөлімінде 2018 жылда жалпы 64789 құжат қабылданып, 66554 құжат тұтынушыларға табыс етілді. Оның ішінде 38066 құжат қағаз тасымалдағышта, 28488 құжат электронды негізде орындалдыжәне «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» бойынша – 15027қабылданған.

Сонымен қатар Бөлімнің Өзіне – өзі қызмет көрсету секторы арқылы қызметалушыларға 2018 жылы 10057 тұтынушыға қызмет көрсетіліп, 20114 тұтынушыға кеңес берілді.

2017 жылы бөлімде  жалпы 77046 құжат қабылданып, 78385 құжат тұтынушыларға табыс етілді. Оның ішінде 27883 құжат қағаз тасымалдағышта, 50502 құжат электронды негізде орындалды және «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» бойынша – 8779 қабылданған, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 58 % артты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны жалпы 25 (2017 жылы 47 құжат), барлығы техникалық ахаулық себептерінен орын алды, 2017 жылмен салыстырғанда  2018 жылы мерзімі бұзылып көрсетілген құжаттар саны 53 % азайды.

2018 жылы барлығы 16 құжат уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, оның 15 құжаты бас тартылса,1 құжат уақытша тоқтатылды, соның ішінде 1 құжат маманның кінасынан орын алды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған  құжаттар саны 31,5 % азайды.

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі порталының төлем шлюзі арқылы бөлімде жалпы сома 1987544 теңгені құрайтын төлемдер жүргізілген.

 

 

                                                                      Бөлім басшысы  М.Зиябеков