ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛГЕ АРНАЛҒАН ӘДЕСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР (НҰСҚАУЛЫҚ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ

 

 

 

 


 

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛГЕ АРНАЛҒАН ӘДЕСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР (НҰСҚАУЛЫҚ)

 

 

 

 

 

 

АСТАНА – 2018 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………3
  2. Негізгі терминдер…………………………………………………………………….4-5
  3. Консультациялық көмек және түсіндірме жұмыстар……………………………….5-6
  4. Қызметтік әдепке, сондай-ақ шектеулер мен тыйымдарды сақтауға мониторинг және бақылау………………………………………………………..…………………6-7
  5. Қызметтік әдеп нормаларын бұзушылық фактілері бойынша өтініштерді қарау. Мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру.………………………………………………………………………………………………..……..8-10
  6. Өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас жасау.…………………………………..10-11
  7. Құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасау және бұзушылықтарды алдын алу……………………………………………..………..…..11
  8. Үйлестіру және әдістемелік басшылық пен есептік қызмет…………………………11-12
  9. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін ұйымдастыру…….……………………………12
  10. Қосымша 1…………………………..………………………………………………..13-14
  11. Қосымша 2…………………………………………..………………………………..15-16
  12. Қосымша 3………………….…………………………………………………………….17
  13. Қосымша 4…………………………………….………………………………………….18
  14. Пайдалынған ақпарат көздері

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Осы Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені шске асыру мақсатында  мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметтерінде олардың функцияларының жүзеге асырылуына арналған.

Әдеп жөніндегі уәкілдер  мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын және мемлекеттік қызмет туралы заңнама бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өз қызметінің шегінде мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 қадамын жүзеге асыру шеңберінде енгізілді.                       Ұсынылып отырған материал Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған Әдістемелік ұсынымдардың бірінші басылымы болып табылады. Осы материалға қатысты Сіздің пікірлеріңіз бен ұсынымдарыңызды қуана қабылдаймыз.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы Әдістемелік ұсынымдар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілдер қызметін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету,  сондай-ақ мемлекеттік қызмет, Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды қолдану бойынша мәселелерді түсіндіру үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес әзірленді.

 

            НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

           

 

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

 

Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

 

Мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.

 

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынысты мемлекеттік орган.

 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңда және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгiленген мінез-құлық қағидалары.

 

Консультациялық көмек

мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын және Әдеп кодексін қолдану мәселелері бойынша кеңес беру арқылы көмек көрсетуге бағытталған шаралар.

 

Шектеулер мен тыйым салулар-мемлекеттік қызметте болуға байланысты мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптардың тізбесі, оның ішінде жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделері үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалану.

 

Өзара қарым қатынас мәдениеті – өзара құрмет және әдеп нормаларының тәртібін сақтау қағидаларына негізделген, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік органның қызметшілерінің арасындағы өзара қарым-қатынас үлгісі.

 

Мониторинг және бақылау –  мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау жағдайын бақылау бойынша, сондай-ақ әдеп нормалары бұзушылықтың фактілерін анықтау мен оларды жоюға бағытталған әдеп жөніндегі уәкілдермен жүзеге асырылатын (қабылданатын) шаралардың кешенді жүйесі.

 

Құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау – осы тектес бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу бойынша ұсынымдарды әзірлеу мақсатында, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау тәжірибесін есепті кезеңде жалпылау бойынша

іс-шаралар.

 

Бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзушылықтарын жасауды ескертуге бағытталған шаралар кешені.

 

1. Консультациялық көмек және түсіндірме жұмыстар

 

 

 


Консультациялық көмек

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін әртүрлі себептерге байланысты  (негізгі қызмет бағыты бойынша  жүктеменің көптігі, еңбек өтілінің аздығы, заң білімінің жоқтығы және т.б.) толық түсіне бермейді.  Нәтижесінде, шешімдер қабылдау немесе заңмен бекітілген өз құқықтарын қорғау барысында күмәндар туындайды.

Осыған орай, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге консультативтік көмек көрсету әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі болып табылады.

Консультативтік көмек жеке-бағытталған жұмыс болып табылады және мемлекеттік қызметші үшін жеке қабылдауды ұйымдастыру, әңгімелесуді жүргізу және т.б. нысанда болуы мүмкін.

Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметшілер емес үшінші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар) жүгінген кезде де осыған ұқсас жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілдерге Facebook, Vk, Twitter, Telegram, Instagram және т.б. танымал әлеуметтік желілерде парақшалар ашу және әлеуметтік желілердің мүмкіндігін профилактикалық мақсатта пайдалану (профилактикалық сипаттағы әртүрлі жарияланымдар, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жариялау) ұсынылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы интернет-конференциялар өткізу құпталады.

Қолданыстағы мемлекеттік қызмет саласындағы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының  және тәжірибеде қолдануға бағдарланған әдеп нормаларының негізгі ережелерін қол жетімді, түсінікті тілде жеткізе білу жұмыстың нәтижесі болып табылады.

 

Түсіндірме жұмыстар

Жеке сипаттағы консультациялық көмекке қарағанда түсіндірме жұмыстар шектелмеген тұлғалар тобына бағытталған және мемлекеттік органда, сондай-ақ оған бағынысты мемлекеттік мекемелерде және ведомстволарда дәрістер және семинарлар өткізумен сипатталады.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл аталған функцияны облыстық және аудандық орталықтарға бару арқылы, сондай-ақ шетел мекемелерінде қабылдаулар жүргізу арқылы жүзеге асыруы мүмкін.

Түсіндірме жұмыстар мемлекеттік қызмет саласына енгізілген өзгерістерді немесе әдеп жөніндегі уәкілмен тікелей

жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл немесе мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын қолдану тәжірибесіне талдау нәтижелерін қамтуы мүмкін.

Бейнесюжеттерді және радиоматериалдарды мемлекеттік органның  интернет-ресурстарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау түсіндірме жұмыстарының бір нысаны болып табылады.               Түсіндірме жұмыстарын әлеуметтік желілерді қолдану  арқылы да белсенді түрде жүргізу қажет.

 

Жағдайды сипаттау

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған тұлға Әдеп кодексінің мәтінімін таныстырылуы тиіс. Алайда, қызметшілердің барлығы бірдей әдеп тәртібі нормаларын түсіне бермейді. Нәтижесінде, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылыққа жол береді.

Мемелкеттік қызметтегі шектеулер мен тыйымдарды сақтауға қатысты жаңадан қабылданған тұлғамен Әдеп жөніндегі уәкілге әңгімелесу жүргізу қажет (кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сыйлық және өзге де игіліктерді алуға тыйым салу, ресми киім үлгісін сақтау бойынша, қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау бойынша және т.б.). Шектеулер мен тыйымдарды бұзудың немесе әдеп нормаларын бұзудың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың салдарын жете түсіндіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жағдайды сипаттау

Кодекстің нормалары мен ережелірн түсндіру бойынша тұрақты түрде шаралар  өз мекемелерінде жүргізілетіні туралы респонденттердің үштен екісі (66,0%) жауап бергенін жуырда өткізілген зерттеулер көрсетіп отыр. 18,8% респондентте бұндай шаралар мүлдем болмайды, ал 15,1% мемлекеттік қызметші аталған сұраққа жауап беруге қиналған немесе жауап бермеген. Соңғыларын осындай шаралар өткізілмейтін респонденттер қатарына қосуға болады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің әдепке қайшы әрекеттері кезінде Сіз қандай шаралар қолдануға дайынсыз деген сұраққа, мемлекеттік қызметшінің әрекетіне шағым жасаудың ресми тетігін қолданбастан туындаған жағдайда дербес өзі шешуге тырысамын деп 33,3% респондент жауап берген.

Әдеп кодексі мәтінін көпшілікке көрінетін жерде орналастыру  жетікіліксіз, Кодекстің нормалары мен ережелерін түсіндіру бойынша шараларды тұрақты түрде өткізу маңызды.

Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тұрғындар арасында жүйелі түрде түснідіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.   Сенім телефоны, әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдау кестесі туралы хабарландыруларды мезгіл-мезгіл арияла отыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша интернет-конференциялар өткізуді тәжірибеге айналдыру керек. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықпен байланысты мәселелерді реттеу бойынша шараларды уақытылы қабылдап отыру қажет. Оның ішінде, өтініш берушілердің мәселелерін қысқа мерзімде шешуге тырысу, жанжалдасушы екі тарапты қатыстыру арқылы әңгіме жүргізуді тәжірибеге айналдыру. Шешімін тапқан қақтығысты жағдайлардың оң тәжрибесін көрсету арқылы әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысының нәтижесін  БАҚ және әлеуметтік желілерде (әдеп жөніндегі уәкілдің парақшасына) жариялау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қызметтік әдеп және мониторинг жүргізу сондай-ақ  шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылау

 

 

 

 

Мониторинг және бақылау

 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің бекітілген шектеулерді сақтауға байланысты ақпаратты жинау. Мониторинг бойынша функцияны іске асыру бұқаралық ақпарат құралдарындағы (газет, интернет басылымдар, блогтар және т.б.) жарияланымдарда мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз немесе жағымды контенттерді анықтау, әлеуметтік желілердегі аккаунттарда мемлекеттік қызметтің дәрежесін түсіретін фото, бейне, аудио материалдарды жариялау фактілерін анықтау жолымен, сондай-ақ, қызметшілердің киім үлгісін сақтауға байланысты талаптарды қадағалау түрінде жүргізілуі мүмкін.

Бекітілген шектеулердің бұзылуының алдын алу үшін әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің арасында түсіндіру

іс-шараларын тұрақты түрде жүргізуі қажет.

Мәселен, әлеуметтік медианы қолдану кезінде мемлекеттік қызметшіге: жалпы қоғаммен қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтау; мемлекеттік және басқа да тілдерге, сондай-ақ, Қазақстан халқының дәстүрі мен әдетіне құрметпен қарау; балағат сөздерді қолданбау; басқа мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, жалпы мемлекеттік аппараттың әрекеттері мен шешімдерін әшкерелейтін фото, бейне, аудио материалдарды өз парақшасында жарияламау, көшірмеу, сонымен қатар, осындай ақпаратты мобильдік мессенджерлерде таратпау, көңіл көтеретін орындардан, шетелдік орындардан, аңшылық пен спирттік ішімдіктердің аясындағы фото, видео материалдарды жарияламау; әлеуметтік медиаларда қызметтік пайдалануға арналған және басқа да қызметтік ақпаратты жарияламау.

Жоғарыда аталған фактілерді анықтаған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметішіге осындай ақпаратты жеке парақшадан жою қажет екендігін тиісті дәрежеде түсінідіріп, ал мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қарастырылған талаптарды орындамаған жағдайда, қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені көтеруі қажет.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында, әдеп жөніндегі уәкіл кем дегенде жарты жылда бір рет бекітілген форма бойынша анонимді сауалнама жүргізеді (№1 қосымша).

Бақылау мониторинг нәтижесінде алынған ақпаратты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, БАҚ-та жағымсыз жарияланымды анықтаған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл жағымсыз жарияланымға қатысты барлық ақпаратты сұратуға құқылы. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік органның басшысына белгілі бір мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Мониторинг нәтижесі бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік органның беделі мен ұжымда жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметшілерді көтермелеу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

 

Жағдайды сипаттау

1) «Вконтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік қызметшінің жеке аккаунтында спирттік ішімдіктердің аясындағы фотолар жарияланғандығы анықталды.

Әдеп жөніндегі уәкіл жеке мәліметтерін салыстыру арқылы тұлғаның мемлекеттік қызметші екендігіне көз жеткізгеннен кейін, аталған тұлға жеке әңгімелесуге шақырып, соңғысына әлеуметтік желідегі аталған фотоны жою туралы ұсыныс жасау тиіс.

Ұсынысты орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік туралы мәселе көтеру қажет.

 

2) Сауалнама жүргізу нәтижесінде сұралған тұлғалардың 40 % мемлекеттік орган басшысының демалыс және мереке күндері жұмысқа шығуға мәжбүрлейтіндігін көрсетті.

Әдеп жөніндегі уәкіл аталған мемлекеттік органда жұмыс уақытының сақталуына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін, мемлекеттік органның басшысымен жеке әңгімелесіп, соңғысына мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзудың зардабын түсіндіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шектеулер мен тыйымдар

Жалпы ереже бойынша мемлекеттік қызметшілер шектеулер мен тыйымдар ретінде тек заңнамалық актілерде бекітілген талаптарды ғана қабылдайды. («Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 7,8 баптарындағы талаптар, №3 қосымшаны қараңыз)

Алайда, шектеулер заңнамалық актілер секілді күшке ие ішкі құжаттардың (регламент, өкім) талаптарынан да туындауы мүмкін. Мәселен, мемлекеттік органда уәкілетті тұлғаның өкімімен ғимаратта фото, бейне түсіру функциясы бар мобильдік құрылғыларды алып кіруге тыйым салынуы мүмкін. Осындай талаптар осы мемлекеттік органның барлық қызметшілеріне таралатын шектеулердің бір нысаны болып табылады. Сол себепті, әдеп жөніндегі уәкіл нақты бір мемлекеттік органның ішкі құжаттарына қатысты шектеулердің орнатылуына назар аударуы қажет.

 

 

 

 

Жағдайды сипаттау

2) Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік стандарт бойынша берілу уақыты 3 күн болатын анықтаманы алу үшін қызметалушы жүгінді. Мемлекеттік қызметшінің бос уақытының болуына байланысты қызметалушыға 1 күн ішінде анықтаманы дайындады. Сол күні мемлекеттік қызметші кабинетте болмаған кезде аталған қызметалушы алғыс білдіру мақсатында сувенир қалдырып кетті. Ол сыйлықпен не істейтіндігін білмегендіктен, мемлекеттік қызметші әдеп жөнінде уәкілге жүгінді.

Әдеп жөніндегі уәкіл осындай жағдайда сыйлықтарды алудың зардабы туралы түсіндіру қажет (мемлекеттік қызметтің беделін түсіру сипатындағы олқылық үшін мемлекеттік қызметтен босатылуы түріндегі тәртіптік жауапкершілік) (Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 50 бабы); әкімшілік жауапкершілік – 600 АЕК айыппұл (ӘҚтК 677 бабы). Сондай-ақ, барлық сыйлықтар жеті күн ішінде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру органдарының жанындағы арнайы мемлекеттік фондқа тапсырылуы қажет екендігін түсіндіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1) Мемлекеттік қызметке алғаш рет  келген тұлғаларды мемлекеттік қызметте бола тұра, кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігіне қатысты күмән болады. Әдеп бойынша уәкіл осындай тұлғаларға  қызметке тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде меншігіндегі коммерциялық кәсіпорынды сенімгерлік басқаруға беруді және кәсіпкерлік қызметпен жеке өзі айналысуды тоқтатуды түсіндіру қажет.

 

 

Жағдайды сипаттау

 

 

 

 

 

 

     3. Қызметтік әдеп нормаларын бұзушылық фактілері бойынша өтініштерді қарау. Мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру. Тәртіптік жауапкершілік туралы өтініш

 

 

 

 

 

 

 

Бұзушылық туралы өтініш

Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларының бірі өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады (Ереженің 4-тармағы 3) тармақшасы)

Әдеп жөніндегі уәкіл өтініштерді қарау барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның және өзге заңнамалық актілердің талаптарын сақтауы тиіс.

Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкілдер заңмен көзделген тәртіпте өтінішті қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқықы (Заңның 15- бабы 1-тармағы).

Сонымен бірге, әдеп жөніндегі уәкілдер:

-жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етуге;                                        -жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдауға;   -арыз берушiлердi олардың өтiнiштерiн қарау нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабарлауға;                                                   -арыз берушiлерге олардың өтiнiштерi өздерiнiң құзыретiне сәйкес басқа субъектiлерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жiберiлгенi туралы хабардар етуге міндетті.                                    Алайда, әдеп жөніндегі уәкілдер өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімді қабылдауға құқылы емес, себебі бұндай шешім мемлекеттік органның басшысымен немесе оның орынбасарымен қабылданады (Заңның 11 бабы).Сонымен бірге, әдеп жөніндегі уәкілге тексеру жүргізбестен (қызметтік тергеп тексеру) қақтығысушы тараптардың қатысуымен әңгімелесу, келіссөздер жүргізу арқылы жағдайды реттеуге бар күшін бөлу қажет.     Мемлекеттік қызметшінің тарапынан бұзушылыққа жол берілгені айқын көрінген немесе тараптардың бірі тексеру жүргізуді талап еткен жағдайда және қақтығысты шешу нәтижесімен келіспесе әдеп жөніндегі уәкіл Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағиадаларының талаптарына сәйкес (№4 қосымшаны қараңыз) қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін уәкілетті тұлғаның атына қызметтік жазба дайындау қажет. Қызметтік тергеп-тексерудің персоналды басқару қызметімен немесе ПБҚ қызметкерлерін тарту арқылы өзге де құрылымдық бөлімшелерге (әдеп жөніндегі уәкілді қоса алғанда) жүктелетінін ескерген жөн.

1). Жергілікті атқарушы органның әдеп жөніндегі уәкіліне мемлекеттік қызметті алу барысында мемлекеттік органның қызметкері тарапынан өзіне дөрекілік көрсетілгені туралы азамат Н.-нан өтініш келіп түсті.

 

Аталған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметшіні, өтініш берушіні шақырып, қақтығысты жағдайдың туындауының себептерін анықтау қажет. Әңгімелесу барысында қақтығысты жағдайды реттеу бойынша шаралар қабылдау керек. Кездесу нәтижесінде, егер арыз беруші қанағаттанып, өтінішті қайтып алуға ниет білдірсе, онда өтініш бақылаудан алынып тасталады. Егер қызметші қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықты мойындамаса, онда Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза тағайындау туралы қағиадының талаптарына сәйкес қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау үшін қызметшіні лауазымға тағайындау және босатуға құқылы лауазымды тұлғаға тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы материал жолданады. Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларын қарау нәтижесі бойынша өтініш иесіне жауап жолданады. Сонымен бірге, аталған жағдай бойынша әдеп жөніндегі уәкіл профилактикалық сипаттағы шаралар өткізуі тиіс (мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу, орын алған факті бойынша ұжымда түсіндірме жұмыстарын жүргізу және т.б.).

Жағдайды сипаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқықтарды қорғау

Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға және оны қалпына келтіру мәселелеріне аса көңіл бөлген жөн. Мемлекеттік қызметшілермен өз құқықтарын қорғау бойынша қолданыстағы тетіктер уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну арқылы іске асады. Аталған екі жағдайда да мемлекеттік қызметші үшін даудың шешілуі мен өз ұстанымын қорғау рәсімдері ұзаққа созылады.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшімен көтеріліп отырған мәселеге лауазымды тұлға тарапынан тиісті назар аударылған жағдайда, мәселенің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның араласуынсыз немесе мемлекеттік органның сот дауына қатысуынсыз шешуге болатынын өтініштерді қарау тәжірибесіне жүргізілген талдау көрсетіп отыр.

Осыған орай, бір деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер арасындағы немесе басшылармен өзара қарым-қатынастағы келіспеушілік болған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкілге әңгімелесу және келіссөздер жүргізу арқылы дау-дамайды шешу қажет және негіз болған жағдайда мемлекеттік қызметшінің құқығын қорғау керек.

 

Жағдайды сипаттау

1) Әдеп жөніндегі уәкілге орталық атқарушы органның аумақтық бір бөлімшесінде мемлекеттік қызметшілердің кепілді демалысқа құқығы сақталмайтындығы туралы ақпарат келіп түсті.

 

Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік органдағы еңбек тәртібінің сақталуын сауалнама жүргізу жолымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру жүргізу арқылы анықтауға болады.

Мемлекеттік органда жұмыс уақыты тәртібінің бұзылуы фактісі анықталған жағдайда, ұсынымдық хат жолдау немесе жоғары тұрған лауазымды тұлғаға жүгіну арқылы бұзушылықты жою бойынша шаралар қабылдау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

Жағдайды сипаттау

2) Орталық мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкіліне аумақтық бөлімшенің ұжымында қиын моральдық-психологиялық ахуал туралы ақпарат келіп түсті.

Орын алған жағдайды анықтау үшін Әдеп жөніндегі уәкіл аумақтық бөлімшеге барды. Ұжыммен әңгімелесу жүргізбестен бұрын, ең алдымен анонимді сауалнама жүргізілді және оның нәтижесі ұжымда қиын ахуалдың бар екендігіне көз жеткізді. Атап айтқанда, мемлекеттік органның басшысымен мен құрылымдық бөлімшенің басшысы арасында қиын қарым-қатынас қалыптасқан. Ұжыммен кездесу барысында әрбір қзметші өз пікірін білдіру  мүмкіндігіне ие болды, нәтижесінде ұжымның «мемлекеттік орган басшысы жақ және оған қарсы жақ» екі бөлікке бөлінгендігі анықталды. Жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында ұжымға барлық түсініспеушілікті артта қалдырып, мейірімді қарым-қатынаста жұмыс бастау, соның ішінде аталған бастаманы мемлекеттік органның

басшысымен қолға алу ұсынылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде қақтығыс толық жойылып, барлық ұжым Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынымын оң қабылдады.

 

 

3) Аудандық әкім аппаратының сенім телефонына ауылдық округ әкімінің жұмыс уақытында табиғат аясында масаң күйде болғаны туралы тұрғынның шағым келіп түсті. Дәл сол күні облыстық әкім аппараты және Агенттіктің аумақтық бөлімшелері өкілдерінен құралған комиссия аталған ауылдық округке баруы ұйымдастырылды. Нәтижесінде факт өз дәлелін тапты. Сонымен бірге, аудандық әкім аппараты тарапынан ауылдық округ әкімін жауапкершіліктен алып қашу фактісі де анықталды. Аталған материал Әдеп жөніндегі уәкілмен Әдеп жөніндегі кеңеске қарау үшін жолданды. Тексеру жүргізу барысында, ауылдық округ әкімінің еңбек демалысы туралы бұйрықты дайындағаны үшін аудандық әкім аппаратының басшысына қатаң сөгіс тағайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәртіптік жауапкершілік

Мемлекеттік қызметші тарапынан

қызметтік әдеп нормаларын бұзушылық фактілеріне жол берілгені анықталған жағдайда, әдеп жөніндегі уәкіл лауазымды тұлғаның атына кінәлі тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы қызметтік жазба жолдауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 ж. №152 Жарлғымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарына сәйкес персоналды басқару қызметімен қызметтік тергеп-тексерудің жүргізілуіне негіз болып табылатын мәліметтерді әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік жазбада көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілердің жекелеген категорияларының тәртіптік жауапкершілігін Президент жанындағы кадр саясаты жөніндегі комиссия (облыстық маңызы бар қала, облыстағы аудан және қаладағы аудан әкімдерін қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері), Әдеп жөніндегі комиссия (қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген В-1, С-1, С-2, сондай-ақ С-О-1, С-О-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдарды тұжырымдайтын), сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңестер (қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстық маңызы бар қалалар, облыстардың аудандары және қалалардағы аудандар әкімдерінің, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің) қарайды. Осылайша, осы көрсетілген лауазымды тұлғалармен жол берілген бұзушылықтар бойынша материалдар үш күн мерзімінде жоғарыда аталған органдарға жіберілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

4. Өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас жасау

 

 

 

 

 

Өзара қарым-қатынас мәдениеті

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында тәртіп, сыпайлық, бір-біріне құрметпен қарау қағидаларын жетілдіру арқылы өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша функция Әдеп жөніндегі уәкілмен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметші адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін бейнормативті лексиканы қолданған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл ауызша ескерту жасауы қажет. Сонымен бірге, әдеп жөніндегі уәкіл жеке мысал ретінде, іскерлік қабілетімен, мемлекеттік

органның қызметкерлерінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мәселелеріне мұқият қарым-қатынасымен мінез-құлық әдебін тәрбиелеу қажет.

Әдеп жөніндегі уәкіл мүмкіндік болған жағдайда, мемлекеттік органның басшылығымен бірлескен мәдени немесе спорттық шараларды ұйымдастыруға бастамалық таныту қажет.

Алайда, шаралар формалды нысанда өткізілмеуі тиіс. «Тeam-building» (топты құру) қағидасы мемлекеттік қызметшіге ресми емес жағдайда өзінің ең жақсы тұлғалық қасиетін көрсетуге мүмкіндік беруге бағытталған.

Азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас жасау

Әдеп жөніндегі уәкілге кері байланысты орнату, мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен, белсенді блогерлермен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және өзге де азаматтық қоғам өкілдерімен тұрақты түрде жұмыс жүргізу қажет.

Сонымен қатар, қоғаммен консультация жүргізетін, компаниялар мен кәсіподақтарға баратын  Агенттіктің аумақтық департаменттерінде құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтармен де тығыз жұмыс жасау керек.

Осы мақсаттарға бірлескен шаралар, брифингтер, акциялар, интернет-конференциялар және т.б. іске асыру жолдарымен қол жеткізуге болады.

Конструктивті диалогты қалыптастыру және мемлекеттік органмен қарым-қатынастағы проблемаларды анықтау үшін әдеп жөніндегі уәкіл ынтымақтастықты орнату туралы ұсыныс хат жолдауы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

5. Құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдадайларға талдау жасау және бұзушылықты алдын алу

 

 

 

 

 

 

Әдеп жөніндегі уәкілге жүйелі негізде бірақ тоқсанына кемінде бір рет мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын бұзушылыққа итермелейтін себептер мен жағдайларға талдау жасап отыруы қажет.

Талдау нақты бір кезең ішінде тәртіптік комиссиялармен қабылданған шешімдерге, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерімен жасалған тәртіптік немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы құқықтық статистика органдарының мәліметтеріне негізделуі мүмкін.

Сонымен бірге, талдау барысында мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген анонимді сауалнаманың қорытындылары және өтініштерді қараудың нәтижелері қолданылады.

Сондай-ақ, сол бір мемлекеттік қызметшінің әрекеттеріне қайта-қайта түскен өтініштерге, әдеп нормаларының жүйелі бұзылуына және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына көңіл бөлінуі қажет.

Талдау нәтижесімен уәкілетті тұлғаға (бірінші басшысына) мемлекеттік органдағы жағдайды жақсарту бойынша ұсыным енгізу керек.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілге жарты жылда бір рет жүргізілген сауалнама қорытындысы, талдау нәтижелері бойынша кеңейтілген аппараттық кеңесте (мәселен, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің қатысуымен) есеп берілуі тиіс.

 

 

6. Үйлестіру, әдістемелік басшылық және есептік қызмет

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметінің есеп нысаны және жасырын сауалнамаға арналған сауалнама парағының нысаны бекітілген (№1,2 қосымшаны қараңыз).

Әдеп жөніндегі уәкілдің есебі орталық мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының, тексеру комиссияларының әдеп жөніндегі уәкілдерімен тоқсанда бір рет қалыптастырылады және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне жолданады. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелерінің, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен есеп дербес қызметтегі әдеп жөніндегі уәкілдерге тапсырылатындығын ескерген жөн.

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдері есептілікті аудан, қала мәслихаты аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің есепті мәліметтерін ескере отырып қалыптастырады және оны  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаменттеріне жолдайды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнама жарты жылда бір рет жүргізіледі. жасырын сауалнама қорытындысы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың негізгі индикаторы болып табылады.

Жыл қорытындысымен Агенттікпен  әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметіне талдау жасалып, олардың қызметінде кездесетін проблемалық сұрақтар бойынша жалпылау олардың шешу жолдарымен қоса барлық әдеп жөніндегі уәкілдерге жолданады.

 

 

 

7. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін ұйымдастыру

 

 

           

 

 

 

Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етілуі тиіс.

Әдеп жөніндегі уәкілдің іс жүргізу өндірісі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен бөлек жүргізіледі. Сонымен қатар, кеңес алуға жүгінген азаматтарды мәліметтерін көрсете отырып тіркейтін журнал жүргізу қажет.

Сондай-ақ, мемлекеттік органның басшысының шешімімен әдеп жөніндегі уәкілдерге өз қызметтеріне қатысты құжаттарға қол қою құқығы берілуі мүмкін. Осындай жағдайларда әдеп жөніндегі уәкілдің хаттары мемлекеттік органның ресми бланктерінде жолданады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу заңмен көзделген тәртіпте жүргізіледі.

Оның ішінде, әдеп жөніндегі уәкілге жолданған өтініш құжаттамалық қамтамасыз ету жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінде (кеңсе) тіркеледі, кейін басшының тапсырмасы бойынша тікелей әдеп жөніндегі уәкілге беріледі.

Осыдан кейін әдеп жөніндегі уәкіл заңнамада көзделген талаптарға сәйкес келіп түскен өтініштің қаралуын қамтамасыз етеді.

Өтініштің сапасыз қаралғаны үшін жауапкершілік әдеп жөніндегі уәкілге жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 қосымша

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы есеп нысаны

 

№ р/с Көрсеткіштер Есепті кезеңдегі жалпы саны
1. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде:  
1.1 мемлекеттік қызметшілерге  
1.2 жеке және заңды тұлғаларға  
2. Азаматтардың жеке қабылдаулары орындалды  
2.1 оның ішінде шығу кездесулері  
3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштердің келіп түсуі, оның ішінде:  
3.1 мемлекеттік қызметшілерден  
3.2 жеке және заңды тұлғалардан  
3.3 мемлекеттік органдардан  
3.4 БАҚ-тан  
3.5 басқа да көздерден  
3.6 дәлелділердің саны  
3.7 арызданғандардың құқықтары мен заңды мүдделері қайта қалпына келтірілді  
4. БАҚ-тағы басылымдарды мониторингтеу барысында қызметшілерге қатысты анықталған материалдардың саны, оның ішінде:  
4.1 жағымды материалдар  
4.2 жағымсыз материалдар  
4.3 әлеуметтік медиадағы аккаунтарды мониторингтеу барысында анықталған материалдар  
5. Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты материалдарды лауазымды тұлғаларға жолданған ұсыныстар, оның ішінде оларға қатысты мынадай шаралар қабылданды:  
5.1 тәртіптік жауапкершілікке тартылды  
5.2 қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін материалдар құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарға жіберілді  
5.3 шара қабылданбады  
5.4 оның ішінде шара қабылдау келесі есептік тоқсанда күтіледі  
6. Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:  
6.1 дәріс пен семинарлар  
6.2 орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар  
6.3 БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар  
6.4 интернет-ресурстарындағы мақалалар  
7. Аймақтарға шығу іске асырылды, оның ішінде:  
7.1 облыстарға  
7.2 аудандарға  
7.3 селолық округтарға  
7.4 шет елдерге  
8. Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны  
9. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін жасырын сауалнамаға қатысушылардың саны, оның ішінде:  
9.1 қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген жасырын сауалнамаға талдау қорытындысы бойынша атқарылған шаралардың саны  
10. Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар еткен мемлекеттік саны  
11. Азаматтардың өтініші немесе басқа да көздерден ақпарат алу негізінде тікелей басшылардың немесе мемлекеттік орган басшылығының мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу туралы шара қабылданды, оның ішінде:  
11.1 туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы жазбаша түрде хабардар еткен адамдардың мүдде қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін лауазымды міндеттерін атқарудан шеттетілді  
11.2 мүдделер қақтығысын болдырмауға байланысты лауазымды міндеттері өзгертілді  
11.3 мүдделер қақтығысын болдырмауға байланысты өзге де шаралар қабылданды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 қосымша

Әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін жасырынсауалнамаға
арналған сауалнама парағы

________________________________________ әдеп жөніндегі уәкілі
(мемлекеттік органның атауы)
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында (жарты жылда бір рет) жасырын сауалнама жүргізеді.

1. Менің әріптестерімнің маған деген қарым-қатынасы әр кезде әдепті және сыпайы
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
2. Менің пікірім әр кезде менің тікелей басшылығыммен ескеріледі
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
3. Менің жұмыстағы әріптестеріме дәлелді ескертулерім әрқашан барабар қабылданады
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
4. Менің әріптестерімнің арасында басқа қызметкерлерге/жұмысшыларға қатысты көрінеу жалған мәліметтер тарату тәжірбиесі бар
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
5. Мен жұмыс істейтін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал маған ұнайды
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
6. Менің тікелей басшылығым ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
7. Менің тікелей басшылығымның маған деген қарым-қатынасы әділ
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
8. Мен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде жүктеме бірыңғай бөлінген деп санаймын
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
9. Менен лауазымдық міндеттерімнің құзыретінен асатын тапсырмаларды орындауды ешқашан талап етпейді
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
10. Мен өзімнің тікелей басшылығыма сенемін
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
11. Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органда алғашқы рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге/жұмысшыларға бейімделуге көмектеседі
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
12. Мен күрделі өмірлік жағдайларда тікелей басшылығымның жәрдеміне және қолдауына сене аламын
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
13. Тікелей басшылығыңыздың Сізге жеке істерін тапсыру фактілері болды ма?
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________
14. Тікелей басшылығыңыз Сізді мереке немесе демалыс күндері жұмысқа шығуды міндеттейді ме?
1) иә
2) жоқ
3) үнемі емес
4) Сіздің нұсқаңыз: ________________

 

 

 

 

 

№3 қосымша

Мемлекеттік қызметшілер үшін шектеулер мен тыйымдар

 

Заңның 13 бабы мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер таратылатын негіздемелердің тізбесін бекітеді. Оларға төмендегілер жатады:

-өкiлдi органның депутаты болуға;

– педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;

-кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

-өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

-өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

– ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

– лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 13 бабының 7 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқара алмайды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы  16 бабының 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес, өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан адам мемлекеттік қызметке қабылданбайды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 18 бабына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.

Осы шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады.

 

 

 

 

 

№4 қосымша

Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану

ҚАҒИДАЛАРЫ

 

3. Қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу тәртiбi

  1. Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы туралы материалдарды және мәліметтерді оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті айқындау мақсатында жинау мен тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.
  2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға (бұдан әрі – лауазымды адам) оның теріс қылық жасағаны жөнінде мәлім болған күн тәртіптік теріс қылықтың анықталу күні болып саналады.
  3. Тәртіптік жаза қолданған кезде Заңның 44-бабының 5, 6, 7-тармақтарында көзделген талаптар ескеріледі.
  4. Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның бұйрығымен тағайындалады және персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы актіні шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жүргiзедi. Бұл ретте, мүдделер қақтығысының болуы не олардың тәртіптік жауаптылығын бір тәртіптік іс жүргізу шеңберінде қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тікелей басшысы қызметтік тергеп-тексеруге тартылады.

Қажет болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеруге өзге мемлекеттік қызметшілер тартылады, сондай-ақ қызметтiк тергеп-тексеруді жүргізу өзге құрылымдық бөлімшеге, персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметінің) қызметкерін тарта отырып, жүктелуі мүмкін.

  1. Комиссия құрамына кіретін адамдар қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге тартылмайды.
  2. Уәкілетті адамның осындай қызметтiк тергеп-тексеруді тағайындау туралы актісі болмаса, тергеп-тексерулерді жүргiзуге жол берiлмейдi.

 

 

 

Пайдаланылған ақпарат көздері:

 

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы;
  2. «Сыбайлас жемқорллыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
  3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы;
  4. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы;
  5. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығы.