Ауданның 2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

 

Ауданның 2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларындағы

әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

 

2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді. 

Жалпы алғанда, аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде.

Ауданымыздың жалпы өңірлік өнімінің көлемі есепті мерзімге 49 845,9 млн. теңгені құрап, (2018 жылы 39 797,5 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға артып отыр.

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 20,8%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 60,0%, құрылыс жұмыстарының көлемі 11,0%, сауда айналымы 8,2%-ды құрап отыр.

Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 29 млрд. 895,5 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 15 895,6 млн. теңге НКИ 103,8 пайыз, егін шаруашылығы өнімі 13 995,7 млн. теңге НКИ 108,2 пайыз),                      (2018 жылы жалпы шығарылым 24 888,1 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 213 152 га, оның ішінде 97 315 га егістік жер, суармалысы 8 708 га, шабындық                   жерлер мен  жайылым жерлер 112 580 га.

Егін шаруашылығы: Масақты дәнді дақылдар барлығы                      35 524 га (оның ішінде күздік бидай 9615 га, жаздық арпа 25 909 га), орылғаны 35 524 га (100 пайыз), орташа өнімділігі 23,3 ц/га, алынған өнім 82 770 тонна, оның ішінде: жаздық арпа  25 909 га, орташа өнімділігі 23,1 ц/га, жалпы түсімі 59 904 тонна, күздік бидай  9615 га, орташа өнімділігі 23,8 ц/га, жалпы түсімі 22 866 тонна.

         Күзгі дала жұмыстары бойынша, 2020 жылдың өнімі үшін күздік бидай  егу 9615 га жоспарланды (оның ішінде 6760 га сүр) нақты себілгені 9620 га (100 пайыз).

Сонымен қатар, майлы дақылдар 20 845 га, орылғаны 20 845 га, орташа өнімділігі 8,7 ц/га, жалпы өнім 18 131 тонна (100 пайыз), картоп 2 543 га жиналғаны 2543 га, орташа өнімділігі  240 ц/га, жалпы өнім 61 032тонна (100 пайыз), көкөніс 660 га жиналғаны               660 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, жалпы өнім 16170 тонна                      (100 пайыз), қант қызылшасы 102 га, дәндік жүгері 303 га, жиналғаны 303 га, орташа өнімділігі 55 ц/га, жиналған өнім 1666 тонна                   (100 пайыз) және мал азығы сүрлемдік жүгері 735 га жиналғаны               735 га, бастырылғаны 12 080 тонна (100,0 пайыз).

       Мал азығы бойынша пішен дайындау жоспары 144 843 тонна, нақты дайындалғаны 146 320 тонна (101 пайыз), 11020 тонна пішендеме, 12 080 тонна сүрлем және сабан 14 240 тонна дайындалды.

Есепті мерзімге жалпы құны 469,164 млн. теңгеге 69 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 37 дана жаңа МТЗ тракторлары, 1дана  погрузчик, 28 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері,  2 дана астық жинайтын комбайны және 1 дана су шашатын қондырғы(жаңбырлатып суғару құрылғысы).

Жанар-жағар май: Кепілденген дизель отынын Жуалы ауданына таратушы операторлар  «Орсо Энергу» ЖШС-гі және «Ауыл мұнай» жеке кәсіпкерлігі белгіленіп, тарату бағасы бір литрі 177 тенгеден, барлығы 4358 тонна жанар жағар май алынып, таратылды.   

  Мал шаруашылығы: 2020 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара 44 734 бас (2018 жылы 43 005 бас), қой-ешкі 189 971 бас              (2018 жылы 182 365 бас), жылқы 10 366 бас (2018 жылы 9 920 бас), шошқа 425 бас  (2018 жылы 793 бас), құстар 79 013 бас (2018 жылы 77 086 бас). Мал басы 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,0 пайызға, қой мен ешкі 4,2 пайызға, жылқы                     4,5 пайызға, құстар 2,5 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына ет өндіру тірі салмақпен 13 863,0 тн. (2018 жылы 13 292,0 тн.), сүт өндіру 43 577,0 тн. (2018 жылы 41 700,0 тн.), тұқым 8 006,8 мың дана             (2018 жылы 7 850,5 мың дана) өнім алып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 4,3 пайызға, сүт өнімі                  4,5 пайызға, тұқым 2,0 пайызға пайызға артты.

Өнеркәсіп

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 10 380,7 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2018 жылы 12 айда 7 761,9 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 102,3 пайызды құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4792 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 166 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар),                2176 жеке кәсіпкерлер және 2488 шаруа қожалықтар.                                Осы шаруашылық субъектілерінде барлығы 9234  адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда,                 692 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1997 адам, шаруа қожалықтарында 6436 адам  жұмыс жасайды. 2019 жылдың  он екі айында аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 519 млн. 727,5 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4520-сы, немесе 94,3 пайызы жұмыс істеуде.

Аудан бойынша 2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында                 2 488,5 млн. теңгенің (2018 жылы 2 220,7 млн. теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 5,9 пайызға артып отыр. Облыс бойынша 9-шы орында орналасты. 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру:

Ауданда бүгінгі күнге 5 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында осы ұйымдар барлығы  4501 адамға  2 628 8755 млн. теңге несие таратты (2018 жылдың осы мерзімінде 4445 адамға 2 325 062 млн. теңге.) оның ішінде, «KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің                   Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 3120  адамға 1 млрд 835 млн.                 230 мың  теңге несие берілді.

«Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-мен 43 адамға 264 млн.                           977 мың теңге несие берілді.

«Азия несие қоры» ЖШС-гі  968 адамға 326 млн. 653 мың теңге  несие таратты.

«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 370 адамға 202 млн. 015 мың теңге несие берілді.

«Жуалы-Рантье» шағын кредиттік ұйымы қаңтар-қыркүйек  айларында ешқандай несие таратқан жоқ, тек қана бұрынғы берілген несиелерді жинақтау жұмысымен айналысуда.

Есепті мерзімге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында пайыздық ставкасы субсидияланатын  несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен  ұсыныстар (жобалар) сараланып,  нақты 15 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ-ның қолдауына ие болып, барлығы 297,536 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.        (Индикатор бойынша жоспар 12-айға 42,7 млн.теңге). Атап айтсақ: «Дидар» ШҚ 4,483 млн.теңге, ЖК «Ибрагимова Б.» 4,939 млн.теңге, ЖК «Happу» 11,0 млн.теңге, «Атамекен» сауда өндірістік компаниясы 53,498 млн.теңге, ЖК «Асемова Г.» 25,403 млн. теңге, ЖК «К.А.Дүйсебаев» 11,5 млн. теңге, «Еркінбек» ШҚ 12,0 млн. теңге, «Технадзор-2015»ЖШС 6,857 млн. теңге, ЖК «Байтаков К» 11,5 млн. теңге, «АПХС» ЖШС 17,0 млн.теңге, «АПХС» ЖШС                60,0 млн. теңге, ЖК «Каирбекова» 11,5 теңге, ЖК «Ортаев М.» 22,456 млн.теңге, «С.Тоқтаев» ШҚ 21,1 млн.теңге, «Береке» ШҚ 24,3 млн.теңге.

«Бизнестің жол картасы -2020»  бағдарламасы аясында кепілдік беру бағыты бойынша 5-жоба өтіп, кепілдік сомасы 15,6 млн.теңгені құрап отыр. (Индикатор бойынша жоспар 12-айға 7,7 млн.тн)

Құрылыс

Құрылыс – монтаж жұмыстары бойынша:

Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе жаңа тұрғын алқабына (электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары) инфрақұрылым нысандарының құрылысы  (сметалық құны – 612 000,0 мың теңге) бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Талас-Құрылыс» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталған. Қыркүйек айының 14-і күні «Талас-Құрылыс» ЖШС-мен жалпы сомасы 404 3200,0 мың теңгені құрайтын №51 санды келісім шарт рәсімделіп, 25 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет – құрылыс басқармасынан құрылыс монтаж жұмыстарын атқаруға арнайы талон алынып, сол күні жұмыс басталған. Нысан өтпелі болғандықтан 2018 жылға 180 373,0  мың теңге және  2019 жылға бөлінген 227116,0 мы теңгесі толық игеріліп нысан 15.08.2019 жылы пайдалануға берілді.

Қошмамбетов мектебіне қосымша спортзал (қазандығымен бірге) құрылысы (135 839,0 мың теңге) бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы 29.01.2019 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде 2019 жылдың 13 наурызындағы мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарабастау ауылында Қошмамбетов атындағы орта мектебіне жапсарлас спорт зал құрылысын салу нысанын 107 379,0 мың теңгеге «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталып, 2019 жылдың 03 сәуірінде №25 санды келісім шарт рәсімделді. Жұмыстар мамыр айының ІІ жартысында басталып, 2019 жылға қарастырылған 108 368,7 мың теңге қаржысы игеріліп, 11 қазан айында нысан пайдалануға берілді.

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым бойынша:

«Теріс» тұрғын алқабы 30481,5 мың, «Қосбөлтек» тұрғын алқабы 23870,2 мың, «Нұрлыкент» тұрғын алқабы 30964,0 мың болатын құрылыс – монтаж жұмыстарын ашық конкурс нәтижесімен «ЕрК Астана» ЖШС-гі жеңімпаз болып табылып, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

Қарасаз ауылының су жүйесінің (сметалық құны – 616,29 млн. теңге) құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен 2019 жылға 543974,0 қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «КДСМ» ЖШС-гі жеңімпаз болып табылып, су жинау ғимаратының және жол бойында су құбыры желісін тарту жұмыстары жүргізіліп, қаржысы толық игеріліп,  ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.

Жеке меншік әріптестік негізінде соғылатын нысандар бойынша: Жеке меншік әріптестік негізінде ауданда 8 медициналық пункт құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда: Майбұлақ, Қарасу, Қосбөлтек, Ақтасты ауылындарында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы нысандары және Т.Дүйсебайұлы ауылында 10 келушіге арналған фельшерлік-акушерлік пункт құрылыс нысанын «АКМ ГРОУП» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысандар пайдалануға берілді.

Теріс-Ащыбұлақ, Кәріқорған, Қаратас ауылдарына медициналық пункт құрылыс нысанын «Түркістан құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысандар пайдалануға берілді.

2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 5 475,1 млн. теңгені құрап, (2018 жылы                 6 402,6 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83,9 % пайызға орындалды. (2018 жылы «Burnoe Solar – 2» күн электр станциясының құрылысы жүргізілуі негізінде артқан)

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 5 392,6 млн. теңгені құрады                      (2018 жылы 21 869,4 млн. теңге), 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,3 пайызға орындалды. (2018 жылы «Burnoe Solar  – 2» күн электр станциясының құрылысы жүргізілуі негізінде артқан)

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2019 жылдың               қаңтар – желтоқсан айларында жалпы алаңы 11 079 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды (2018 жылы 10 572). Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,8 пайызға орындалып отыр.

Жол

2019 жылы аудандық маңызы бар 7,033 шақырым автомобиль жолдарына 148 390,9 мың теңге қаржы бөлініп, орта жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттандырылық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесі 88,0 пайызды құрады. Есепті жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар төмендегідей:

1) Аудандық мәндегі «Талапты-Алатау-Застава» – 12,3 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу бойынша  жұмысы  2018 жылдан 2019 жылға өтпелі. 2019 жылы 1,4 шақырымға бөлінген 28 862,9 мың теңгеге «ЖамбылДорМостСтройСервис» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын толығымен аяқтап, бөлінген қаржы 100% игерілді.

2) Аудандық мәндегі «Жаңаталап-Күркіресу» – 3,069 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу бойынша 41 705,0 мың теңгеге «Рауан» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын толығымен аяқтап, бөлінген қаржы 100% игерілді.

3) Сонымен қатар қосымша облыстық бюджеттен 77 823, мың теңге «Шақпақата-Т.Дүйсебайұлы» 2,564 шқ автомобиль жолын орта жөндеуге бөлініп, «Тараз көлік жолы» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын толығымен аяқтап, бөлінген қаржы 100% игерілді.

 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға  дейінгі» бағдарламысының шеңберінде Жуалы ауданының елді мекендерінің инфрақұрылымдық кешенін жаңғырту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерге  ұсынылған 25 жобаға қорытынды беріліп, 45 781,6 мың теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Білім

Бөлімге қарасты жалпы 76 құрайтын білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер                          саны-39 (27-орта,2-мектеп-гимназия, 1-№15 мектеп-лицей, 3 негізгі, 6 бастауыш), 26 мемлекеттік балабақша, 1 шағын орталық,                          4 мектептен тыс мекеме( №1, №2, №4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы),  және 1 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті және 5 жеке меншік балабақша. 2019 жылдың 01 қыркүйегінен аудан әкімінің 2019 жылдың 25 маусымдағы №334 қаулысына сәйкес бөлімге қарасты Төңкеріс бастауыш мектебі жабылды.

2019-2020 оқу жылында 39 мектепте 11244 бала білім алуда.

2019 – 2020 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін                              39 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1895 дананы құрайды. Аудан бойынша                     1 компьютерге 7 оқушыдан келеді.

Аудан бойынша 39 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 39 мектеп (100%). 23 мектептің (57,5%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Аудан мектептерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинетті –20, химия кабинетті –23, физика кабинеті–27. Жалпы аудан бойынша 30 лингофонды-мультимедиялық кабинет, 2018 жылы №15 мектеп-лицейдің,                    2019 жылы №1 мектеп-гимназиясының және №25 Ақтөбе тірек мектебінің, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының,                   №9 Абай атындағы орта мектебінің, №16 С.Сейфуллина атындағы орта мектебінің базасынан IT-сыныптары ашылды. Жалпы оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер                          – 696 (99,4 %) құрайды.

2019 жылы оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасына аудандық бюджеттен                              183 233,0 мың теңге қаржы қарастырылып, оқу-әдістемелік кешендерге 11 баспалармен келісім шарттар жасалып, келісім шарттың негізінде ауданымызға ағымдағы жылдың 10 тамызына толығымен жеткізіліп, оқушылар оқулықтармен толығымен                 100%  қамтамасыз етілді.

2019 жылы төмендегі білім мекемелеріне жалпы                    27 813,2 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді:

Шақпақата ауылындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ашық конкурс  тәсілімен  мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, 12783,4 мың теңгеге «ТаразЭлитСтрой» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Көлтоған ауылындағы С.Байтіков атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, конкурс ойнатылып, жеңімпаз 6674,6 мың теңгеге «Алира сервис компани» ЖШС-і болып танылып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің спорт залының еденін ауыстыруға ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «Азия-Жилстрой» ЖШС-і 4480,0 мың теңгеге жұмыстарын толық аяқтады.

Қайрат ауылындағы Мыңбұлақ орта мектебінің жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «Қараспан сауда құрылыс » ЖШС-і 3875,2 мың теңгеге ұтып алды. Жұмыстар толығымен бітті.

Материалдық-техникалықжабдықтау: Бөлімге қарасты                    39 мектептің 29-і (74 %) типтік 10-і (26 %) ыңғайластырылған, ал балабақшалардың 5-і типтік, 21-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.

Жалпы 76-білім мекемесінде 33 қазандық бар. Бөлімге қарасты барлық білім мекемелерінің әйнектері қос қабатты және қатты отынмен (көмірмен) жылытылатын білім мекемелерінде көмірхана бар.

Қазандығы бар білім мекемелері толық (100 %) генераторлармен қамтамасыз етілген.

Өртке қарсы дабылқаққыштар 39 мектептің 39-да, бейнебақылау камералары 39-дың 39-да орнатылған.

2019 жылы аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуға 104082,0 мың теңге бөлініп берілді.

Оның ішінде: мектептерге циркуляционды маторлар сатып алу үшін 930,5 мың теңгеге «Ерсултан» ЖК –мен келісім-шарт жасалынды, өртке қарсы дабыл қаққыштарды жөндеу 1200,0 мың теңгеге және қызмет көрсетуге камераларын жөңдеу және қызмет көрсетуге 1180,0 мың теңгеге «Альфа Group» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. 1-ші сынып оқушыларын қабылдауды автоматтандыруға  13563,7 мың теңге және балабақшаға кезеке қоюды автоматтандыруға 12950,2 мың теңге «Benediximus» ЖШС –мен келісім-шарттар жасалынды,  өрт кезіндегі дабыл қаққыштарды қайта орнатуға              8500,0 мың теңге, химия кабинетін сатып алуға конкурс ойнатылып «LT International» ЖШС-і 3640,0 мың теңгеге ұтып алды, физика кабинеті бойынша «Аяулым» ЖК – і 3300,0 мың теңгеге жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні кабинеттер алынып, мектептерге орнатылды.                        Ал, биология кабинеті бойынша «DQB BASIS»  3024,0 мың теңгеге ұтып алып, қазіргі таңда №20 Жамбыл атындағы орта мектебіне толық жеткізілді. Интерактивті тақтаның лампаларын ауыстыруға                  1631,0 мың теңге қаражат жоспарланып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім бөліміне қарасты мектептерге 178 дана компьютерлер сатып алынып, мектептерге таратылып берілді.

Робототехника бойынша 39748,0 мың теңге қарастырылған, жеңімпаз анықталып 10 мектепте орнатылды.

Жалпы 49 мекеме газбен, 23 мекеме қатты отынмен жылытылады.

2019 жылы 2386 тоннаға 35790,0 мың теңге мектептерге,                    2820,0 мың теңге 68 тонна көмірге балабақшаларға қарастырылып, «Байдаулетов Нурдаулет Аманбекович» жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасалып, мектептер мен балабақшаларға толық жеткізілді.

Табиғи газға 46600,0 мың теңге, балабақшаларға 9350,0 мың теңге қаралған.

Оқушыларды тасымалдау және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары: Ауданның 17 елді мекенінен 525 оқушы 9 орта мектепке тасымалданып оқытылуда.

Жалпы асхана саны – 39, ол 100 пайызды құрайды.

2019 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2546 балаға 165783,0 мың теңге қаржы қаралып, 12 айда 100,0% яғни,                    165783,0 мың теңге қаражат игеріліп, ыстық тамақ берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: Ауданда 32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында 50 бала, «Еркемай», «Балбөбек», «Айсауле», «Әсем достар», «NU»  жекеменшік балабақшаларында–280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Жалпы-2405 бала.

0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны -709.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған 3-6 (1-6) жастағы балалардың үлесі төмендегідей:

Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие және оқытумен қамту үлесі 1-6 жас аралығындағы 82% (облыс-82,6), ал,               3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі ауданда 100% (облыс-100,0)көрсетті.

Денсаулық сақтау

2019 жылы ана өлімі 1 жағдай орын алған (2018 жылдың осы кезеңінде орын алмаған), сәби өлімі 13 жағдай орын алды                   (2018 жылдың осы кезеңінде – 9 жағдай).

Себептері: Бала өліміне әкеп соқтырған негізгі себепбұл баланың іштен туа біткен ақауының асқынуы және  мерзімінен ерте боснудан туылған өте аз салмақтағы сәбилердің  шетінеуі негізінде жедел дамыған аурудан өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсу және кенеттен қайтыс болу факторлары орын алуда.                              

Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны 17 адам                      (2018 жылы 12 адам), 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш                      32,4 пайыз. (2018 жылы 23,5 пайыз).

Спорт

Жуалы ауданы бойынша 2019 жылы 347 спорттық іс-шара өткізілді және осы іс-шаралармен 64990 адам қамтылған                          (2018 жылы 339 іс-шарамен 63710 адам қамтылған).

2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 15916 адамды құрады немесе жалпы халықтан 30,0%.  (халық саны-53035) (индикатор жоспары бойынша 30,0%)

Бөлімге бағынысты спорт мектептерінде 2019 жылдың                           қорытындысы бойынша 1586 (2018 жылы 1546) шұғылданушы оқушылар тіркелді. Бұл Жуалы ауданы бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 15,4% (2018 жылы 14,9) құрап отыр.                (индикатор жоспары бойынша 15,2%)

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жуалы ауданы бойынша 122 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 1 стадион, 1 спорт кешені, 38 спорт зал, 11 футбол алаңы, 71 спорт алаңшасы  бар. Ағымдағы жылы 12 спорт алаңшалары: Ақсай, Боралдай, Жетітөбе, Күреңбел, Көкбастау, Қарасаз, Қошқарата, Қызыларық, Мыңбұлақ, Нұрлыкент, Шақпақ ауылдық округтерінде «Street Workout» алаңшалары жергілікті бюджет есебінен салынды. Сондай-ақ, Шақпақ ауылында футбол алаңшасы іске қосылды. (3-индикатор жоспар бойынша 9 алаңша соғылуы қажет болатын).

Аудан бюджетінің кірісі

Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 13 825 444,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 13 853 577,1 мың теңге, немесе                           жоспар 100,2  пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 492 881,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 521 014,1 мың теңге орындалуы 101,9 пайыз немесе 28 133,1 мың теңге артық түсіп отыр.

Әлеуметтік салықтың кірістер жоспары 235 798,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 233 978,5 мың теңге, немесе                           99,2  пайызға орындалды.

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 13 908 406,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 13 884 621,3 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 23 784,7 мың теңге немесе атқарылуы 99,8% – ды құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Аудан бойынша 2019 жылы статистикалық сараптамасына сәйкес жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз болып, жалпы жұмыссыздар саны 1 240 адамды құрады (облыста 4,8 пайыз).

Есепті мерзімге жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 426 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,4 пайыз болып қалыптасты (2018 жылы 12 айда 385 адам немесе 1,3 пайыз).

2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша ауданда жалпы 2759 азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланды. Есепті мерзімде 2637 азаматтар қайрылып, жұмыспен қамту шараларына 3355 адам тартылды (3355:2637=127пайыз).

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылған                  3355 жұмыссыздар бойынша: тұрақты жұмыс орындарына 1668 адам, қоғамдық жұмыстарға 411 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 226 жұмыссыздар, жастар практикасына 329 жастар, қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 205 азамат, бастау-бизнес 338 адам, несие алуға 178 адам жолданды.

Сондай-ақ, 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 49 азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 12 айда 64 мүгедектер жұмыспен қамту шараларына тартылды (қоғамдық жұмысқа                        – 13 адам, жастар практикасына – 4 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына – 7 адам, тұрақты жұмыс орынға – 24 адам, кәсіптік оқуға – 4адам, маусымдық жұмыстарға – 12 адам жолданды).

Аталған кешенді жоспардың іс-шаралары: қоғамдық жұмыстарға 128349,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына                 28126,0 мың теңге, жастар практикасына 73941,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 31804,0 мың теңге бөлініп жоспар бойынша қаржысы игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмек заңына өзгерістер енуіне сәйкес және күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 70 пайызға көтерілуіне байланысты 2500 отбасындағы 12828 адамын 1-сәуірден бастап қамту жоспарланды.    

Жылдың 12 айында атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген 2855 отбасының 14289 адамына 1 855479,0 мың теңге көмек тағайындалып  төленді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша 12 айда          347 отбасының өтініштері рәсімделіп 6499,8 мың теңге тағайындалып,  төленді.

Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу қызметі бойынша 12 айда 603 азаматтардың өтініштері рәсімделіп 32395,0 мың теңге біржолғы қаржылай көмек көрсетілді.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі бойынша жылдың 12 айында дамуында кемістігі бар 85 балаларға жергілікті бюджет есебінен 2393,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып төленді.

Ішкі істер бөлімі

Есепті мерзімде ауданда жалпы  – 194 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2018ж. бұл мерзімінде 227 деректі құраған)  яғни 14,5 пайызға кеміген, олардың 122 дерегі ашылып, ашылу көрсеткіші 60,1 пайызды құрады. 2018 жылдың осы кезеңіне бұл көрсеткіш                57,4 пайыз болған, яғни  ашылу көрсеткіші 2,7 пайызға артқан.  Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 25 дерек болса, оның ашылғаны 22 дерек немесе ашылуы                  88 пайызды құрады. (2018 жылы ашылуы 81,3 пайызды құраған). Қылмыстың ашылу көрсеткіші 6,7 пайызға артқан.

Жол полиция тобының жұмысы

2019 жылы жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 1829 хаттама (2018 ж. – 1080) толтырылды, оның ішінде 75 (2018 ж. – 40) жүргізуші көлікті спирттік ішімдік күйде жүргізгені үшін ұсталған.

2019 жылдың есеп беру мерзімінде барлығы 59 жол-көлік оқиғасы (2018 ж. – 69) тіркелген.

Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 127 адам               (2018 ж. – 145) әр-түрлі дене жарақаттарын алған, яғни 12,4 пайызға азайған. Жол көлік оқиғалары салдарынан 2019 жылы 18 адам                 (2018 ж. – 15) қаза болған.

 

 

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                             Г.Бекмурзаева