ЖУАЛЫ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Аудандық мәслихаттың

2016 жылғы «24» желтоқсандағы

№ 50-4 шешімімен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖУАЛЫ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ         

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

 АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б. Момышұлы ауылы

2016 жыл

 

МАЗМҰНЫ

I. ПАСПОРТ……………………………………………………………………………………………………………………………. 3-5
II. Ағымдағы ахуалды талдау……………………………………….……………………………..………………………………. 6-47
1-бағыт: Экономика……………………………………………………………………………………….………………………………… 6-20
1.1. Өнеркәсіп пен инвестициялар…………………………………………………………………………………………….. 6-9
1.2. Агроөнеркәсіп кешені……………………………………………………………………………………………………………. 9-15
1.3. Шағын және орта бизнес, сауда………………………………………………………………………………………………… 15-20
2-бағыт: Әлеуметтік сала………………………………………….……………………………………………………………………. 21-32
2.1. Білім ………………………………………………………………………………………………………………………………… 21-22
2.3. Еңбек және әлеуметтік қорғау …………………………………………………………………………………………………………….. 22-27
2.4. Мәдениет, спорт және туризм……………………………………………………………………………………. 27-33
2.5. Қоғамдық қауіпсіздік  және құқық тәртібі………………………………………………………………………………………….. 33-39
3-бағыт: Инфрақұрылым…………………………………………………………………………………………………………………………….. 39-47
3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы……………………………………………………………………… 39-46
      3.2. Экология және жер ресурстары………………………………………………………………………………………… 46-47
III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары……………. 48-57
3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Жуалы ауданының негізгі даму бағыттары…………………………………………… 48-57
3.2. Мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары …………………………………………….. 48-57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ПАСПОРТ

 

Бағдарлама

атауы

2016-2020 жылдарға арналған Жуалы ауданының даму бағдарламасы
Әзірлеу үшін

негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің  одан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары Жуалы ауданының аумағы 4136 шаршы шақырымды немесе облыс аумағының 2,8%-ын құрайды және облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, батысы мен солтүстігі жағынан Оңтүстік Қазақстан облысымен, шығысы Жамбыл ауданымен, оңтүстігінен Қырғыз Республикасымен шекаралас.

Қазақстан-қырғыз шекарасының Жамбыл облысы аумағындағы ұзындығы 30 шақырымды құрайды.

Аудан  құрылымында 14 ауылдық округ бар, аудан орталығы Б. Момышұлы ауылы.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға Жуалы ауданы халқының саны 50927 адамды құрады, олардан экономикалық белсенді халық саны – 28,8 мың адам (56,5%).  Халықтың тығыздығы – 12,3 адам/шқ²

Өз бағыты бойынша аудан аграрлық болып табылады.

Бағыттар ·      Экономика;

·      Әлеуметтік сала

·      Инфрақұрылым

Бағдарлама

мақсаттары

·      Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

·      Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау;

·      ШОБ субъектілерінің өсуіне жағдай жасау;

·      Білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру;

·      Жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру және қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету;

·      Халықтың мәдени-көпшілік уақытын дамыту үшін жағдай жасау;

·      Жаппай спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау;

·      Туризмді дамыту;

·      Құқытық тәртіп;

·      Апаттар мен дүлейлерді алдын алу және жоюды ұйымдастыру;

·      Қол жетімді тұрғын үй құрылысымен және мүгедектерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді дамыту;

·      Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, су шаруашылығын және қоршаған ортаны дамыту;

Нысаналы

индикаторлар

1.     Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі

2.     Негізгі капиталға салынған инвестициялар

3.     Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ

4.     Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестциялардың НКИ

5.     Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы  мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі

6.     Жұмыс істеп тұрған ШОБ тіркелгендер санындағы үлесі

7.     Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

8.     Жұмыс істеп тұрған  апатты және үш ауысымды мектептер саны

9.     Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

10.                        Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі

11.                        Жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны;

12.                        Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі

13. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны (оның ішінде кітапқаналарға)

14. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі

15.                        Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі

16.                        10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі

17.                        Көшелерде жасалған  қылмыстың үлес салмағы

18.                        Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

19.                        Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету

20.                        Күрделі жөндеуды талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету: (қалаларда)

21.                        Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік

22.                        Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдар үлесі

23.                        Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі

24.                        Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

Қажетті

ресурстар

2016 жыл – 213,5 млн. теңге;

2017 жыл – 225,9 млн. теңге;

2018 жыл – 359,2 млн.  теңге;

2019 жыл – 759,0 млн. теңге;

2020 жыл – 38,6 млн. теңге;

2016-2020 жылдар – 1 596,2

* Бюджеттің нақтылануына байланысты қаржыландыру көлемдері өзгертіледі

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

1-БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар

Өнеркәсіп Жуалы ауданының базалық салаларының бірі болып табылады, ол 2014 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімінің 8,9%-ын қалыптастырды. Онда 328  адам немесе экономикада жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 5,5%-ға жуығы жұмыс істейді. Өнеркәсіп өндірісінің негізін 13 ірі, орта және шағын кәсіпорындар құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының салықтық төлемдері аудандық салықтық кірістерінің  11%-ға жуығын құрайды.

Аудан өнеркәсібінде төрт негізгі салалық кешен басым – тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, оның өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі жалпы өндірілген өнім көлемінде 99,0 пайызға жуығын құрайды (1 сурет).

2014 жылғы экономикалық қызмет түрлері бойынша аудан өнеркәсібінің құрылымы

 

№1-сурет

 

2012-2015 жылдары өнеркәсіп өндірісінің жылдық көлемі 13,5%-ға өсті, алайда аудандағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы облыстық көлемдегі үлесі  2012 жылы – 0,97%, 2013 жылы – 1,0%, 2014 жылы – 0,7% , 2015 жылы – 0,8% құрады.

 

№1 кесте. 2012-2014 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс динамикасы (өткен жылға %-бен)

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015ж
ауданның өнеркәсібі, % 84,3 105,6 95,8 120,9
оның ішінде:        
– Өңдеу өнеркәсібі 47,9 113,8 89 125,5

Салааралық бөліністе нақты көлем индекстерінің динамикасы оның тұрақсыздығын көрсетеді.

 

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Жоғары қосылған құны бар өнімді алуға мүмкіндік беретін шикізатты тереңдетіп және кешенді өңдейтін өндірісті ұйымдастыру үшін қуатты өндірістік база;

·     Жаңартылған энергия көздерін пайдалану үшін айтарлықтай энергетикалық әлеует.

·      Шикізат жеткізіліміне тәуелділік;

·      Инновациялық құрылымдағы саланың төмен үлесі;

·      Өнім өңдірісінің өзіндік құнының жоғарылығы;

·      Шығарылатын өнімнің бәсекеге төмен қабілеттілігі;

·      Білікті кадрлардың жеткіліксіздігі

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Өнеркәсіптің технологиялық әлеуетіне сәйкес өнім түрлері мен номенклатурасын және функционалдық материалдарын кеңейту;

·     Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

·     Пайдалануға берілген жаңартылған энергия көздері нысандарын арттыру есебінен облыстың энергияға тәуелділігін төмендету;

·     Еңбек әлеуетін дамыту.

·     Өнеркәсіптің шикізаттық бағыттылығын сақтау қаупі;

·     Еліміздің ДСҰ кіргеннен кейін экономиканың жеке секторларында бәсекелестіктің төмендеуі;

·     Импорттың жоғары үлесі;

·     Энергетикалық және көлік инфрақұрылымына бағасының ішкі өсімі, бұл шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

Сала проблемалары:

Өңдеу өнеркәсібінде:

–  Энергия ресурстарына шығыстардың жоғары үлесі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне төмендігі, шикізат жеткізіліміне тәуелділік.

Инвестиция

Ауданда  2012-2014 жылдары инвестициялардың тұрақты өсімі байқалады.

2012 – 2014 жылдары ауданның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 46,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2014 жылы – 17,6 млрд. теңгені және 2012 жылмен салыстырғанда номинальды есептеуде 26%  артты. Аудан инвестицияларының облыс бойынша жалпы көлемдегі үлесі 2014 жылы  8,4% құрады (2012 жылы – 9,1%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар негізінен өнеркәсіпті, көлікті және қоймалауды дамытуға бағытталады, бұл индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға және облыс аумағында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының, сондай-ақ магистральды газ құбырының құрылысына байланысты жүзеге асырылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде ішкі инвестициялардың өсімі байқалады. Үш жыл (2012-2014 ж.ж.) ішіндегі ішкі инвестициялардың салымы 46,7 млрд.теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда нақты есептеуде 25,8%-ға өсті.

2015 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы: өзіндік қаражат – 3,7%, республикалық бюджет қаражаты – 7,5%; жергілікті бюджет қаражаты – 3,8%; басқа қарыз қаражаттар – 85,0 %.

 

2015 жылы қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция құрылымы

№2 сурет

2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 15520,4 млн. теңгені құрады. Бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен 11,7 %-ға төмен.2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2126,9 млн. теңгені құрап, 11,3 пайызға орындалды.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Тұрғындардың жоғары білім деңгейі;

·     Инновация дамуының оң динамикасы.

 

·     Ғылым және өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;

·     Бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

·     Инновация дамуының іріктелген статистикалық бақылау мәселелері;

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Инновацияларды дамыту үшін ИИДМБ мүмкіндіктерін қолдана отырып өнеркәсіп салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды әзірлеу;

·     2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының инновациялық даму Тұжырымдамасының және оны іске асыру бойынша Жол Картасының мүмкіндіктерін пайдалану;

·     Қолданыстағы өңірлік инновациялық жүйенің жоқтығы.

 

 

Саланың проблемалары:

 – Өңірлік инновация орталығының жоқтығы, өнеркәсіп кәсіпорындарының ғылыммен белсенділігінің төмен үлесі;

–  Жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы.

 

1.2. Агроөнеркәсіп кешені

Агроқұрылым саласына  жататын егін, мал шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі Жуалы ауданының экономикасын көтеретін негізгі көрсеткіштерінің бірі болып есептелінеді.

Ауыл шаруашылығында аудан халқының жұмысқа қабілетті 14,5%  жұмыс атқаруда. Аталған көрсеткіш облыс  бойынша  24,9% құрайды.

Облыс бойынша аудан алдынғы қатардан орын алуда: картоп өндіруден  (2 орын), майлы дақыл (мақсары)  – 1 орын, сүт өндіруден – 1 орын.

Өткен 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірістің өсімі көрінуде, 2014 жылы бұл көрсеткіш  17530,5 млн. тенгені құрады, оның ішінде егін шаруашылығының өнімі  – 6453,9 млн. тенге, мал шаруашылығы – 11072,9 млн. тенге; 2015жылы -21141,0 млн теңге, оның ішінде егін шаруашылығының өнімі  – 8803,3млн. тенге, мал шаруашылығы – 12333,7млн. тенге;  2016 жылы 9 айында  ауыл шаруашылық өнімінің (қызмет) жалпы шығарымы 15929,0 млн теңгені құрады, немесе нақты көлем индексі 104,6 пайыз, (о.і. егін шаруашылығы 6417,6 млн теңге, немесе 109,6 %, мал шаруашылығы 9508,7 млн теңге, немесе 101,4 %).

Мал шаруашылығы өндірісінің тұрақты көрсеткішінің қасында, егін шаруашылығының ауытқуы көрінуде.

Кесте №1. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өнім көрсеткіші, млн. тенге

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Ауыл шаруашылығы өнімі 10625,2 13974,9 17530,5 21141,0
НКИ, % 96,9 113,4 97,5 109,9
Оның ішінде:        
Егін шаруашылығы 4190,3 6055,4 6453,9 8803,3
НКИ, %   121,8 93,1 122,5
Мал  шаруашылығы 6435,2 7916,1 11072,9 12333,7
НКИ,%   97,8 100,7 101,9

Ауыл шаруашылығының  жалпы өнім көрсеткіші егін және мал шаруашылығы саласында бір қалыпты көрсеткіш көрсетуде, бірақ біршама мал шаруашылығының басымдылығы айқын екені белгілі болуда.

Кесте №2. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көрсеткіші, %

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Ауыл шаруашылығы өнімі 100,0 100,0 100,0 100,0
Егін шаруашылығы 39,4 43,4 36,8 41,7
Егін шаруашылығы 60,6 56,6 63,2 58,3

Ауданның барлық жер көлемі  413698 га,  оның ішінде: ауыл шаруашылығы жерлері – 214224 га (51,8%), оның ішінде егістігі – 92441 га (22,3%).

2012-2015 жылдары егістік жерлердегі ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өсуінің динамикасы  байқалады.

Кесте №3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік жерлерінің көлемі.

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
га % Га % га % Га %
Барлық егістік жерлер 76843,3 100,0 77913,0 100,0 83117,0 100,0 82808,5 100,0
Оның ішінде:                
Дәнді дақылдар 27070,5 35,3 28282,0 36,3 31347 37,7 33319 40,2
Майлы дақылдар 22020,0 28,6 20221 26,0 23206,0 27,9 23 206 28,1
Қант қызылшасы         325 0,4  
көкөніс 517,8 0,7 581,0 0,76 638,6 0,77 616,7 0,77
бақша 13 0,02 19 0,04 11 0,03 11 0,03
картоп 2068,0 2,7 1808,0 2,3 2150 2,6 2 150 2,6
Мал азықтық дақылдар 25154,0 32,7 27002,0 34,6 25439,4 30,6 27325,0 28,4

Егін шаруашылығының егістік жерлерінің басым бөлігін  дәнді дақылдар алуда (37,7%), онан басқа мал азықтық дақылдары  (30,66%).

Егістік көлемін тұрақтандыру мақсатында жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жүргізілуде. Соның нәтижесінде майлы дақылдар, көкөніс және мал азығы дақылдары егістіктері өсуде. Жаңа заманауи үлгідегі технологиялар пайдалануда:  су үнемдеу технологиясы. Бүгінгі күнге барлығы 350 га егістік алқаптарына су үнемдеу агрегаттары пайдалануда.

Ауданның мал шаруашылығы – көп салалы. «Сыбаға»,  «Кулан», «Алтын асык»  бағдарламаларын енгізу мақсатында барлық мал басының  өсуі көрінуде. Кесте №4. Мал басының өсу динамикасы, бас

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
МІҚ 39156 38034 38129 38455
Қой және ешкі 174502 169575 169764 169844
Жылқы 8129 8258 8268 8273
Түйе
Құс 72746 72746 72746 72746
Шошқа 2014 1353 675 767

 

Аудан бойынша асыл тұқымды мал басының көлемі 8 агроқұрылымдарында жинақталған. Оның ішінде 1 шаруашылық МІҚ саласында,   6 шаруашылық қой саласында,  3 шаруашылық асыл тұқымды жылқы саласында.

Облыста  асыл тұқымды бұқалардың тұқымын өндірумен айналысатын  1 орталық ( «Асылдандыру-Тараз» ЖШС) жұмыс атқаруда, бүнігі күнге біздің ауданды да қамтамасыз етуде.

Үкімет тарапапынан көрсетілетін көмектердің арқасында асыл тұқымды малдардың жалпы салмағы өсуде: МІҚ  3,8  %  2010 жылы  4,1 % дейін  2014 жылы өсуде, қой және ешкі – 8,3 % до 9,5 % дейін, жылқы с 16,5  %  19,3 % дейін.

Аудан көлемінде 1 сүт тауарлы фермасы жұмыс атқаруда,  одан басқа 2 шаруашылық «Ырыс» бағдарламасы бойынша жұмыс атқаруда.  2012-2015 жылдары сүт тауарлы фермалары 3 бірлікке  өсті.

«МІҚ мал етінің экспорттау әлеуетін көтеру» бағдарламасын асыру мақсатында 2012-2015  жылдары елді мекендерде 18 шағын 50-60  басқа  арналған МІҚ малын бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда.

Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған көмектердің арқасында  2012-2015  жылдары егін шаруашылығының көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, мал басының және өнімділігінің өсуіне  қол жеткізілді,  бүл көрсеткіш барлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсуіне ықпал етуде.

2015 жылы ауа райының қолайлығына  егін шаруашылығының өнімібылтырғы жылмен салыстырғанда жоғары  болды.

Кесте  №5. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің  түрлері бойынша өсу динамикасы ( тонна, мың дана)

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014жыл 2015 жыл
Дән дақыл 28199,9 56273,0 28716,0 55999,9
көкөніс 10878,2 13133,5 14906 14 672,8
Картоп 40811 39370,6 46594,0 48 824,3
ет 12706,2 12329,2 12405,0 12 541,8
сүт 34449,4 34138,9 34604,6 36 566,1
жұмыртқа 7367,2 7067,5 7252,0 7 308,5

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 2255 шаруа қожалықтары айналысуда,  4 агроқұрылымдар және  10,1 мың. үй шаруашылығы. Атап кететін жағдай, үй шаруашылығындағы мал шаруашылығында өнім өндеу көрсеткіші жоғары деңгейде.

Кесте  №6. Агроқұрылымдармен  үй шаруашылығындағы жалпы көрсеткіштері егін шаруашылығы және мал басына шаққанда ,%

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
АҚ үй шар-ғы АҚ үй шар-ғы АҚ үй шар-ғы АҚ үй шар-ғы
Дәнді дақыл 99,6 0,4 99,5 0,5 99,7 0,3 99,7 0,3
көкөніс 51,5 48,5 52,2 47,8 58,3 41,7 58,2 41,8
Майлы дақыл 99,6 0,5 99,5 0,5 99,6 0,4 99,6 0,4
Картоп 56,4 43,6 58,2 41,8 71,5 28,5 72,5 27,5
ет 17,9 82,1 6,5 93,5 6,1 93,9 7,2 92,8
сүт 8,5 91,5 8,2 91,8 10,

0

90,0 17,9 82,1
жұмыртқа 29,6 70,4 29,4 70,6 27,5 72,5   100
жүн 15,1 84,9 14,9 85,1 19,1 80,9 19,1 80,9
МІҚ 7,2 92,8 7,0 93,0 10,8 89,2 18,8 81,2
Қой және ешкі 15,2 84,8 14,4 85,1 17,4 82,6 25,1 74,9
Жылқы 22,4 77,6 21,7 78,3 28,9 71,1 39,0 61,0
түйе                
құс   100   100   100   100
шошқа 20,8 79,2 22,7 77,3 48,9 51,1 45,6 54,4

Ауыл шаруашылығы өндірістерінің аймақтық орналасуы үш топқа бөлуге болады.

Кесте №7. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнім көрсеткіштері  аймақтар бойынша

Атауы Барлығы Оның ішінде
Егін шар-ғы Мал шар-ғы
мың. тенге Үлес салмағы, % мың. тенге Үлес салмағы, % мың. тенге Үлес салмағы, %
Облыс бойынша 218726,5 100,0 114612,4 100,0 103154,0 100,0
Жуалы 21141,0 9,7 8803,3 7,7 12333,7 11,9

Жуалы ауданы  (10,5%), ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жоғарғы көрсеткіш облыс бойынша  10,5% көрсетуде.

Жуалы ауданының егістік алқаптары таулы өңірлерде орналасқан, ауылдық округтер бір қатар өнімдерді  өндіруге бейімделген. 64,8 % астам барлық өндірілетін өнімдердің үлесі  5 а/о жатады – Жетітөбе а/о (15,2 % астам дәнді дақылдар өнімі), Кошкарата а/о  (13,1%), Куренбел а/о  (11,8%), Боралдай а/о (13,3%)   және   Карасаз а/о (11,4%).

Азықтүліктік картоп және көкөніс өндіруде: Нурлыкент а/о (16,4%  астам жиналатын картоп өнімдерін), Кокбастау а/о(15,3%), Аксай а/о (14,1%), Мынбулак а/о(11,2%), Актөбе а/о (13,2%), Кызыларык а/о (13,0%),  тағы басқа а/о.

Мал басы және ет сүт өнімдерін өндіруде барлық а/о бір қалпында, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы жерлеріндегі мал жайылымдарының және мал басының көп болғандықтан.

2012-2015жылдары  облыс агроқұрылымдары  112 дана ауыл шаруашылығы техникалары жалпы құны 336,2 млн. тенгеге  алған, оның ішінде  «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы  – 53 дана жалпы құны  176 млн. тенге. Орташа техникаларды жаңалау норма бойынша  10%,  нақты  алынғаны 7 % құрады.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін өндірісті дамыту үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар;

·     Табиғи шабындықтар мен жайлым жерлер;

·     Облыстағы минералды тыңайтқыштар өндірісі;

·     Ауыл шаруашылығы кластерлерін қалыптастыру үшін АӨК-гі дамыған институционалдық инфрақұрылым;

·     Мемлекеттік қолдау (Агробизнес – 2020).

·     Механикаландырудың жеткіліксіз деңгейі және ауыл шаруашылығы техникаларының тозу деңгейінің сақталуы;

·     Суару инфрақұрылымының тозығы;

·     Ұсақ тауарлық, малдың 80%-ға жуығы жеке қосалқы шаруашылықтарда;

·     Кепілдік капиталдың болмауына байланысты екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығын төмен несиелеуі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     «Агробизнес-2020» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдау шаралары;

·     БЭК және ДСҰ шеңберіндегі жаңа өткеру нарықтары;

·     Экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік беретін, жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру;

·     Егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;

·     Ұсақ ауыл шаруашылығы өндірістерін ірілендіру жолымен машина-технологиялық станцияларын құру;

·     Ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту.

·      Қолайсыз ауа-райы жағдайының, табиғи апаттардың, аса қауіпті мал аурулары ошағының әсер етуі;

·      БЭК және ДСҰ шеңберінде аграрлық азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі;

·      Ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтардың (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды енгізуге кері әсер етеді;

·      Нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын несиелеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперациялар және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.

 Саланың проблемалары:

– Жуалы ауданында ауыл шаруашылығы өсімінің дамуын тежейтін негізгі себеп – шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы. Жер алқаптарының көлемі 50 га дейінгі ұсақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайыздық қатынасы 73% құрайды. Ұсақ шаруашылықтар өндіріске агротехнологиялар ендіре алмайды, сондай-ақ егістік айналымдарын сақтай алмайды, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару және басқа ылғалды үнемдеу технологиялары сияқты ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ендіруді айтпағанның өзінде өсімдіктерді қорғау жүйесін қолдана алмайды.

– Мал басының жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;

– Машина-трактор паркінің жеткіліксіз техникалық жарақтандырылу деңгейі, жаңа прогрессивтік технологиялардың әлсіз енгізілуі;

– Еңбекті көп қажетсінетін үрдістердің әлсіз механикаландырылуы; ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылығы, мал шаруашылығында өнімділігі жоғары генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылығында элиталық тұқымдардың төмен үлесі, мал шаруашылығы шикізатын даярлау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу, көкөністі сақтау бойынша инфрақұрылымның болмауы;

– Суару кезеңінде судың жеткіліксіздігі;

– Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының  толық емес жүктемесі;

– Шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты даярлау, тасымалдау және сақтау логистикасының дамымауы, бұл қайта өңдеу қуаттарының толық жүктелмеуіне әкеледі.

– Сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымауы, бұл азық-түлік нарығында көптеген ұсақ ойыншылардың болуына және өнімнің негізсіз қымбаттауына ықпал етеді;

– Отандық ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

– Импорттың ауқымды көлемінің болуы себебінен ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерін өткерудегі қиындықтар.

 

1.3 Шағын және орта бизнес, сауда

Шағын және орта бизнесАудан экономикасының басым бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

Ауданда 2015 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері 3625 бірлікті құрап, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артық (3533 бірлік) және 2013 жылмен салыстырғанда 8,0%-ға артқан (3271 бірлік).

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ішінде ең үлкен үлес жеке кәсіпкерлерге (ЖК) тиесілі. Орта есеппен 2013-2015 жылдары 35,2% жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Есепті кезеңде жеке кәсіпкерлер саны 1089-дан 1243-ке дейін өскен (154 бірлікке артқан).

Тіркелген ШОК субъектілердің жалпы санынан шаруа (фермерлік) қожалықтарына (ШФҚ) 62,1% тиесілі. Талдау жасау кезеңінде ШФҚ саны 2013 жылғы 2047 бірліктен 2015 жылғы 2195 бірлікке дейін өскен (148 бірлікке артқан).

Тіркелген ШОК ішінде ең аз үлес заңды тұлғаларға (ЗТ) тиесілі. Есепті кезеңде заңды тұлғалар саны 3 бірлікке артып, 2013 жылы 92 бірліктен 2015 жылы 95 бірлікке дейін өскен. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымында үш жылда орта есеппен заңды тұлғаларға 2,7% келеді.

2015 жылы жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі белсенді ШОК үлесі 64,0% (2014 жылы– 63,2%,  2013 жылы -60,2 %) құрады.

2013жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 2127 бірлікті құрады, 2012 жылдың деңгейінен 2,1% артық. 2015 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 2014 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға артып, 2300 бірлікке жеткен. Осы тұста, 2015 жылы белсенді ШОК субъектілер саны 2013 жылдың деңгейінен 173 бірлікке артқан немесе 8,1% артқан.

Ұйымдастыру-құқықтық шегінде ШОК құрылымындағы белсенді субъектілердің едәуір үлесі бойынша жұмыс атқаратындардың ішінде жеке кәсіпкерлерге тиесілі (2013 – 2015 жылдары орта есеппен 35,2%). Жалпы белсенді ШОК субъектілерінің санынан ШФҚ орташа – 62,1%-ды, заңды тұлғалар – 2,7%-ды құрайды.

2014 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 8507 адамды құрады. 2013 жылы ШОК саласында 8221 адам жұмыспен қамтылған, бұл 2013 жылғы деңгейден 3,45%-ға артық. 2015 жылы салада жұмыспен қамтылғандар саны 8600 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың деңгейінен 1,1%-ға немесе 93 адамға артық. Жалпы белсенді субъектілердің ішінде заңды тұлғалар небәрі 2,7% құрайтынына қарамастан, бұлар салада жалпы жұмыспен қамтылғандардың үштен бірін қамтамасыз етіп отыр (772 адам немесе ШОК саласында жалпы жұмыспен қамтылғандардың 9,1%). 2013-2015 жылдары ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың орта есеппен 15,7% немесе 1251 адам ЖК тиесілі. Есепті кезеңде ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың 75,2% немесе 6198 адам ШҚ жұмыспен қамтылған.

2014 жылы ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 5445 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,4% артық (2013 жылы – 5423 млн. теңге). 2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 5462,5 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда өсім 0,3% және 2013 жылмен салыстырғанда 0,7% артқан.

Ұйымдастыру-құқықтық нысан шегінде ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің едәуір үлесі ШҚ-ға тиесілі (2013 – 2015жылдары орта есеппен 61,9%). ШОК субъектілері жалпы өндірген өнім көлемінің орташа 18,0%-ы заңды тұлғаларға, 20,1%-ы ЖК-ге тиесілі.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі ШОК үлесі 21,3% құрады .

Сонымен бірге, 2015 жылы ЖӨӨ-гі ШОК үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға (29,7%) және 2014 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға (23,5%) артты.

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» (әрі қарай – БЖК – 2020) Бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«БЖК – 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттен Жуалы ауданына 360,3 млн. теңге бөлінді.

2013-2015 жылдары «БЖК-2020» Бағдарламасы шеңберінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша                8 жоба, 1 жоба бойынша жетіспейтін инфрақұрылым тартылды.

№1 кесте. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында құралдар шегінде қаржылай қолдау алған жобалар саны

Қолдау құралдары 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Барлығы: 3 2 7 5
3 бағыт бойынша субсидиялау 3 1 4 4
Кепілдеме беру 2
Гранттар
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту 1 1 1

«БЖК-2020» Бағдарламасы шараларын іске асыру нәтижесінде 2013-2015 жылдары 109  жұмыс орны ашылды.

№2 кесте. «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы аясында оқудан өткен қатысушылар саны

Қолдау құралдары 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж
Бизнес кеңесші 1 98 79 81 85
Бизнес кеңесші 2
Топ-менеджментті оқыту
Іскерлік байланыстар
Үлкен сеньорлар
Жас кәсіпкер мектебі

2013-2015 жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдаудың «Бизнес кеңесші» компоненті бойынша 245 кәсіпкер оқытылды.

Сауда

Жуалы ауданында ЖӨӨ құрылымындағы сауда 2013-2015 жылдар аралығында 6,1-5,4% құрады. Сауда саласында ауданның барлық жұмыс істейтін халқының 4,4%-ы қамтылған.

Ішкі сауданың негізгі қызмет түрлері бөлшек және көтерме саудаға бөлінеді. Бөлшек сауда айналымы 2015 жылы 1481,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 6,8%-ға артық, көтерме сауда – 3,3%-ға артқан.

 

 

 

Кесте №2. 2012-2015 жылдардағы облыс бойынша бөлшек сауданың даму серпіні

Өңір 2012 жыл, млн.теңге Үлес салмағы, % 2013 жыл Үлес салмағы, % 2014 жыл Үлес салмағы, % 2015 жыл Үлес салмағы, %
Облыс 119672,2 100,0 151652,0 100,0 182766,7 100,0 183225,2 100
Жуалы 1679,5 1,4 2951,7 1,9 2809,9 1,6 1481,3 0,8

Кесте №3. 2012-2015 жылдардағы облыс бойынша көтерме сауданың даму серпіні

Өңір 2012 жыл, млн.теңге Үлес салмағы, % 2013 жыл Үлес салмағы, % 2014 жыл Үлес салмағы, % 2015 жыл Үлес салмағы, %
Облыс 158182,3 100,0 158510,9 100,0 173422,9 100,0 211841,7   100 
Жуалы 2522,5 1,6 981,6 0,6 355,1 0,2 1437,5 0,7

Бүгінгі күнге ауданда 142 сауда нысандары (бөлшек сауда дүкендер желісі, палаткалар, дүңгіршектер), 90 орынға арналған 3 сауда базарлары (1-і мал базары) жұмыс істейді.

2016 жылдың 10 айында 13 азық-түлік жәрмеңке өткізіліп, 38,5 млн.теңгенің өнімі өткерілді.

Оңды динамикаға қарамастан өңір үшін базарлардың жоғары маңыздылығы тән: сатылымдардың негізгі үлесі (62,3%) базарлардағы сауда мен жеке кәсіпкерлік  қызметімен айналысатын тұлғалардың саудасына келеді.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда айналымы 1269,8 млн. теңгені, немесе нақты көлемі 97,5% құрады. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 517,8 млн. теңге сомасында қалыптасып, немесе нақты көлемі 38,5% құрады.

ШОБ және сауданың даму жағдайына SWOT- талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті қаржылай қолдау;

·  Өңірде ауыл кәсіпкерлігінің белсенді дамуы;

·  ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау бойынша әкімдіктің жүйелі жұмыстары;

·     ШОБ субъектілерінде жеке айналым қаражатының, кепілзаттық мүліктің жеткіліксіздігі;

·     Бөлшек сауда бойынша заңнамада кемшіліктер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологиялардың болмауы;

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     ЕАЭО шеңберінде ШОБ әріптестігі;

·     Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту Бағдарламасы шеңберінде бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану;

·     Облыстың қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту;

·     Отандық азық-түлік өнімі өндірісінің өсімі;

·     Көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;

·     Бәсекелестіктің өсімі, сауда желілерінің бәсекелестігін арттыру.

·     Сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты жүйе құраушы кәсіпорындардың өніміне сұраныстың төмендеуінің шағын және орта бизнеске әсері;

·     Бөлшек сауда нарығында көлеңкелі тауар айналымының өсуі;

·     Шағын бизнес кәсіпорындарын заманауи сауда форматымен ығыстыру.

Салалардың проблемалары:

ШОБ-та: субъектілердің басым бөлігінде өз инвестициялық және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы; банктер ШОБ субъектілерінің кепілдікке қабілеттілігінің төмендігінен займдар бойынша пайыздық ставканы ұлғайту арқылы тәуекелділік құнын кредиттерге ауыстыруға мәжбүр; шағын бизнес үшін инженерлік-техникалық жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы.

Саудада: бөлшек сауда кәсіпорындары қауымдастықтары жанындағы сату орталықтарының, тұтыну кооперативтерінің, ірі тәуелсіз супер және гипермаркеттердің жоқтығы; «ауылдық жер-қала» байланысына қажетті көлік-логистикалық орталықтардың болмауы; алаңдарды жалға алудың жоғары ставкалары, логистика және сақтау шығындары бүкіл сауда жүйесінің жалпы тиімсіздігін және бәсекеге қабілетсіздігін айқындайды; айналымдағы қаражаттың тапшылығы; сауда секторында топ-менеджменттің тапшылығы.

 

2-БАҒЫТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2.1. Білім

2011-2015 жылдары білім беру саласында Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді, оның шеңберінде өңірдегі білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мектепке дейінгі білім беру

2012-2014 жылдары 8 балабақша ашылды, оның ішінде 1-і –құрылыс есебінен, 7-і – ғимараттар мен тұрғын жайларды балабақшалар ретінде ыңғайластыру есебінен.

Жалпы 2014 жылы мектепке дейінгі балалар мекемелер желісі 2012 жылмен салыстырғанда 8 мекемеге ұлғайып, 2015 жылдың 1 қаңтарына 26 мекемені құрады, орындар саны 66%-ға артты.
№ 1 кесте. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісінің даму динамикасы

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
саны балалармен қамту саны балалармен қамту саны балалармен қамту саны балалармен қамту
Барлығы 25 1695 25 1720 26 2025 26 2075
оның ішінде                
Бала-бақшалар 19 1420 24 1670 25 1975 25 2025
Шағын орталықтар 6 275 1 50 1 50 1 50

Нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 56,9% (2025 бала), 3-тен 6 жасқа дейінгі – 90,3% (1793 бала) құрады.

Жалпы орта білім

2015 жылғы 1 қаңтарға облыста 40 мемлекеттік мектеп 1 түзету оқу орны бар, мұнда 17539 оқушы оқиды. Аралас тілде оқытатын мектептер саны – 6.

40 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 64%-ы типтік ғимараттарда, 36%-ы – ыңғайластырылған  ғимараттарда орналасқан.

2012 – 2014 жылдары  облыста 2 мектеп салынып, пайдалануға берілді, оның ішінде 1-і апатты жағдайдағы мектептер орнына, 1-еуі – орын тапшылығын жою мақсатында (олардың 1 – жаңа, 1 – орнына) салынған.

01.01.2015 жылғы жағдайға 2 мектеп апатты болып танылған, 2012 жылмен салыстырғанда қысқартылуы – 5                 (2012 жылдың қорытындысы бойынша – 5, 2013 ж. –4,  2014 ж. – 3). 2015 жылы апатты жағдайдағы мектептер орнына                   1 мектеп пайдалануға беру жоспарлануда. 2015 жылдың 9 айына республикалық бюджет қаражаты есебінен – 1 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар бүгінгі таңда 16 мектеп саманнан салынған жайларда орналасқан, 16 мектеп шағын жинақталған болып табылады, 3 мектеп күрделі жөндеуді талап етеді. Жаңа түрлендірілген кабинеттермен жарақтандырылғаны: химия  кабинеттерімен – 48%, биология кабинеттерімен – 50%, ЛМК – 80%, физика – 55%.

Ауданда барлық мектептер компьютерлендірілген. Жалпы білім беретін мектептерде компьютерлермен қамтамасыз етілу 2014 жылы бір компьютерге 9, 2015 жылдың 9 айына – 8 оқушыдан құрады.

Саланың даму жағдайынаSWOT– талдау         

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Апаттық мектептер санын қысқарту;

·     Мектепке дейінгі мекемелер санының жыл сайынғы өсуі;

·     Оқушылардың республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда, конкурстарда, ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтижелері;

·     Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;

·     Ауылдық жерлердегі білім мекемелерініңжеткіліксіз материалды-техникалық жабдықталуы;

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Апатты мектептердіңорнына жаңа мектептер құрылысы;

·     жаңа мектептер құрылысы есебінен апатты мектептерді жою.

·     Педагогтардың басым бөлігінің төмен біліктілік деңгейі;

·     Мектеп жасына дейінгі мекемелерде орын алу үшін кезекте тұрғандардың жыл сайынғы өсімі.

Саланың проблемалары:

  • Саманнан салынған және 1950 жылға дейін салынған мектептер есебінен апатты мектептер санының ұлғаюы;

2.2. Еңбек және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту.

2012-2014 жылдары экономикалық белсенділік деңгейі 55,8%, алайда ол облыстық көрсеткіштен төмен (облыста 74,5%). Бұл ретте ауданда экономикалық белсенділік 55,5%-дан 55,8%-ға дейін ұлғайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны және оның жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесі азаюда (2012 жылғы 62,3%-дан 2014 жылғы 60,8%-ға дейін). Мұндай жағдай экономикалық қызметтің ауыл шаруашылық және басқа осындай түрлерімен қамтылған халықтың басым үлесімен түсіндіріледі. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған халық құрылымында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің үлесі 63,8% құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықтың жоғары үлесі қазіргі заманғы индустриалдық аграрлық секторға сәйкес келмейді. Ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы жағдайларындағы ауылдық жердегі өзін-өзі жұмыспен қамтылудың жоғары үлесі кірістің айтарлықтай өсіміне әкелмейді және кедейшілікті сақтауда.

Сонымен қатар, жалдамалы жұмысшылар санының (2012 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға) және оның жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесінің (36,3%-дан 37,1%-ға дейін) өсімі байқалады, бұл жалпы жалдамалы жұмысшы мәртебесін артық көрудің басымдылығы және осы артық көрушіліктің ұлғаю тенденциясы туралы дәлелдейді.

№1 кесте. Аудандық еңбек нарығының негізгі индикаторлары

Атауы Өлш. бірл 2012 жыл

 

2013 жыл

 

2014 жыл 2015 жыл 2016 жылдың 

9 айында

Экономикалық белсенді халық мың. адам 28,8 28,9 28,9 28,9 28,9
Экономикалық белсенділік деңгейі % 56,6 55,8 55,8 56,5 56,3
Жұмыссыздар мың. адам 0,7 0,7 0,7 0,7 0,7
Жұмыспен қамтылған халық мың. адам 28,1 28,2 28,3 28,2 28,2
Қамтылу деңгейі % 97,6 97,6 97,6 97,4 97,4
Жалдамалы жұмысшылар мың. адам 10,6 109, 11,1 11,0 11,0
Жұмыспен қамтылған халық санынан жалдамалы жұмысшылар үлесі % 36,3 36,5 37,1 39,0 39
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мың. адам 17,5 17,3 17,2 17,2 17,2
Жұмыспен қамтылған халық санынан өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесі % 62,3 61,3 60,8 61,0 61
Жұмыс іздеп қайырылған  азаматтар адам 1303 1159 2248 1921 1682
Жұмысқа орналастырылғандары адам 1046 1002 2013 1591 1133
Қайырылған азаматтардың жұмысқа орналасқандарының пайызы % 80,3 86,4 89,5 82,8 67,4
Қайырылған нысаналы топтағы жұмыссыздар адам 1193 516 1251 768 898
Нысаналы топтағы жұмыссыздардың жұмысқа орналасқаны адам 831 424 1070 559 536
Қайырылған нысаналы топтағылардың жұмысқа орналасқаны % 69,7 82,2 85,5 72,8 59,7
Уәкілетті органға қайырылып жұмысқа орналасқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар адам 9 23 65 45 45

2012-2014 жылдары ауданда 4061 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы ( бұдан әрі-бағдарлама) аясында – 1367 адам (2012 ж. – 224, 2013 ж.-339 , 2014 ж.- 804).                                     45 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, олардағы нысандарға  215 жергілікті азамат жұмысқа жолданды                           ( 2012 ж. – 23, 2013 ж.-91 , 2014 ж.- 101). Кәсіпкерлік негіздеріне 144 адам оқытылды. 121 адам шағын несиелер алып, оның ішінде – 114 ( 94,2 пайызы) жеке кәсіпкерлік істерін ашты. Шағын несиелер алған бағдарламаға қатысушылар жалпы қосымша 145 жаңа жұмыс орындарын ашты. Тегін кәсіптік оқумен 195 адам қамтылып, әрі қарай  189 азамат жұмыспен қамтамасыз етілді ( 6 адам себепті жағдайларға байланысты қамтылмады).

2016 жылдың 9 айында жалпы 1593 азамат жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында- 609 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 152 адам, жастар практикасына 166 адам, қоғамдық жұмыстарға 336 адам  тартылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 49 азамат жұмысқа орналасып, 4 азамат кәсіби оқуға жолданды.

№2 кесте. Аудан бойынша жұмыссыздық көрсеткіші

Атауы Өлш. бір. 2012 жыл 2013 жыл 2014 2015
Жұмыссыз  халық мың адам 750 750 731 750
Жұмыссыздық деңгейі % 2,6 2,6 2,6 2,6
Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны мың адам 172 156 145 118
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі % 0,6 0,6 0,5 0,4

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын,  сонымен қатар үдемелі-индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламасын, аудандағы басқа да мемлекеттік, салалық бағдарламаларын іске асыру нәтижелері арқасында жұмыссыз халық саны төмендегені байқалады, оның ішінде жалпы және ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.                 2016 жылдың 1-ші қаңтарына аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайыз құрады.

Халықты әлеуметтік қорғау.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру шеңберінде облыста барынша қолдауды ай сайын және уақтылы                 7100 адам алады.

Әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік көмекке шығыстар: 2012 жылы – 97580,0 мың теңгені, 2013 жылы – 97313,0 мың. теңгені, 2014 жылы – 109314,0 мың теңгені құрады.

Таблица №7. Арнайы әлеуметтік қызмет алушылар санының динамикасы

Көрсеткіш атауы 2012 2013 2014 2015
Мүгедектер үшін әлеуметтік, транспорттық инфрақұрылымның тосқауылсыз орта жасау бойынша паспортталған басымдық объектілердің жалпы саны 59 59 59 59
Паспортталған басымдық объектілердің жалпы саны ішінен мүгедектер үшін тосқауылсыз орта жасалынған паспортталған басымдық объекті лердің саны 5 16 28 31
Мүгедектер үшін әлеуметтік, транспорттық инфрақұрылымның паспортталған объектілерінде тосқауылсыз орта  жасалынған әлеуметтік инфраструктуралық объектілердің үлесі (%) 10,0 18,9 23,0 52,0

Үкіметтік емес секторды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай- ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тосқауылсыз орта жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2012-2014 жылдары 49 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, 2015 жылдың басынан – 31 нысан бейімделді.

Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің талдау қорытындысы, әлеуметтік қызмет және арнайы қызметтерді көрсету мекемелерінің жүйесін кеңейту қажеттілігін көрсетеді.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау (еңбек және әлеуметтік қорғау)

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылғандардың шағын несие алуға үлкен сұранысы;

·     Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету;

·     Сауықтыру шараларын жүргізу үшін және мүгедек балалардың денсаулық сапасын жақсарту үшін ең соңғы технологиялармен жабдықталған сауықтыру орталақтарының желілері кеңеюде;

·     «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру;

·     Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуі;

·     Өндірістік жарақаттану деңгейінің азаюы;

·     Бақылау және түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде еңбек заңнамаларының бұзылу фактілері төмендеген.

·     Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жоғарылығы;

·     Жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі;

·     Тұрақты жұмыс орындарының болмауы, әсіресе ауылда;

·     Ауылдағы кедейшілікті және жұмыссыздықты оқшаулау;

·     Өліммен аяқталатын жағдайлардан зардап шегушілердің артуы;

·     Қабылданып жатқан шараларға қарамастан жоспарлы тексерістердің санын азайту аясында еңбек құқығының бұзылғаны байқалуда.

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету;

·     Әлеуметтік қызмет және арнайы қызметтерді көрсету мекемелерінің жүйесін кеңейту;

·     Ауылда кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал ету;

·     Медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

·     Материалдық шығынды талап етпейтін ұйымдық сипаты бар қайғылы оқиғалардың себептерін жою;

·     Кең ауқымды тұрақты жұмыстарды жүргізу есебінен еңбек заңнамасының бұзылу деректері азайды.

·     Шағын несие беруге қаржыландыруға қаражаттың жетіспеушілігі;

·     Халықтың еңбек етуге қабілетті жасындағы көші-қондық қайтуының күшеюі;

·     Жастар тәжірибесін өткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу барысындағы қиындықтары.

·     Қайғылы оқиғалардың себептерінде адамдық факторының басымдылығы;

·     Еңбек заңнамасын бұзу еңбек қақтығысына алып келеді.

 

Саланың проблемалары:

– Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа орналастырылғандардың жоғары үлесі, әсіресе ауылдық жерлерде;

– Өмір сүру деңгейінен төмен халықтың үлесінің жоғарылығы;

– Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санындағы өз бетінше жұмыспен қамтығандардың үлесінің жоғарылығы;

– Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың және мемлекеттік балалар жәрдемақысы жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуға тілек білдірмеуі;

– Мүгедектерді жұмысқа орналастыру проблемасы;

 

2.3. Мәдениет

Жуалы ауданында мәдениет желісі 46 нысанды құрайды. Оның ішінде 21 клубтар мен мәдениет үйлері (ауылдық-21), 25 кітапхана (ауылдық – 25), 1 мұражай (ауылдық – 1), 1 автоклуб (ауылдық – 1), 1 киноқондырғы (ауылдық – 1).

2014 жылы өңірде 1784 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. «Мыңбұлақ», «Жуалы» халық театрлары                   2014 жылы 1500 көрермендерді қамтыған 3 спектакль қойды, немесе 2012 жылға қарағанда 7,1 есеге артық. Театрлардың репертуарлары 4 жаңа қойылыммен толықтырылды.

2015 жылдың қаңтар-қазан айларында 1165 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Кітапханалардың кітап қоры 264702 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 119279 дана. Кітап қорын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 2284 млн.теңге бөлінді. Оқырмандар саны – 17500, келу көрсеткіші-179906 адам, бұл 2012 жылға қарағанда 0,1 есеге артық. Аудан бойынша кітапханаларын автоматтандыру бойынша 25 кітапхананың 16-сы Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі (РАКАЖ) бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, 25-і компьютерлендірілген, 25 кітапхана Интернет желісіне қосылған.

№1 кесте. Театрлар, кітапханалар, мұражайлар және басқа мәдениет орындары

 

Атауы Өлш. бір. 2012 г. 2013 г. 2014 г. 2015ж 2016ж

9 ай

Кітапханалар бірл. 26 25 25 25 25
Кітапхана қоры дана 265225 261961 264702 271321 275475
Тіркелген оқырмандар адам 17701 17460 17500 17829 12847

Мәдениет мекемелері күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді. «Жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде 2012-2014 жылдары нысандарды жөндеуден өткізуге 98606,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 948080,0  мың теңгеге 9 мәдениет мекемесі жөнделді.

Аудан аумағында республикалық маңызы бар 1 және жергілікті маңызы бар 164 тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген.

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Мәдениет нысандарына келушілер мен қызмет көрсету сапасы деңгейінің артуы;

·     Туристтік қызығушылық танытатын мәдениет нысандарының көбеюі.

·     Ауылдық жерде кадрлардың болмауы және тұрақтамауы;

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Мәдениеттің жаңа нысандарының құрылысын Республикалық бюджеттен қаржыландыру;

·     Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 бағдарламасының аясында мәдениет нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын одан әрі жүргізу.

·     Жаңа мәдениет нысандарының құрылысын қаржыландырудың болмауы;

·     Әлсіз материалдық-техникалық жабдықтау.

 

Саланың проблемалары:

– Мәдени қызметкерлерді даярлау орталықтарының болмауы. Маркетингті және арт-менеджментті игерген жаңа үлгідегі басқарушы кадрлардың, шығармашылық көшбасшылардың тапшылығы проблемасы шешуді қажет етеді.

– Мәдениет және мұрағат мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық жабдықталуы.

Дене шынықтыру және спорт

Жуалы ауданында 2012-2014 жылдары ауданымызда спорттық инфрақұрылымдарының өсу қарқыны байқалады.

Спорт нысандарының жалпы саны 105 бірлікке жетті. 2013 жылмен салыстырғанда спорт нысандарының саны                5 бірлікке артқан. Атап айтқанда, 2014 жылы № 15 орта мектебінің спорт залы және Спорт кешені (2 спорт залы, 2 алаңша) пайдалануға берілді. Барлығы 105 нысанның 70 бірлігі білім беру мекемелерінде орналасқан.

Аудан орталығында және елді-мекендерде орналасқан 30 спорт залдарына ауыл тұрғындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, спортпен  шұғылдану кестесі әзірленіп, жергілікті және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.

№1 кесте. Дене шынықтыру және спорт саласының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж 2016 ж 9 ай
Спорт нысандары, барлығы (бірлік) 100 100 105 115 115
Оның ішінде          
– спорт кешені 1 1 1
– стадион 1 1 1 1 1
– спорт залдары 34 34 36 40 40
– спорт алаңшалары 44 44 46 50 50
– футбол алаңдары 11 11 11 13 13
– басқалар 10 10 10 10 10
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұрғындарды қамту % 19,2 19,3 23,3 25,1 26,0
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны, адам 9602 9979 11859 12841 13325
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы жастар мен жасөспірімдерді қамту % 10,9 11,9 11,0 12,3 12,4
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы жастар мен жасөспірімдер саны, адам 1105 1257 1206 1350 1350

Жуалы ауданында 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды.

Онда спорттың 13 түрінен жасөспірімдер шұғылдануда. Оның  7 олимпиадалық спорт түрлері және 6 олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлері. Спорт мектептерінде 32 жаттықтырушы спортшыларды жаттықтыруда. Спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасы құрамасына ауданнан 5 спортшы қабылданған. Жастар құрамасында 2 спортшы, ересектер құрамасында 3 спортшы өнер көрсетеді.

2013 жылы 51477 тұрғынның дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 11233 адам. Ол жалпы тұрғынның 21,7%  құрады.

2014 жылы ауданымызда 50899 тұрғынның дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 11859-ға жетті. Бұл көрсеткіш жалпы тұрғындардың 23,3% құрады. Оның ішінде 8369 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданушы ересектер, 1206 оқушы спорт мектептерінде, 2004 оқушы жалпы білім беру мекемелерінде, аула клубында 226 оқушы және 54 оқушы Жуалы колледжінде шұғылданды.

2013 жылмен салыстырғанда жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар саны 2014 жылы 1,6%-ға артқан.

Мектептер мен спорт мектептеріндегі 145 спорттық үйірмелерде 3490 жасөспірім шұғылданды. Бұл жалпы 10716 жасөспірімнің 32,6 пайызын құрайды.

Спорт саласының дамуын сараптау (SWOT):

Басымдықтары Кемшіліктері
·    Спортпен шұғылданушылар санының артуы;

·    Бұқаралық спорттық іс-шаралардың санының артуы;

·    Тұрғындардың спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға деген көзқарасының артуы.

 

·    Елді мекендерде материалдық-техникалық базасының төмендігі;

·          Спорт нысандарының жетілдірілген нормативтерге және техникалық қауіпсіздік талаптарына, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге сәйкес келмеуі.

Мүмкіндіктері Кері әсерлері
·     Ауданда спортпен шұғылданушылар үшін жағдай жасау (спорт алаңшаларын, жабық спорт залдарын салу, спорттың ойын түрлеріне арналған шағын алаңшалар салу т.б.);

·     Ауданда кәсіби мамандар, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау;

 

·     Мекемелерде заман талабына сай спорттық құралдармен-жабдықталған спорт залдарының жетіспеушілігі;

·     Елді мекендерде білім беру мекемелерінен өзге спорт залдарының жоқтығы;

 

 

Саланың кемшіліктері:

– Халық тығыз орналасқан аймақтарда спорт нысандарының аздығы.

– Материалдық техникалық базаның төмендігі, сапалы құрал-жабдықтарының жоқтығы.

Туризм

2014 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 543  адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға ұлғайды.

2012 жылмен салыстырғанда орналасу орындарының қызмет көрсету көлемі 12,7%-ға ұлғайып, 8096,0 мың.теңгені құрады.

Ауданда келушілерді орналастырумен айналысатын орналастыру орындарының саны 2 бірлікті құрады, оларда                10 номер бар, бұл ретте бір мезгілдік сыйымдылығы 22 төсек орынды құрайды.

Туристік нысандар саны ұлғайды: 2012-2015 жылдары 4 туристік нысан ашылды, олар Б.Момышұлы ауылында ашылған 2 қонақ үй.

№1 кесте. Туризмді дамыту көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіш атауы Өлш. бір. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
1 Орналастыру орындарында келушілерге қызмет көрсетілгендер саны адам 511 420 543 943
  оның ішінде:

– резиденттер

адам 511 420

 

543

 

926

 

  – резиденттер емес адам 17
2 Орналастыру орындар саны бірл. 2 2 2 4
3 Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі мың. теңге 7182,0 4322,0 8096,0 12460,4

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жуалы ауданының Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» туристік кешенінде 2007 жылдан бастап «Балалар туризмі» жобасы іске асырылуда, ол жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам балаларды қабылдайды.

Жуалы ауданында 2016 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік есепте тұратын 164 ескерткіш, оның ішінде                                 1 –і республикалық маңызда және 59 тарихи мәдени ескерткіштер.

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Тартымды климат, бай және көркем табиғи әлеует, бай мәдени мұра;

·     Демалыстың белсенді түрлерімен айналысу мүмкіндіктері: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.

·     Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;

·     Сервистің төмен деңгейі;

 

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру;

·     Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

·     Ішкі және кіру туризмін дамыту.

 

·   Туризм саласында қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, жеке қаражаттың және инвестициялық қорлардың тапшылығы;

·  Туристік бизнесте кәсіби мамандық деңгейінің төмендігі, туризм саласында қызмет көрсету сапасының және деңгейінің сәйкессіздігі.

Саланың проблемалары:

– Көптеген қонақүйлердегі көрсетілетін қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

– Сервистің деңгейінің төмендігінен қазақстандық және шетелдік туристерді тартудың жеткіліксіздігі және                   Ұлы Жібек жолының Жуалы бөлігіндегі айтулы тарихи орындарға жетудің қиындығы;

– Қызмет көрсету саласында және туризм индустриясы нысандарында білікті мамандардың жоқтығы, кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін жоғарылатудың әлсіз деңгейі.

 

3-БАҒЫТ: ҚОҒАМДЫҚ  ҚАУІПСІЗДІК  ЖӘНЕ  ҚҰҚЫҚ  ТӘРТІБІ.
3.1. Құқық тәртібі

Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды есепке алу мен тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету, қылмыстың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізу және оларды нақтырақ көрініске келтіру қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу рәсімдерінің ашықтығын, сондай-ақ оларды шешудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстардың статистикалық өсу үрдісі қалыптасты. Аудандағы шынайы криминогендік ахуал бұрынғы әлеуметтік-қолайлы деңгейде сақталуда.

№1 кесте. Тіркелген қылмыс динамикасы

Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 ж
Саны % Саны % Саны % Саны %
Барлығы тіркелген қылмыс 661 101,6 883 133,5 554 62,7 399 72,0
оның ішінде                
ауыр 29 103,5 32 110,3 26 81,3 23 88,5
аса ауыр 2 100 6 3 3 50,0 2 66,6
орташа ауыр             250  
ауырлығы шамалы             61  
оның ішінде:                
адам өлтіру 2 66,6 4 2 0 0 1 100
денсаулыққа ауыр зиян келтіру 2 67,0 3 150,0 4 133,3 1 25
Зорлау 5 100,0 1 20,0 0 0 0 0
Қарақшылық 0   1 100,0 2 200,0 0 0
Алаяқтық 1 100,0 0 0 3 3 0 0
Тонау 8 88,8 3 37,5 2 66,6 2 100
Ұрлау 197 98,5 339 172,1 255 75,2 201 78,8
Бұзақылық 41 105,1 98 2,4 53 54,0 0 0
есірткіге байланысты қылмыстар 3 75,0 15 5 8 53,3 3 37,5

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстар санын тіркеу көрсеткіштері 83,8%-ға (107 дейін) төмендеді,  ұрлық (+77,2,0%), бұзақылық (+77,3%) ұлғайды, зорлау (-80%) кеміді, есірткіге байланысты қылмыстар (+37,5%) сияқты көбінесе тіркеу кезінде әртүрлі амалдарға ұшырап, көрсетілмейтін елеусіз қылмыстар.

Қылмыстар құрылымында 90%-дан астамы ауырлығы шамалы және орташа қылмыстар, олардың көбеюі тіркелген қылмыстардың жалпы саны өсімінің негізгі бөлігін құрады.

Ауырлығы шамалы және орташа қылмыстардың басым бөлігін ұрлықтар құрайды, әрбір төртінші ұрлық – бұл мобильді телефондарды  ұрлау. Ауылдық жерлерде мал ұрлау кеңінен таралған.

2012 жылмен салыстырғанда ауыр (-10%) және аса ауыр (-26%) қылмыстар санының төмендеу үрдісі байқалады, оның ішінде қарақшылық (-24%), тонау (-26,8%). Мұндай қылмыстардың негізгі бөлігі отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында, сондай-ақ алкогольге және есірткіге мас күйінде жасалатын қылмыстар.

Есірткіге байланысты қылмыстардың төмендегені  байқалады. 2012 жылы есірткімен байланысты 65 адам,                    2013 жылы -60 адам, 2014 жылы -38 адам есепте тұрды.

Жуалы ауданында халықтың қылмыс жасау деңгейі төмендеу үрдісіне ие. 2013 жылы әрбір 10 мың аудан халқына 48 қылмыстан, 2014 жылы – 46 қылмыстан келді.

№2 кесте. Қылмыстың ашылу деңгейінің динамикасы, %

Атауы 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж
Қылмыстың ашылуы, оның ішінде        
ауыр қылмыс 78,8 34,6 73,3 66,7
аса ауыр қылмыс 100 100 66,7 100
адам өлтіру 100 100 100,0 100
денсаулыққа ауыр зиян келтіру 100 100 100,0 100
Зорлау 66,7 36,4 60,0
Қарақшылық 100 100 100,
Алаяқтық 76.6 45,5 77,8
Тонау 26,2 21,7 21,0 50
Бұзақылық 46,7 6,1 36,8 100
нашақорлықпен байланысты қылмыс 100,0 36,4 88,9 66,7
Алаяқтық 46,9 41,5 24,0
Бопсалаушылық 100 25,0 100,0

Қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстарды ашудың оңды динамикасы байқалады. 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда қылмыстарды ашу 25,9%-ға өсті, оның ішінде ауыр қылмыстар – 71,1%-ға, адам өлтіру – 100,0%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 100,0%-ға, зорлау – 100,0%-ға, тонаушылық – 100,0%-ға, ұрлық – 33,0%, бұзақылық – 100,0%, алаяқтық – 33,3%, бопсалау – 7,4%.

2015 жылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауға күн сайын 17 учаскелік инспекторлар шығады. Олар шамамен 34 әзірленген маршруттарды күзетеді.

Жасөспірімдер  қылмысының алдын алу саласында соңғы жылдары өзін  ақтап отырған «мектеп» инспекторлары институтын дамыту жалғасуда. Бүгінгі таңда аудан мектептерінде  5 «мектеп» инспекторлары жұмыс істейді, олар алдын алу кеңестерінің, ата-аналар комитеттерінің жұмысына және жиналыстарына белсене қатысады, балалар мен олардың ата-аналары арасында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын және еркіндігін қорғау бойынша жағдайлар жасау. Қылмыс жөніндегі барлық арыздар мен хабарламалардың толық тіркелуі және есепке алынуы;

·     ІІМ ұрлықтармен күресу бойынша ведомствалық бағдарламасын жүзеге асыру;

·     Полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік дайындық деңгейін, жауынгерлік қабілеттілігін және кәсібилігін арттыру;

·     Полиция «мектеп» инспекторларының институтын одан әрі дамыту.

 

·     Қылмыс туралы барлық арыздарды және жүгінуді толық тіркеу және есепке алу негізінде полиция қызметкерлеріне жүктеме артты, бұдан ішкі істер органдарының негізгі қызметтерінде кәсіби мамандардың  жылыстауын және олардың тұрақтамауын алдын алады;

·     Қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі және полиция бөлімшелерінің оқыту базасының болмауы;

·     Балалардың бос уақытын ұйымдастыратын нысандардың, қайтарымсыз аула клубтарының, үйірмелердің, спорттық секциялардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Ақпараттандыру жүйесі мен электрондық дерекқор базасын жетілдіру және құру;

·     Құқық бұзушылардың және қылмыстардың санын өсуін ескерту бойынша заманауи шараларды қабылдау;

·     Оңтайландырылған сотқа дейінгі істі қолдану саласын кеңейтудің қажеттілігі;

·     Қазақстанмен шектес мемлекеттердің тұрақсыз қоғамдық-саяси ахуалы көші-қон ағындарының және олармен байланысты қылмыс өсіміне ықпал етеді;

·     Қазақстаннан білікті кадрлардың кетуі, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің біліксіз жұмыс күшінен тұратын еңбек миграциялары жосқындарының Рессейден Қазақстанға қайта бағыт алуы.

Саланың проблемалары:

– Мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының және қылмыстарды ашу бойынша арнайы операциялар санының жеткіліксіздігі;

3.2. Қоғамдық қауіпсіздік

Жамбыл облысы Жуалы ауданы аумағының  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға, әртүрлі  табиғи және таулы-геологиалық жағдайлар ұшырауы мүмкін..

Жуалы ауданындағы  азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу үшін жеке құрамы 433 адамнан тұратын 17 құрылым жұмыс атқарады, оның ішінде шұғыл әрекет ету жасағы (1/50).

   №1 кесте. Аудан аумағындағы төтенше жағдайдар динамикасы

Көрсеткіштер 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015ж.
облыс ыс аудан облыс ыс аудан облыс ауданда облыс ыс аудан
төтенше жағдайлар және оқиға саны, барлығы 718 68 807 68 955 65 1016 74
зардап шеккендер саны, барлығы 398 94 476 36 385 31 304 19
қаза болғандар саны, барлығы 67 22 103 7 50 1 46 1
материалдық зиян млн. теңге 172,6 2,6 4602,3 7,5 123,3 7,1 120,5 10,5

Барлық техногендік төтенше жағдайлардың 50%-ы тұрмыстық және өнеркәсіптік өрттер, жол-көлік оқиғалары, табиғи-дауылды жел және судағы жазатайым оқиғалар.

2016 жылғы алдын-алу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, төтенше жағдайлар мен оқиғалардың өсуімен, жарақат алғандар мен қаза болған адамдардың төмендегені байқалады.

Табиғи өрттер.

Аудан аумағы табиғи өрттерге бейім. Жыл сайын ауданның жануарлар және өсімдік әлеміне экологиялық залал әкелетін шамамен 30 өрт оқиғалары орын алады.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің өртке қарсы қызметінің қарамағында Жуалы ауданы бойынша 49 ауылдық елді мекендердің 5-ін ғана қорғай алатын 1 өрт сөндіру депосы  және 1 өрт сөндіру  посты бар.               Ең нашар ахуал ауылды жерлерде орын алған, онда 2   елді мекендер өртке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етілмеген, ал ең жақын өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі арақашықтық көбінесе 50 шақырым қашықтықты құрайды. (Бәйтерек және Қарабастау ауылдары) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің мұндай қашықтығы өртке жедел әсер ету мүмкіндігін болдырмайды.

Ауданның ауылдық округтерінде құрамында 340 адам бар 16 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған, олардың құрамында 35 табиғи өрттерді сөндіру үшін ыңғайластырылған техника бірлігі дайындалған.

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Табиғи өрттің пайда болуы және көктемгі тасқын қауіпі кезеңінде қар қорының еруі ошақтарын алдын-ала анықтау бойынша ғарыштық мониторингтің болуы;

·     «Қазгидромет» ақпарат құралдары бойынша ауа райы жағдайы мониторингінің болуы;

·     Байланыс операторларымен аудан халқы үшін СМС құралдары арқылы дауыл туралы ескерту хабарламаларын жіберудің болуы.

·     Халыққа қауып-қатер немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болуы барысында шұғыл ақпаратты халыққа толық көлемде жеткізуді хабарлау жүйесінің жарамсыздығы;

·     Апат және табиғи апат аймақтарында жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қорғаныс (АҚ) қызметінің құрылымында жедел құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен төмен жабдықталуы.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа АҚ және ТЖ саласында үгіт-насихат жұмыстарын  кең көлемде жүргізу, әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі ережелер мен іс-әрекеттер жөнінде көрнекі құралдарды тарату ТЖ шығынын азайтуға мүмкіндік береді;

·     Өрт сөндіру бекеттерінің санын көбейту және дамыту табиғи өрттердің шығынын азайтады, сонымен қатар аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді;

 

·     Су басу және су тасқыны учаскелерінде әлеуетті қауіпті нысандардың болуы, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға қауіп төндіреді, бұл жағалауларды күшейту және қорғау жұмыстарын жүргізуді қажет етеді;

·     Авариялар мен табиғи апаттарды жоюға және қарсы іс-шараларға кешенді шаралардың толық көлемде жүргізілмеуі;

·     Заманауи қосалқы қорғану басқару пунктерінің құрылысына қаражаттың болмауы.

Саланың проблемалары:

– Сейсмикалық қауіпті аудандардағы ғимараттар мен құрылғылардың құрылысын сейсмикалық қауіпті нормаларға сәйкес салу;

– Тұрмыстық және орман дала өрттерін сөндіру, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтерде, бірінші кезекте 50 шақырымнан астам шалғайдағы елді мекендерде (Ақтөбе және Билікөл ауылдық округтерінде) ерікті өртке қарсы құрылымдар құру және оларды жеке құрамды жеткізуге арналған өтімділігі жоғары автомобильдермен, су тасымалдау техникасымен (суару машиналары, әмбебап өрт сөндіргіш жартылай тіркемелер), арнайы жабдықтармен және саймандармен жарақтандыру;

– Табиғи және техногенді сипаттағы (ЖКО, жарылыстар және т.б.) төтенше жағдайлар кезіндегі бірінші кезектегі апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қажеттілік нормаларына сәйкес қажетті техникалық ресурстар санымен (гидравликалық апаттық құтқару құралы және жабдығы, заманауи апаттық құтқару техникасы және т.б.) жарақтандыру;

– ҚР Үкіметінің 27.06.2007ж. №542 қаулысын орындау үшін халқының саны 5 мың және одан астам адамды құрайтын шалғай елді мекендерде өрт бекеттерін кезең-кезеңмен құруға, оның ішінде көшпелі өртке қарсы техника және жабдықтар, ЕӨҚ мүшелері үшін арнайы киім және құрал-сайман сатып алуға қаржы бөлу.

4-БАҒЫТ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

4.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2012 жылы НКИ жүйесінде құрылыстың 24 % үлесін құрып, 2013 жылы -23,7%, 2014 жылы -17,1%. 2014 жылы Облыстың құрылыс саласы бойынша Жуалы ауданының үлесі 4,0% құрып, 2012 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткішпен 0,4% төмен. Экономикалық қызмет бойынша жалпы жалдамалы жұмысшылардың ішінен құрылыс саласында жұмыспен қамтудың үлесі 2,3% немесе 135 адам құрды.

2014 жылы барлық құрылыс жұмыстарының жеке мүлік түрлеріне 17 орташа мердігерлік ұйымдар атқарды. Жалпы құрылыс ұйымдар 2012 салыстырғанда көбейді, оның ішінде 1 бірлікке үлкен мердігер мекемелер.

2014 жылы ұйымдармен жалпы атқарылған жұмыстар, 4 390,1 млд. тенге нақты айтылғанда 2012 жылмен салыстырғанда 14,5 % төмендеген. Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі «Батыс Европа – Батыс Қытай» магистарльді жол және газ құбыры мердігерлік мекемесінің құрылыс жұмыстарының қысқаруымен байланысты.

Кесте №1. Құрылыс жұмыстарының көлемі

Көрсеткіш Бірлік өлшемі 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Құрылыс жұмыстарының көлемі млрд. тенге 4743,5 5 466,4 5173,5 1636,0
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі % 3,5 есе 109,8 90,9 30,9

2012-2015 жылдары Жуалы ауданында барлық қаржыландыру көзідерінен пайдалануға берілген 24, 336 мың кв. м тұрғын үй 2009-2011 жылдардан 7,9%  жоғары

Кесте № 2. 2012-2014 жылдарға Тұрғын үймен қамтамасыз ету

                                                                                                                                                                 ш.м.

Аудан 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
1 Жуалы ауданы 7 884 7 940 8 512 8808

2016 жылдың 10 айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 7443 шаршы метр бұл өз кезегінде 2015 жылдан 8,2 % артық. Оның ішінде 7443 шаршы метр жеке тұрғын үй құрайды.

Әлеуметтік нормалары бар 1 тұрғынға 12,6 шаршы метр үймен қамтамасыз етілген, облыста орта есеппен -1 тұрғынға 15,6 шаршы метр табылады. (соның ішінде қалада – 18,5 м2, ауылдық елді мекенде – 13,6 м2) және облыс бойынша орташа көрсеткіш көрсетеді.(ҚР – 20,9 м2)

Кесте №3. Жуалы ауданында тұрғын үймен қамтамасыз етілген

Қала/аудан 01.01.2016 жылға
1 Жуалы ауданы 12,6

1 м2 тұрғын үйдің құрылысы нақты құны орта есеппен 25,3 мың теңгені құрайды.

Кесте №4. 1 м2 тұрғын үйдің құрылыс құны мың.теңге

Облыс тұрғысында 01.01.2016 жылға.
1 Жуалы ауданы 25,3

Тұтас алғанда аудан орталығы тұрғын үй құрылысын дамытуға қажетті қала құрылысының құжаттарымен қамтамасыз етілген

Сонымен бірге, елді мекендердің бас жоспарлардың бір бөлігі түзетулерді қажет етеді. Б.Момышұлы ауылында тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін талдауға егжей тегжей жоспары бар.  

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау   

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·    Тұрғын үй құрылысы дамуына ауданның аймақтары қажетті қала құрылысы құжаттарымен қамтамасыз етілуі;

·    Қазіргі қолда бар мердігерлік ұйымдар құрылысты арзандату мүмкіндігін туындатады.

·    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекті есепте тұрған тұлғалардың өсуі;

·    Жер телімі коммуникациялық құрылысына қаржыландырының жетіспеушілігі;

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Қол жетімді тұрғын -2020 бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін аймақтарды дамытуды жүзеге асыру;

·     Құрылыс материалдары өнеркәсібіне дамуына айтарлықтай потенциал.

·     Салада қаржылардырудың қысқаруы және нәтижесінде тұрғындардың тұрғын үймен мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауы.

·     Құрылыс материалдарының қымбаттауы, тұрғын үйдің  бағасына әсерін тигізеді.

Саланың проблемалары:

– Тұрғын үй құрылысына мемлекет тарапынан қолдау болғанымен ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекті есепте тұрған тұлғалардың өсуі тіркелуде. Баспаналы болиауы көбіне себеп халықтың көпшілігі қажетті ақшалы ақы-пұлдың болмағандығы болып табылады;

– Осылайша 2015 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекті есепте тұрған 61 адамнан көбірек келеді.  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте негізінен бюджеттік ұйымның жұмыскерлері,халықтың әлеуметтік мұқтаждар және мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскерлері құралады

Казіргі қаржыландыру көлемідері коммуникацияның құрылысын  негізгі қажеттігімен қамтамасыздандыра алмайды. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысы шеңберін дамыту үшін ауданға тұрғын үй құрылысына коммуникацияның инфрақұрылымын тартуға қаржыландыру арттыру қажет

Жолдар

Жуалы ауданындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 643,25 шақырымды құрайды, оның ішінде: республикалық мәндегі – 43 шқ (6,6%); облыстық мәндегі – 184,75 шқ (28,7%); аудандық мәндегі – 124,4 шқ (19,3%); ауылішілік жолдар – 291,1 шқ (45,2%) құрайды. Оның ішінде аудандық мәндегі автомобиль жолдарының қатты жабындымен – 70,5 шқ, қиыршық тасты – 53,9 шқ құрайды.

№ 1 кесте.

 Көрсеткіш атауы 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, шқ 79,4 85,1 87,97 90,57

Аудандық маңызы бар жолдардың 2010-2011жылдардың  техникалық жағдайының көрсетілімімен  салыстырғанда: жақсы және канағаттандыралық -63,8шқ (51,2%), қанағаттандырылмайтын -60,6шқ (48,8%).

-2012жылы барлығы 15,6шақырымға орта жөндеу жүргізілді, жақсы және қанағаттандыралық жағдайы -79,4шқ (63,7%), қанағаттандырылмайтын -45шқ (36,3%).

-2013жылы барлығы 5,7шақырымға орта жөндеу жүргізілді, жақсы және қанағаттандыралық жағдайы -85,1шқ (68,3%), қанағаттандырылмайтын -39,3шқ (31,6%).

-2014жылы барлығы 2,87 шақырымға орта жөндеу жүргізілді, жақсы және қанағаттандыралық жағдайы -87,97шқ (70,6%), қанағаттандырылмайтын -36,43шқ (31,6%).

-2015жылы барлығы 2,6 шақырымға орта жөндеу жүргізілді, жақсы және қанағаттандыралық жағдайы -90,57шқ (72,8%), қанағаттандырылмайтын -33,83шқ (27,2%).

 

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Жергілікті мәндегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожол үлесінің артуы;

·     Автожолдар облыстың жеке өңірлері үшін  бірден-бір көлік қатынасы болып табылады;

·     Заңсыз тасымалдаушылардың қызметіне байланысты, шалғай елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі;

·     Жеке аудандарда ішкі ауданаралық жолаушылар тасымалдауының болмауы;

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Энергоүнемдеу технологиясын енгізу және көлік жұмысының үнемділігін жоғарылату;

·     Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің механизімін дамыту;

·     Нұрлы-Жол және Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру;

·     Мақсатты көрсеткішке әсер ететін макроэкономикалық қауіптің іске асырылуында көлік қызметіне деген сұраныстың төмендеуі мүмкін;

·     Жанармайды сатып алу шығындары, инфляциямен салыстырғанда энерго тасымалдаушыларда ішкі бағаның өсуі мемлекеттік және жекеменшік тасымалдаушы мекемелердің ұсталымының ұлғаюына әкеліп соғады;

 

Саланың проблемалары:

–  Елді мекендердің тұрақты жолаушылар қатынасымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

– Жолаушылар мен жүктер тасымалдау бойынша қызмет көрсету нарығында автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарын қамтамасыз ету үшін тиісті шарттары жоқ шағын кәсіпкерлік субьектілері санының ұлғаюы;

– Жүргізушілердің біліктілігінің жеткіліксіздігі және көліктік тәртібінің төмендігі;

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

2015 жылдың 1 қаңтарына Жуалы ауданының тұрғын үй қорының жалпы алаңы 831 960 мың шаршы метрді                 10405 үй құрайды, оның ішінде 100%-ы (11726 мың шаршы метр) 32 үй көппәтерлі тұрғың үй.

Юстиция басқармасының мәліметі бойынша ауданда кондимиум нысандары тіркелмеген.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандары, көпқабатты тұрғын үйлерд,і жөндеу жоспарланған жоқ.

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша жобаларды жүзеге асыру кондоминиум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. ·     Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша жобалардың мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы.

 

Саланың проблемалары: Үйішілік инженерлік коммуникациялардың тозығы жетуінің жоғары деңгейі.

Сумен жабдықтау және су бұру

Аудан бойынша су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 163,89 шқ құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 45,9 шқ, олардан 117,99 шқ  72%-ы  КММ «Жуалы–Су »меншігінде .

2009-2013 жылдары 5 су құбыр желілері іске қосылды (Б Момышұлы ауылының оңтүстік бөлігі Жібек жолы  көшесі, Төле би көшесі Қайрат ауылы, Қызыларық және Дарбаза-Жылыбұлақ ауылдары) елді мекендер ауыз су мен қамтамасыз етілді.Ол 34,7% құрайды

Ауданда  жыл сайын су құбырлары желілерін модернизациялау бойынша іс-шаралар атқарылуда. Есепті кезеңде су құбырлары желілеріндегі тозу 2012 жылғы 69,0%-дан 2014 жылы 67,0% -ға дейін төмендеді, 2013 жылы 68,0% құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарында елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген тұрғындар үлесі аудан бойынша 56,8% құрайды (1 кесте).

№1 кесте 2012-2015 жылдары аудан елді мекендерінде орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігі

Атауы өлш. бірл. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау қол  жетімді халық үлесі % 56 56,8 56,8 56,8
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған елді мекендер саны ед. 16 17 17 17

Аудан бойынша 2012 жылы ауылдық елді мекендердің (АЕМ) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 32,6%, 2013 жылы – 34,7%, 2014 жылы – 34,7% құрады. 49 ауылдық елді мекендерден 2012 жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгені 16 АЕМ, 2013 жылы – 17, 2014 жылы – 17.

2015 жылы Нұрлыкент ауылына орталықтандырылған су желісі кіргізілді, 49 ауылдық мекеннің                                                           17 орталықтандырылған су желісімен қамтамасыз етілген, ол 36% , 2015 жылдың жағдайы бойынша 50919 аудан тұрғындарының 21986 тұрғыны ауыз су мен қамтамасыз етілген. 2016-2020 жылдар «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2020жылға 29023 тұрғынды ауыз су мен қамтамасыз етеміз деп жоспарланып отыр , ол 57% ( Ақтөбе, Түктібай Жанаталап, Қарасаз ауылдары).

2015 жылы аудан бойынша суды есепке алу жеке құралдарымен қамтамасыз етілу 24,5%, суды есепке алу жеке құралдарымен қамту ауылдарда 18% құрады (2 кесте).

№2 кесте. 2012-2014 жылдары аудан халқын суды есептеу құралымен қамту деңгейі

Атауы Өлш. бір. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Аудандағы  халықты жеке суды есептеу құрылғысымен қамту % 12 15,5 24,3 24,5
Ауылдық елді мекендердегі халықты жеке суды есептеу құрылғысымен қамту % 3 15 17 18

Сумен жабдықтау желілерінің қанағаттанғысыз жағдайы су құбырлары желілеріндегі апаттар санының артуының, судың орасан көлемінің қайтарылымсыз шығындалуының және халықтың су тұтынуының үлестік нормаларының жоғарылауының себебі болып табылады.

Ауданда коммуналдық қызмет түрлерін көрсететін «Жуалы – Су» МКК, болып табылады, аудан тұрғындары үшін тариф 28,46 тг/м3 құрайды. (Қосымша құн салығымен алғанда 31,87 тг/м3 )

№3 кесте 2012-2014 жылдары аудан елді мекендерінде су бұру

Атауы Өлш. бір. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.
Су бұру қызметіне қолжетімді халық үлесі % 32,6 34,7 34,7 34,9
Су бұру қызметімен қамтамасыз етілген елді мекендер саны бірл. 16 17 17 17

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламаның шеңберінде облыстың елді мекендерінде сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды жүзеге асыру;

·     Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіндер су бұру, кәріз жүйелерінің және тазартқыш ғимараттар нысандарының құрылысы және қайта құру бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

·     Сарқынды суды тазартудың заманауи тиімді технологиясын енгізу.

·     Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың басым бөлігінде қызметтерге қолданыстағы тарифтер, жүйелерде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін  шығын есесін өтемиді;

·     Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде қызмет көрсететін кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

·     Халықты су бұру қызметтерімен қамтудың төмен деңгейі (48,0%), АЕМ жоқ.

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік беретін өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру;

·     Заманауи тиімді технологияларды енгізу;

·     Материалдық-техникалық базаны жабдықтау жолымен пайдалануға беру қызметін жетілдіру.

 

·     Ұңғымаларды пайдаланудың тәріптемесінің бұзылуы, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көп болуы нәтижесінде жер астындағы су көздері сапасының төмендеуі;

·     Табиғи тозу себебінен жабдықтың бұзылу мүмкіндігі;

·     Су дайындайтын тозған технологияларды пайдалануға байланысты халық денсаулығының нашарлауы.

Саланың проблемалары:

Қалдық суларға арналған тазартқыш құрылғылардың жоқтығы; сумен жабдықтау және су бұру, кәріз жүйелерінің тозығы жетуі.

Экология және жер ресурстары

Жалпы 2015 жылы аудан бойынша қалдықтардың құралу көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 8% -ға төмендеген.

№2 кесте Өндірістің және тұтыну қалдықтары

Атауы Құрудың көлемдері, мың тонна  
2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015ж
Қатты тұрмыстық  қалдықтары  (коммуналды) 125,8 154 102,5 94,55

2014 жылы құралған қатты тұрмыстық қалдықтары 102,5.тоннаны құрайды, олардан  орналастырылғаны 95,5тонна.

Аудан аумағында есепті кезеңде құралғандары – 94,55 тонна, а жалпы жиналғаны 476,8тонна. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және орау бойынша цехтардың болмауына байланысты қалдықтарды қайта кәдеге жарату жүргізілмеген.

Ауданда 49 елді мекендерінің 12-сінде тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигондары бар, оларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алынған. Жуалы ауданы бойынша ТҚҚ шығарумен айналысатын кәсіпорындардың жағдайы қанағаттанарлық, алайда ауылдарда арнайы автокөлік бірліктері жеткіліксіз.

2015 жылдың соңына тұрғындарда қалдықтар жинау мен тасымалдау қызметтерімен қамту 29,5% құрады.

Қолданыстағы полигондар жақын орналасқан елді мекендердің қалдықтарын орналастыру және көму мүмкіндігімен ірі елді мекендерде орналастырылған.

Есепті кезеңде Жуалы ауданы аумағында тарихи ластаулар, қараусыз қалған қалдықтар мен жердің ластану учаскелері анықталған жоқ.

Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау

Күшті жақтар Әлсіз жақтар
·     Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі негізінде тұрақты экологиялық жағдай;

·     Табиғат пайдаланушылармен -кәсіпорындармен жыл сайынғы табиғат қорғау шараларының орындалуы;

·     Жинақтаудың дамымаған жүйесі, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтардың бөлінбелі жинағы;

·     қатты тұрмыстық қалдықтарды көлемін қолданыстағы нысандардың санитарлық ереже талаптарына сәйкессіздігі;

Мүмкіндіктер Қауіптер
·     Табиғи ресурстарды пайдалануға азаматтарда саналы көзқарастың қалыптасуы;

·     Нақты мәнде ЖӨӨ бірлігіне су тұтынуды қысқарту;

·     Су үнемдеу технологияларын енгізу;

·     Заңсыз кесу және броконьерлік фактілерінің алдын алу жолымен облыстың мемлекеттік орман қорының аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғауды одан әрі күшейту.

·     Иесіз, өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу қарқынының сақталуы, сондай-ақ қайталама қайта өндеу және кәдеге жарату технологиясының болмауы;

·     Табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаның эмиссияларынан бюджеттік қаражаттың толық бөлінбеуі;

.

Саланың проблемалары:

– Ауылдарда тазартқыш құрылғылар салу және қайта жаңғырту қажет;

– Қалдықтарды көму полигондарын табиғатты қорғау заңнамасы талаптарына сәйкестендіру арқылы қатты тұрмыстық қалдықтардың жабайы, өз бетінше құралған орындарының пайда болуын алдын алу;

– Тұрмыстық қалдықтарды және оларға теңестірілген өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдейтін өндірістік кешендер құрылысы;

– Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы;

– Қалдықтарды қайта кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді енгізу, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемдерінің азаюына әкеледі.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

3.2. Мақсаттар, мақсатты индикатор және оларға қол жеткізу жолдары

3.2.1. Өнеркәсіп пен инвестициялар

Мақсат 3.2.1.1: Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету

 

 

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014ж нақты 2015ж баға Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
1 Өңдеу өнеркәсібі өнімін  шығарудың нақты көлем индексі % 89 125,5 96,0 100,0 100,5 100,8 101,2 Ресми статистикалық деректер
2 Негізгі капиталға салынған инвестициялар млн.тг 14 000,0 14 000,0 Ресми статистикалық деректер
Қол жеткізуге жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінң кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

     Қол жеткізу жолдары:    

  «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС-нің толық қуаттылығында жұмыс жасауын қамтамасыз ету

– Кіші сүт өнімдерін өңдеу зауытын  ашу

– Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған  инвестиция көлемін арттыру

  3.2.2.   Агроөнеркәсіп кешені   

           

Мақсат 3.2.2.1: Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

Нысаналы индикаторлар өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау Жоспар Ақпарат  көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019ж. 2020ж.
3 Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін шығарудың нақты көлемінің индексі % 97,5 109,9 102,4 102,5 102,6 102,7 103,1 Ресми статистикалық деректер
4 Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі % 238,0 115,0 Ресми статистикалық деректер
 

5

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы  мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ қара мал басының үлесі МІҚ,

%

16,9 18,7 33,7 34,5 35,8 36,8 36,8 Ресми статистикалық деректер
МҰҚ

%

24,8 28,1 46,2 47,8 48,5 50,5 52,5
Қол жеткізуге жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінң ауылшаруашылығы бөлімі.

     Қол жеткізу жолдары:      

  • Аудандағы ет және сүт бағытындағы құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін арттыру

–    Су үнемдеу технологияларын, тамшылатып суару қондырғыларын орнату бойынша шаралар қабылдау

–    Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған  инвестиция көлемін арттыру

–    Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды ұйымдастыру

–    Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған  инвестиция көлемін арттыру

–    «ГАМБУРГ» ЖШС-нің 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын іске қосу

–    «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жыл сайын жеке бағдарлама бойынша асыл тұқымды мүйізді ірі қара, жылқы, қойлардың басын көбейту жұмыстарын жүргізу;

–  Ауданда ұсақ шаруа қожалықтардың жер телімдерін біріктіру арқылы жәй серіктестік түрінде ірі шаруа қожалықтарын құру үрдісін іске асырыу жұмыстары жалғастыру.

 

        3.2.3. Шағын және орта бизнес, сауда

Мақсат 3.2.3.1: ШОБ субъектілерінің өсуіне жағдай жасау  

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
6 Жұмыс істеп тұрған ШОБ тіркелгендер санындағы үлесі саны 4 175 4 179 ресми статистикалық деректер
7 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі % 88,1 84,3 97,5 101,0 101,2 101,5 102,0 ресми статистикалық деректер
Қол жеткізуге жауаптылар:   Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

          Қол жеткізу жолдары:   

           – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында, оларға жасалатын әкімшілік кедергілерді жою үшін дөңгелек үстелдер, оқу семинарлар өткізу

– Аудан бойынша негізгі азық-түлік тауарлары-ның бағаларын тұрақтандыру мақсатында халыққа әлеуметтік мәні бар тауарларды және ауылшаруашылық өнімдерін тікелей сату жәрменкесі  жүргізу,сауда инфрақұрылымын  дамыту.

   

2 – БАҒЫТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

3.2.4. Білім 

Мақсат 3.2.4.1: Білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру

Нысаналы индикаторлар Өлш. бірл. 2014 ж. нақты 2015 ж. баға Жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
8 Жұмыс істеп тұрған  апатты және үш ауысымды мектептер саны бірл. 19/3

(19-апатты, 3-үш аусым)

2/0 1/0 0/0 0/0 0/0 0/0 ҚР БҒМ әкімшілік деректер

 

9 Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту % 75,32 90,3 90,3 92,3 93,5 95,6 98,0 ҚР БҒМ әкімшілік деректер

 

Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің білім бөлімі

  Қол жеткізу жолдары:

– Жұмыс істеп тұрған  апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатынды тиісті шаралар қабылдау

– Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жеке меншік және жәеке меншік әріптестік негізінде салу

3.2.5. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Мақсат 3.2.5.1 Жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру және қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету                        

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016ж. 201. 2018 ж. 201. 2020ж.
10 Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі % 21 21 ведомстволық есебі
11 Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналастырылған мүмкіндігі шактеулі адамдардың саны адам 48 43 45 47 49 49 50 ведомстволық есебі
12 Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі % 90 90 ведомстволық есебі
Қол жеткізуге жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

          Қол жеткізу жолдары:

– Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жолдау

– Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

– Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарын құру

– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған                          «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру

– Жұмыспен қамту орталықтарын ұстау

-Жергілікті өкілеттік органдардың шешімімен бөлек категориядағы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсету

-Үкіметтік емес мекемелерде үйде күтім көрсету жағдайында мүгедектерге арнайы  әлеуметтік көмек көрсетуге тарту

-Мүгедектердің қолжетімділігі үшін барлық паспортталған нысандардың әлеуметтік, транспорттық құрылымдардың үлесін арттыру жұмыстарын арттыру

-Қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсету

3.2.6. Мәдениет, спорт және туризм

Мақсат 3.2.6.1: Халықтың мәдени-көпшілік уақытын дамыту үшін жағдай жасау

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016ж. 201. 2018 ж. 201. 2020 ж.
13 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: адам               Арнайы  статистикалық мәліметі
  Кітапханаларға 343,6 352,7 353,7 354,7 355,7 356,7 357,7
Қол жеткізуге жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі

Қол жеткізу жолдары:        

– Кітапханалардың кітап қорын толықтыру

-Ауылдық кітапханаларға әдістемелік құрал шығару

– «Үлгілі» (Модельдік) ауыл кітапханасын ашу

– Аудандық кітапханалардың жеке web-сайтын құру.

Мақсат 3.2.6.2: Жаппай спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау       

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016ж. 201. 2018 ж. 201. 2020ж.
14 Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 1000 адамға арналған спорттық алаңдар саны 70,5 70,5 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар:  Аудан әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімі

 Қол жеткізу жолдары:       

– Ұлттық спорт ж/е бұқаралық спорт түрлерінен спорттық жарыстар өткізу

– Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу

– Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарға қатысу

 

 

 

Мақсат 3.2.6.3: Туризмді дамыту   

Нысаналы индикаторлар Өлшем

бірлігі

2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016ж. 201. 201. 201. 2020ж.
15 Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) % 129,2 170,5 100,05 100,06 100,06 100,06 100,07 ресми статистикалық деректер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің  кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі

  Қол жеткізу жолдары:      

– Аудандық орналастыру орындарының дамуы бойнша кеңестер өткізу

3.2.7. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

Мақсат 3.2.7.1: Құқықтық тәртіп

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
16 10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі % 49,3 50,0 ҚР БП ҚСАЕК деректері
17 Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы % 13,6 14,5 13 15,9 23,5 23,5 23,5 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудандық ішкі істер бөлімі

          Қол жеткізу жолдары:

– Есептегі тұлғалармен алдын алу жұмыстарының деңгейін арттыру, құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды уақытылы анықтау мақсатында УПИ-ның қоғамдық көмекшілермен бірге пәтерлер мен аулаларды тексеруді ұйымдастыру

– Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда болуына, сондай-ақ  кәмелетке толмағандармен алкогольді ішімдік және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнама талаптарының орындалуын бақылау бойынша рейдтік тексерістер ұйымдастыру

   Мақсат 3.2.7.2: Апаттар мен дүлейлерді алдын алу және жоюды ұйымдастыру                                               

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау Жоспар Ақпарат көзі
2016ж. 2017ж. 2018ж. 2019ж. 2020ж.
18 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі % 36 52,6 52,6 52,6 59,3 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудандық төтенше жағдай бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

Өрт сөндіру техникасын және жабдықтарын, тұрмыстық және орманды дала өрттерді сөндіру үшін арнайы жауынгерлік киімдер мен құралдарды   сатып алу, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу.

 

3 – БАҒЫТ:   ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

3.2.8. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Мақсат 3.2.8.1 Қол жетімді тұрғын үй құрылысымен және мүгедектерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді дамыту

Нысаналы индикаторлар Өлшем

 бірлігі

2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
19 Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету Бір адамға шаққанда ш.м. ресми статистикалық деректер
20 Күрделі жөндеуды талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету:

қалаларда

% ведомстволық есептер
21 Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік: % 49 50 51 51 30,6 30,6 30,6 ведомстволық есептер
22 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар  автомобиль жолдар үлесі % 69 72 75 78 79 82 90 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар:    Аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі, Аудан  әкімдігінің құрылыс бөлімі және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

– Ақтөбе, Шақпақ және Қарасаз  ауылдарының  ауыз сумен қамтамасыз ету

– Көлбастау ауылына кіре-беріс (2 бөлігі) – 2,120 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу

– «Шыңбұлақ – Любимовка» – 1,600 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу

-«Бурно-Октябрьск  Косталевка» – 2,0 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу

-«Амангелді ауылына кіре-беріс» – 2,44 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу

– Жаңаталап – Күркүреусу» – 3,069 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу

-«Көлбастау – Талапты – Алатау» – 7,150 шқ. автомобиль жолын орта жөндеу

3.2.9. Экология және жер ресурстары

Мақсат 3.2.9.1: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, су шаруашылығын және қоршаған ортаны дамыту

Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
23 Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі % 0,001 0,002 0,002 0,04 0,05 ведомстволық есептер
24 Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) % 14,8 15,5 16,6 16,6 17 17,5 18 ведомстволық есептер
Қол жеткізуге жауаптылар: Аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

– Тұрмыстық қатты қалдықтарды, қоқыстарды шығару жұмыстарын жалғастыру, орналастыру объектілерінің үлесін арттыру.

 

 

Аудан әкімдігінің экономика және

                   бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы                                                            Г.Бекмурзаева