Жуалы ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

Жоба

 

 

 

Жуалы ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 

 

 

Б.Момышұлы ауылы, 2021 ж.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Паспорт
2. Ағымдағы жағдайды талдау.
  Бағыт 1: Аймақ экономикасының өсуі
  Бағыт 2: Әлеуметтік сала
  Бағыт 3: Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі
  Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы

Бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктері

3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары
4. Қажетті ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ПАСПОРТ

 

Бағдарлама атауы Жуалы ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысы;

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №64 бұйрығы.

Аймақтың негізгі сипаттамалары Жуалы ауданының аумағы 4136 шаршы шақырымды немесе облыс аумағының 2,8%-ын құрайды және облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, батысымен және солтүстігімен Түркістан облысымен, шығысымен Жамбыл ауданымен, оңтүстігімен Қырғыз Республикасымен шектеседі. Жуалы ауданы аумағындағы Қазақстан-Қырғыз шекарасының ұзақтығы 30 шақырымды құрайды. Аудан құрылымында 14 ауылдық округ, аудан орталығы – Б. Момышұлы ауылы, 49 ауылдық елді мекен бар. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Жуалы ауданы халқының саны 53,0 мың адамды құрады, оның ішінде экономикалық белсенді халық 28,9 мың адам (54,5%). Аудан өз бағыты бойынша аграрлық болып табылады.
Бағыттар ·       Аймақ экономикасының өсуі

·       Әлеуметтік сала

·       Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі

Бағдарламаның мақсаттары Бағыт: Аймақ экономикасының өсуі

  • Қайта өңдеу кәсіпорындарын басым дамыту
  • АӨК әлеуетін дамыту
  • Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі үшін жағдай жасау

Бағыт: Әлеуметтік сала

  • Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру
  • Бұқаралық спортты дамыту
  • Қолайлы туристік климат құру

Бағыт: Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі

·           Тұрғын үй құрылысын дамыту

·           Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту

·           Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту

·           Экологияны жақсарту

·           Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

 

Қажетті

ресурстар

Қаржыландыру көздері: Республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты.

Қаржыландыру көлемі: Алдын ала есептеулер бойынша бағдарламаны іске асыруға 16 992,8  млн. теңге, оның ішінде жылдар бойынша:

2021 жыл – 2 792,1 млн. теңге;

2022 жыл – 3 818,5 млн. теңге;

2023 жыл – 4 420,4 млн. теңге;

2024 жыл – 2 723,9 млн. теңге;

2025 жыл – 3 237,9 млн. теңге.

* Қаржыландыру көздері бойынша шығыстар сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

Бағыт 1: Өңір экономикасының өсуі

 Өнеркәсіп

Өнеркәсіп аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады, ол төрт негізгі салалық кешенді қамтиды – тау-кен өндіру, өңдеу, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау. Өнеркәсіп 2017 жылы 5,7 млрд.теңгеден 2019 жылы 10,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2017-2019 жылдары өнеркәсіп құрылымында оң серпін байқалады (2017 жылы-НКИ 105,1%, 2018 жылы – НКИ 105,1%, 2019 жылы-НКИ 102,3%).

Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің негізін келесі кәсіпорындар құрайды:

Өңдеу өнеркәсібінде 5 кәсіпорын («Бурное сүт компаниясы» ЖШС, «СМТС» ЖШС, «Гамбург» ЖШС, «Агропродхлебснаб» ЖШС, «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС).                                       Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2 кәсіпорын: («Burnoe Solar-1» ЖШС, «Burnoe Solar-2» ЖШС). Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 1 кәсіпорын:  («Жуалы су» КМҚК). Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу 2 кәсіпорын: («Қалнұр» ЖШС, «Ғаппар» ЖШС).

Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру. Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 54,8% – ын құрайды. 2017-2019 жылдары өңдеу өнеркәсібі құрылымында оң серпін байқалады (2017 жылы-НКИ 105,1%, 2018 жылы-НКИ 111,8%,               2019 жылы-НКИ 103,7%).

Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталға тартылған инвестициялар. Соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестициялар 370,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылы 57,2% құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардың барлық көлемі тамақ өнімдерін өндіруді құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешен

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы. Жыл сайын агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру көлемі ұлғаюда. Нәтижесінде, мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі байқалады. 2017 жылы НКИ 103,3% (22,5 млрд.теңге), 2018 жылы 105,7% (23,8 млрд. теңге), 2019 жылы қаңтар – желтоқсанда 105,8% (29,9 млрд. теңге) құрады.

2017 жылы облыстағы ауданның үлес салмағы 9,2%, 2018 жылы 9,3%, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 9,3% құрады. 2017 жылы ауданның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 68,2% – ды, 2018 жылы 65,4% – ды, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 60,0% – ды құрады, онда ауданның еңбекке жарамды халқының 14,5% – ы жұмыс істейді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 213 152 га, оның ішінде 97 315 га егістік, суармалы жерлер 8 708 га, жайылымдар 112 580 га. Өсімдік шаруашылығында өндірістің басты бағыты масақты, бұршақты дәнді дақылдарды (егіс алаңдарынан 48,0%) және майлы дақылдарды (28,4%) өсіру болып табылады. Сонымен қатар, картоп 2543 га,қант қызылшасы 102 га, көкөніс 650 га және бақша дақылдары 10 га. Соңғы үш жылда дәнді дақылдарды жинау 20% – ға, майлы дақылдарды жинау 11,6% – ға артты.

Ауданның мал шаруашылығы қызметтің 5 түрімен ұсынылған: Ірі қара мал, қой және ешкі, жылқы, шошқа және құс өсіру. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларын жүзеге асырудың арқасында мал басының өсуі байқалады, 2017-2019 жылдары ІҚМ орта есеппен 15,5% -дан 6,0 мың басқа дейін, қой мен ешкі – 11,7% – дан 19,8 мың басқа дейін, жылқы-18,0% – дан 1,6 мың басқа дейін өсті. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында           ІҚМ басы 4,0% – ға, қой мен ешкі – 4,2% – ға, жылқы – 4,5% – ға, құс – 2,3% – ға өсті. Шаруашылықтың барлық санаттарында тірі салмақта ет өндіру үш жыл ішінде орта есеппен 25,2% – ға, сүт – 10,0% – ға, жұмыртқа – 6,7% – ға, жүн – 4,3% – ға өсті. 2019 жылғы қаңтар – желтоқсанда шаруашылықтың барлық санаттарында тірі салмақта ет 4,3% – ға, сүт 4,5% – ға, жұмыртқа 2,0% – ға, жүн 2,9% – ға өсті.

Ауылдық елді мекендердегі жайлым жердерді ұлғайту. Ауданның ауылды елді мекендері тұрғындарының мәселелерінің бірі, аудандағы мал басы санының өсуіне байланысты ауыл аймақтарындағы жайылым жерлердің көлемінің тарылуы ауданның тұрғындары тарапынан бүгінгі күнге арыз-шағымдар қалыптасқан. Жайылым жерлердің көлемінің тарылуы ауданның мал басының санының көбеюіне кері әсер береді. Алайда, 2018 жылы жайылым жерлерді реттеу мақсатында 22 508,72 гектарды құрайтын 2018-2019 жылдарға арналған жайылым схемасы мен жоспары бекітілді. Бұдан әрі, 2020 жылы жайылым жерлерді реттеу мақсатында 22 508,72 гектарды құрайтын 2020-2021 жылдарға арналған жайылым схемасы мен жоспары бекітілді.

Шағын және орта бизнес

2017 жылы аудан бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 10,3% – ға немесе              447 бірлікке, заңды тұлғалар санының 2,8% – ға, жеке кәсіпкерлер санының 6,4% – ға, шаруа (фермер) қожалықтарының 7,8% – ға өсуі есебінен өсті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері 2019 жылы 4 520 бірлікті құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 16,6% – ға артық (3 875 бірлік), 2017 жылғы деңгейден 16,2% – ға артық (3 889 бірлік).

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі 2017 жылы 89,5% – ды, 2018 жылы 86,8% – ды, 2019 жылы 94,3% – ды құрады.

2019 жылы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9234 адам, оның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 692 адам шағын кәсіпорындарда, 1997 адам жеке кәсіпкерлікте, 6436 адам шаруа қожалықтарда жұмыс істейді. 2019 жылы ауданның кәсіпкерлік субъектілерімен бюджетке 519,7 млн. теңге салықтық түсімдер түсті.

Ауданда шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеумен айналысатын 5 шағын несие ұйымы бар: («KazMicroFinance» ЖШС, «Жуалы» несие серіктестігі, «Азиялық несие қоры» ЖШС, «Арнұр-Кредит» ЖШС және «Жуалы-Рантье» микрокредиттік ұйымы), барлығы               2019 жылы 4501 адамға 2 628,9 млн.теңге көлемінде несие берілді (2018 жылы 4445 адамға                2 325,0 млн. теңге).

«БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылған сәттен бастап өңірде жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 73 жобаға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 500-ден астам жұмыс орны сақталып, 200-ден астам жұмыс орны құрылды.

 

Бағыт 2: Әлеуметтік сала

Жұмыспен қамту.

Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны. Соңғы 3 жылда 4 755 жаңа жұмыс орны құрылды (оның ішінде уақытша 2 231, тұрақты жұмыс орындары – 2 524). Тұрақты жұмыс орындарының үлесі 53,0% құрайды. 2019 жылы құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 2017 жылмен салыстырғанда 2,3% – ға артты.

2017-2019 жылдары белсенді жұмыспен қамту шараларымен 9565 адам қамтылды, оның ішінде 7183 адам жұмысқа орналастырылды, 1031 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 707 кәсіпкерлік негіздері оқытылды, 359 адамға шағын несие берілді, 285 азамат грантқа ие болды.

Мемлекеттік қолдау шаралары халықтың ақшалай табысын арттыруға және соңғы                  3 жылда жұмыссыздық деңгейін 4,5% деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. 2019 жылдың                    3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,3% құрады.

Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында). Халықтың тұрмысы төмен топтары үшін экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында, ҚР «Кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылдың 28 қазанындағы №369 Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес, 2018 жылдың 1 қантарынан бастап жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуда.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, табысы жан басына шаққанда ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 пайызынан төмен отбасыларына шартсыз немесе шартты ақшалай көмек  түрінде беріледі.

 

2018-2020 жылдардың салыстырма – талдау есебімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішінен жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандар саны:

  • 2018 жылы 1489 отбасыдан 7817 адам, оның ішінен шартты ақшалай көмек алғандар 7123 адам (1342 отбасы), 7123 адамнан жұмыспен қамтылғандар және белсеңді шараларға қатысқандар саны – 1647 адамды құрап, бекітілген индикаторлық көрсеткіш 21% пайыз орындалған.
  • 2019 жылы 2855 отбасыдан 14289 адам, оның ішінен шартты ақшалай көмек алғандар 13450 адам (2635 отбасы), 13450 адамнан жұмыспен қамтылғандар және белсеңді шараларға қатысқандар саны – 2926 адамды құрап, бекітілген индикаторлық көрсеткіш 21,7% пайызға орындалған.
  • 2020 жылы 856 отбасыдан 4641 адам, оның ішінен шартты ақшалай көмек алғандар 4271 адам (760 отбасы), 4271 адамнан жұмыспен қамтылғандар және белсеңді шараларға қатысқандар саны – 1234 адамды құрап, бекітілген индикаторлық көрсеткіш 28,9% пайызға орындалған.

Еңбекке қабілетті 1441 адамнан, 447 адам  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды: маусымдық және тұрақты жұмыс орындарына 217 адам, қоғамдық жұмыстарға 37 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 12  адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 4 адам және жастар практикасына 1 адам қатысқан және жұмыспен қамтылғандар саны   787 адамды құраған.

 

Спорт.

Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі. Аудан бойынша 122 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 стадион, 1 спорт кешені, 38 спорт залы, 11 футбол алаңы, 71 спорт алаңшалары. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны 15 916 адамды немесе жалпы халықтың 30,0% – ын құрады.  (2017 ж. – 28,5%, 2018 ж. – 29,4%, 2019 ж. – 30,0%).

Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың үлесі. 2016 жылы бұл көрсеткіш аудан халқының 26,4 пайызын құраған (13,5 мың адам), 2017 жылы аудан халқының 28,5 пайызын құраған (14,7 мың адам), 2018 жылы аудан халқының 29,1 пайызын құраған (15,2 мың адам), 2019 жылы аудан халқының 30,0 пайызын құраған (15,9 мың адам) және 2020 жылы аудан халқының 32,0 пайызын құраған (16,9 мың адам).

 

Туризм.

Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру. Ауданда жалпы туристік саласы бағытында 6 нысан орналасқан, олар: Билікөл ауылдық округіндегі «Берік қара» шатқалы, «Тау самалы» курорттық лагері. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы және Теріс өзені бойында демалыс орындары және Көксай шатқалы бойындағы демалыс орындары. Шақпақ тауындағы «Шақпақ» үңгірі. Сонымен қатар, 5 қонақ үйлер жұмыс жасауда.

 

Бағыт 3: Инфрақұрылымды дамыту және өңірдің қауіпсіздігі

Тұрғын үй.

Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жеке құрылыс салушылардың есебінен 2019 жылы жалпы ауданы 11 079 шаршы метр тұрғын үйлер қабылданды. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 21,7% артты. 2017-2019 жылдары жеке құрылыс салушылар есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй алаптарында оң серпін байқалады (2017 жылы-НКИ 51,0%, 2018 жылы-НКИ 116,2%, 2019 жылы-НКИ 104,8%). 2017 жылы бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 14,8 ш. м., 2018 жылы – 15,0 ш. м., 2019 жылы – 15,2 ш. м. құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

АЕМ-де орталық газбен жабдықтауға қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі.                

Жуалы ауданында 49 ауылдық елді мекен болса, оның ішінде 30 елді мекен немесе              61% газдандырылған. Қалған 19 елді мекенді газдандыру үшін 2017 жылы 15 елді мекенді газдандыруға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді (Кәрікорған, Тасбастау, Қосмұрат, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қоңыртөбе, Көлтоған, Рысбек батыр, Ертай, Күреңбел, Қаратас, Қошқарата, Ақтасты, Қызтоған және Шақпақ станциясы). 2019 жылы (Тасбастау, Кәрікорған, Қоңыртөбе және Шақпақ ст.) ауылдарында газ құбырын салу жұмыстары басталды.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.  2019 жылы Қарасаз ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары жүргізіліп, сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді. Нәтижесінде, ауданның 49 елді мекенінен 16 елді мекен ауыз суға қол жеткізіп,                        32,6% құрады. 2020-2021 жылы 5 ауылдық елді мекенде (Шақпақата, Қошқарата, Көлтоған,              Т. Дүйсебайұлы және Ертай) ауыз су жүйесінің құрылысы жоспарлануда. Нәтижесінде 21 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі, бұл 42,8% құрайды.

Ауданда «Жуалы Су» МКК ауыз суын таратушы мекеме жұмыс істейді, аудан тұрғындары үшін тариф 39,5 тг/м3 құрайды

Оқу орындарының жанындағы АЕМ көшелерінің жарықтандырылуын қамтамасыз ету.  Аудан аумағында 39 мектеп нысаны орналасқан. Білім беру объектілерін көшедегі жарықпен қамтамасыз ету үлесі 76% немесе 30 объектіні құрайды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі. Жуалы ауданының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 310,288 шқ. құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 43,0 шқ. (13,9%); облыстық – 159,168 шқ. (51,3%); аудандық – 108,12 шқ. (34,8%). Жергілікті маңызы бар жолдар 263,0 шқ. құрайды. Оның ішінде 170,150 шқ. қатты жабындымен, 46,668 шқ. қиыршық таспен және 14,438 шқ. топырақты жабындымен. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2017 жылы 79,0% (211,157 км), 2018 жылы – 84,5% (225,858 км), 2019 жылы – 88,0% (235,213 км) құрады.

Экология

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату. Жуалы ауданында                    13 тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орындар бар.  Оның ішінде: Б. Момышұлы ауылында 1 полигон және қалған ауылдық округтерде қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын 12 орын бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау үшін полигондар мен орындарды заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізілген. 2019 жылы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 7,6% құрады. Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаумен және бастапқы өңдеумен айналысатын «Жасыл-Жуалы» ЖШС және «Sata Элит Азия» ЖШС кәсіпорындары жұмыс істейді.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі. Аудан бойынша 49 ауылдық елді мекеннің ішінде 1 өрт сөндіру депосы және 1 өрт сөндіру бекеті бар. Ең нашар жағдай ауылдық жерлерде қалыптасқан, онда 1 елді мекен өртке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етілмеген, ал ең жақын өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі қашықтық   50 шақырымды құрайды. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің мұндай арақашықтығы (Ақтөбе ауылы) өртке жедел әсер етуге қиындық туғызады. Өрт сөндіру бөлімдері қажетті өрт сөндіру жабдықтарымен және өрт сөндіру құралдарымен толық емес және бастапқы өрт сөндіру құралдарының жеткіліксіздігі байқалады. 2018 жылы ауданда 41 өрт тіркелді. 2019 жылы 40 өрт тіркелді, олардың ішінде: көп пәтерлі үйдің өртенуі – 8, автокөліктің өртенуі – 8, дүңгіршек 2, құрылыс материалдары қоймасынан 1 өрт, егіс алқабынан 2 өрт, электр бағанынан 1 өрт.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Ауданда қоғамдық қауіпсіздіктің тұрақты деңгейі байқалады.

Тіркелген қылмыстар саны 31,2% – ға азайған (2017 жылы 282 қылмыс тіркелді,                   2018 жылы 227, 2019 жылы 194).  10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі 1,6%-ға артқан (2017 жылы 48,5%, 2018 жылы 49,0%, 2019 жылы 49,3%). Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы 3,5%-ға артқан (2017ж.-0%, 2018ж.-3,5%, 2019ж.-3,5%), ал кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар – 0,02%-ға төмендеген (2017ж.-0,88%, 2018ж.-0,86%, 2019ж.-0,86%).

 

 

НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ КЕШЕНДІ СИПАТТАМАСЫ

Жуалы ауданында бірқатар проблемалық мәселелер бар, осы бағдарлама оларды шешуге бағытталған.

Өңдеу өнеркәсібі құрылымында жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының әлсіз техникалық жарақтандырылуы байқалады, сондықтан қазіргі заманғы технологияларды енгізу қажет.

Сыртқы экономикалық қызмет құрылымында экспортталатын өнімнің шикізат бағыты бар, көбінесе өңделмеген өнім бірден экспортталады, себебі бұл өндірушілерге тез пайда береді. Өңдеу саласының өндірушілері ірі жеткізушілерге де, ірі тұтынушыларға да тәуелді.

Агроөнеркәсіптік кешенде мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі халық шаруашылықтарының үлесі әлі де жеткілікті жоғары күйінде қалып отыр, бұл сала өнімдерін өндірудің ұсақ тауарлы сипатын айқындайды. Мал басының жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы. Вегетациялық кезеңдерде суармалы судың жетіспеушілігі. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Суармалы жерлердің жеткіліксіздігі. Ұсақ шаруашылықтардың егіс айналымдарын ұлғайту мақсатында агротехнологияны өндіріске енгізуге қабілетсіздігі.

Трансшекаралық өзендерден суармалы су алу мәселесі. Каналдан 2009 жылдан бері су берілмей келеді. Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміндегі «Ақмолда» каналына 2014 жылы 5,5 шақырым бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, канал дайындалған. Алайда, Қырғызстан Республикасынан бөлінетін шекара жолағын орнатқаннан кейін бас құрылыс бөлу жолағынан 1 шақырым қашықтықта болды. Шекара жолағын жүргізгеннен кейін каналдардан су берілген жоқ. 2018 жылы 9 қаңтардан бастап «КазСушар» РМҚК-на республикалық меншікке берілген. Қырғыз Республикасынан су беру мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген. Бұл жағдай аудан тұрғындарының егіс жұмыстарына кері әсерін беруде.

Жұмыспен қамту саласында АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тілек білдірмеуі жұмыссыздықтың төмендеуіне теріс әсер етуде.

Ауылдарда дене шынықтыру және спорт ғимараттарын кеңейту қажет.

Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі.

Тұрғын үй және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға кезекте тұрғандар санының артуы.

Ауылдық елді мекендерде халықтың орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі.

Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған газбен қамтамасыз етудің төмен деңгейі.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ауылдық елді мекендерден алыс орналасуы.

Дәрігерлер мен оқытушылардың тапшылығы.

 

БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Ауыл шаруашылығы жерлері бонитетінің жоғары балы.
  • Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін дамыту үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар.
  • Табиғи шабындықтар мен жайылымдардың болуы.
  • Мал шаруашылығын жүргізу үшін ауқымды жем-шөп базасының болуы.
  • Географиялық қолайлы орналасуы.
  • Жыл сайын агроөнеркәсіптік кешен, техникалық және жеңіл өнеркәсіп салаларының орта буын мамандарын шығаратын колледждің болуы.
  • Аймақ ішіндегі елді мекендер, ҚР басқа өңірлерімен және елдермен байланысты қамтамасыз ететін автомобиль жолдарының дамыған желісі.

 

МҮМКІНДІКТЕР

  • Өнім өндірісінің, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудағы инновациялық тәсілдер негізінде өсу перспективалары.
  • Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту.
  • Егіс алаңы құрылымындағы тиімділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру.
  • Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
  • «Жамбыл облысы халқының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру»
  • Жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру, бұл экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
  • «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауданның ауылдық елді мекендерін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

БАҒЫТ 1: АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ

Мақсат 3.1.1. Қайта өңдеу кәсіпорындарын басым дамыту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
1. Өңдеу өнеркәсіп өнімдерінің шығарылымының НКИ % 103,7 100,1 102,5 103,0 103,2 103,4 103,5 Ресми статистикалық мәлімет
2. Өңдеу өнеркәсіптердің негізгі капита

лына тартылған инвестициялар

млрд. теңге 0,136 0,178 0,215 0,230 0,244 0,260 0,274 Ресми статистикалық мәлімет
Жауапты: Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:        

«Бурное сүт компаниясы» ЖШС, «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС, «СМТС» ЖШС, «Гамбург» ЖШС және «Агропродхлебснаб» ЖШС қайта өңдеу кәсіпорындарының толық қуаттылығында жұмыс жасауы;

Шағын сүт өңдеу зауыттарын ашу;

Инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялар тарту бойынша аймақтық кеңестің отырыстарын өткізу;

«Жамбыл облысы халқының тұрмыстық кірісін жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру.

 

Мақсат 3.1.2. АӨК әлеуетін дамыту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығарудың НКИ % 105,8 104,2 104,0 104,3 104,7 104,1 105,0 Ресми статистикалық мәлімет

 

4. Ауылдық елді мекендердегі жайылымдылық жерлерді ұлғайту мың. га 22,5 22,5 22,8 23,1 23,4 23,7 24,0 ЖАО-ның ведомс

тволық есеп

тілігі

Жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:

Дәнді және майлы дақылдардың түсімділігі мен жалпы жиналуын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау;

Жеміс-көкөніс өнімдерін жалпы жинау көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру;

Ауданда құрылған ет және сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірісін ұлғайту;

«Гамбург» ЖШС 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосу;

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде шаруа қожалықтарын құру;

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ұйымдастыру;

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту;

«Жамбыл облысы халқының тұрмыстық кірісін жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру.

Елді мекендер маңындағы жайылымдарды қорғау мақсатында мал басы көп тұрғындардың малдарын алыс мал жайылымдарына шығарып жаюды ұйымдастыру. Бұл өз кезегінде малдарды жазғы жайлауға шығару арқылы елді мекендер маңындағы жайылымдарды тозудан сақтауға мүмкіндік беретін болады.

 

Мақсат 3.1.3. Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі үшін жағдай жасау

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
5. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санын ұлғайту % 116,6 104,1 104,7 104,9 105,5 105,6 105,8 Ресми статистикалық мәлімет

 

Жауапты:  Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:

Кәсіпкерлік объектілерінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде бизнеске кредит беру тетіктерін пайдалануға ықпал ету;

Жаңа өткізу нарықтарын, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерге іздеу жолымен шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ету;

«Еңбек» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларға гранттар алуға жәрдемдесу;

«Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттар мен шағын несиелер алуға ықпал ету;

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін әкімшілік кедергілерді жою үшін дөңгелек үстелдер, оқыту семинарларын өткізу;

Несиелік серіктестіктердің қатысуымен кәсіпкерлер үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

«Жамбыл облысы халқының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру.

 

 

БАҒЫТ 2: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Мақсат 3.2.1. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру

 

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
6. Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны

(жыл сайын)

оның ішінде:

бірлік 1 622 1 149 1 099 1 099 1 099 1 099 1 099 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
– тұрақты бірлік 782 641 754 754 754 754 754
– уақытша бірлік 840 508 345 345 345 345 345
7. Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында) % 0 0 75,4 75,5 75,5 75,6 75,6 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
Жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінің ӘБ және ЖҚ бөлімі, Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы.

 

Қол жеткізу жолдары:

«Еңбек» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларға гранттар алуға жәрдемдесу;

Кәсіпкерлік объектілерінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде бизнеске кредит беру тетіктерін пайдалануға ықпал ету;

«Жамбыл облысы халқының тұрмыстық кірісін жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру;

Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жіберу;

Қоғамдық жұмыстарды және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын ұйымдастыру;

 

 

Мақсат 3.2.2. Бұқаралық спортты дамыту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
8. 1000 адамға шаққанда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі % 35,2 35,0 45,0 45,5 46,0 46,5 47,0 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
9. Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың үлесі % 30,8 32 34,6 37,2 39,8 42,4 45 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
Жауапты:  Жуалы ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі,

 

Қол жеткізу жолдары:

2021-2025 жылдары «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында спорт саласында 4 жоба жүзеге асырылады:

2-ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (Б.Момышұлы 2022 жыл), (Нұрлыкент 2023 жыл);

1 – 2022 жылы Қайрат ауылындағы спорт залын қайта жаңарту;

1 – 2023 жылы Кәріқорған ауылындағы спорт залын қайта жаңарту.

Ұлттық спорт ж/е бұқаралық спорт түрлерінен спорттық жарыстар өткізу;

Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу;

Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарға қатысу

 

Мақсат 3.2.3. Қолайлы туристік климат құру

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
10. Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру % 111,0 56,0 104,0 108,0 112,0 116,0 120,0 Ресми статистикалық мәлімет
Жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің тиісті басқармасы, аудан әкімі, аудан әкімдігінің тиісті бөлімі және ауылдық округ әкімдері.

 

Қол жеткізу жолдары:

2022 жылға дейін 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын (1 қонақ үй, еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 70 орындық 1 мейрамхана, көру алаңы, сервис орталығы, әрқайсысы 100 автомашинаға арналған 2 автотұрақ және басқа да сауда-ойын-сауық пункттері) құру және «Каралма» тау-шаңғы кешені құрылысының екінші кезеңін салу, 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Қазақ ауылы Көксай» инвестициялық жобасын іске асыру;

2025 жылға дейін, туристер ағымын кезең-кезеңмен 25 мыңға дейін ұлғайту;

Жаңа туристік маршруттарды әзірлеу;

Шығармашылық шешімдердің көмегімен аймақтың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 

БАҒЫТ 3: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ӨҢІРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мақсат 3.3.1. Тұрғын үй құрылысын дамыту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
11. Бір тұрғынға  шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету ш.м. 14,3 15,3 15,7 16,2 17,0 17,5 18,1 ресми статистикалық деректер
Жауапты: Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:

Б. Момышұлы ауылында 2021 жылы 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы                           (1 үйдің құрылысы);

2023 жылы Б. Момышұлы ауылында 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы                  (1 үйдің құрылысы).

 

Мақсат 3.3.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
12. АЕМ-дің орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілу үлесі % 61,0 77,5 77,5 91,8 91,8 91,8 100,0 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
13. Оқу орындарының маңындағы АЕМ көшелерінің жарықтандырылу үлесін арттыру % 87,0 87,0 87,0 92,0 94,0 97,0 100,0 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
14. АЕМ-де халықтың орталықтандырылған ауыз суға қол жетімділігі % 32,6 62,9 72,9 72,9 83,4 94,1 100 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
Жауаптылар: Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімдері

 

Қол жеткізу жолдары:

2022 жылдары орталықтандырылған газ құрылысы (Көлтоған, Рысбек Батыр, Ертай, Қаратас, Қошқарата, Қызтоған, Ақтасты ауылдарында);

2025 жылы орталықтандырылған газ құрылысы (Қарабастау, Дарбаза, Жылыбұлақ, Әбдіқадыр ауылдарында).

№16 С.Сейфуллин атындағы ОМ орналасқан Теріс ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі;      №21 Д.Пахомов атындағы ОМ орналасқан Қоныртөбе ауылы, Малдыбай көшесі;                      №33 Теріс-Ащыбұлақ БМ орналасқан Теріс-Ащыбұлақ ауылы, Айнабұлақ көшесі;                   №39 Жылыбулак БМ орналасқан Жылыбұлақ ауылы, Нұр көшесі және №36 Ш.Уалиханов атындағы НМ орналасқан Абдықадыр ауылы, Бөгенбай көшесі аудандық бюджеттен қаржыландырыла отырып кезең-кезеңімен жарықтандырылатын болады;

2021 жылы Ертай, Т.Дүйсебайұлы, Көлтоған және Қошқарата ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы;

2022 жылы Шақпақата ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы;

2023 жылы Рысбек батыр, Бәйтерек, Жанаталап, Ақтөбе және Қарикорған ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы.

2024 жылы Тасбастау,  Қаратас, Қоңыртөбе, Түктібай және Қарабастау ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы.

2025 жылы Қазбастау, Көктас, Күркіреусу, Қызтоған, Ақтоған, Қарасу, Абдыкадир және Амансай ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы.

 

Мақсат 3.3.3. Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
15. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі % 88,4 89,2 97,2 98,1 99,1 99,5 100,0 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
Жауапты: Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:

«Шымбұлақ ауылына кіре беріс» автомобиль жолын орта жөндеу – 7,61 шқ.;

«Шақапақата-Ынтымақ» автомобиль жолын орта жөндеу – 2,73 шқ.;

«Б.Момышұлы-Береке-Жүрімбай» автомобиль жолдарын орта жөндеу – 8,26 шқ.;

«Күйік-Теріс-Ащыбұлақ» автомобиль жолдарын орта жөндеу – 10,63 шқ.;

«Күреңбел-Ертай» автомобиль жолын орта жөндеу – 3,88 шқ.;

«Шыңбұлақ-Тасбастау» автомобиль жолын орта жөндеу – 3,88 шқ.;

 

Мақсат 3.3.4. Экологияны жақсарту

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
16. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту % 10,0 11,0 12,0 16,0 20,0 22,0 25,0 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
Жауапты: Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Қол жеткізу жолдары:

Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаумен және бастапқы өңдеумен айналысатын «Жасыл-Жуалы» МКК ұйымында сұрыптау жабдықтарын орнату;

Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін арнайы техника мен контейнерлерді сатып алу;

Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және жинақтау нормаларын және оларды жинау, шығару, жою, өңдеу және кәдеге жарату тарифтерін сақтау. Бекітілген кестеге сәйкес тұрғындардан тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша жүйелі қызмет көрсету. Тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және полигондар мен полигондарды экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Мақсат 3.3.5. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

 

р/н

Нысаналы индикаторлар Өлшем бір. 2019 ж. нақты 2020 ж. бағалау жоспар Ақпарат көзі
2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
17. Көшелерде жасалған қылмыстарды үлесі % 7,2 7,2 7,1 7,0 6,8 6,6 6,4 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
18. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі % 52,6 59,3 47,5 47,5 72,5 72,5 72,5 ЖАО-ның ведомстволық есептілігі
Жауаптылар: Жуалы АПБ, Жуалы ТЖБ.

 

Қол жеткізу жолдары:

Жуалы ауданындағы жедел жағдайды жақсарту, жедел жағдай жасау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, іздестірілген қылмыскерлерді анықтау, олардың алдын алу, есірткі қылмыстарымен және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша бірқатар тиісті шараларды жүзеге асыру;

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына тыйым салу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь ішімдіктерін және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау бойынша рейдтік тексерулер ұйымдастыру;

2023 жылы Қызыларық ауылдық округінің Ақтөбе ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы;

Тұрмыстық және орман-дала өрттерін сөндіру үшін өрт техникасы мен жабдықтарын, арнайы жауынгерлік киім мен құралдарды сатып алу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР*

2021-2022 жылдарға арналған бюджет қаражатының шығыстары 2020-2022 жылдарға арналған бекітілген үш жылдық бюджетке сәйкес көрсетілген.

2023-2025 жылдарға арналған қаражат шамамен алынған сомаларды есепке ала отырып көрсетілген.

Шығыстардың барлық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануы ескеріле отырып түзетілетін болады.

Алдын ала есептеу бойынша іске асыруға арналған қаржы ресурстарының жалпы көлемі.

Аудан аумағын дамыту бағдарламасы 11378,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

млн. теңге

р/н Бағыттар атауы 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7
1. Бағыт 1
  – РБ 65,0 75,0 85,0 95,0 105,0
  – ОБ
  ЖБ
  басқа
2. Бағыт 2
– РБ 989,6 855,3 753,3 759,4 765,8
– ОБ 13,5 412,5 212,1 7,4 7,7
ЖБ 539,2 695,7 695,8 695,8 695,9
басқа
3. Бағыт 3
– РБ 965,8 1266,0 2149,7 1001,6 1475,0
– ОБ 186,4 484,2 491,3 134,9 185,0
ЖБ 32,7 29,7 33,2 29,7 3,5
басқа
БАРЛЫҒЫ 2792,1 3818,5 4420,4 2723,9 3237,9