14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу |
1 |
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
«Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» |
1 300,0
|
1040,0 |
«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» ЗТБ |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті көтеру мақсатында №2 Мыңбұлақ орта мектебінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта кездесу, Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы, №29 орта мектебінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта кездесу, №15 мектеп лицейінде «Жастар жесқорлыққа қарсы!» атты тақырыпта кездесу, №1 мектеп-гимназиясында «Жемқорлық індет, оны жою міндет» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы, мәдениет үйінде «Жақсылыққа жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!» атты облыстық ақындар айтысы өткізілді. «Jualy adaldyk alany» жобалық кеңсесіне әдістемелік көмек көрсетіліп, аудан орталығына екі баннер орналастырылды. Сонымен қатар, екі видеролик түсірілді. |
|
Барлығы: |
|
|
1 300,0 |
1040,0 |
|
|
15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу |
1 |
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
ҮЕҰ-ға қызмет көрсету мақсатында «Азаматтық орталық» құру
|
1 000,0
|
950,0 |
«Жуалы Шапағат» ҚҚ |
Азаматтық орталықтың ашылу салтанаты, ҮЕҰ жетекшілерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар, ҮЕҰ-дар үшін мемлекеттік сатып алу бойынша тренинг, ҮЕҰ арасында «Үздік жоба» әзірлеу бойынша оқыту семинар-тренинг, «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру бойынша семинар, телефон арқылы кеңес беру, «Ашық есік» қоғамдық қабылдауы, ҮЕҰ-дар арасында «Ең үздік жоба» байқауы, қоғамдық қабылдаулар өткізілді. |
Барлығы: |
|
|
1 000,0 |
– |
– |
|
17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар |
1 |
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
«Жуалы ауданына білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» |
1 000,0 |
800,0 |
«Адырна-Таразы» ЖҚБ |
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында зайырлы талаптарды орындамайтын ата-аналармен профилактикалық және оңалту, ауылдық огругтерде (Б.Момышұлы, Көлбастау, Қызыларық, Кәріқорған, Алатау, Бәйтерек, Теріс, Кәріқорған ауылдарында) дәстүрлі емес діни ағым идеясына ерушілерді ақпараттық-түсіндіру, оңалту, Қазақстан қоғамының құндылықтарына бейімдеу жұмыстары, Террористік және экстремистік баптар бойынша жазасын өтеп, түзету мекемелерінен босап шыққан 3 тұлғамен оңалту жұмыстары, Деструктивті діни көзқарастағы әйел жамағатымен, соның ішінде террористік және экстремистік баптар бойынша сотталғандардың әйелдерімен профилактикалық және оңалту шараларын жүзеге асырылды. 3 әйел жамағатымен жеке кездесу өткізілді. Жоба аясында Деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге, «114-Қауырт желі» және «Сенім телефоны» арқылы дін мәселелері бойынша хабарласқан азаматтарға ақпараттық – консультативтік, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету шарасы жұмыс жасап тұр. 4 адамнан қоңырау түсіп, сауалдары журналға тіркеліп, Жамбыл облысы дін істері проблемаларын зерттеу орталығының Жуалы ауданы бойынша инспекторы Р.Абделиевке жолданды. Барлық сауалдарға жауаптар берілді. Жуалы ауданына қарасты ауылдарда (Б.Момышұлы, Көлбастау, Қызыларық, Ақтөбе, Бақалы, Теріс, Ақбастау, Бәйтерек, Алатау, Көлтоған, Кәріқорған) «Дін және қоғам» атты кездесулер, Б. Момышұлы ауылының әкімшілік ғимаратында «Жат ағымдардың қазақ топырығына әсері» атты кездесу, мәдениет үйінде «Дін және қоғам» атты кездесу өткізілді. Шараға РАНТ мүшесі Қ.Әліпбайұлы мен Жамбыл облысы дін істері проблемаларын зерттеу орталығының Жуалы ауданы бойынша инспекторы Р.Абделиев пен «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Х.Бакирамов, ауыл тұрғындар қатысты. Жоспарға сәйкес, 2 баннер орналастырылды. Сондай-ақ, Деструктивті ағымдардан сақтану бойынша 2 видеоролик түсірілді. |
2 |
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру |
1 000,0 |
800,0 |
«Жуалы Демеу» МҚБ |
Жоспарға сәйкес, 6 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, Коворкинг орталығында «Шебердің қолы ортақ» дөңгелек үстел, Өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық оқыту семинары, «Nurai Plaza» бизнес-орталығында «Туған жерге туыңді тік!» форумы аясында «Жомарт-Жүрек» аудандық байқауы, №16 Жуалы колледжінде «Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі» атты конференция, Азаматтық орталықта «Дәстүр мен ғұрып» тақырыбында көрме, Бауыржан Момышұлы атындағы музейде «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» тақырыбында кездесу өткізіліп, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында «Жер жаннаты – Жуалы» атты фотожинақ әзірленді. |
3 |
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына орай іс-шараларды ұйымдастыру |
1 000,0 |
800,0 |
«Жамбыл облысы Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ |
14 ауылдық округтің орталық ауылдарында «Ұлы Жеңіске 75 жыл» атты патриоттық әндерден фестиваль, «Ауғанның от жалыны» атты кездесулер және Ауған соғысы және тыл ардагерлеріне «Ардагерге сыйлық» атты әлеуметтік акциясы, Жуалы ауданы мен Тараз қаласында көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «Ерлікке толы ұлы жол» атты экспедиция, «Ұлы Отан соғысына 75 жыл» атты ардагерлер арасында шахматтан аудандық байқау өткізілді. |
Барлығы: |
|
|
3 000,0 |
800,0 |
|
|
Жалпы |
|
|
64 145,0 |
62 510,2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|