2017 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар ЖОСПАРЫ

04.01.2018 г.

 

2017 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды

іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

р/с Мәселенің мазмұны Орындалу мерзімі Орындалуы туралы
1 Б.Момышұлы ауылы Е.Баймұханбетов көшесін жөндеу 2017 жыл 7 929,6 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.
2 Б.Момышұлы ауылы Тәуелсіздік көшесі мен Б.Үсенов көшелерін қосатын жолды жөндеу 2017 жыл 5800,0 мың теңгеге мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
3 Көлбастау ауылы ауыз су ұңғымасына электр желісін тарту 2017 жыл 4 млн. 389 мың теңге жұмыстары толық аяқталды.
4 Көлбастау-Талапты ауыл аралық жолын жөндеу 2017 жыл 105560,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
5 Қызыларық ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2017-

2018 жыл

Жалпы сметалық құны 488 035,0 мың теңге. 2017 жылға 288 млн. 035 теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталып, жүргізілуде.
6 Қосбөлтек ауылы ауыз су жүйелерін жөндеуден өткізу 2017 жыл 620,0 мың теңге қаралып жөндеу жұмыстарын толық аяқтады.
7 Т.Тастандиев атындағы орта мектепті ағымдағы жөндеу 2017 жыл 9800,0 мың теңге бөлініп, мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
8 Қайрат ауылы А.Байтұрсынов, О.Таукебаев көшелеріне   ауыз су құбырларын жүргізу 2017 жыл Қайрат ауылы А.Байтұрсынов және О.Таукебаев көшелеріне су құбыры тартылып, тұрғындарға ауыз су жеткізілді.
9 Нұрлыкент ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу 2017 жыл 105 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
10 Қарасаз ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу 2017 жыл 109,0 мың теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілді.
11 Т.Дүйсебайұлы ауылындағы С.Нарбайұлы көшесін жөндеу 2017 жыл 26131,8 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, аяқталды.
12 Шақпақата ауылынан Батыс Европа-Батыс Қытай автожолына дейін жолды жөндеуден өткізу 2017 жыл 42392,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
13 Шымбұлақ ауылындағы Мырзатай көшесін жөндеу 2017 жыл 1 млн. 488 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
14 Түктібай ауылындағы Қызыл Күншығыс көшесін жарықтандыру 2017 жыл 2 млн. 197 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жұмысы толық аяқталды.
15 Қаратас ауылындағы А.Байшаханов көшесін жөндеу 2017 жыл 2 млн. 51,0 мың теңге жөндеу жұмыстары аяқталды.
16 Ақтөбе ауылы Советская көшесін жарықтандыру 2017 жыл 2 млн. 800 мың теңге қаралып, жұмыстар толық аяқталды.
17 Ертай ауылындағы Ертай көшесін жөндеуден өткізу туралы 2017 жыл 7840,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
18 Қарасаз ауылы А.Пушкин атындағы орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу 2017 жыл 7011,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
19 Елді-мекендерге газ кіргізу бойынша жоба сметалық құжаттарына қаржы бөлу, ЖСҚ жасату 2017 жыл 2017 жылға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, газ кіргізу бойынша жоба сметалық құжаттары жасалынып 49815,9 мың теңгеге «Казремжилпроект» ЖШС жеңіп алып, 15 елді-мекендерді газдандыру бойынша ЖСҚ жасалынды.
20 Жол тазалау жұмыстарына техника алу 2017 жыл Облыстық бюджеттен қар тазарту техникаларын сатып алуға 102 364,0 мың теңге бөлінді. Конкурстың қорытындысы бойынша жеті көлікке жеткізушілер анықталды: 4 дана трактор, 2 дана жүк тиегіш, 1 дана жүк көлігі. Техникалар жеткізілді.
21 Жылыбұлақ ауылындағы Щоссейная көшесін жарықтандыру 2017 жыл 1589,0 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.