2018 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар ЖОСПАРЫ

2018 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды

іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

р/с Мәселенің мазмұны Орындалуы
1 Б.Момышұлы ауылы Б.Сафинов көшесіне жасанды жол кедергісін орнату 2018 жыл Б.Момышұлы ауылы Б.Сафинов көшесіне жасанды жол кедергісін орнату 2018 жылдың жоспарында.
2 Б.Момышұлы ауылы Совхозный көшесі жаңа тұрғын үй аймағын жарықтандыру 2018 жыл Совхозная тұйықтары жаңа тұрғын үй аймағын жарықтандыру бойынша бағаналар тұрғызылып, электр желілері тартылған, жарық лампалары орнатылған жарық құрылғыларын қосу жұмыстары үнемделген қаржыдан қарастырылып қосылады.
3 Б.Момышұлы ауылы қоғамдық көлікті Совхозный көшесі арқылы жүргізу 2018 жыл Б.Момышұлы ауылы қоғамдық көлікті Совхозный көшесі арқылы жүргізу ұйымдастырылуда.
4 Б.Момышұлы ауылы аймағынан тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер учаскелеріне инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын бастау 2018 жыл 2016 жылы кезекте тұрған азаматтарды азайту үшін Б.Момышұлы ауылы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабының инженерлік жүйемен қамтамасыз етуге арналған сметалық құны – 612 071,0 мың теңге болатын жоба мемлекеттік сараптамадан өткізіліп дайындалған. Бөлімнің тапсырыс беруі арқылы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабын электр қуатымен, газбен, автомобиль жолдары және ауыз сумен қамтамасыз етуге 2018 жылға 200 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып шаралары өткізілуде.
5 Қайрат ауылы М.Әлімбекұлы көшесін жөндеуден өткізу 2018 жыл Қайрат ауылы М.Әлімбекұлы көшесін 1,050 шқ орта жөндеу жұмыстары 2018 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланған. Бүгінгі күнге облыстық басқарма арқылы ашық конкурс ойнатылуда.
6 Бәйтерек ауылы Ақмолда каналын бөлігін тазалау жұмыстарын жүргізу 2018 жыл Ақтөбе ауылдық округіне «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 2 731,3 млн теңгеге  Ақмолда каналына жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып жобалау сметалық құжаттамасы жасалған. Қазіргі кезде Жамбыл облысы әкімінің №278 қаулысына сәйкес аталмыш канал республикалық меншікке өткізілу жұмыстары жүргізілуде.
7 Қарабастау ауылындағы су ұңғымасына қосалқы су тартқыш алу туралы 2018 жыл Қарабастау ауылындағы су ұңғымасына қосалқы су тартқыш (насос) алу қазіргі уақытта аудандық «Жуалы су» мекемесінде дайын тұр, алдағы уақытта орналастырылады.
8 Жылыбұлақ ауылына бақша суын жүргізу 2018 жыл Жылыбұлақ ауылына жеке қосалқы шаруашылығын (бақша) суару үшін ағын су ағатын арықтар тартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
9 Көлтоған ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ сараптамадан өткізу 2018 жыл Көлтоған ауылдарын сумен қамтамасыз ету нысандары бойынша «ГорСтройДизайн» ЖШС-гі арқылы ЖСҚ жасалып, сараптама порталы бойынша кешендік сараптамаға ұсынылып «Стандарт ОРД» ЖШС-де қаралуда.
10 Рысбек батыр ауылы О.Ауғамбаев көшесін жарықтандыру 2018 жыл Рысбек батыр ауылындағы О.Ауғамбаев көшесін жарықтандыру бойынша конкурсқа берілген бүгінгі күнге жеңімпаз анықталған жоқ.
11 Кәріқорған ауылына бақша суын ретке келтіру 2018 жыл Кәріқорған ауылына бақша суын ретке келтіру жұмыстары мамыр айынан бастап жүргізіледі.
12 Шымбұлақ ауылы Құрмаш көшесін жөндеуден өткізу 2018 жыл Шымбұлақ ауылы Құрмаш көшесін жөндеуге сметалық жоспар жасалды. Алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі.
13 Қошқарата ауылы көше бойына жол белгілерін орнату 2018 жыл Қошқарата ауылы көше бойына жол белгілерін орнату шілде айына жоспарланған.
14 Қошқарата ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ  сараптамадан өткізу 2018 жыл Кошқарата ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына жоба сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «ЛидерПроектДизайн» ЖШС жеңімпаз болып табылды. Жобалау жұмыстары аяқталып, кешендік сараптамаға ұсынылған, нәтижесі күтілуде.
15 Күреңбел ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ  сараптамадан өткізу 2018 жыл Күреңбел ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ сарапатамадан өтті.
16 «Әбілдәбек-Бақалы-ст.Сұрым-Бәйтерек» автомобиль жолын жөндеуден өткізу 2018 жыл «Әділдабек-Бақалы-ст.Сұрым-Бәйтерек» автожолының 10-21 шқ аралығын орта жөндеуге 244,169 млн.теңге қаржы облыстық басқарма арқылы   қарастырылып мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
17 «Күйік-Теріс-Ащыбұлақ» бағытындағы аудандық мәндегі автомобиль жол бойына аялдама құрылысын жүргізу 2018 жыл «Батыс Европа – Бастыс Қытай» автожолы бойынан Теріс-Ащыбұлақ бағытыта бұрылыстағы жол бойына аялдама орнату бойынша, бюджеттен қаржы қарастырылған жағдайда, жұмыстарды атқарылады.
18 Қарасаз ауылы Ю.Гагарин көшесін жөндеуден өткізу 2018 жыл Қарасаз ауылы Ю.Гагарин көшесін 1,6 шқ орта жөндеу жұмыстары 2018 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланған.
19 Қарасаз ауылы Жамбыл көшесін орта жөндеуден өткізу 2018 жыл Қарасаз ауылы Жамбыл көшесін орта жөндеу жұмыстарын мамыр айында мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы баға ұсынысы тәсілімен ойнатылатын болады.
20 Қарасаз ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ  сараптамадан өткізу 2018 жыл Қарасаз ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ сарапатамадан өткізу бойынша қазіргі  таңда мемлекеттік жер актісі дайын және мемелекеттік тіркеуге ұсынылды.
21 Теріс ауылы Тәліп көшесінің бойына жол белгісін орнату 2018 жыл Теріс ауылы Тәліп көшесінің бойына жол белгісін орнату 2018 жылдың жоспарына енгізілген.
22 Теріс-Нұрлыкент ауылы бағытындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеуден өткізу 2018 жыл Теріс-Нұрлыкент ауылы бағытындағы жая жүргіншілер көпірін жөндеуден өткізу бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайындалған. 2018 жылы жөндеу жұмыстары өткізілетін болады.
23 Нұрлыкент ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу 2018 жыл Нұрлыкент ауылындағы М. Ломоносов атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысына есік терезелерін ауыстыруға бюджеттен 9000,0 мың теңге қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалып 2018 жылдың сәуір айында конкурс бойынша веб порталға ілінеді.
24 Көлбастау ауылы Д.Қонаев көшесін орта жөндеу жүргізу 2018 жыл Көлбастау ауылы Қонаев көшесі мен Қ.Рысқұлбеков көшесі бұрылысымен жөндеу жұмыстары 2018 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланған.
25 Көлбастау ауылы Д.Қонаев көшесін жарықтандыру 2018 жыл Көлбастау ауылы, Д.Қонаев көшесін жарықтандыру жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары рәсімделуде.
26 Шақпақата ауылы ауылы ауыз су жүйесі құрылысының ЖСҚ  сараптамадан өткізу 2018 жыл Шақпақата ауылына ауыз су жүйесі құрылысының құжаттары «ҚР Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Жуалы аудандық бөлімшесіне құжат жасауға жіберілді.
27 Шақпақата ауылы Т.Рысқұлов көшесін ағымдағы жөндеу

 

2018 жыл Шақпақата ауылы Т.Рысқұлов көшесін 1,7 шқ орта жөндеу жұмыстары 2018 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланған.