2020 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы (2020 жылдың ІІ-тоқсаны)

2020 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудандық іс – шаралар жоспарының орындалуы туралы

(2020 жылдың ІІ тоқсаны)

 

 

Мәселенің мазмұны Орындалуы бойынша ақпарат
Б.Момышұлы ауылы Д.Пахомов көшесіне көше жарығын орнату. Б.Момышұлы ауылы Д.Пахомов көшесіне ЖШС «Бірлік-2020» мердігер арқылы көше жарығы орнатылды.
Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылы Бейсен ата көшесін жарықтандыру. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша, Көкбастау ауылының Көктөбе ауылы Бейсен ата көшесіне күн сәулесінен қуат алатын LED жарықшамдары орнатылып, іске қосылды.
Күренбел ауылдық округі Күренбел ауылы Қарабастау көшесіне жарық орнату. Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылы Қарабастау көшесіне түнгі көше жарығы орналастырылды.
Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылындағы жоғарғы бөлігінен ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарына келетін каналды тазалау. Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылының жоғарғы бөлігінен ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарына келетін каналды тазалау жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.