2021 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар ЖОСПАРЫ

 Аудан әкімдігінің 2021 жылғы

«12» ақпандағы №26 қаулысымен бекітілген

 

2021 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі аудандық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

Р/с Мәселенің мазмұны Орындалуына жауаптылар Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі
1. Б.Момышұлы ауылы Ш.Қалдаяқов, Қойгелді батыр, Бәйдібек батыр көшелеріне жарық шамдар орнату. Ауыл әкімі Б.Момышұлы ауылы Ш.Қалдаяқов, Қойгелді батыр, Бәйдібек батыр көшелерінің түнгі мерзімде жарықтандырылуы ЖСҚ – сы 17 000,0 мың.тг дайындалды.  Мемлекеттік сатып алу портал арқылы ашық конкурс тәсілімен ойнатылуда. 2021 жылдың 10 сәуір күні мердігер анықталады.
2. Б.Момышұлы ауылы Жанқожа батыр, Шохан Уалиханов, Ақжол көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу. Ауыл әкімі Б.Момышұлы ауылы Жанқожа батыр, Шохан Уалиханов, Ақжол көшелерінен жаяу жүргіншілер жолымен қамтылуы. ЖСҚ–сы 15 000,0 мың.тг дайындалды. Мемлекеттік сатып алу портал арқылы ашық конкурс тәсілімен ойнатылуда. 2021 жылдың 10 сәуір күні мердігер анықталады.
3. Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылына заманауи үлгідегі спорт алаңшасын орнату. Ауылдық округ әкімі Жаңаталап ауылы жастарының спортпен шұғылдануына арналған ойын алаңшамен қамтылуы Заманауи үлгідегі спорт алаңшасын орнатуға 9 000,0 мың.тг қаржы бөлініп, ЖК»Елеубаева» 4 000,0 мың тг. жеңімпаз болып табылды. 2021 жылдың мамыр айында басталады.
4. Ақсай ауылдық округі Дихан ауылы Жамбыл көшесінің төменгі бөлігін асфальттау. Ауылдық округ әкім Дихан ауылы Жамбыл көшесінің төменгі бөлігінде тұратын тұрғындардың асфальт жолмен қамтылуы. ЖСҚ–сы 16 532,0 мың.тг дайындалып, ЖШС «СКА-Аманат» жеңімпаз болып табылды. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың маусым-шілде айларында жүргізіледі.
5. Билікөл ауылдық округі Жылыбұлақ ауылының интернет жылдамдығын арттыру. Ауылдық округ әкімі Актив мұнарасы орналастырылып Жылыбұлақ ауылындағы 3 көше толығымен интернетпен қамтылады. Жылыбұлақ ауылы тұрғындарының интернет жылдамдығын арттыру мақсатында «Kcell» акционерлік қоғамына антенно-мачталық құрылым орнату үшін уақытша 10 жыл мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығы берілді. «Kcell» АҚ жер пайдаланудың мемлекеттік актісі жасалынды. Антенно-мачталық құрылымды ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін орнату жоспарлануда.
6. Боралдай ауылдық округі Ертай ауылы Тиес арық көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімі Ауыл ішілік жолға ауыл тұрғындарының жақсы жолмен қамтылуы. Аудандық бюджеттен 8 600,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың мамыр айында бастау жоспарлануда.
7. Жетітөбе ауылдық округі Қосмұрат ауылы А.Рақышұлы көшесінің жолын орта жөндеуден өткізу. Ауылдық округ әкімі Ауыл тұрғындарының жақсы жолмен қамтылуы. Жоба сметалық құжаттамасы дайындалып 29 714,0 мың.теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
8. Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылы Бектеміс көшесін жарықтандыру. Ауылдық округ әкімі Ауыл тұрғындарының сұранысымен түнгі жарықпен қамтамасыз етіледі. Теріс ауылы Бектеміс көшесін жарықтандыру жұмысының жобалық сметалық құжаттамалары 9 960,0 мың.тг дайындалып, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне қаржыға сұраныс берілді.
9. Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылына кіре беріс көпірдің жақтауын орнату. Ауылдық округ әкімі Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Кіре беріс көпірдің жақтауын орнату бойынша  қаржыға 2021 жылдың бюджеттік есебіне сұраныс беріледі.
10. Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылы Абай және Б.Үсенов көшелерінің ортасындағы №1, №2, №3 бұрылыстарын орта жөндеуден өткізу. Ауылдық округ әкімі Ауыл тұрғындарының жақсы жолмен қамтылуы. Бүгінгі күнге қаржыны нақтылау мақсатында уақытша тоқталып тұр.

 

11. Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылы Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімі Абай көшесі тұрғындарының жақсы жолмен қамтылуы. Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу порталына енгізілген, бүгінгі таңда мердігер анықталған жоқ.
12. Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылында орналасқан «Береке» су тоғанынан Қарасаз ауылына ағын су беру. Ауылдық округ әкімі, ауыл шаруашылығы бөлімі Қарасаз ауылы тұрғындарының бақша суғару үшін ағын сумен қамтылуы. Тазалау жұмыстары мамыр айына дейін тазаланып, толық орындалады.
13. Қызыларық ауылдық округі Алатау тауынан келетін ағын су каналдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімі, ауыл шаруашылығы бөлімі Қызыларық ауылы тұрғындарының ағын сумен қамтылу үлесі. Облыстық «КазСуШар» мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың мамыр айында жөндеу жұмыстары аяқталады.
14. Нұрлыкент ауылдық округі Түктібай ауылының көше жарықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ауылдық округ әкімі Түктібай ауылы тұрғындарының сұранысы негізінде көше жарықтарымен толық қамтылуы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 02.03.2021 жылы №20-13-143 шығыс хатымен 2 500,0 мың теңге қаражат қарастыру үшін сұраныс берілді.
15. Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылы Д.Ковешников көшесін асфальттау. Ауылдық округ әкімі Ауыл тұрғындарының жақсы жолмен қамтылуы. ЖСҚ–сы 27 500,0 мың.тг дайындалып, мемлекеттік сатып алу портал арқылы ашық конкурс тәсілімен ойнатылуда. 2021 жылдың 10 сәуір күні мердігер анықталады.
16. Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылы К.Кемелбеков көшесіне жарық орнату. Ауылдық округ әкімі Шақпақата ауылы К.Кемелбеков көшесін түнгі жарықпен қамту. ЖСҚ-сы 3 000,0 мың.тг дайындалды. Қаржы қарастыру үшін Жуалы аудандық мәслихат сессиясына ұсынылды.