Аудан, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы. 2018 жыл Наурыз

Б.Момышұлы ауылы

Аудан, ауыл, ауылдық округтер әкімдері

аппараттары мен жергілікті бюджеттен

қаржыландырылатын аудандық атқарушы

органдардың «Б» корпусы мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған аудан, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

  1. Жуалы ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. «Аудан, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы №58 қаулысының (2017 жылдың 28 наурызында «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Дүйсенбайұлы Қойбақовқа жүктелсін.

  1. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                             Б.Көпбосынов