Аудан, ауыл, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы ҚАУЛЫ

ЖОБА

Б.Момышұлы ауылы

 

 

Аудан, ауыл, ауылдық округтерінің

әкімі аппараттарының және жергілікті

бюджетінен қаржыландырылатын

атқарушы органдардың мемлекеттік

қызметшілеріне қызметтік куәлік беру

Қағидаларын және оның сипаттамасын

бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының                          2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік      қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, аудан                                        әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) аудан, ауыл, ауылдық округі әкімі аппараттарының және жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидалары бекітілсін;

2) осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Дүйсенбайұлы Қойбақовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Аудан әкімі                                                                               Б.Көпбосынов