Аудан әкімінің халық алдындағы есебінің тезистері

Аудан әкімінің халық алдындағы есебінің тезистері

 

Аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде.

Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 29 млрд. 895,5 млн. теңгені құрап, (2018 жылы 24 881,1 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады.

Оның ішінде:  Өсімдік шаруашылығы 13 995,7 млн. теңге, нақты көлем индексі 108,2 пайызды, мал шарушылығы 15 895,6 млн. теңге, нақты көлем индексі 103,8 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 213 151 га, оның ішінде 97 315 га егістік жер, суармалысы 8377 га.

Егін шаруашылығы: Масақты дәнді дақылдарды жинау барысы бойынша, барлығы орылғаны 35 524 га, әр гектардан орташа өнімділік 23,3 ц/га, жалпы түсімі 82 770 тонна, оның ішінде күздік бидай 9615 га,  орташа өнімділігі  23,8 ц/га, алынған өнім 22 866 тонна, арпа 25 909 га, орташа өнімділігі  23,1 ц/га, алынған өнім 59 904 тонна.

Күзгі дала жұмыстары бойынша 20 845 га майлы дақылдар орылып, әр гектардан орташа өнімділік 8,7 ц/га, жиналған өнім 18 131 тонна (100,0 пайыз). Картоп дақылының жиналғаны 2543 га, өнімділігі 240 ц/га, алынған өнім 61 032 тонна (100,0 пайыз). Көкөніс дақылының жиналғаны  660 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, алынған өнім 16 170 тонна. Дәндік жүгері  303 га, жиналғаны 303 га, өнімділігі 55 ц/га, алынған өнім 1 666 тонна (100 пайыз).

Техника:

Есепті мерзімге жалпы құны 469,164 млн. теңгеге 69 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 37 дана жаңа МТЗ тракторы, 1дана  тиегіш, 28 дана ауыл шаруашылығы тіркемесі,  2 дана астық жинайтын комбайны және 1 дана су шашатын қондырғы (жаңбырлатып суғару құрылғысы).

Жанар-жағар май:

2019 жылдың басынан жеңілдетілген жанар-жағар май бойынша, барлығы 4358 тонна дизель отыны бөлініп, таратылды. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 2167 тонна, жазғы дала жұмыстарына 1191 тонна және күзгі дала жұмыстарына 1000 тонна бөлініп толығымен агроқұрылымдар қаматамасыз етілді, тарату бағасы 177 теңге.

Минералды тыңайтқыш: Есепті мерзімге 50 пайыздық жеңілдікпен барлығы 3010 тонна минералды тыңайтқыш алынды, оның ішінде 2230 тонна аммиакты селитра, 542 тонна аммофос және 238 тонна әртүрлі универсалды  тыңайтқыштар алынып,  19 750  гектар  егістік алқаптарына қолданылды. Минералды тыңайтқыштар масақты дәнді дақылдарға тұқымды егістік жерге сіңіру барысында берілсе,  басым дақылдарға топырақты өндеу жұмыстары арқылы беріліп отырды. Бұл дақылдардан алынатын өнімділікті 4-5 цн/га көтеріп, топырақ құнарлығын сақтап, арттыруға  септігін тигізуде.

Мал шаруашылығы: Мүйізді ірі қара 44 734 бас (2018 жылы 43 005 бас), қой-ешкі 189 971 бас (2018 жылы 182 365 бас), жылқы 10 366 бас (2018 жылы  9 920 бас), шошқа 425 бас  (2018 жылы 793 бас), құстар 79 013 бас (2018 жылы 77 086 бас). Мал басы 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,0 пайызға, қой мен ешкі 4,2 пайызға, жылқы 4,5 пайызға, құстар 2,5 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері: Ет өндіру тірі салмақпен 13 863 тн. (2018 жылы 13 292 тн.), сүт өндіру 43 577 тн. (2018 жылы 41 700 тн.), жұмыртқа 8 006,6 мың дана (2018 жылы 7 850,5 мың дана) өнім алып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 4,3 пайызға, сүт өнімі 4,5 пайызға, жұмыртқа 2,0 пайызға пайызға артты.

Өнеркәсіп

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2019 жылы 10 380,7 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2018 ж. 7 761,9 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 102,8 пайызды құрады.

Есепті мерзімге аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 792 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде  2 орта, 166 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2176 жеке кәсіпкерлер,  2448 шаруа қожалықтар тіркелген. Осы кәсіпкерлік – шаруашылық субъектілерінде барлығы 9022 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 679 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1867 адам, шаруа қожалықтарында 6367 адам жұмыс жасайды. 2019 жылы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 519 727,5 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4520-сы немесе 94,3 пайызы жұмыс істеуде. Аудан бойынша 2019 жылы 2 488,5 млн. теңгенің (2018 ж. 2 220,7 млн. теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,1 пайызды құрап отыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру:

Ауданда бүгінгі күнге 5 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында осы ұйымдар барлығы  4501 адамға 2 628 8755 млн. теңге несие таратты (2018 жылдың осы мерзімінде 4445 адамға 2 325 062 млн. теңге.)

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, кәсіпкерлікті қолдау картасын екінші  өзектендіру мақсатында, бүгінгі күні ауданда жаңа ережелердің талаптарына сай келетін 1 жобамен жұмыстар жүргізілуде.  Ол, Шақпақ  ауылдық округінен қуаттылығы жылына 17550 тонна жол битумын шығаратын кіші зауыт құрылысының басталуы. Жоба құны 161,0 млн.теңгені құрайды деп жоспарлануда. Құрылысты «Шақпақ Жол Сервис» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта инфрақұрылым жүргізу жұмыстарымен айналысуда және қаржы мекемелерінің қолдауына ие болу үшін құжаттарын рәсімдеуде.

«Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасын іске асыру аясында пайыздық ставкасы субсидияланатын  несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен  ұсыныстар (жобалар) сараланып,  нақты 15 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ-ның қолдауына ие болып, барлығы 297,536 млн. теңге несиеге қол жеткізілді. (Индикатор бойынша жоспар 12-айға 42,7 млн.теңге). Атап айтсақ: «Дидар» ШҚ 4,483 млн.теңге, ЖК «Ибрагимова Б.» 4,939 млн.теңге, ЖК «Happу» 11,0 млн.теңге, «Атамекен» сауда өндірістік компаниясы 53,498 млн.теңге, ЖК «Асемова Г.» 25,403 млн. теңге, ЖК «К.А.Дүйсебаев» 11,5 млн. теңге, «Еркінбек» ШҚ 12,0 млн. теңге, «Технадзор-2015»ЖШС 6,857 млн. теңге, ЖК «Байтаков К» 11,5 млн. теңге, «АПХС» ЖШС 17,0 млн.теңге, «АПХС» ЖШС 60,0 млн. теңге, ЖК «Каирбекова» 11,5 теңге, ЖК «Ортаев М.» 22,456 млн.теңге, «С.Тоқтаев» ШҚ 21,1 млн.теңге, «Береке» ШҚ 24,3 млн.теңге.

«Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында кепілдік беру бағыты бойынша 5 жоба өтіп, кепілдік сомасы 15,6 млн.теңгені құрап отыр. (Индикатор бойынша жоспар 12-айға 7,7 млн.тн)

Құрылыс  жұмыстары бойынша:

Қошмамбетов атындағы орта мектепке қосымша спортзал (қазандығымен бірге) құрылысы мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «Тараз Құрылыс-Инвест» ЖШС 107 379,0 мың теңгеге құрылыс жұмыстарын мамыр айының ІІ жартысында бастап, 2019 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

Инженерлік коммуникациялық

 инфрақұрылым бойынша:

Б.Момышұлы ауылындағы Көктөбе жаңа тұрғын алқабына (электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары) инфрақұрылым нысандарының құрылысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы 25.08.2018 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Талас-Құрылыс» ЖШС 407 489,0 мың теңгеге 25 қыркүйекте жұмыс басталған. Нысан өтпелі болғандықтан 2018 жылға 180 373,0  мың теңге, 2019 жылға бөлінген 227116,0 мың теңгесі толық игеріліп нысан 15.08.2019 жылы қабылданды.

Сондай-ақ «Теріс» тұрғын алқабы 30 888,0 мың, «Қосбөлтек» тұрғын алқабы 24189,0 мың, «Нұрлыкент» тұрғын алқабы 31 377,4  мың болатын құрылыс-монтаж жұмыстарын ашық конкурс нәтижесімен «ЕрК Астана» ЖШС жеңімпаз болып танылып, электр жүйесімен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Қарасаз ауылының су жүйесінің құрылысына Республикалық бюджеттен 2019 жылы мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсының нәтижесіне сәйкес «КДСМ» ЖШС-гі 543 974,0 мың теңгеге жеңімпаз жұмыстарын мамыр айының І жартысында бастап, су жинау ғимаратының орнын даярлау және жол бойында су құбыры желісін тарту жұмыстарын аяқтап,  пайдалануға берді.

Жеке меншік әріптестік негізінде соғылатын нысандар: 2019 жылға медицина саласы бойынша Жуалы ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ауданда 8 медициналық пункт құрылысы жүргізілді.

Атап айтқанда Майбұлақ, Қарасу, Қосбөлтек, Ақтасты ауылындарында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы нысандары және Т.Дүйсебайұлы ауылында 10 келушіге арналған фельшерлік-акушерлік пункт құрылыс ынысанын «АКМ ГРОУП» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға берсе. Ал, Теріс-Ащыбұлақ, Кәріқорған, Қаратас ауылдарына медициналық пункт құрылыс нысанын «Түркістан құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға берді.

Есепті мерзімге құрылыс жұмыстарының көлемі 5 475,1 млн. теңгені құрап, (2018 жылы 6 402,6 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 83,9 пайызға орындалды.

Мақсатты индикатор көрсеткіштерінің орындалуы:

Аудан бойынша 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына орындалуы күтілген индикаторлар – жалпы құрылыс көлемінің межесі – 4400,0 млн.тг болатын, нақты орындалу болжамы бойынша 5300,0 млн.тг болып (121), Алайда 2018 жылдың – 6402,6 млн теңге көрсеткішімен салыстырғанда 83 пайыз орындалды.

Пайдалануға қабылданған тұрғын үй құрылысы көлемінің межесі – 10800м2 болатын, нақты орындалу болжамы – 11072 м2 болып (102,5пайыз), 2018 жылдың – 10359 м2 көрсеткішімен салыстырғанда 106,8 пайызартық орындалып отыр, жеке тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемінің межесі – 0,594 млн.тг болатын, нақты орындалу болжамы – 0,609 млн.тг болып отыр.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2019 жылы жалпы алаңы 11 079 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды  (2018 жылы 10 572 шаршы метр). Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,8 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 392,6 млн. теңгені құрады  (2018 жылы 21 869,4 млн. теңге), 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,3 пайызға орындалды. 2018 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі «Бурное Солар-2» күн электр станциясы құрылысы жұмыстарының жүргізілуі негізінде артқан.

Жол

2019 жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу бойынша қаралған қаржы көлемі 148 710,6 мың теңге, оған 7,033 шқ автомобиль жолы толықтай жөнделді, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі 2018 жылы 84,5% құраса, 2019 жылы 88% құрады, яғни 3,5% өсті. Ауылішілік автомобиль жолдарын орта жөндеуге қаралған қаржы көлемі 143650,1 мың теңге, оған барлығы 10,48 шқ автомобиль жолы толықтай жөнделіп аяқталды.

Мәдениет

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында цифрлық сауаттылыққа оқыту маңыздылығына орай Күреңбел, Қарасаз, Қызыларық, Көкбастау, Билікөл, Боралдай, Қошқарата, Жетітөбе ауылдық округтерінде 12 елді мекенде цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды.

Білім

Ауданымызда білім саласына қатысты жалпы 76 білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны 39 (30 орта, 3 негізгі,  6 бастауыш), 31 балабақша (оның ішінде 5 жеке меншіктегі балабақша), 1 шағын орталық, 4 мектептен тыс мекеме (№1, №2, №4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы) және 1-психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.

2019-2020 оқу жылында 27 орта, 2 мектеп-гимназия, 1-мектеп-лицей, 3 негізгі мен 6 бастауышта 11 244 бала білім алуда. 2019-2020 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1795 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 7 оқушыдан келді.

39 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 39 мектеп (100%). 23 мектептің (57,5%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Барлығы  95 интерактивті тақталар бар.

Арнайы жабдықталған биология кабинетті 20, химия кабинетті 23, физика кабинеті 27. Жалпы аудан бойынша 30 лингофонды-мультимедиялық кабинет бар.

Ауданда жалпы 6 ІТ сынып бар. Б.Момышұлы ауылындағы   №15 мектеп-лицейінің базасында 2018 жылы 20 тамыз күні  ІТ сынып ашылды. 2019 жылы 18 қыркүйек күні Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Әлімбек Әсембекұлы Жұмабаев Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе тірек мектебіне және Б.Момышұлы ауылындағы №1 мектеп-гимназиясына демеушілік есебінен 2 ІТ сыныбы ашылған болатын. 2019 жылдың желтоқсан айында 3 мектептің базасында ІТ сыныптар ашу мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, жеткізілді. (Д.Қонаев, С.Сейфуллин, Абай). Аудан бойынша ІТ сыныптармен қамту үлесі – 15,3 % құрап отыр. Жалпы оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер –696 (94,4 %) құрайды.

2019 жылы «оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасына аудандық бюджеттен 183233,0 мың теңге (182733,0 мың теңге оқулықтарға және 500,0 мың теңге тасымалдауға) қаржы қарастырылып, оқушылар оқулықтармен толығымен 100% қамтылды.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары: Шақпақата ауылындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырының күрделі жөндеу жұмыстарын 12783,4 мың теңгеге «ТаразЭлитСтрой» ЖШС-і тарапынан жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Көлтоған ауылындағы С.Бәйтіков атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын 6674,6 мың теңгеге «Алира сервис компания» ЖШС жөндеу жұмыстарын толық аяқтады.

Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің спорт залының еденін ауыстыруға ағымдағы жөндеу жұмыстары «Азия-Жилстрой» ЖШС-і тарапынан 4480,0 мың теңгеге жүргізілді.

Ақсай ауылдық округі Мыңбұлақ орта мектебінің жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары «Қараспан сауда құрылыс » ЖШС-і 3 875,2 мың теңгеге жүргізілді.

Жалпы 54 мекеме газбен, 22 мекеме қатты отынмен жылытылады.

2019 жылы 2386 тоннаға 35 790,0 мың теңге мектептерге, 2820,0 мың теңге 68 тонна көмірге балабақшаларға қарастырылды. Жеке кәсіпкермен «Байдаулетов Нурдаулет Аманбековичпен» келісім-шарт жасалынып, толық жеткізілді.

Табиғи газға 46 600,0 мың теңге, балабақшаларға 9 350,0 мың теңге қаралған. Жалпы асхана саны – 39, ол 100 пайызды құрайды.

2019 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2546 балаға 165783,0 мың теңге қаржы қаралып, 12 айда 100 % яғни, 165783,0 мың теңге қаражат игеріліп, ыстық тамақ берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: Ауданда 32 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында- 50 бала, «Еркемай», «Балбөбек», «Айсауле», «Әсем достар», «Нұрлы Ұрпақ» жекеменшік балабақшаларында–280 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Жалпы аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға 1-6 жастағы-2405 бала қамтылуда.

Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие және оқытумен қамту үлесі 1-6 жас аралығындағы 82% ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 100% (100 %) көрсетті.

Спорт

2019 жылы ұйымдастырылған 347 іс-шараға (327-саламатты өмір салтын насихаттау бойынша, 20-салалық спартакиадалар) 64 990 аудан тұрғыны қатысты. Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі (53049) тұрғынның 15 916-сы) 30,0 пайызды құрады (2018 жылдың осы кезеңінде 29,4%).

Ағымдағы жылы Ақсай, Боралдай, Жетітөбе, Күреңбел, Көкбастау, Қарасаз, Қошқарата, Қызыларық, Мыңбұлақ, Нұрлыкент, Шақпақ ауылдық округтерінде «Street Workout» алаңшалары жергілікті бюджет есебінен салынды.

Салық және бюджет

Аудан бюджетінің кірісі

Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 13 825 444,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 13 853 577,1 мың теңге, немесе жоспар 100,2  пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 492 881,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 521 014,1 мың теңге орындалуы 101,9 пайыз немесе 28 133,1 мың теңге артық түсіп отыр.

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 13 908 406,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 13 884 621,3 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 23 784,7 мың теңге немесе атқарылуы 99,8% – ды құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Аудан бойынша 2019 жылы статистикалық сараптамасына сәйкес жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз болып, жалпы жұмыссыздар саны 1 240 адамды құрады (облыста 4,8 пайыз).

Есепті мерзімге жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 426 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 1,4 пайыз болып қалыптасты.

2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша ауданда жалпы 2759 азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланды. Есепті мерзімде 2637 азаматтар қайрылып, жұмыспен қамту шараларына 3355 адам тартылды.

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылған 3355 жұмыссыздар бойынша: тұрақты жұмыс орындарына 1668 адам, қоғамдық жұмыстарға 411 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 226 жұмыссыздар, жастар практикасына 329 жастар, қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 205 азамат, бастау-бизнес 338 адам, несие алуға  178 адам жолданды.

Сондай-ақ, 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 49 азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 12 айда 64 мүгедектер жұмыспен қамту шараларына тартылды (қоғамдық жұмысқа – 13 адам, жастар практикасына – 4 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына – 7 адам, тұрақты жұмыс орынға – 24 адам, кәсіптік оқуға – 4адам, маусымдық жұмыстарға – 12 адам жолданды).

Аталған кешенді жоспардың іс-шараларына: қоғамдық жұмыстарға 128349,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 28126,0 мың теңге, жастар практикасына 73941,0 мың теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 31804,0 мың теңге бөлініп, жоспарланған қаражат толық игерілді.

Құқықтық тәртіп

Есепті мерзімде ауданда жалпы  – 194 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2018ж. бұл мерзімінде 227 деректі құраған) яғни  14,5 пайызға кеміген, олардың 122 дерегі ашылып, ашылу көрсеткіші 60,1 пайызды құрады. 2018 жылдың осы кезеңіне бұл көрсеткіш 57,4 пайыз болған, яғни  ашылу көрсеткіші 2,7 пайызға артқан. Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 25 дерек болса, оның ашылғаны 22 дерек немесе ашылуы  88 пайызды құрады. (2018 жылы ашылуы 81,3 пайызды құраған). Қылмыстың ашылу көрсеткіші 6,7 пайызға артқан.

Жол полициясы тобының жұмысы

2019 жылы жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 1829 хаттама толтырылды, оның ішінде  75  автокөлік жүргізуші  спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде көлік жүргізгені үшін ұсталған.

2019 жылдың есеп беру мерзімінде барлығы 59 жол-көлік оқиғасы  тіркелген.

Жол көлік оқиғалары салдарынан есепті мерзімге 127 адам  әр-түрлі дене жарақаттарын алған, яғни 12,4 пайызға азайған. Жол көлік оқиғалары салдарынан 2019 жылы 18 адам  қаза болған.

 «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 2019 жылы тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссияның шешімдеріне сәйкес, 19 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 1 500 (бір мың бес жүз) еселік айлық  есептік көрсеткіштен аспайтын сомада барлығы 66 050,3 мың теңге бюджеттік несие берілді. Оның ішінде: Білім беру саласынан 11 маман, денсаулық сақтау саласынан 4 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласының 2 маман, спорт саласынан 1 маман және мәдениет саласынан 1 маман.

43 маманға 70 (жетпіс) еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада 176 750 теңгеден барлығы 7 600,3 мың теңге көлемінде  көтерме жәрдемақы беріслсе, 3 маманға 100 (жүз) еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада 252 500 теңгеден барлығы 757,5 көтерме жәрдемақыға  берілді.  Оның ішінде: Білім беру саласынан 24 маман, денсаулық сақтау саласынан 13 маман, әлеуметтік қамсыздандыру саласынан 1 маман, мәдениет саласынан 3 маман, спорт саласынан 1 маман және агроөнеркәсіптік кешен саласының 4 маман. Аталған бағдарлама аясында, ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына  2020 жылға тұрғын үй сатып алу үшін 22 маманға республикалық бюджеттен 87 483,0 мың теңге бюджеттік несие бөлінсе, 50 маманға аудандық бюджеттен көтерме жәрдемақы алу үшін 13 255,0 мың теңге қарастырылып отыр.

Денсаулық сақтау

Есепті мерзімге ана өлімі 1 жағдай орын алған (2018 жылы орын алмаған), сәби өлімі 13 жағдай орын алды (2018 жылы – 9 жағдай).

Себептері: Бала өліміне әкеп соқтырған негізгі себеп – бұл баланың іштен туа біткен ақауының асқынуы және  мерзімінен ерте босанудан туылған өте аз салмақтағы сәбилердің  шетінеуі негізінде жедел дамыған аурудан өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсу және кенеттен қайтыс болу факторлары орын алуда. Есепті мерзімге туберкулезбен науқастанғандар саны 17 адам (2018 жылы 12 адам), 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 32,4 пайыз. (2018 жылы 23,5 пайыз).