Жуалы ауданы әкімінің халық алдындағы есебінің тезистері

Жуалы ауданы әкімінің халық алдындағы есебінің тезистері

 

Аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде.

Жалпы ауданымыздағы шығарылған ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығы саласының үлесі жобамен 61 пайызды құрап, Ауыл шаруашылығы  саласының нақты көлем индексі  32 392,6 млн.теңгеге жетті,  (2019 жылы 29 893,3 млн тн, 104,2 пайыз). Орындалуы 104,2 %.

       Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 15 166,9 млн тн, мал шаруашылығы 17 225,7 млн тн.

            2020 жылы аграрлық салаға Үкіметтік қолдаулар арқылы барлығы 2 млрд. 661 млн. теңге қаржы тартылып, нәтижесінде бірқатар жұмыстар атқарылды:

2020 жылдың өнімі үшін 57221 га егістік жерлерге ауыл шарашылығы дақылдары егіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1841 га арпа, 916 га көпжылдық шөп және 743 га майлы дақылдар артық егілді.

Егілген 37424 га масақты дақылдардың әр га 20,6 центнер өнім алынып, жалпы түсім        77 110 тоннаны құрады.

Майлы дақылдардың орылғаны 21 588 га (100 пайыз), орташа өнімділігі 8,9 ц/га, жалпы түсімі 19 213 тонна. Қытай бұршағы (соя) орылғаны 80 га, орташа өнімділігі 14,0 ц/га, түсімі     112 тонна.

Дәндік жүгері 300 гектарға егіліп, орташа өнім 57 ц/га, түсімі 171 тоннаны құрады.

Картоп дақылының жиналғаны 2 560 га, орташа өнімділігі 242 ц/га, түсімі 61 952 тонна (100%), көкөніс дақылдарының жиналғаны 670 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 16 440 тонна (100,0 %) және бақша жиналғаны 10 га, орташа өнімділігі 245 ц/га, түсімі 102 тонна (100 %).

Тұқым.  Алматы ғылыми зерттеу институттарынан 20 тонна және Шығыс Қазақстан облысынан 80 тонна күздік бидайдың элиталық тұқымдары алынып, егістік алқаптарға себілді.

Аудан шаруашылықтарына қажетті 5040 тонна жаздық арпа және                      415 тонна мақсары дақылдарының тұқымдары толығымен шаруалардың тұқым қоймаларында сақталуға қойылған. Аудан шаруашылықтарын жоғары репродукциялы тұқымдармен қамтамасыз ету үшін «Сансызбай» шаруа қожалығы тұқым шаруашылығы қатарына өтіп, 2021 жылы бірінші репродукциялы мақсары және арпа дақылдарын сататын болады.

Минералды тыңайтқыш.  2020 жылы минералды тыңайтқыштар алу жоспары 3370 тонна (2019 жылы 3022 тонна алынған).

2020 жыл қорытындысымен 408 шаруа қожалықтар «ҚазАзот» және «КазФосфат» ЖШС-мен 4532 тоннаға өтінім берді. Нақты алынғаны 288 шаруашылық 3881 тонна алынды (115 пайыз). Оның ішінде амиакты селитра 3004 тонна, аммофос 733 тонна, басқа да тыңайтқыштар – 143 тонна.

Минералды тыңайтқыштармен қоректендірілген егістік алқап көлемі                  28 750 гектарға жетті.

Техника. Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда           625 тракторлар, 177 комбайндар, 769 тіркемелер тіркелген. Барлығы 1571 дана. 2020 жылы 816,9 млн. теңгеге 180 ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде 51 жаңа МТЗ тракторлары, 1 дана погрузчик,                     126 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері және 2 комбайн.

Жанар-жағар май бойынша көктемгі және күзгі дала жұмыстарына – 3380 тонна бөлініп, көктемгі дала жұмыстарына 2055 тонна жанар жағар май әр литрі 158 тенгеден, күзгі дала жұмыстарына 1325 тонна әр литрі 162 теңгеден толығымен аудан шаруашылықтарына таратылды.

Мал шаруашылығы: 2020 жылдың жылдық қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара 46 526 басқа, 104,0 % (2019 жылы 44 734 бас),  қой-ешкі 197 845 басқа,  104 %  (2019 жылы 189 971 бас),   жылқы 13 092 бас, 126 % (2019 жылы 10 366 бас),  құстар 80 593басқа жетті, 102%. (2019 жылы 79 013 бас).

Мал өнімдері бойынша ет өндіру тірі салмақпен 14 417 тн. 104%.                   (2019 жылы 13 863 тн.), сүт өндіру 45 319 тн., 104 % (2019 жылы 43 577 тн.), жұмыртқа 8 166,9 мың дананы құрады, 102 % (2019 жылы 8 006,8 мың дана).

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестиция, нақты көлем индексі бойынша, аудандағы өндеуші кәсіпорындары арқылы  нақты 140,4 млн. теңге инвестиция есепке алынды (103,3 %).

Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған   нақты көлем индексі бойынша орындалғаны 1 108,970 млн. теңге, 100 %.

Сыбаға бағдарламасы бойынша. «Таңшығыс» ШҚ 32 млн. тенгеге 27 бас, «Ержан» ШҚ 35 млн. тенгеге Павлодар облысынан 70 бас асыл тұқымды «Симменталь» және «Сейтбек» ШҚ 15 млн. тенгеге 25 бас , «Ескендір» ш/қ 20 млн. тг. 72 бас, барлығы 194 бас МІҚ малдары сатып алынды.

Сонымен қатар 5 ш/қ 2205 бас қой малын сатып алды, жалпы құны                  104,0 млн. тенге.

Су тоғандары, Мех отряд. Мехотряд арқылы ішкі шаруашылық каналдарды тазалау бойынша,  Ақсай  а/округтегі  Ақсай ұзындығы 7 шақырым болатын №3, №4 ішкі шаруашылық каналдарына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат, Шетбұлақ су тоғандары, Карасаз а/округіне қарасты Береке және Ақтөбе а/округіндегі Жарбұлақ су тоғандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қосылатын суармалы егістік жер көлемі 390 га, оның ішінде 40 га жеке қосалқы шаруашылықтар.

Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру пилоттық жобасы негізінде Ақтөбе ауылдық округі таңдалып, «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы өндірістік копперативі құрылды.

Жоба негізінде 193 азаматтар 559 139 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, 193 азамат өзін-өзі жұмыспен қамтылып, 13 азамат «Атамекен – Бастау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде жұмыс атқаруда. «Атамекен-Бастау» кооперативі 93 млн теңгеге 19 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алып, көктемгі және күзгі дала жұмыстарын уақытында, сапалы атқаруда.

2020 жылдың 01 желтоқсанына аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 930 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде                       2 орта, 192 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2274 жеке кәсіпкерлер және 2462 шаруа қожалықтар, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 4,3 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4 544, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артып отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 252 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 694 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте                      2 856 адам, шаруа қожалықтарында 5 593 адам  жұмыс жасайды. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 554-і, немесе                            92,7 пайызы жұмыс істеуде.

Аудандағы өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 10 152,5 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2019 жылдың 11 айында  9 411,1 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Жыл қорытындысымен 100,3 пайызға орындалуы күтілуде.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7 724,7 млн. теңгені құрады (2019 жылдың 12 айында 5 392,6 млн. теңге), 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға артып отыр.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2 723,7 млн. теңгенің                (2019 жылдың 12 айында 2 488,5 млн. теңге) бөлшек саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6 пайызға орындалды. Сондай-ақ, есепті мерзімге 4 027,3 млн.теңгенің (2019 жылдың 12 айында 1 606,1 млн. теңге) көтерме саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 223,2 пайызға орындалды.

Жамбыл облысында 2019-2025 ж.ж. аралығында іске асырылуы жоспарланып отырған жобаның ішінде Жуалы ауданына қатысты 4 инвестициялық жобалармен жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылы бастау алып, қазіргі кезде құрылысы жалғастырылып жатқан, жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын, ірі инвестициялық жобалардың бірі «Қаралма» тау-шаңғы базасы. Тау-шаңғы базасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінен 8 шақырым. Қазіргі кезде құрылысы жүргізіліп жатқан «Қаралма» тау-шаңғы кешенді туристік базасы көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері, сапасы жағынан облыстағы алғашқы ірі туристік нысан. Жыл бойы жұмыс істеуге бағытталған демалыс базасындағы арқан жолының ұзындығы 2 500 метр, бугель жолының ұзындығы 350 метр. Кешен құрылымында Еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 70 орындық мейрамхана, шолу алаңы, қызмет орталығы, автотұрақ кіреді.

«Гамбург» ЖШС-гі, жоба құны 1 млрд. теңгені құрайтын 1200 бас мүйізді ірі қара малына арналған сүт тауарлы фермасының құрылысын жүргізуге екінші денгейлі банктер тарапынан 160,0 млн.теңгеге ұсынылып, «Гамбург» ЖШС-гі сұратылған қаражаттың жеткіліксіз болуына байланысты кәсіпорын жобаны өз қаражатымен жүзеге асыруда.

Берікқара шатқалындағы«Тау самалы» туристік комплексінің құрылысы, жоба құны 800,0 млн.теңге іске қосылу уақыты 2020 жыл соңына дейін біту керек болатын, індетке байланысты жұмысы тоқтап тұр, газ кіргізу мәселесі шешілсе жоба жалғасын табады.

«Көк сай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы, жоба құны 5 200,0 млн.теңге, толықтай аяқталу уақыты 2021 жыл. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 600 млн.теңгеге инфрақұрылым жүргізу үшін құжаттары жинақталуда.

Үдемелі индустриалды-инновация бағдарламасы бойынша

Шақпақ ауылдық округіне қарасты, Амансай бөлімшесіндегі таулы аймақтан әк тасты жыныс, долмит және минералды ұнтақтар шығаратын өндіріс орны ашылады деп күтілуде. Жоба іске асқан жағдайда 2021 жылы ауданға 72,0 млн.теңге салық төленеді. Келесі 5 жылдықта 130 млн.теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін тиісті құжаттары ұсынылуда.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру: Ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында осы ұйымдар барлығы 3 491 адамға 2 661,3 млн. теңгеге несие таратты.                       (2019 жылдың осы мерзімінде 4 501 адамға 2 628,9 млн. теңге, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда адам саны да, берілген қаражаттың сомасы да артқан).

  «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшері субсидияланатын несие алу бағытында нақты 6 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып, пайыздық мөлшері субсидияланатын барлығы 270,0 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейту бағытында 2 жоба қолдау тапты. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ауданнан 44 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жеке кәсіпкер мемлекеттік грантты жеңіп алды. Олар: ЖК «Бектурганов» және ЖК «Ахмадбекова А.Ж». Жалпы 8 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында  несие алу мақсатында жалпы сомасы 514,8 млн.теңгені құрайтын нақты 22 жобамен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 20 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келісімдері жасалып, жалпы құны 409,8 млн.теңгені құрайтын несиеге толық қол жеткізілді. Қалған 2 жоба бойынша ЖК «Малибекова» 65,0 млн.теңгеге және «СМТС» ЖШС 40 млн.теңгеге несиелендіру құжаттары екінші деңгейлі банктердің қарауында.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» аясында  білім бөліміне қарасты 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылы Пахомов атындағы орта мектебіне жапсарлас спорт зал құрылысы салынды.

2021 жылға 3 мектепке ЖСҚ дайындалып облыстық бюджеттік өтінім берілді.

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталып, 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Б.Момышұлы ауылындағы орталық мәдениет үйіне жапсарлас құрылысының жобасы, Қайрат ауылында 180 орындық мәдениет үйінің жобасы, Көлбастау ауылының 180 орындық мәдениет үйінің жобасының бастапқы құжатамалары сараптамаға ұсынылды, сараптама қарауында.

Б.Момышұлы ауылында 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы                    «Даму бағдарламасы» аясында қаржы қаралып, биыл құрылыс жұмыстары басталады.

ИЖС бойынша:

Қосбөлтек, Теріс, Б. Момышұлы, Қайрат, Нұрлыкент ауылдарына инженерлік инфрақұрылым (сумен қамтамасыз ету) құрылысын салу нысанының жоба-сметалық құжаттамалары сараптама қорытындысы алынып бюджеттік өтінім берілді.

Теріс, Нұрлыкент, Қайрат, Қосбөлтек, Б.Момышұлы ауылдарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту газ жүйесі бойынша жобалау жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауында.

Ауыз су жүйесі:

Қоңыртөбе, Рысбек батыр, Кәріқорған-Тасбастау, Жаңаталап-Ақтоған,  Бәйтерек ауылдарының бастапқы құжаттарына сараптама жүргізілуде.

Бас жоспар (Егжей – тегжейлі жоспарлау ПДП) әзірлеу

Қарасаз, Қайрат, Көлбастау ауылдарының бас жоспарына түзету енгізе отырып, қызыл сызықты нақтылап, жаңа алқап жер телімдеріне жобалау-егжей-тегжейлі жоспарлары әзірлеу үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Б. Момышұлы ауылдарының қазіргі бас жоспарына түзету енгізе отырып, қызыл сызықты нақтылап, жаңа алқап жер телімдеріне жобалау-егжей-тегжейлі жоспар әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Б.Момышұлы ауылының кезекшілік жоспарын, ақпараттық ресурстарын жинақтау және өндеу (жер асты және жер үсті коммуникацияларын елді мекендерде 1:500 масштабты кадастырлық жоспарды құрастыру мен түгендеу) жұмыстары аяқталды.

«Қызыл сызық» нормасын бұзып салынғандар бойынша:

Ауданда жыл басынан бастап «қызыл сызық» нормасын бұзып салынған 6 нысан анықталды. Олар 5 жеңіл үлгідегі дүңгершек және 1 дүкен ғимаратына кіретін қалқанша. Қазіргі таңда жеңіл үлгідегі 5 дүңгершек алынып, ал дүкенің қалқаншасын алу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандар құрылыс нормаларына сәйкес заңдастыруға жатпайтын нысан ретінде танылғандықтан ескерту берілді.

Жер телімдерінің сызбаларының орындалуы:

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айының аралығанда кезегі жоқ елді мекендердің ішінен ауылдық округ әкімінің шешімімен 28 жер телімі берілген.

Б.Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабынан жер телімін алуға кезекте тұрған 170 азаматтың жер телімдерінің басты сызбалары бекітіліп, олардың орналасу сызбаларын беру жұмыстары жүргізілуде.

«Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі» бойынша «Жуалы-Су» МКК арқылы 2020 жылға 223295,0 мың теңге қаржы қарастырылған.

Б.Момышұлы ауылы тұрғындарының қосалқы шаруашылығына суармалы су жеткізу құбырларын жүргізу жұмыстарына – 85768,4 мың теңге бөлініп, жұмыс толықтай атқарылды.

Көкбастау ауылдық округіндегі Көктөбе ауылының А.Иманалыұлы, Жамбыл және Бейсен ата көшелерінде орталық ауыз су жүйесінде ағымды жөндеу жұмыстарына – 12031,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар толықтай атқарылды.

Ақсай ауылдық округінің Дихан ауылындағы су ұңғымасын техникалық шартқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарына – 1696,2 мың теңге қаражатқа, Күреңбел ауылдық округінің Күреңбел ауылындағы су ұңғымасын техникалық шартқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарына – 879,7 мың теңге қаражатқа жұмыстар атқарылған.

Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылындағы су ұңғымасын техникалық шартқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету, су сорғысын қою жұмыстарына – 870,6 мың теңге қаржы бөлініп жұмыс жүргізілген.

Б.Момышұлы ауылы Латикант көшесіндегі қосқабатты үйді орталық ауыз су жүйесіне қосу жұмыстарына – 315,3 мың тг.

Билікөл ауылдық округі  Қарабастау ауылында ауыз су жүйесінен су құбырын тарту жұмыстарына – 9220,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар атқарылса, Б.Момышұлы ауылында орталық қазандықтағы ағымды жөндеу жұмыстарына – 3540,6 мың теңге, Б.Момышұлы ауылы Д. Қонаев көшесінде орталық кәріз су жүйесінде құбыр тарту жұмыстарына – 500,0 мың теңге қарастырылып жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар мекеме жұмысшыларының пайдалануына 5980,0 мың теңгеге УАЗ автокөлігі сатып алынған.

          Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 30593,0  мың теңге мың теңге қарастырылып толық игерілді. Аудандық мәндегі автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын ағымды жөндеу, өртке қарсы шаралары жұмыстарына 29080,0 мың теңге  қарастырылған. 500,0 мың теңге Ұлттық сапа орталығына. Аудандық мәндегі 3 автомобиль жолынын сараптамасына  1013,0 мың теңге.

«Елді мекендері абаттандыру және көгалдандыру» бойынша 97895,0 мың теңге жоспарланған, жоспар бойынша игерілуі  97895,0 мың теңге. Б.Момышұлы ауылы Д.Қонаев көшесі бойындағы орталық саябақты орта жөндеу жұмыстары аяқталып, аудан белсенді тобы мен еңбек ардагерлерінің қатысуымен саябақты ашу салтанатты түрде жүргізілді.

«Елді мекендердегі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз  ету» бағдарламасы бойынша 2020 жылға қаралған қаржы 5330,0 мың теңге қаралған, жоспар бойынша игерілгені 5330 ,0 мың теңге. Оның ішінде 500,0 мың теңге бағдаршамды ағымды жөндеу жұмыстарына бейнебақылауды күтіп ұстауға 1700,0 мың теңге, 720,0 мың теңге Аренда (АМС), электр жарығына 766,0 мың теңге, 1644,0  мың теңгеге  жол белгілерін орнату және жаңарту жұмыстары атқарылды.

«Жылу жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету» бойынша жоспар 8000,0 мың теңге, игерілуі 8000,0 мың теңге әкімшілік ғимаратының жылуына (газға) және операторлардың жұмысына, пешті ауыстыруға  жұмсалды.

          «Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» бойынша Аудандық мәндегі «Дихан ауылына кіре-беріс»-1,606 шқ автомобиль жолын орта жөндеуге қаралған қаржы сомасы- 27877,0 мың теңге және аудандық мәндегі «Нұрлыкент-Теріс» – 1,04 шқ автомобиль жолын орта жөндеу жұмысына қаралған  қаржы сомасы  18302,9 мың теңге. Жұмыстар толық аяқталды.

 «Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасына сәйкес                        2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 614367,0 мың теңге болатын 7 елді мекенге: Тасбастау, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Кәріқорған, Қоңыртөбе, Күреңбел ауылдарына ұзындығы 50,89 шақырым болатын табиғи  газ тарту жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге аталған ауылдардың кварталішілік газ тарату жұмыстары аяқталды. Нысан толығымен пайдалануға берілген кезде, аудан көлемінде 38 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 77,55 пайызды құрайды, ал халық санына шаққанда, 47 084 адам, 89,56 пайызды құрайтын болады.  Қалған  11 елді мекен, оның ішінде: Қаратас, Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарына газ тарту трассасы тартылуда. Бүгінгі күнге 553 330 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алды. Облыстық басқармаға 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге: Қарабастау, Жылыбұлақ, Дарбаза, Әбдіқадыр ауылдарын газдандыруға облыстық бюджеттен 18 600 мың теңге бөлініп, «Билікөл АГРС»-не ЖСҚ дайындалды. Облыстық басқарма тарапынан 2021 жылдың бюджетіне өтінім берілді.

«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бойынша бес ауылға Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауыз су құрылысына 1 218 391,0  мың теңге қаржы қаралған.   Қошқарата ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша 390735,2 мың теңге, Көлтоған ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша 564182,8 мың теңге, Ертай ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша 345112,8  мың теңге, Шақпақата ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша 772 651,4 мың теңге, Т.Дүйсебайұлы ауылы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу бойынша 345112,8  мың теңге қаралған. Бес жоба 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар «2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 1 345 907 мың теңге қаржы көлемінде 7 жоба бойынша 10 елді мекенге 100,62 шақырым (оның ішінде трасса-53,58 шқ, ауылішілік-47,04) болатын ауыз су құрылысы жұмыстары аяқталып, бүгінгі күнге кезең кезеңімен пайдалануға берілуде. Атап айтқанда: Теріс, Ақбастау, Шынбұлақ-Майбұлақ-Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым-Теріс-Ащыбұлақ, Ынтымақ елді мекендері. Жұмыстар толық аяқталды. Нысандар пайдалануға берілген кезде аталған елді-мекендер бойынша 840 аула, 4592 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы 2020 жылдың қорытындысымен аудан көлемінде 25 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ол 51,02 пайызды құрайтын болады. Ал халық санына шаққанда ол 37973 адам, немесе 72,2 пайызды құрайды.

Ауданда 1 аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, аудан бойынша 21 мәдени ошақтар халыққа қызмет көрсетуде. Теріс және Шақпақата ауылынан мәдениет үйіне ғимарат сатып алынды. Қызыларық ауылындағы ескі мектептің ғимараты Қызыларық  ауылдық клубы болып мәдени демалыс орталығының теңгеріміне берілді.

2020-2021 оқу жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты қашықтықтан және штаттық режимде оқытылуда. 39 мектептің арасында бала саны – 11277. 30 мектепте бала санының аздығына байланысты санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып 5158 бала дәстүрлі түрде, қалған 9 орта мектепте қашықтықтан 6119 оқушы оқытылуда. Аталған 9 мектепте 1 – 4 сыныптардан 2512 оқушыға 190 кезекші топтар жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге жалпы оқушылардың 68%, яғни 767 бала штаттық режимде оқытылуда.

Қашықтықтан оқытылатын мектептердегі мүлдем компьютері немесе ноутбугы жоқ оқушыларға мектеп балансында тұрған 1716 компьютер таратылып берілді.

Аудандағы мектептер 100% телефон байланысымен қамтамасыз етіліп, кең арналы интернет желісіне қосылған. 95 интерактивті тақта, арнайы жабдықталған биология кабинеті – 20, химия кабинеті – 23, физика кабинеті – 27. Жалпы аудан бойынша 30 лингофонды-мультимедиялық кабинеттер бар. Оқыту кабинеті – 737 (100%) құрайды.

Білім беру мекемелері «Kundelik.kz» электронды журналына                     толық еңгізілген. 2020 жылы 70 дана компьютер, 100 ноутбук, 171 планшет, 169 моноблок алынып, мектептерге таратылды.

Бөлімге қарасты 71 білім беру мекемелерінің 33 – қазандықтар арқылы жылытылады, яғни 28 мектеп, 5 балабақша. Оның 48 нысан табиғи газбен                     23 нысан тас көмірді пайдаланады.

2020-2021 оқу жылында білім мекемелерін жылыту мақсатында                  2365 тонна қатты отын алынған.

2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 16963 адамды құрады немесе жалпы халықтан 32,0%. Соның ішінде, аудан бойынша жалпы 7-18 жас аралығындағы балалардың 17,6 % құрап отыр.

2020 жылы спорт нысандарының саны 12-ге артып, 134-ке жетіп отыр. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 12 үлкен футбол алаңдары, 81 шағын алаңшалар, 39 спорттық залдары.

2020 жылы Жаңаталап, Ақбастау, Ертай, Ақтөбе ауылдарынан «Street Workout» алаңшалары, Теріс ауылынан волейбол алаңшасы, Ертай ауылындағы футбол алаңшасына 1 жасанды төсеніш төселсе, Т.Дүйсебайұлы ауылынан 1 футбол алаңшасы салынды. Қ. Қошмамбетов және Д.Пахомов орта мектептеріне жапсарлас спорт зал, Талапты, Көлбастау, Ақтөбе, Қызыларық ауылдарындағы орта мектепте футбол алаңшалары іске қосылды. Күреңбел, Б.Момышұлы, Қызыларық ауылдарындағы футбол алаңшаларына реконструкция жасалып, жасанды төсеніштер төселінді.

Сонымен қатар, Б. Момышұлы ауылында Спорт кешенін салу, Кәріқорған, Қайрат ауылдарындағы спорт залдарын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бүгінгі күні сараптамадан өткізілді.

Аудан бойынша жалпы білім беру мекемелерінде 7 спорт түрі бойынша 135 үйірмелер жұмыс істеп, оларға 6516 оқушы қамтылған.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                    2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша төмендегі іс – шаралар жүзеге асырылды:

2020 жылы Бағдарламаның белсенді жұмыспен қамту шараларына   4265 адам тартылып, орындалуы – 114,7% құрады.

Оның ішінен; 3048 азамат жұмыспен қамтылды.

Тұрақты жұмыс орындарына – 1892 адам

Уақытша жұмыспен қамтылғандар – 1156 адам.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша, 123 қатысушылар аудандық №16 «Жуалы» колледжіне және Тараз қаласының колледждеріне оқуға жолданып, оқуларын аяқтаған соң тұрақты жұмыстармен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның 2-бағыты (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) Кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдірген 160 қатысушыға 598 млн тенге шағын несиелер берілді.

Грант алушы азаматтар есебінен 113 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды. Грант алушы 584 азаматтардың ішінде – салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде 56 адам тіркелген, қалған – 528 адам БЖТ төлеуде.

«Бастау – Бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 638 азаматқа жолдамалар беріліп, 350  адам оқуларын аяқтады.

Бағдарламаның 3-бағыты (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) шеңберінде уақытша жұмыстарға  жалпы 1156  адам жолдама алды.

Қоғамдық жұмыстарға 600 жұмыссыз адамды орналастыру жоспарланып, 618 адам жұмысқа орналастырылды. «Жастар практикасына» 325  жас маман жұмысқа жолданып, уақытша жұмыс мерзімдері аяқталған 325 жас маманның – 229 тұрақты жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарында уақытша жұмыс атқарған 213 жұмыссыз азаматтың жұмыс мерзімдері аяқталуына байланысты – 198-і тұрақты жұмыспен қамтылды. (орындалуы-93,0%);

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жалпы 38 инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуға жоспарланған, оларда жалпы 864 жұмыс орындарын ашу, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде                    431 жергілікті жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуы жоспарланған. (нысандарда жұмыстар аяқталған кезде тұрақты 65 жұмыс орны ашылуы болжамданды).  Нысандарға мемлекеттік бюджеттен жалпы 2 млрд 599 млн  297 мың теңге бөлінген.

Интеграциялық картаның жоспарына жалпы 856 жұмыс орындары енгізілген. Бүгінгі таңда 38 жобаларда жұмыстар жүргізіліп, жергілікті                 433 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар-431, орындалуы-101,4%). Барлық нысандарда жұмыстар аяқталды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

Аз қамтылған отбасылардан барлығы 5949 адамы бар 1111 отбасынан өтініштер қабылданды: шартсыз ақшалай көмекке 370 адамы бар 96 отбасы, шартты ақшалай көмекке  4271 адамы бар 760  отбасы.

Барлығы атаулы әлеуметтік көмекке 4641 адамы бар 856 отбасының өтініштері оң шешімін тапты; 255 отбасына АӘК тағайындаудан бас тартылды. (13 отбасы басқа облысқа немесе ауданға көшуіне байланысты, 8 отбасы өз өтінішімен, 15 отбасы учаскелік комиссияның шешімімен, 1 отбасы өтініш берушінің қайтыс болуына байланысты, 218 отбасының жиынтық табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмектен бас тартылды)

Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде еңбекке қабілетті                  447 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылды: тұрақты және маусымдық жұмысқа орналастырылған – 217 адам, қоғамдық жұмыстарға – 37 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 12 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 4, грант – 176 адам, Жастар практикасына – 1 адам тартылды.

Аудан бюджетінің кірісі Аудан  бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғары бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары 16 457 200,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 16 646 066,7 мың теңгені құрады. Орындалуы 101,1 %.

Салық және бюджет аудандық жергілікті бюджет түсімдері бойынша есепті мерзімге салықтық түсімдер бойынша 1 538 054,0 мың теңге жоспардан, нақты түскені 1 726 920,7 мың теңге 112,2% орындалды.

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 17 711 872,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 17 708 534,3 мың теңге, игерілмеген қаржы соммасы  3 337,7 мың теңге немесе атқарылуы 100,0 % – ды құрады.

Құқықтық тәртіп

Аудан аумағында 149 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген (өткен жылы 192 немесе 43 қылмысқа азайған), оның 26 (79) ашылмаған, ашылуы 80,0% (60,2%) құрайды, өндіріспен 122 (121) іс аяқталды.

Облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 2,6% аудан үлесіне тиесілі (облыс көлемінде 5684 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген).

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 56 жол көлік оқиғасы тіркеліп (2019ж-59), онда 15 (2019ж-18) адам қайтыс болған және                            112 (2019ж-127) адам түрлі дене жарақатын алған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында, 2020 жылға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит 22 маманға, біржолғы көтерме жәрдемақы 50 маманға берілді.