Аудан әкімінің тезистері

 

Жуалы ауданы әкімінің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сүт бағытында 563,9 млн. теңгеге 1793 бас МІҚ малы сатып алынып, ет бағытында 536,1 млн. теңгеге 1531 бас МІҚ малы сатып алынып,  eсепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімнің (қызмет) жалпы шығарымы (малшарушылығы өнімі) 22 млрд. 500 млн. теңгені құрады, (2016 ж.                 20 млрд. 986,0 млн. 900,0 мың теңгені құрады) немесе нақты көлем индексі 104,2 пайызға орындалды (2016 ж. 103,3 пайызға орыналды).                   

2017 жылдың өнімі үшін барлығы 12000 гектар күздік бидай (2016 ж.-12030 гектар), 21260 гектар арпа (2016 ж. 21168 гектар), 130 гектар жаздық бидай (2016 ж. 272 гектар), 21926 гектар майлы дақыл (2016 ж. 22037 гектар), 2200 гектар картоп (2016 ж. 2150 гектар), 610 гектар көкөніс (2016 ж. 639 гектар), 170 гектар қант қызылшасы (2016 ж.                    10 гектар), 10 гектар бақша  (2016 ж. 10 гектар) егіліп, астық ору науқаны бойынша барлығы 33390 гектар толығымен орылып, орташа өнімділігі 23,1 ц/га, 77 130 тонна өнім жиналды.

2018 жылдың өнімі үшін 64 212 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу жоспарланған. Оның ішінде: масақты дәнді дақылдар 34 023  гектар (оның ішінде күздік бидай 11 400 гектар, жаздық арпа 22 323 гектар, жүгері 300 гектар), 640 гектар көкөніс,             10 гектар бақша, 23 592 гектар майлы дақылдар (оның ішінде 1300 гектар күнбағыс, 22 112 гектар мақсары 180 гектар қытай бұршағы), 2480 гектар картоп, 200 гектар қант қызылшасы және 3267 гектар мал азығы. 

2017 жылы жеңілдетілген бағамен әр литрін 125-127 теңгеден барлығы 3898 тонна дизель отыны  шаруа қожалықтарына таратылып, қамтамасыз етілді.

Мал шаруашылығы. 2018 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара             38 728 бас (2016 ж. 38 598 бас), қой-ешкі 170 078 бас (2016 ж.               169 845 бас), жылқы 8 780 бас (2016 ж. 8 273 бас), шошқа 771 бас                (2016 ж. 765 бас), құстар 75 351 бас (2016 ж. 72 754 бас). Мал басы              2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара                             0,3 пайызға, қой мен ешкі 0,1 пайызға, жылқы 6,1 пайызға, құстар                     3,6 пайызға, шошқа 0,8 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша 2017 жылы ет өндіру тірі салмақпен 12,6 мың тн. (2016 ж. 12,6 мың тн.), сүт өндіру 39,9 мың тн. (2016 ж. 38,2 мың тн.), жұмыртқа 7 504,3 мың дана (2016 ж. 7 308,5 мың дана), жүн 342,7 тн. (2016 ж. 340,7 тн.) өнім алып, 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сүт өнімі 4,5 пайызға, жұмыртқа 2,7 пайызға, жүн 0,6 пайызға артты.

  Мал азығын дайындау бойынша көп жылдық екпелері толығымен орылып,  130 500 тонна пішен, 6500 тонна пішендеме және 6000 тонна сүрлем дайындалып,  мал қыстақтарына жеткізілді.

  Сыбаға бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалық 38,2 млн. теңгеге 200 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды.

Құлан бағдарламасы бойынша 2017 жылға 2 шаруа қожалық 12,8 млн. теңгеге 49 бас жылқы малын сатып алды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 6,5 млн. теңгеге 385 бас қой малын сатып алды.

2017 жылы ауданның аграрлық өндіріс секторында түбегейлі құрылымдық өзгерту жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында қосалқы және шағын шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру, тиісті инфрақұрылымы бар өнімдерді қайта өндеуді арттыру жұмыстары алға қойылып, соның негізінде ауыл-аймақтардың өндіріске бейімділігі ескеріліп, бірнеше кластерлік бағыттар анықталды.

«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы «50 ауыл» концепсиясын жүзеге асыру аясында ауданда сүт бағытында                             4 кооператив, ет бағытында 6 кооператив және басқа да 4 кооператив, барлығы 14 кооператив  құрылды.

Сүт кластері бойынша 15 шаруа қожалығы бірігіп, «Жуалы Алатау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Көкөніс және мал шаруашылығы кластері бойынша құрамында 24 шаруашылығы бар «Нұрлыкент» өндірістік кооперативі құрылды. Тұқым шаруашылығы кластері бойынша құрамында 4 шаруа қожалығы бар «СелСемЦентр» АШӨК құрылды.    Сүт бағытында, Аксай-2016, Мыңбұлақ-2017, Қарасаз-2017 кооперативтері 3 дана модульді сүт қабылдау пунктін  және  «Жуалы сүт» кооперативі 1 дана сүт таситын автомашина және 1 танкер қойып, жоспарлы жұмыстар толығымен орындалды.

Ет бағытында «Нұрлыкент» және «Атамекен бастау» кооперативтері 2 дана жаңа мал сою пунктін алу үшін Алматы қаласымен келісім шартқа отырып,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» өтінімдерін өткізді.

Техника: 2017 жылы «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы және өз қаражаттарына 19 жаңа МТЗ тракторлары және 7 ауыл шаруашылығы тіркемелері сатып алынды.  «Агроордахан» АШӨК-ві 1 дана «ЛИДА-1300» комбайнын «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы және «Гамбург» ЖШС              2 дана Палесье комбайнын сатып алды. Қаржы көлемі барлығы                    280,4 млн. теңгені құрады.

Субсидия: Аудан шаруашылықтары тарапынан биылғы жылы сатып алынған  287 бас асыл тұқымды МІҚ малына 44,3 млн. теңге, 2783 бас асыл тұқымды қойға  33,6 млн. теңге, 202 бас жылқыға  10,4 млн. теңге, 2468 тонна сүтке 57,6 млн. теңге, ет бойынша 1318 бас қойға 1 млн. 977 мың теңге, селекцияға 7716 бас МІҚ малына – 118 млн.тг, селекцияға 44 811 бас қойға 72,9 млн. тг, мал шаруашылығы бойынша барлығы 339,898 млн. (239 млн.) теңге субсидия төленді.

Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша басым дақылдарға 136,2 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия 20,379 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша барлығы 156,5 млн. теңге субсидия төленді. Барлығы төленген субсидия 495 млн. теңгені құрайды.

Өнеркәсіп: Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар               2017 жылы 6 349,4 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2016 ж. 5 331,6 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 106,4 пайызды құрады.

Есепті мерзімге аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес                     4345 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 307 шағын кәсіпорындар, 1424 жеке кәсіпкерлер, 2600 шаруа қожалықтар тіркелген. Осы кәсіпкерлік – шаруашылық субъектілерінде барлығы 9137 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 200 адам орта кәсіпорындарда, 622 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1867 адам, шаруа қожалықтарында 6448 адам  жұмыс жасайды.                   2017 жылы кәсіпкерлік саласы бойынша 5 млрд. 714 млн. 300 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып, бюджетке 123 млн. 386 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 3 932-ы, немесе 90,5 пайызы жұмыс істеуде.

Аудан бойынша 2017 жылы 1 980,5 млн. теңгенің (2016 ж. 1 769,9 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,1 пайызға артып отыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру:

Ауданда 4 микрокредиттік ұйымдар  жеке кәсіпкерлерге несие тарату қызметімен айналысады, 2017 жылы осы ұйымдар барлығы               3968 адамға 1 млрд. 835 млн. 469 мың теңге несие таратты,                        (2016 ж. 3560 адамға 1 млрд. 164 млн. 568 мың теңге.) оның ішінде:

«KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуалы ауданындағы бөлімшесімен  3153  адамға 1 млрд 534 млн. 129 мың  теңге несие берілді.

«Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-мен  15  адамға 77 млн. 570 мың теңге несие берілді.

«Азия несие қоры» ЖШС 800 адамға  223 млн. 770 мың  теңге көлемінде несие таратты.

  Құрылыс: Сметалық құны 488 035,0 мың теңгені құрайтын Қызыларық ауылындағы 150 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізуге 2017 жылы 288 035,0 мың теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңге нысан бойынша 283 567,0 мың теңге қаржы игеріліп, нысан өтпелі болғандықтан 2018 жылға 198,8 млн. теңге қарастырылып, 2018 жылдың шілде айында қабылдау күтілуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Нұрлыкент ауылындағы                            30 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына 105 979,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Қарасаз ауылындағы 30 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына 109 000 мың теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Б.Момышұлы ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ТБО) полигоны құрылысына 177 000,0 мың теңге бөлініп құрылыс – монтаж жұмыстары сәуір айында басталып, қыркүйек айында                                     пайдалануға қабылданды.

Б.Момышұлы ауылындағы аудандық сот ғимараты құрылысы сметалық құны – 288 365,0 мың теңге, Жамбыл облыстық сотының тапсырыс беруімен «Мелиоратор» ЖШС арқылы құрылыс – монтаж жұмыстары сәуір айында басталып, 25 желтоқсанында пайдалануға қабылданды.

2017 жылы құрылыс жұмыстары көлемі 2 млрд. 724 млн. 662,0 мың теңгені құрап, (2016 ж. 2 066,8 млн.теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,0 % пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2017 жылы 16 021,3 млн. теңгені құрады (2016 ж. 3 795,1 млн. теңге), 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 494,8 пайызға  орындалды.

 «Бурное Солар» күн электр стансасы аумағында 2017 жылы құрылысы жұмыстарының басталуы мен жаңа заманауи технология құрылғыларын алуы негізінде. Сонымен қатар, Билікөл ауылдық округі аумағындағы «Тау самалы» мен «Берікқара» демалыс-сауықтыру орындарындағы құрылыс жұмыстарының жүргізілуі артық көлемге қол жеткізуі және су шаруашылығы бойынша су каналдарын жөндеу жұмыстары негізінде негізгі капиталдағы инвестиция көрсеткіштері артып отыр.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2017 жылы жалпы алаңы – 8 865 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49,7  пайызға орындалып отыр.

«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 2017-2018 жылдары тағы да бір қуаттылығы 50 МгВ-ты құрайтын «Burnoe Solar-2»  күн  электр станциясының құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жоба құны 25,0 млрд теңгені құрайды. Аталған жобаның инвесторы «United Green» (Ұлыбритания) компаниясы, ал қаржыландыру көзі «Самрұқ-Қазына» және Еуропа қайта құру және даму банкі.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауылдық округтерінен келіп түскен 23 ұсыныс (жобалар) сараланып, соның ішінде 12 жобамен жұмыс жүргізілуде. 11 кәсіпкер («Альфа» ШҚ, «Сахад» ЖШС, «Агроазықтүлікнанменжабдықтау» ЖШС, «Мешелова З.» ЖК, «Тлебай-Баба» ЖШС, «Сейдалиева Н.» ЖК, «Сарафинов О.Р.» ЖК, «Д.Рахманкулов» ЖК, «Гамбург» ЖШС, «Сыдық» ШҚ және ЖК «Копбаев Б.») нәтижелі жұмыстар атқарып, аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, екінші деңгейлі банктерден несие алып, кәсіптерін дамытуға қол жеткізіп отыр.

  Жол: 2017 жылға аудандық маңызы бар және ауыл ішілік автомобиль жолдарын орта және ағымдағы жөндеуден өткізуге барлығы 256 900,1 мың теңге қаралып, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

Облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына барлығы 49 223,0 мың теңге қаржы қарастырылып, қаражат толығымен игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жақсы және қанағаттандырылық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесі 78,0 пайызды құрайды.

Адандағы қыс мезгілінің қатаңдығын ескеріп, биылғы жылы 102 млн. 364 мың теңгеге 4 дана МТЗ тракторларын, 1 дана Камаз, 2 дана «жүк тиегіш» көліктері алынды.

 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға  дейінгі» бағдарламысының шеңберінде Жуалы ауданының елді мекендерінің инфрақұрылымдық кешенін жаңғырту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерге 41 603,0 мың теңгеге барлығы 25 жоба бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды.                          

 

Білім: 2017-2018 оқу жылында 38 жалпы орта және 2 мектеп-гимназияда 11 018 бала білім алуда.                                                                                

2017-2018 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін                         40 мектептің барлығы компьютендірілген. Компьютерлердің саны                 1222 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 9 оқушыдан келеді.

40 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны-39 мектеп (98%). 13 мектептің (30,9%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Аудан мектептерінде барлығы 74 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинетті –20, химия кабинетті –19, физика кабинеті–25. Жалпы аудан бойынша 40 лингофонды-мультимедиялық кабинет бар. 21 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған.

2017 жылы-оқулыққа аудандық бюджетінен 89588,0 мың теңге қаржы қарастырылып, оқулықтар білім беру мекемелеріне толығымен жеткізіліп берілді.

2017 жылы Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілді. (9800,0 мың теңге)

– Бақалы бастауыш мектебінің есік терезелері мен қабырғаларын қырып сылап жөндеу жұмыстары жүргізді.  (3000,0 мың теңге)

–  А.Герцен атындағы орта мектебінің спорт залының еденін жөндеуден өтті. (5500,0 мың теңге)

– А.Пушкин атындағы орта мектебінің асбестті шатырын темір жабындыға ауыстырылды. (7011,1 мың теңге)

Оқушылардың білім сапасы да артып, жалпы аудан бойынша тестілеудің орташа балы 90,1 пайызды құрап, облыс көлемінде жоғарғы көрсеткішке қол жеткіздік.

 

Оқушыларды тасымалдау және ыстық тамақпен

қамтамасыз ету жұмыстары.

Ауданның 17 елді мекеннен 530 оқушы 9 орта мектепке тасымалданып оқытылуда. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен тасымал ауыл әкімдеріне берілген.

Жалпы асхана саны 40, ол 100 пайызды құрайды. 2017 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2207 балаға 129220,0 мың теңге қаржы қаралды, 12 айда игерілгені 100 пайыз игерілді. 1 балаға 450 теңге көлемінде тамақ берілді.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Ауданда 28 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде                       26 балабақшада – 2075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында – 50 бала, «Еркемай», «Балбөбек» жекеменшік балабақшасында – 90 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 53%, 3-6 жас аралығында – 92,3% құрап отыр. 1-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі облыстық көрсеткіштен – 5,9% төмен, 3-6 жас аралығында –9,3% жоғары. 0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 1200.

Денсаулық сақтау

2017 жылы ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі                                        6 жағдай орын алды (2016 ж. – 2 жағдай). /Септисемия, өкпе ателектазы, апластикалық анемия, ішек инвагинациясы ауруларынан және мерзіміне жетпей туылуынан/ Туберкулезбен науқастанғандар саны 21 адам (2016 ж.-22), 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш                        40,4 пайыз.  (2016 ж.-43,9 пайыз), немесе 3,5  пайызға кеміп отыр.

231619,5 мың теңгеге соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар алынды.

                                                 

Спорт: Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі (51 438 тұрғынның 14 658-ін) 28,5 пайызды құрады (2016 жылы 26,0%).

Қысқы спорт түрлері біздің климатқа аса қолайлы екенін баршаңыз білесіздер. Осы мақсатта, биыл мектептерге жалпы сомасы 2,2 млн. тенгеге 150 шаңғы, 125 коньки алынды. Алдағы жылы тағы да 3,0 млн теңге қарастырып отырмыз.

Аудан тумасы Әбілхан Аманқұл бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, сондай-ақ 2018 жылы ауданымызда бокс мектебі ашылды.

Салық және бюджет.

Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 1 926 021,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 1 963 875,0 мың теңге,  немесе 102,0 пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 204 658,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 230 291,0 мың теңге немесе орындалуы                   102,1 пайыз. 2016 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 445 839,4 мың теңге артық түсіп отыр (784 451,6 мың теңге) немесе орындалуы                  156,8 пайыз.

Аудан бюджетінің кірісі

Аудан  бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғары бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары  8 615 296,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 8 640 929,0 мың теңгені құрады.  Орындалуы 100,3%.

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 8 822 714,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 8 821 447,9  мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 1 266,1 мың теңге немесе атқарылуы                100,0% құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа қоныстанды. Он жылдан астам тар, ыңғайсыз үй-жайда жұмыс істеп келген орталық жұмысын кең, жайлы ғимаратта бастап отыр.

Аудан бойынша 2017 жылы статистикалық сараптамасына сәйкес жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайыз болып, жалпы жұмыссыздар саны                            – 750 адамды құрады.

Есепті мерзімге жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны                        293 ададмды құрады (2016 жылдың 12 айында ресми тіркеуде – 55).

2017 жылы өтініш білдерген 2869 азаматтардың ішінен жұмыспен қамту шараларына 2279 адам орналасты,  немесе 79,4 пайызды құрады.

Нақты айтар болсақ: тұрақты жұмыс орындарына 1585, қоғамдық жұмыстарға 295 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына                              195 жұмыссыздар, жастар практикасына 204 жастар және қысқа мерзімді оқуға 483 азаматтар, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жолданғандар  36 адам, бизнес бастау кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына 182 және несие алғандар 76 азаматты құрады.

2017 жылға мүмкіндігі шектеулі 47 азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 50 мүгедектер жұмыспен қамту шараларына тартылды.

2017 жылы аудан бойынша кедейшілік деңгейінен төмен тұратын отбасылардың үлесі 0,2 пайызды құрады. 2017 жылы азқамтылған отбасылар саны 103 адамы бар 23 жанұя болып қалыптасты.

Қылмыс пен құқық бұзушылық профилактикасы және жол көлік оқиғаларының жай-күйі.

Ауданда «Қауіпсіз Жуалы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша  2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, тұжырымдамасы  бекітілді. Алдағы жылдары тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Ауданда жалпы  – 282 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе (2016 ж.- 364 деректі құраған)  яғни 22,5 пайызға кеміген, олардың 155 дерегі ашылып,  ашылу көрсеткіші 50,0 пайызды құрады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 42,4 пайыз болған, яғни  ашылу көрсеткіші 7,6 пайызға көтерілді.  Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 18 дерек (2016 ж. – қылмыстың бұл санаты 25 дерек болған, яғни 28,0  пайызға кеміген), 16 қылмыстың беті  ашылып 76,2  пайызды құрады.  2016 жылы 13 қылмыс ашылып ашылуы 54,2 пайызды құраған. Аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылу денгейі 2016 жылмен салыстырғанда 22,0 пайызға жақсарған.

2017 жылдың 12 айында жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтау барысында – 631 хаттама  толтырылды (2016ж. – 587), оның ішінде 23 жүргізуші көлікті спирттік ішімдік күйде жүргізгені үшін ұсталған                  (2016 ж. – 59).

2017 жылдың есеп беру мерзімінде барлығы 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2016 ж. – 37, тіркелген жол-көлік оқиғалары  4,05 пайызға өсті).

Жол көлік оқиғалары салдарынан 98 адам (2016ж. – 71) әр-түрлі дене жарақаттарын алған, яғни 27 адамға өскен). 2017 жылы 4 адам қаза болса, 2016 жылы 12 адам қаза болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылы                           18 қарашада қабылданып жəне 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа заңда қаралған. Осы заңға сай қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау талаптары, өз қызметінде жеке мүдделер қақтығысына жол бермеу жағы да қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексі жəне Əдеп жөнiндегi уəкiл туралы ереже бекітілді. Əдеп кодексі əр түрлі жағдайлардағы мінез-құлық барысын, яғни жұмыс кезін де əріптестерімен, қарамағындағылармен, басшылықпен қарым-қатынасты орнату, жұмыстан бос уақыттардағы мінез-құлқын анықтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

2017 жылы 3 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар орын алған. (2016 ж.-7 тұлға).

 

Аудан әкімінің есебі

2017 жылдың 1-12 ақпан арылығында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің аудан тұрғындары алдында 2016 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017-2021 жылдарға арналған болжамы туралы есепті кездесуде барлығы                        4731 адам қатысты. 117 ұсыныс-өтініштер айтылып, олардың басым көпшілігіне есеп беру кезінде түсініктеме берілді.

Аудан әкімдігінің қаулысымен келелі 21 мәселе аудан әкімінің іс-шара жоспарына енгізілді.

Іс-шара жоспарының орындалуы туралы, тоқсан сайын жергілікті газетке және аудан әкімінің ресми сайтына жарияланып тұрды.               Іс-шараның 20-сы орындалды, 1 іс-шара Қызыларық орта мектебінің құрлысы өтпелі болғандықтан 2018 жылы орындалатын болады.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы – басты бағыты еліміздің әлемдегі аса дамыған  30 елдің қатарына жедел енуі болып табылады.

Ауданға мемлекеттік қызмет көрсету барысында біздің басты                   мақсат – елімізді дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар мен Елбасы ұсынған «10 негізгі міндетті» жүзеге асыру, рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шараларды жүргізу.

Мемлекетіміздің заман ағымына сай қарқынды дамуына негізделген  стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар ел игілігі жолында жүйелі іске асырылып келеді.

Еліміздің бағындырар  асуы – дамыған отыз елдің қатарына қосылу.

Осынау биік белеске қол жеткізу мақсатында Елбасы ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын, 5 институционалдық  реформаны іске асырудың «100 қадамы» – Ұлт жоспарын айқындап берді.

Таяуда ғана Қазақстан Азия тобы мемлекеттерінің атынан біріккен ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайланды және сонымен қатар алдағы жылы осы кеңеске басшылық ететін болады.

Халықаралық «Ехро-2017» көрмесінің  Астана қаласында өткізілуі де республика халқының тарихи жеңісіне айналды. Еліміздің дүниежүзілік қоғамдастық алдындағы беделін асқақтатқан бұл халықаралық көрмені 4700-ден астам жерлестеріміз тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Олардың қатарында аудан бюджетінен 620 оқушы мен 60 ардагерлер де қатысып, ерекше әсерде қайтты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады.

Бағдарламада халықтың тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмей келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріне сүйеніп, оны алдағы өркендеудің берік діңі етіп алу қажеттігін атап көрсетті.

Бағдарламалық мақаланы аудан аумағында ілгерілету мақсатында 360 іс-шара өткізілді. Осы іс-шараларға 18000-нан  астам адам қамтылды.

Іс-шараларға үкіметтік емес ұйымдары, этномәдени бірлестігінің өкілдері, ардагерлер, жастар белсенді қатысуда.

Ш. Мұртазаның 85 жылдығына орай облыстық конференция ұйымдастырылды. Конференцияда Жуалы ауданы әкімдігінің демеушілігімен «Егемен Қазақстан» кітапханасының сериясы бойынша Шерағаңның «Намыс найзағайы» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Аталған кітапқа Шерағаңның 1990 жылдан 2009 жылға дейінгі жарық көрген жалпы саны 96 сұхбаттары, өзекжарды мақалалары, эсселері, ой толғаныстары, көркемсөздері мен әдеби-көркем дүниелері енгізілді. Аталған кітаптың 150 данасын ауданымыздың барлық кітапханаларына таратып бердік. Cондай-ақ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне, «Шерхантану» орталығына, облыстық кітапханаға сыйға берілді.

Аудан прокуратурасымен бірлесіп, аудан көркемөнерпаздарының төл туындысы «Берекең кетсе…» атты жат ағымға бет бұрған кейіпкер туралы спектакль облысымыздың барлық аудандарының халқына көрсетіліп, облыс көрермендері көздеріне еріксіз жас алған кездер де болды.

«Болашақ – білімді жастар қолында». Өз болашағын ойлаған әрбір мемлекет жастардың сапалы білімі мен тәрбиесіне мән беріп, талантты ұрпақтарын қолдап отырады. Ауданымыздың «Хочу в Джамбул» КВН командасы облысымызда алғаш рет Республика чемпионы атанды. Чемпион атанып қана қоймай, Сочи қаласында өтетін халықаралық КВН фестиваліне жолдама алды.

«Туған жерге туыңды тік!» атты аудан кәсіпкерлері форумында азаматтарымыз жалпы сомасы 627,0 млн теңгені құрайтын инвестиция салуға уәде берді.

«100 жаңа есім» жобасы бойынша Республикалық онлайн дауыс беру нәтижесінде аудандағы «Бурное ірімшік зауыты» ЖШС директоры Ә.Пошқаев жеңімпаз 102 азаматтардың қатарынан табылып, Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен форумға қатысты.

Ауданда қайырымдылық жасайтын адамдарды бір орталыққа біріктіру мақсатында аудан орталығынан «Қайырымдылық дүкені» ашылып, жұмыс жасауда.

Биылғы жылы бағдарлама аясында Өлкетану мұражайы ашылды, аталған бағытқа 30,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

2018 жылы Өлкетану мұражайынан және Халыққа қызмет көрсету орталығынан цифрлық ақпараттық бұрыштар ашуға 5,0 млн. теңге қаралып отыр.

Алдағы уақытта осы бағытта ауданда бірнеше жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

 

Жуалы ауданы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2017-2021 жылдарға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы
 
       Ауыл шаруашылығы
2016 жылы дәнді және бұршақты дақылдар барлығы 33,5 мың га.                              (2015 жылы 31,4 га) жиналды (106,6%), орташа өнімділік 22,7 цн\га (17,3), жиналған өнім 75,9 мың тонна (57,3) құрады. Оның ішінде: 12,3 мың га. бидай, орташа өнімділік 23,2 цн\га (17,5), бидай өнімі 27,9 мың тонна (17,2). 21,2 мың гектар арпа, орташа өнімділік 22,4 цн\га, (17,1) жиналған өнім 48,0 мың тонна (39,7). Майлы дақылдың орылғаны 22037 га, өнімділігі 6,5 ц/га, жиналған өнім 14,3 мың тонна, картоп жиналғаны 2150 га, өнімділігі 226 ц/га, алынған өнім 48,6 мың тонна, көкөніс жиналғаны 639 га, өнімділігі-238 ц/га, алынған өнім 15,2 мың тонна, жүгері 250 га, өнімділігі 64 ц/га.                   Есепті мерзімде 12000га күздік бидай себілді.
       
        Мал шаруашылығы
        2016 жылы қой-ешкі 169,8 мың басқа (100,0%), мүйізді ірі қара 38,6 мың басқа (100,4%), жылқы 8,2 мың басқа (98,3%) шошқа 765 басқа (99,7%), құстардың саны 72,7 мың басты (100%) құрап, мүйізді ірі қара 0,4 пайызға артып, қой-ешкі, құс 100,0 пайызды құраса, жылқы 1,7 пайызға, шошқа басы 0,3 пайызға кеміген.
         Мал өнімдері бойынша ет өндіру тірі салмақпен 12,6 мың тн (100,1%), сүт өндіру 38,2 мың тн (104,5),  жұмыртқа 7 млн. 308,5 мың данаға (100%), жүн 340,7 тоннаға (100%) жетіп, ет 0,1, сүт 4,5 пайызға артып, жұмыртқа мен жүн өндіру 100,0 пайызға орындалды. Әр сауын сиырдан 2484 кг сүт сауылды, бір тауықтан 128 дана жұмыртқа алынып, әр қойдан 2,2 кг жүн қырқылды.
Алынған төл бойынша 2016 жылы 15 322 бас бұзау, 683 бас торай, 100 066 бас қозы лақ, 3 621 бас құлын алынып, 2015 жылмен салыстырғанда бұзау 100,4% торай 82% қозы лақ 100,1%, құлын 99,8% құрады.
Аудан шаруашылықтары тарапынан 122 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара 2814 бас уақ мал және жылқы 96 бас сатып алынды. Қолда бар малмен салыстырғанда асыл тұқымды малдардың үлес салмағы мүйізді ірі қара 19,6%, қой 20,4%, жылқы 21,5% құрап отыр.
Мал өнімі бойынша: өндірілген сүттің әр литр 1 деңгейі 25, 2 деңгейі 15 теңге, 3 деңгейі 10 теңге, сиыр етіне -170 теңге, қой етіне – 100 теңге субсидия төленеді.
Мал азығын дайындау бойынша жоспарға сәйкес 25 291 гектар көп жылдық шөп орылып, 138 100 тонна  шөп, 3600 тонна пішендеме, 6700 тонна мал азығы, 14 100 тонна сабан жиналды.
Субсидия: Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2016 жылы 122 бас асыл тұқымды МІҚ малы сатып алынып, 18,7 млн. теңге, 2814 бас қойға 22,5 млн. теңге, 96 бас жылқыға 3,8 млн. теңге, 2042,6 тонна сүтке 47,5 млн.теңге, 76,6 тонна сиыр етіне 13,0 млн.теңге, 16,3 тонна қой етіне 1,6 млн. теңге,  мал бордақылау алаңына өткізілген 723 бас МІҚ-17,3 млн.теңге, селекцияға 3119 бас МІҚ 58,5 млн. тенге, 37194 бас қойға 55,8 млн.теңге, барлығы 238,7 млн. теңге, субсидия төленді.
Егін шаруашылығы бойынша 241 шаруашылықтың құжаттары қабылданып, 51,2 млн. теңге төленді.
Техника: 2016 жылы 285,0 млн. теңгеге 22 дана МТЗ тракторлары, 3 дана комбайн, 8 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері алынды. (2015 жылы 86,0 млн. теңге). Оның ішінде 11 трактор, 3 комбайн және 6 тіркеме лизинг жүйесі арқылы «КазАгроҚаржы» АҚ-нан алынды, соммасы 196,9 млн.теңге.
Сыбаға бағдарламасы бойынша 2016 жылы 5 шаруа қожалығы 89,8 млн. теңгеге 552 бас мүйізді ірі қара, 27 бас бұқа алған.
Құлан бағдарламасы бойынша 12 шаруа қожалығы 163,9 млн. теңге несие алып, 397 бас  жылқы, 35 айғыр алды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалығы 44,5 млн. теңгеге 1786 бас қой, 64 бас қошқар сатып алды.
Ауыл тұтыну кооперативтерін құрылып сүт бағытында, ауыл шаруашылығы қолдау қорынан қаржыландырылып, Ақсай ауылдық округінің 29 жеке тұлғалардың құжаттары мақұлданып, 100 млн.теңге қаржы 29 жанұяға берілді.
Кәсіпкерлік
         Аудан көлемінде 3817 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда, оның ішінде 2 орта, 122 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 1569 жеке кәсіпкерлер, 2124-і шаруа қожалықтар. Осы шаруашылық субъектілерінде барлығы 8614 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 102 адам орта кәсіпорындарда, 622 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1581 адам, шаруа қожалықтарында 6309 адам жұмыс жасайды.
         2016 жылдың 12 ай көлемінде кәсіпкерлік саласы бойынша                                          5 млрд.473 млн. 956 мың. (2015 жылмен салыстырғанда 100,2%)теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып, бюджетке 169 млн. 505 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 3760-ы, немесе 98,5 пайызы жұмыс істейді.
         «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданнан ұсынылған 13 жоба қатысып, 10 кәсіпкер 332,0 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру
         Ауданда 5 микрокредиттік ұйымдар  жеке кәсіпкерлерге несие тарату қызметімен айналысады, 2016 жылы барлығы 3560 адамға 1 млрд.               164 млн.568 мың теңге несие таратты, (2015 жылы 3361 адамға 899 млн.917 мың теңге.) оның ішінде,
«KazMicroFinance»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 2696 адамға 923 млн. 852 мың теңге несие берілді.
«Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-мен 6 адамға 31 млн. 375 мың теңге несие берілді.
«Азия несие қоры» ЖШС-і 796 адамға  184 млн. 520 мың  теңге көлемінде несие таратты.
 «Арнур-кредит» ЖШС-і 62 адамға 24,0 млн. 821 мың теңге көлемінде несие берді.
Аудандағы халық тұтыну тауарларының және жанар-жағар май бағаларын реттеу жөніндегі штаб құрылған,  штаб мүшелерімен тұрақты  сауда нүктелерін аралап, әлеуметтік маңызды тауарларға негізсіз бағаны көтермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, баға мониторингі жүргізілуде. Тұрғындарды азық-түлікпен қол жетімді бағада қамтамасыз ету үшін, негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына үстеме бағаны 10 пайыздан артық көтермеуге, аудан орталығындағы                    15 кәсіпкермен меморандумдар жасалынған.
Нан өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2016 жылы «Тараз сауда-саттық» компаниясынан,  «Дара Милл ЖШС»-нен және                 «Ақ бидай» диірменінен аудан орталығындағы наубайханаларға 150,0 тонна арзандатылған ұн және 20 тонна қант жеткізіліп таратылды.
Ветеринария
Диагностикалық тексерулер қорытындысы бойынша бруцеллез ауруына 54 283 бас мүйізді ірі қарадан, 219 822 бас қой-ешкілерден қан сынамалары алынып тексеріліп, қорытындысы бойынша МІҚ-дан 68, ұсақ малдардан 397 бас ауру мал анықталды. 2016 жылы ауырған малдар саны 2015 жылмен салыстырғанда МІҚ 66 пайызға кемісе, ұсақ малдар 73 пайызға өскен.
 
Құрылыс
Білім саласы бойынша Қошқарата ауылында сметалық құны 453 038,0 мың теңгеге 180 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жалпы сметалық құны 38 584,0 мың теңгені құрайтын Б.Момышұлы ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің қазандығының құрылысы жүргізілді.
Елді мекендердің оңтайландырылған бас жоспарларын дайындауға                   19 800,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.
 Автомобиль жолдары
2016 жылға аудандық маңызы бар және ауыл ішілік автомобиль жолдарын орта, ағымды жөндеуден өткізуге және жолдарды күтіп-ұстауға,  аудандық бюджеттен 192 750,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 30 228,0 мың теңге қаржы қарастырылып. Оған 13,1 шақырым ауыл аралық 5 автомобиль жолын және 10,1 шақырым 9 көше жолы орта жөндеу жүргізіліп, жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде               2016 жылы ауылдық округтер бойынша 48038,0 мың теңгеге 55 жоба жүзеге асырылды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы ауыл округтары бойынша 172 943,4 мың теңгеге 28 жоба жүзеге асырылды.
 
Салық және бюджет
Есепті мерзімде аудандық жергілікті салықтарының жоспары 667 млн. 359 мың теңге болса, нақты түскені 784 млн. 451,6 мың теңге немесе орындалуы 117,5 пайыз.
Аудан бюджетінің кірісі
Аудан  бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғары бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары 7 млрд 752 млн 990,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 7 млрд. 870 млн 082,6 мың теңгені құрады, орындалуы 100,4%, трансферттер бойынша есепті мерзімге түскені  7 млрд. 085 млн. 631,0 мың теңгені құрап, 100,0% орындалды.
Аудан бюджетінің шығысы
2016 жылы төлемдер бойынша жоспары 8 млрд. 326 млн. 057,0 мың теңгені құрады, кассалық атқарылуы 8 млрд. 315 млн. 493,8 теңгені құрап, игерілмеген қаржы соммасы 10 млн. 563,2 мың теңге, немесе атқарылуы 99,9% – ды құрады.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар  5 млрд 377 млн 225,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 5 млрд 373 млн 298,8 мың теңге, игерілмеген қаржы 4 млн. 026,2 мың теңге немесе орындалуы 99,9 %-ды құрады.
Әлеуметтік қорғау
Ауданда 2016 жылы жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайыз болып, жалпы жұмыссыздар саны – 750 адамды құрады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2016 жылға бекітілген Кешенді жоспарына сәйкес 1601 азаматтарды жұмыспен қамту жоспарланса жыл   ішінде 2327 азаматтар жұмыспен қамту шараларына тартылып жоспар 145,3% орындалды.
         Жылдың басынан уәкілетті органға 2327 азаматтар тіркеліп, тұрақты және мезгілдік жұмыстармен қамтылды. Нақты айтар болсақ: қоғамдық жұмыстарға 404 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 156 жұмыссыздар, жастар практикасына 203 жастар, кәсіби оқытуға 50 азаматтар, кәсіпкерлік негіздерді оқытуға 35 азаматтарды және несие алғандар 79 азаматтар тартылып барлығы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар саны 886 адамды құрады. 2017 жылдың 1-қаңтарына жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 55 адам.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушысы ретінде 886 азамат қабылданды, аталған бағдарламаның 2-бағыты бойынша «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облысының филиалы арқылы 79 азаматқа 275,8 млн. теңге шағын несие беріліп, 79 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2016 жылы аудан бойынша кедейшілік деңгейінен төмен тұратын отбасылардың үлесі 0,2 пайызды құрады. Аз қамтылған отбасылар саны 113 адамы бар 25 жанұя.
2016 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 11 отбасының 66 адамына 1250,0 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы бойынша 1963 отбасының 6120 балаларына 125000,0 мың теңге, тұрғын үй көмегіне234 отбасының өтініштері бойынша 4147,0 мың теңге тағайындалып төленді.Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында дамуында кемістігі бар 88 балаға жергілікті бюджет есебінен 2266,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып төленді.
«Өрлеу»пилоттықбағдарламасы бойынша 2016 жылы 1344 адамы бар 238 отбасына 72288,0 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленді.
 
Денсаулық сақтау
 Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 71 511 597 теңге бөлініп, дәрі-дәрмектер сатып алынды. 2016 жылы медициналық жабдықтарға 133 657 007 теңге қаралып, игерілді.
         2016 жылы статистикалық мәлімет бойынша ана өлімі орын алған жоқ, сәби өлімі 6 жағдай (5,3%) құрады. 100 000 тұрғынға шаққанда туберкулезбен науқастанушылық 22 жағдай құрап отыр.
 
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына байланысты, 2016 жылы әр маманға 3 181 500 тг көлемінде 12 маманға тұрғын үй сатып алу үшін қаржы берілді, оның ішінде білім беру саласынан 6 маман, денсаулық сақтау саласынан 2 маман, спорт саласынан 2 маман және мәдениет саласының 2 маманы қамтылды. 40 маманға 148 470 тг көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.
 
Білім беру 2016-2017 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 40 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1323 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 8 оқушыдан келеді.
  Аудан бойынша 40 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны-39 мектеп (98%). 13 мектептің (30,9%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Аудан мектептерінде 74 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинетті-20, химия кабинетті-19, физика кабинеті-24. аудан бойынша 32 лингофонды-мультимедиялық кабинет бар және 21 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған. 2016 жылы-7936,0 мың теңгеге 8 білім мекемесіне мультимедиалық құрылғылар сатып алыңды және 4097,0 мың теңгеге физика кабинеті Ақтөбе орта мектебіне  алынып берілді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары: Г.Орджоникидзе атвндағы мектеп гимназиясына-6127,4 мың теңге, А.Пушкин ат.ом.-6240,9 мың теңге, Мыңбұлақ о.м.-5791,1 мың теңге, С.Сейфуллин ат.о.м-2720,5 мың теңгенің жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
Жетітөбе орта мектебіне жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге мектеп пен қазандық арасындағы жер асты жылу жүйесін ауыстыруға бөлініп, ауыстырылды.
Күрделі жөндеу жұмыстары:
Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бөлінген қаржысы – 303 036,7 мың теңге. Күреңбел орта мектебіне – 26 018,0 мың теңге, С.Сейфуллин ат.о.м – 20 974,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізіліп аяқталды.
Оқулықпен қамтамасыз етілуі. 2016 жылы- оқулыққа 52537,0 мың теңге қарастырылып, игерілді. Оқулықтар толық жеткізіліп берілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Ауданда 28 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 26 балабақшада-2075 бала, «Айгөлек» шағын орталығында-50 бала, «Еркемай» жекеменшік балабақшасында-20 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда. Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде қамтылған 1-6 жас аралығындағы бала саны-2145, ол 54,1%-пайызды құрайды. 3-6 жас аралығында-бала саны-1886, ол 90,3 пайызды құрайды.
Ауданның 17 елді мекенінен 548 оқушы 9 орта мектепке тасымалданып оқытылуда.
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан 2009 бала ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы аз қамтамасыз етілген балаларды ыстық тамақпен қамтуға 129 682,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы 2015-2016 оқу жылында аудан бойынша 28 жалпы орта білім беретін мектепті 11-ші сыныпта 652 оқушы мектептің толық курсын аяқтап, 583 мектеп бітіруші ҰБТ қатысты.
Аудан бойынша орташа балл- 80,9 болды. (2015 ж.-77,76)
«Алтын белгі» төс белгісіне-39 және үздік аттестатқа-3 оқушы үміткер ретінде тіркеліп, «Алтын белгі» төсбелгісін 23 оқушы ақтады. (58,9%)
 Сонымен қатар 100 ден жоғары балл алған мектеп бітірушілердің үлесі 2016 жылы -167 оқушы болды, ол  28,6  пайызды құрады.
 
Мәдениет:
2016 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 250,7 млн. теңге қарастырылып, игерілді.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға бөлінген 12633,0 мың теңге  игерілді. (компьютерлер  6 дана-1326,0 мың теңге, Музыкалық аппаратура  мен жиҺаз алуға -1307,0 мың теңге,  жылжымалы сахна- 10000,0 мың теңге )
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерді дамытуға республикалық, жергілікті бюджет есебінен Қосбөлтек ауылдықклубына 12 908,0 мың теңгеге, «Сұрым ауылдық кітапханасына               7 836 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
 
Спорт
2016 жылы аудан спортын дамытуға барлығы 10,8 млн. теңге, оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға 1,5 млн. теңге, аудандық спорттық іс-шаралар өткізуге 2,8 млн. теңге және аудан құрама командаларын облыстық жарыстарға қатыстыруға 6,5 млн. теңге қарастырылды. 2015 жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған 166 іс-шараға аудан тұрғындарының 42894  адамы тартылса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған 249 іс-шараға аудан тұрғындарының 46158 адамы қатыстырылды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі 51248 тұрғынның 13532-сін (26,4%) құрады.
 
Құқық тәртібі
Есепті мерзімде ауданда жалпы-364 (2015ж.-432) қылмыстық оқиға тіркеліп 15,7% азайған. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар, 2016 жылы 25 қылмыс тіркеліп (2015 ж-27 қылмыс тіркелген) 7,4 пайызға кеміген.
2016 жылы жалпы 9256 автокөлік тіркелген, оның ішінде заңды тұлғаларға – 374, жеке тұлғаларға 8882.
Жергілікті полиция қызметі бастығы атқарған жұмыстары туралы жылына екі рет аудан әкімі, мәслихат депутаттары алдында есеп беріп, ауылдық округтердегі учаскелік инспекторлар тұрғындар алдында тоқсан сайын есепті кездесулер өткізген.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
2016 жылы аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан                913 өтініш түскен, оның 308 заңды тұлғадан, 605 жеке тұлғадан келіп түскен өтініштер. Барлық өтініш иелеріне жауаптар берілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.
 
Аудан әкімінің есебі
2016 жылдың 4-16 ақпан арылығында аудан әкімінің аудан тұрғындары алдында 2015 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016-2020 жылдарға арналған болжамы туралы есепті кездесуде барлығы 4729 адам қатысты. 126 ұсыныс-өтініштер айтылып, олардың басым көпшілігіне есеп беру кезінде түсініктеме берілді.
Келелі 14 мәселе аудан әкімінің іс-шара жоспарына енгізіліп, барлығы толығымен орындалды.