Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есебінің тезистері

Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есебінің тезистері
Б.Момышұлы ауылы:
2019 жылдың өніміне жаздық арпа – 401 га, күздік бидай – 110 га, мақсары- 215 га, көкөніс – 20 га егілді. Шаруа қожалықтары иелері электронды қолтаңба алып, ай сайынғы статистикалық есептерін уақтылы тапсырды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша:
Ауыл тұрғындары тарапынан ұсынылған өтінімдерге сәйкес, «Азиялық Несие қоры» – 210 адамға 67000,0 мың теңге, «Жуалы несие серіктестігі»-1 адамға 2500,0 мың теңге, «ҚазМикроФинанс»- 1982 адамға – 90210,0 мың теңге, «Арнұр кредит»-102 адамға-49105,0 мың теңге несиелер таратты.
Ауылдағы өнеркәсіп және индустрияландырумен айналысып отырған кәсіпкерлер:
«Мешелова З» ЖШС 40 тонна, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, зауыт 117,0 тонна ірімшік, 30,9 тонна сары май, 2100,8 тонна сүт өнімдері өндірген. Өндірілген өнімдер Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына тасымалданды.
«АгроАзықТүлікнанменЖабдықтау» ЖШС негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, оның ішінде өсімдік майын шығарумен айналысады. 2006 жылы құрылған, тәулігіне 50-60 тонна мақсары өнімін өңдейді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 23 адам тұрақты жұмыс атқаруда.
«СМТС» ЖШС жобалық қуаттылығы тәулігіне 7 тонна, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 9 адам тұрақты жұмыс атқаруда, 296,0 тонна ірімшік, 193,0 тонна сары май, 7895,0 тонна сүт өнімдерін өндіріп, өнімдері Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында сатылуда. Жаз мезгілінде алкогольсіз сусындардың 6 түрін шығарып, халықтың тұтынуына ұсынылған.
«Жуалы сүт компаниясы» ЖШС сүт, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді. 711 тонна ірімшік, 129,0 тонна сары май, 4483 тонна сүт өнімдері өндірілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 154 000,0 мың теңгеге қазандық, су құбырлары және қалдық суларды тазалау қондырғылары толығымен жаңартылған.
Көше жарықтандыру: Жібек жолы көшесі бойынан халыққа қызмет көрсету орталығын тұрақты электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін трансформатор орнатылды.
Ынтымақ, Т. Рысқұлов, Сұлтан Бейбарыс, Жастар, Атамекен, 2-ші қиылыс Д.Пахомов және Шетбұлақ көшелеріне жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Жаңа тұрғын алқабындағы (Қайрат, Диқан, солтүстік жақ бөлігі) 6 көшеге жарықтандыру жүйелері іске қосылды.
Ауыл демеушілері есебінен 160,0 мың теңгеге Б.Момышұлы ауылы әкімдігінің теңгерімде тұрған 3 трансформаторға техникалық күтім жасалды.
Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары:
Б. Момышұлы, М. Маметова, Ы.Алтынсарин көшелеріне арық жүйесі (лоток) жүргізілді. Жалпы ұзындығы 1,8 км жерге су жүретін жүйелер орнатылды.
М.Мәметова көшесі Б.Үсенов көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолы(тротуар) салынды. 0,18 км жер. 20 дана күл-қоқыс арналған жәшіктер орнатылды.
Ұлан көшесіне арық суы жүретін құбыры қойылып арықтары қайта тазаланды. Рысбек батыр көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер, және автомобиль жүретін жолдағы көпір кеңейтілді. Н.Тұрысов көшесінің бойындағы сайдағы жаяу жүргіншілер көпіріне абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабында барлық инфрақұрылымдары жүргізіліп, тұрғын үй салуға жер телімдері беріледі.
Парасат көшесіндегі 8 тұрғын үйге демеушілердің көмегімен орталықтандырылған газ жүйесі жүргізілді.
Рысбек батыр, Жамбыл көшелеріне демеушілердің көмегімен 50 түп арша пен 50 түп туйя отырғызылды.
Ауыл ішінің тазалығын ұйымдастыру жұмыстарына – 12446,0 мың теңгеге «Ғапар» ЖШС жұмыстар жүргізуде.
Ақсай ауылдық округі:
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша:
О.Тәукебай көшесін жарықтандыру жұмыстарына 777,9 мың теңге қаржы қарастырылып, көше толықтай жарықтандырылды. А.Байтұрсынов көшесін абаттандыру жұмыстарына 980,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыс толықтай аяқталды. Қайрат ауылының кіреберісіне арка орнату үшін 944,0 мың теңге бөлініп, арка орналастырылды.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен:
Диқан ауылы Ы.Байділдә көшесін асфальттауға 11 848,0 мың теңге қаражат бөлініп, көшеге асфальт төселінді. Диқан ауылының моласын қоршау жұмыстарына 2500,0 мың теңге қаржы қарастырылып, жұмыс мерзімінде аяқталды.
Қайрат ауылы тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсету мақсатында 1 339,0 мың теңгеге «Street Workaut» алаңшасы жасалынды. Қайрат ауылы Абай көшесіне газ құбырларын жөндеу жұмыстарына 2 000,0 мың теңге, Т.Рысқұлов көшесін абаттандыру жұмыстарына 477,0 мың қаржы, «Шапағат» балабақшасына пандус орнату жұмыстарына 1 000,0 мың теңге, «Мөлдір бұлақ» балабақшасына пандус жасау жұмыстары 1 490,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталған. Сонымен қатар, ауыл атаулары жазылған тақтайшаларға 300,0 мың теңге қаражат бөлініп, Қайрат және Диқан ауылдарының атауын жаңартылып жасалды.
Ақтөбе ауылдық округі:
«Жасыл Жуалы» мекемесіне ТҚҚ (тұрмыстық қатты қалдық) тастайтын орынның құжаттары толықтай рәсімделіп тапсырылды.
Күркіреусу бағытындағы аудандық мәндегі автомобиль жолына 41705,0 мың қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Қаратақы мен Төментамға каналдарының құжаттарын рәсімдеуге қаржы қарастырылып, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық мәндегі Бәйтерек-Теріс бағытындағы автомобиль жолын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бәйтерек ауылының ауыл ішілік суғармалы су арығына жөндеу жұмыстары жүргізу, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары демеушілердің қаражатынан орындалды.
Жамбыл облысы әкімінің бастауымен Жамбыл облысында алғаш рет «Қарапайым заттар экономикасы» пилоттық жобасы қолға алынды. Жобада несие 3 бағытта берілетіндігін, олар кәсіпкерлік, мал шаруашылығы және егін шаруашылығы екендігін округ тұрғындарына түсіндірілді. Несиенің жылдық пайызы – 2,5%. Шағын және орта бизнеске 5 пайызбен 5-7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қазіргі таңда 198 құжат қабылданып, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на мекемесіне тапсырылды. 17 азаматқа оң қорытынды шықты.
Билікөл ауылдық округі:
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде:
Дарбаза ауылы Дарбаза көшесі жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 1 568,0 мың теңгеге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Аудандық бюджет қаражаты есебінен:
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну жұмыстарына 4 270,0 мың теңге бөлініп, балаларды жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау жұмыстары атқарылуда.
Жылыбұлақ ауылы Жылыбұлақ көшесі жолдарына орта жөндеу жұмыстарына 17 360,0 мың теңгеге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды.
Қарабастау ауылына оңтүстігінен кіреберіс жолындағы көпірді жөндеу жұмыстарына 2 450,0 мың теңге қаражат жұмсалып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Қарабастау ауылында орналасқан бос тұрған ғимаратты ветеринариялық пунктке ауыстыру мақсатында, ескі ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1500,0 млн теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.
Боралдай ауылдық округі:
2019 жылы ауылдық округ бойынша «Мереке» шаруа қожалығы «Super Monkey GS» шағын тиегіші, «Қасым» шаруа қожалығы «Беларусь-952», «Тюкан 1600» шөп тайлағышы, «Құтты-Орда» шаруа қожалығы «Беларусь-892», «Плуг плн-3-35», «Алим» шаруа қожалығы «Беларусь-952.2» ауыл шаруашылығы техникаларын несиеге алған.
2019 жылға «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарлама шеңберінде 2096,0 мың теңгеге Көлтоған ауылы Ералиев көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Көлтоған ауылы Жамбыл көшесін «Қайырбек» ШҚ басшысы С.Қайырбековтың демеушілігімен жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Көлтоған ауылына 1339,0 мың теңгеге «Street Workaut» спорт алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 160,0 мың теңгеге «Street Workaut» алаңын қоршау, 6585,0 мың теңгеге Ертай ауылы Е.Оразалиев көшесін абаттандыру, 644,0 мың теңгеге Ертай ауылының балабақшасын және ардагерлер саябағының алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ертай ауылындағы Л.Көпбаев көшесі 0,9 шақырым жолын орта жөндеу жұмыстары 11144,0 мың теңгеге жүргізіліп, аяқталды.
Елді мекендерді сумен жабдықтау бағдарламасы бойынша 2733,0 мың теңгеге Көлтоған ауылындағы дренаж каналдарын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 6296,0 мың теңгеге Көлтоған ауылындағы «Көлтоған» су тоғанына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жетітөбе ауылдық округі:
2019 жылы 2 ауылшаруашылығы кооперативі құрылып, Әділет басқармасына тіркелген. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасы жүргізу бойынша бүгінгі күнге 3 азамат жалпы сомасы 7 000,0 мың теңге несие алып, 30 бас ірі қара мал алынды. Округке қарасты Майбұлақ ауылынан «Темірбекова» шаруа қожалығы 2018 жылы өз қаражатына 2- МТЗ тракторын сатып алды, осы аталған ауылдан «Қалқаман» ШҚ өз қаражатына 1-трактор тістеуішімен сатып алды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша нысанды бағыттар:
Кәріқорған ауылы Мейман Қожаназаров көшесіне 2 756,0 мың теңге қаржы бөлініп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Кәріқорған ауылы Мейман Қожаназаров көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 27 350,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Кәріқорған ауылына «Street Workaut» -1 599,0 мың теңгеге орнатылды.
Күреңбел ауылдық округі:
Күреңбел ауылдық округінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде Қаратас ауылы А.Байшаханов көшесіне 1760,0 мың теңгеге көше жарығы орнатылды, үнемделген 211,0 мың теңгеге Күреңбел ауылындағы орталық саябақты суғару мақсатында құбыр орнатылды.
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 4 546,0 мың теңгеге Күреңбел ауылы Бейбітшілік көшесінің жолы орта жөндеуден өтті.
Күреңбел ауылында орналасқан «Күреңбел» бөбекжай-балабақшасына 3199,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, 2530,0 мың теңге бөлініп, балаларды жалпы білім беру ұйымдарынан және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауда.
Көкбастау ауылдық округі:
Ағымдағы жылы «Аңсар» шаруа қожалығының жетекшісі М.Тәліп қолданыстағы «Беларусь 82-2» тракторын, «Ержан» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Айнабекова БДТ жер қопсытатын тіркеме, «Тәліп» шаруа қожалығының жетекшісі Ғ.Иманбаев қопсытқыш алды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 1 азамат, «Алтын сақа» бағдарламасы бойынша 2 азаматқа несие берілді.
Қоғамдық жұмыстарға 16 жұмыссыздар, «Жастар тәжірибесіне» 8 жас, «Бастау-бизнес» оқытуға 8 адам жолданып, сертификат алды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 2 722,0 мың теңге қаржы қарастырылып, Бақалы ауылы Қызылдиқан көшесін жарықтандыру жұмыстарының сметалық құжаттарына 55 мың 450 теңге, жарықтандыруға 2 314,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Үнемделген 352,0 теңге қаржыға Қосбөлтек ауылындағы Ә.Қойбақұлы көшесінің жарықшамдары ауыстырылды.
Қосбөлтек ауылындағы ұзындығы 2 шақырым О.Жапарқұл көшесіне асфальт жамылғысы төселді. Сонымен қатар, облыстық мәндегі Аманбаев-Түктібай тас жолына асфальт жамылғысы төселді.
2019 жылғы көктемгі және күзгі көріктентендіру, көгеріштендіру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен жүргізу мақсатында Көкбастау ауылдық округінде ұйымдастыру іс-шаралары жасалды. Бұталған тал дарақтар 150 дана, каналдар мен арықтарды тазалау 5 шақырым, қоқыс шығару 4 тонна, қарағаштар отырғызу 150 дана, терек ағаштары 150 дана, жеміс ағаштары 100 дана, декоративті ағаштар 15 дана, ақталған тал дарақтар 300 дана. Барлығы 415 дана ағаш егіліп округ көгалдана түсті.
Қарасаз ауылдық округі:
Көктас ауылы Достық көшесінің 1 320 метр жолына 18 000,0 мың теңге қарастырылып, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде:
Көктас ауылы Достық көшесіне 2 863,0 мың теңге қаражат бөлініп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру арқылы Жүрімбай ауылына 750,0 мың теңгеге «Street Workaut» ойын алаңы салынды.
Қарасу ауылына 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы 26 000,0 мың теңгеге соғылып, жұмыс толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді.
Қарасаз ауылына ауыз су жүйесінің құрылысына, 536 667,0 мың теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Қошқарата ауылдық округі:
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде:
Қызтоған ауылы Тесіктас көшесін жарықтандыруға 1 400,0 мың теңге бөлініп, жарықтандыру жұмыстары толықтай аяқталды.
Салық түсімдері есебінен жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін жобалық құны 1 500,0 мың теңгені құрайтын «STREET WORKOUT» спорт алаңшасы Қошқарата ауылынан орнатылып, ел игілігіне пайдалану үшін ұсынылды.
Жоба құны 6 727,0 мың теңгені құрайтын Ақтасты ауылы Ақтасты көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды. 2500,0 мың теңге қаржыға Ақтасты ауылына түсетін бұрылыс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ақтасты ауылына жобалық құны 25 000,0 мың теңгені құрайтын медициналық пункті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Қошқарата ауылдық округінде орналасқан тұрмыстық қатты қалдықты тастайтын орынның құжаттары заңдастырылып, «Жасыл Жуалы» мекемесінің теңгеріміне берілді.
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мақсатында 2600,0 мың теңге қаржы қарастырылып, балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.
«Қошқарата» балабақшасына ауыз су құбырын тарту мақсатында жоба құны 897,0 мың теңгеге жұмыс жүргізілді.
«Қошқарата балабақшасы» күрделі жөндеу жұмыстарына 2200,0 мың теңге қарастырылып, жұмыс толығымен аяқталды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 9 азамат оқып 26 600,0 мың теңге несие алды.
Округ тұрғыны «Роман» шаруа қожалығы 7 миллионға және «Мұрат» шаруа қожалығы 4 миллионға «Нива эффект» (гидроход) комбайнын сатып алды. «Ислам» шаруа қожалығы 8 миллонға «МТЗ-852» тракторын өз қаражатына сатып алды.
Қызыларық ауылдық округі:
«Өңірлерді дамыту-2020» дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Алатау ауылы Шет көшесін ағымды жөндеуге 2547,0 мың теңге қаржы бөлініп, құм-шағал төсеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Сұрым ауылы Сламбай көшесін ағымды жөндеуге 960,0 мың теңге қаралып, жұмыстар толықтай атқарылды.
«Елді мекендерді жарықпен қамтамасыз ету» бағдарламасы шеңберінде Қызыларық ауылы Елекбаев көшесіне жарық шамдарды орнатып, жарық жүргізуге 1528,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толық орындалды.
Қызыларық ауылына «Street Workaut» спорт алаңшасы 1700,0 мың теңгеге орнатылды.
Теріс-Ащыбұлақ ауылынан 5 келушіге арналған медициналық пункт ғимараты мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынып, пайдалануға берілді.
2186,0 мың теңге Қызыларық ауылындағы Р.Ахметов, С.Жүзбаев көшелерін, 2195,0 мың теңге Сұрым ауылындағы Т.Абдырасыл көшесін, 1714,0 мың теңге Теріс-Ащыбұлақ ауылындағы Арай және Мереке көшелері жарықтандырылды.
Ақтөбе ауылындағы Руханият көшесі және Алатау ауылындағы Орталық көшелеріндегі жарықшамдар (лампа) 600,0 мың теңге толық жаңартылды.
Қызыларық ауылы Т.Тастандиев көшесіндегі жарықшамдар 712,0 мың теңгеге ауыстырылып, Алатау ауылындағы Мөлтек көшесі 2000,0 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді.
Денешынықтыру және спорт саласы бойынша, Қызыларық ауылына кіші футбол спорт алаңшасын (стадион) орнату жұмыстарына 4686,0 мың теңге толық орындалды. Ақтөбе ауылына «Street Workaut» спорт алаңшасын орнатуға 1375,0 мың теңге жұмсалды. Қызыларық ауылындағы «Street Workaut» алаңшасын қоршау жұмыстары 600,0 мың теңгеге атқарылып, халық игілігіне берілді.
Мыңбұлақ ауылдық округі:
2019 жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде 2 679,0 мың теңгеге Көлбастау ауылының Қонаев және Б.Момышұлы көшелерінің қиылысын ағымды жөндеу, 1238,0 мың теңгеге Талапты ауылының Б.Момышұлы көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
4 899,0 мың теңгеге Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақсай-1 каналын ағымды жөндеу, 17 444,0 мың теңгеге Талапты ауылының Б.Момышұлы көшесін орта жөндеу, 5 019,0 мың теңгеге Көлбастау ауылының А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің спорт залын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 1 800,0 мың теңгеге Көлбастау ауылының А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің алдына брусчатка төсеу, 235,0 мың теңгеге Көлбастау ауылының А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің кіреберісіндегі пандусқа ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Округ тұрғындарының сұранысына сәйкес 2 000,0 мың теңгеге Көлбастау ауылының мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.
Нұрлыкент ауылдық округі:
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша Нұрлыкент ауылының 5 азаматы шаштараз ашуға, физотерапия қондырғысын алуға, тігін цехын ашу мақсатында несие алды.
Қазіргі таңда масақты дақылдардың өнімі сұранысқа ие болуына байланысты егістік көлемі артуда. «Төлеген» шаруа қожалығы 1 астық жинайтын қомбайнмен жаңартылды. «Гамбург» ЖШС 2020 жылға 2 дана астық жинайтын комбайндарға тапсырыс берді.
«Төлеген» шаруа қожалығы Чехия мемлекетінен алынған 64 бас «Сементаль» асыл тұқымды сауынды сиырлармен толықты. Жалпы құны 99 000,0 мың теңге.
Нұрлыкент ауылында «Street Workaut» балалар ойын алаңы 1 528,0 мың теңгеге салынды.
Ауылдық округтегі №11 ішкі Көксай каналдарын мехотряд 3 000,0 мың теңгеге тазалау, шлюздар орнату жұмыстарын атқарды.
Н. Замбаев және Достық көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары 30 000,0 мың теңгеге атқарылды.
Шақпақ ауылдық округі:
2019 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша:
967,0 мың теңгеге Амансай ауылының тұсындағы аялдамаға баспалдақ жасалынды, 676,0 мың теңгесіне Шақпақата ауылының С.Есімұлы және Ж.Оразбаев көшесі арасындағы қиылысына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 417,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылындағы С.Нарбайұлы және Б.Момышұлы арасындағы көпірге ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді, 557,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылындағы көпірге ағымды жөндеу жұмысы жүргізілді, 230,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылына ойын алаңының жанына «Street Workaut» орнатылды.
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға Шақпақ ауылдық округі бойынша көшелердегі жарықтандыру шамдарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 200,0 мың теңге бөлініп, шамдар ауыстырылды, Шақпақ ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының Е.Аблаев көшесіне жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстарына 2341,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Шақпақата ауылына кіреберістегі арка жарықтандырылды.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 240,0 мың теңгеге Шақпақ ауылдық округі бойынша ауылішілік көшелерді қардан, кездейсоқ күл-қоқыстарды тасымалдауға, сырып тазалауға, қоқыстарды шығару жұмыстарына 150,0 мың теңге және қатты қалдықтарды тастайтын орындарын сырып тазалау жұмыстарына 110,0 мың теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді, 290,0 мың теңгеге Шақпақата ауылының Д.Пахомов көшесіне тұрмыстық қатты қалдық тастайтын темір жәшік орнатылды.
Елді мекендердің абаттандыру көгалдандыру жұмыстарына 171,0 мың теңге тал-дарақтар сатып алынып, Шақпақата ауылына егілді. Абаттандыру жұмыстарына (әк, сырлар) 370,0 теңге Шақпақ ауылындағы Д.Пахомов көшесінің бағаналарына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, әктеліп, сырланды және дәнекерлеу жұмыстарына 150,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
32 436,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты пайдалануға берілді.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінен Т.Дүйсебайұлы ауылы арасындағы 5 шақырым жолына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Шақпақата ауылындағы №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектептің шатыры қайта жабылып, спорт залының сыртқы қабырғасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес 2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері басталады.
Өтетін орындары тіркеледі.
Жамбыл облысы бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауыл әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесуін өткізу кестелері (2020 жылдың 20-29 қаңтары)
Аудан Қаңтар
Жуалы 20
дүйсенбі
21
сейсенбі
22
сәрсенбі
23
бейсенбі
24
жұма
27
дүйсенбі
28
сейсенбі
29
сәрсенбі

10.00
Қошқарата а/о,
Қызтоған а.,
С.Мұқанов НМ
10.00
Жетітөбе а/о,
Шыңбұлақ а.,
Т.Рыскұлов ОМ
10.00
Шақпақ а/о,
Шақпақата а.,
Өнер мектебі
(Амансай а., тұрғындарының қатысуымен)
10.00
Ақтөбе а/о,
Жаңаталап а.,
ауыл клубы
10.00
Қызыларық а/о
Теріс-Ащыбұлақ а.,
Теріс-Ащыбұлақ БМ
10.00
Билікөл а/о,
Жылыбұлақ а.,
Жылыбұлақ БМ
10.00
Қарасаз а/о,
Жүрімбай а.,
фельдшерлік пункт
10.00
Қарасаз а/о,
Көктас а.,
фельдшерлік пункт
(Қарасу ауылы тұрғындарының қатысуымен)

10.00
Боралдай а/о,
Ертай а.,
ауыл клубы
10.00
Ақсай а/о,
Диқан а.,
Диқан ОМ
10.00
Жетітөбе а/о,
Қоңыртөбе а.,
Д.Пахомов ОМ
12.00
Ақтөбе а/о,
Жаңаталап а.,
ауыл клубы
(Ақтоған ауылы, Күркіреу-су ст. тұрғындарының қатысуымен)
10.00
Нұрлыкент а/о,
Түктібай а.,
М.Әуезов ОМ
10.00
Қызыларық а/о,
Қызыларық а.,
Ы.Алтынсарин ОМ
(Сұрым ст. тұрғындарының қатысуымен
10.00
Күреңбел а/о,
Қаратас а.,
Қаратас НМ

10.00
Мыңбұлақ а/о,
Талапты а.,
ауыл клубы
12.00
Жетітөбе а/о,
Шыңбұлақ а.,
Т.Рыскұлов ОМ
(Қосмұрат, Майбұлақ ауылдары тұрғындарының қатысуымен)
12.00
Шақпақ а/о,
Шақпақата а.,
Өнер мектебі
(Шақпақ ст. тұрғындарының қатысуымен)
10.00
Көкбастау а/о,
Қосбөлтек а.,
ауыл клубы
12.00
Қызыларық а/о,
Қызыларық а.,
Ы.Алтынсарин ОМ
12.00
Билікөл а/о,
Дарбаза а.,
фельдшерлік амбулаториялық пункт
12.00
Қарасаз а/о,
Көктас а.,
фельдшерлік пункт

15.00
Қошқарата а/о,
Ақтасты а.,
Ақтасты БМ
15.00
Жетітөбе а/о,
Тасбастау а., Тасбастау БМ
15.00
Шақпақ а/о,
Ынтымақ а.,
Ынтымақ НМ
12.00
Көкбастау а/о,
Бақалы а.,
мәдениет үйі
15.00
Қызыларық а/о,
Алатау а.,
Алатау ОМ
15.00
Билікөл а/о,
Әбдіқадыр а.,
Ш.Уәлиханов НМ
15.00
Қарасаз а/о,
Ақбастау а.,
№16 Жуалы колледжі

15.00
Боралдай а/о,
Рысбек батыр а.,
Жамбыл ОМ
15.00
Шақпақ а/о,
Т.Дүйсебайұлы а., Амангелді ОМ
15.00
Нұрлыкент а/о,
Түктібай а.,
М.Әуезов ОМ
(Қазбастау ауылы тұрғындарының қатысуымен)
15.00
Көкбастау а/о,
Теріс а.,
С.Сейфуллин ОМ

Жуалы ауданы бойынша ауылдық округі әкімдерінің халық алдында есепті кездесулерінде, тұрғындардың ұсыныс – өтініштері үшін қойылатын жәшіктердің орналасқан жерлері
№ Округ атауы Жәшік орналасқан орын
1. Б.Момышұлы ауылы Ауыл әкімінің ғимаратына, Кіреберіс холл
2. Ақсай ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Мыңбұлақ орта мектебі. Кіреберіс холл
3. Ақтөбе ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Бәйтерек ауылдық мәдениет үйі. Кіреберіс холл
4. Билікөл ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Қарабастау ауылдық мәдениет үйі. Кіре беріс холл
5. Боралдай ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Көлтоған ауылдық мәдениет үйі. Кіреберіс холл
6. Жетітөбе ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Т.Әкімов атындағы орта мектеп. Кіреберіс холл
7. Көкбастау ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Көктөбе орта мектебі. Кіреберіс холл
8. Күреңбел ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Күреңбел ауылдық мәдениет үйі. Кіреберіс холл
9. Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық мәдениет үйі. Кіреберіс холл
10. Қызыларық ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Ақтөбе ауылдық мәдениет үйі. Кіреберіс холл
11. Қошқарата ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Қошқарата ауылдық мәдениет үйі. Кіреберіс холл
12. Нұрлыкент ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, М.Ломоносов атындағы орта мектеп. Кіреберіс холл
13. Мыңбұлақ ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп. Кіреберіс холл
14. Шақпақ ауылдық округі Округ әкімінің ғимаратына, Өнер мектебі. Кіреберіс холл
К сведению населения района!

В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 5 февраля 2016 года №190 «О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений» информируем о начале отчетных встреч акимов всех уровней с населением начиная с 20 января 2020 года.
Местопроведение прилагается.
График проведения отчетных встреч акимов городов районного значения, сельских округов, сел по Жамбылской области (20-29 января 2020 года)
Район, город Январь
Жуалынский
20
понедельник
21
вторник
22
среда
23
четверг
24
пятница
27
понедельник
28
вторник
29
среда

10.00
Кошкаратинский с/о,
с.Кызтоган,
ОШ им. С.Муканова
10.00
Жетитобинский с/о,
с.Шынбулак,
СШ им. Т.Рыскулова
10.00
Шакпакский с/о,
с.Шакпаката,
школа искусств
(с участием жителей села Амансай)
10.00
Актобинский с/о,
с.Жанаталап
сельский клуб
10.00
Кызыларыкский с/о,
с.Терс-Ащыбулак,
НШ Терс-Ащыбулак
10.00
Биликулский с/о,
с.Жылыбулак,
НШ Жылыбулак
10.00
Карасазский с/о,
с.Журымбай,
здание ФАП
10.00
Карасазский с/о,
с.Коктас, здание ФАП
(с участием жителей села Карасу)

10.00
Боралдайский с/о,
с.Ертай,
сельский клуб
10.00
Аксайский с/о,
с.Диқан,
СШ Диқан
10.00
Жетитобинский с/о, с.Коныртобе,
СШ
им. Д.Пахомова
12.00
Актобинский с/о,
с.Жанаталап
сельский клуб
(с участием жителей села Актоган и ст. Куркиреу-су)
10.00
Нурлыкентский с/о,
с.Туктибай,
СШ им. М.Ауезова
10.00
Кызыларыкский с/о,
с.Кызыларык,
СШ им. Ы.Алтынсарин
(с участием жителей ст. Сурым)
10.00
Куренбелский с/о,
с.Каратас,
ОШ Каратас

10.00
Мынбулакский с/о,
с.Талапты, сельский клуб
12.00
Жетитобинский с/о, с.Шынбулак,
СШ им. Т.Рыскулова
(с участием жителей сел Космурат и Майбулак)
12.00
Шакпакский с/о,
с.Шакпаката,
школа искусств
(с участием жителей ст. Шакпак)
10.00
Кокбастауский с/о,
с.Косболтек,
сельский клуб
12.00
Кызыларыкский с/о,
с.Кызыларык,
СШ им. Ы.Алтынсарин
12.00
Биликольский с/о,
с.Дарбаза, ФАП
12.00
Карасазский с/о,
с.Коктас, здание фельдшерского пункта

15.00
Кошкаратинский с/о,
с.Актасты,
НШ Актасты
15.00
Жетитобинский с/о,
с.Тасбастау,
НШ Тасбастау
15.00
Шакпакский с/о,
с.Ынтымак,
ОШ Ынтымак
12.00
Кокбастауский с/о,
с.Бакалы,
дом культуры
15.00
Кызыларыкский с/о,
с.Алатау,
СШ Алатау
15.00
Биликулский с/о, с.Абдикадыр,
ОШ им. Ш.Уалиханова
15.00
Карасазский с/о,
с.Акбастау,
№16 Жуалынский колледж

15.00
Боралдайский с/о, с.Рысбек батыр, СШ им. Жамбыла
15.00
Шакпакский с/о,
с.Т. Дуйсебай,
СШ им. Амангелди
15.00
Нурлыкентский с/о,
с.Туктибай,
СШ им. М.Ауезова
(с участием жителей села Казбастау)
15.00
Кокбастауский с/о,
с.Терс,
СШ им. С.Сейфуллина

Месторасположение ящиков предложений и заявлений жителей во время отчетных собраний акимов сельских округов Жуалынского района
№ Наименование округа Месторасположения ящиков
1. село Б.Момышулы Здание аппарата акима села, Холл
2. Аксайский сельский округ Здание акимата сельского округа, средняя школа Мынбулак, Холл
3. Актобинский сельский округ Здание акимата сельского округа, Дом культуры села Байтерек, Холл
4. Биликольский сельский округ Здание акимата сельского округа, Дом культуры села Карабастау, Холл
5. Боралдайский сельский округ Здание акимата сельского округа, Дом культуры села Кольтоган, Холл
6. Жетитобинский сельский округ Здание акимата сельского округа, Средняя школа имени Т.Акимова, Холл
7. Кокбастауский сельский округ Здание акимата сельского округа, Коктобинская средняя школа, Холл
8. Куренбельский сельский округ Здание акимата сельского округа, Дом культуры села Куренбель, Холл
9. Карасазский сельский округ Дом культуры села Карасаз, Холл
10. Кызыларыкский сельский округ Здание акимата сельского округа, Дом культуры села Актобе, Холл
11. Кошкаратинский сельский округ Здание акимата округа, Дом культуры Холл
12. Нурлыкентский сельский округ Здание акимата сельского округа, средняя школа имени М.Ломоносова, Холл
13. Мынбулакский сельский округ Здание акимата сельского округа, средняя школа имени А.Байтурсынова, Холл
14. Шакпакский сельский округ Здание акимата сельского округа, школа искусства, Холл