ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІНЕ ТЕЗИСТЕРІ. 25.12.2018 ж.

Жуалы ауданы әкімінің халық алдындағы есебіне тезистері

 

Аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлшегі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде.

Есепті мерзімге ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 23 773,0 млн. теңгені құрады (оның ішінде мал шарушылығы өнімі 12 434,4 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы 11 320,6 млн. теңге), (2017 жалпы шығарылым 22 489,0 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 105,7 пайызды құрады.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 218 251 га, оның ішінде  97 910 га егістік жер, суармалысы 8093 га.

Егін шаруашылығы: Масақты дәнді дақылдарды жинау барысы бойынша, барлығы орылғаны  33 723 га, орташа өнімділігі 23,8 ц/га, жалпы түсімі 80 261 тонна, оның ішінде күздік бидай 11 400 га,  орташа өнімділігі 24 ц/га, алынған  өнім 27 360 тонна, арпа 22 323 га, орташа өнімділігі 23,7 ц/га, алынған өнім 52 901 тонна.

Күзгі дала жұмыстары бойынша 23 502 га майлы дақылдар орылып, әр гектардан орташа өнімділігі 7,3 ц/га, жиналған өнім 17156 тонна (100,0 пайыз). Картоп 2480га, жиналғаны 2480 га, өнімділігі 232,0 ц/га, алынған өнім 57536 тонна (100,0 пайыз). Көкөніс 650 га, жиналғаны 650 га, орташа өнімділігі 241 ц/га, алынған өнім 15665 тонна. Дәндік жүгері 300 га, жиналғаны 300 га, өнімділігі 60 ц/га, алынған өнім 1800 тонна (100 пайыз).

Техника: Аудан бойынша барлығы 1388 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген, оның ішінде 725 дана тракторлар, 178 дана астық жинайтын комбайндар, 369 дана тіркемелер және 116 дана әртүрлі тіркемелер.

Ауыл шаруашылығы техникаларын порталға енгізу бойынша, барлық енгізілетін техникалар саны 1388 дана 100,0 пайыз электрондық порталға енгізілді.

Есепті мерзімге жалпы құны 319,8 млн. теңгеге 52 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 24 жаңа МТЗ тракторлары, 23 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері, 1 дана шөп жинайтын комбайны және  4 дана әртүрлі техника сатып алынды.

Жанар-жағар май туралы 2018 жылдың басынан көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген жанар-жағар май бойынша, барлығы 2411 тонна дизель отыны бөлініп, толығымен таратылды. Сонымен қатар күзгі дала жұмыстарына   қыркүйек айына 520 тонна бөлінген, бүгінгі күнге таратылғаны 280 тонна, тарату бағасы 163 тенге.

Минералды тыңайтқыш: Есепті мерзімге 50 пайыздық жеңілдікпен барлығы 2919 тонна минералды тыңайтқыш алынды, оның ішінде 2230 тонна аммиакты селитра, 451 тонна аммофос және 238 тонна әртүрлі универсалды  тыңайтқыштары 13 мың гектардай ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылды. Минералды тыңайтқыштар масақты дәнді дақылдарға тұқымды егістік жерге сіңіру барысында берілсе,  басым дақылдарға топырақты өндеу жұмыстары арқылы беріліп отырды. Бұл дақылдардан алынатын өнімділікті 4-5 цн/га көтеріп, топырақ құнарлығын сақтап, арттыруға  септігін тигізуде.

Субсидия: Аудан шаруашылықтары тарапынан биылғы жылы сатып алынған  124 бас асыл тұқымды МІҚ малына 20,33 млн. теңге, 195 бас асыл тұқымды қойға  2,7 млн. теңге, 134 бас жылқыға  7,760 млн. теңге, 15 655 тонна сүтке 21,342 млн. теңге, ет бойынша 1870 бас қойға 2,805 млн теңге, селекцияға 7380 бас МІҚ малына 7,380 млн.тг, мал шаруашылығы бойынша барлығы 144,287 млн.  теңге субсидия төленді.

Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша басым дақылдарға 22,773 млн. теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидия 19,940 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша барлығы 42,713 млн. теңге субсидия төленді. Барлық субсидия 187,0 млн. теңгені құрады.

Мал шаруашылығы: мүйізді ірі қара  41 838 бас (2017 жылы 39 898 бас), қой-ешкі 197 168 бас (2017 жылы 180 334 бас), жылқы 8 638 бас (2017 ж. 8 250 бас), шошқа 754 бас  (2017 ж. 774 бас), құстар 108 222 бас (2017 ж. 101 572 бас). Мал басы 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,9 пайызға, қой мен ешкі 9,3 пайызға, жылқы 4,7 пайызға, құстар 6,5 пайызға артып отыр.

Мал өнімдері бойынша ет өндіру тірі салмақпен 11 636,0 тн. (2017 ж. 11 084,0 тн.), сүт өндіру 41 224,0 тн. (2017 ж. 39 626,0 тн.), жұмыртқа 7 849,7 мың дана (2017 жылы 7 503,9 мың дана) өнім алып, 2017 ж. осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 5,0 пайызға, сүт өнімі 4,0 пайызға, жұмыртқа 4,6 пайызға артты.

 

Өнеркәсіп

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2018 жылы 6 782,4 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2017 ж. 5 720,4 млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 105,7 пайызды құрады.

Есепті мерзімге аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4498 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 327 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 1454 жеке кәсіпкерлер, 2703 шаруа қожалықтар тіркелген. Осы кәсіпкерлік – шаруашылық субъектілерінде барлығы 9022 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 679 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 1867 адам, шаруа қожалықтарында 6367 адам  жұмыс жасайды. 2018 жылы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 173 145,0 мың теңге салық түсірілді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 3898-і, немесе 86,7 пайызы жұмыс істеуде.

Ауданымыздағы «Бурное Солар-2» күн электр станциясы ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында ҚР Елбасының телекөпір байланысы арқылы іске қосылды.

Аудан бойынша  2018 жылы 1 889,9 млн. теңгенің (2017 ж.  1 704,0 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,8 пайызға артып отыр.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру:

Ауданда бүгінгі күнге 5 микрокредиттік ұйымдар  жеке кәсіпкерлерге несие тарату қызметімен айналысады, 2018 жылы осы ұйымдар барлығы 4087 адамға 2 091,8 млн. теңге несие таратты, (2017 жылдың осы мерзімінде 3121адамға 1 525,6 млн. теңге.) оның ішінде:

«KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жуалы ауданындағы бөлімшесімен 2913  адамға 1 652,9 млн. теңге несие берілді.

«Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-мен 9 адамға 51,5 млн. теңге несие берілді.

«Азия несие қоры» ЖШС-гі  771 адамға  236,9 млн. теңге көлемінде несие таратты.

«Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымымен 394 адамға 150,5 млн. теңге несие берілді.

«Жуалы-Рантье» шағын кредиттік ұйымы қаңтар-маусым  айларында ешқандай несие таратқан жоқ, тек қана бұрынғы берілген несиелерді жинақтау жұмысымен айналысуда.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, кәсіпкерлікті қолдау картасын екінші  өзектендіру мақсатында, бүгінгі күні ауданда жаңа ережелердің талаптарына сай келетін 1 жобамен жұмыстар жүргізілуде.  Ол, Шақпақ  ауылдық округінен қуаттылығы жылына 17550 тонна жол битумын шығаратын кіші зауыт құрылысының басталуы. Жоба құны 161,0 млн.теңгені құрайды деп жоспарлануда. Құрылысты «ШақпақЖол Сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Қазіргі уақытта индустриаландыру картасына ену мақсатында қаржы мекемелерінің қолдауына ие болу үшін құжаттарын рәсімдеуде.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен ұсыныстар (жобалар) сараланып, 5 нақты жобамен жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күнге 5 кәсіпкер («Атамекен» сауда өндірістік компаниясы» ЖШС, ЖК «Айтимбетов Мурат», «Технадзор» ЖШС, ЖК «Асемова Г.» және «Дидар» ШҚ) нәтижелі жұмыстар атқарып,  аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, екінші деңгейлі банктерден несие алып жұмыстарын жүргізуде.  Жалпы 5 кәсіпкер 134,5 млн. теңге көлемінде несие алып, нәтижесінде 29 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Құрылыс  жұмыстары бойынша:

Білім саласы бойынша жалпы сметалық құны 488 035,0 мың теңгені құрайтын Қызыларық ауылындағы 150 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізуге техникалық бақылаушы мен авторлық бақылау қызметтерін қоса есептегенде нысан бойынша жалпы сомасы 477 543,0 мың теңгеге (ҚҚС-мен) келісім шарт жасалды. 2017 жылға 288 354,0 мың теңге, 2018 жылға 192 189,0 мың теңге қаржы қарастырылып, жалпы нысан бойынша 467 571,1 мың теңге қаржы игеріліп, 2018 жылдың шілде айында нысан пайдалануға берілді.

Көктөбе тұрғын алқабын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құрылысы (жобаның жалпы құны 612 071,0 мың теңге) бойынша 2018 жылға облыстық бюджеттен 200 000,0 мың теңге бөлініп, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсына беріліп, мердігер анықталып «Талас-Құрылыс» ЖШС-гімен 531 954,026 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, қыркүйек айынан бастап құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Ауыз су жүйелері құрылысы мен жобалануы  бойынша:

2018 жылы сараптамаға ұсынылған Қарасаз ауылының ЖСҚ-на №ҚСҚКАZ-005318 санымен сараптаманың оң  қорытындысы алынды. Сметалық құны – 616,29 млн. теңге. Қарасаз ауылының су жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 2019 жылға қаржы сұрату үшін облыстық құрылыс басқармасына ұсынылып, қаржы бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаруға облыстық энергетика басқармасы арқылы ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталып 2019 жылы Қарасаз ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталады.

Одан бөлек, су жүйелеріне ЖСҚ әзірленген Шақпақата, Көлтоған, Қошқарата ауылдарының жобаларының сараптама қорытындылары қыркүйек айында алынып, республикалық бюджеттен 2019 жылға қаржы сұрату үшін өтінім берілді. 2019 жылдың ақпан айында өтетін республикалық бюджетті нақтылау кезінде нәтижесі белгілі болады.

Білім беру нысандары бойынша:

Қошмамбетов атындағы мектебіне қосымша спортзал (қазандығымен бірге)құрылысы (135 839,0 мың теңге 13.03.2018 ж келісімшарт рәсімделді) «Экспертиза ПРО» ЖШС-гі арқылы сараптамадан өтіп, 26.06.2018 ж. оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 2019 жылға облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді.

 

Пахомов атындағы мектебіне қосымша спортзал (6 оқу бөлмелерімен бірге) құрылысына ЖСҚ дайындалып, сараптамаға ұсынылған.  Бірақ, жобалаушы-«Тараз-Аркон» ЖШС-гінің дер кезінде ескертпелер бойынша түзету жасай алмауы салдарынан  сараптамадан 25.06.2018 ж. теріс қорытынды алынды. Сараптама жобалаушы арқылы қайта жалғасуда. Сметалық құны 154 622,8 мың теңге. Желтоқсан айында (20.12.2018 ж) сараптама қорытындысы алынып, 2019 жылдың бюджетті нақтылау кезіндегі отырысына қосымша ұсынылады.

Алатау ауылындағы 80 орындық мектеп (289,8 млн.тг) пен 300 орындық Диқан ОМ құрылысына(946,3млн.тг) жоба-сметалық құжаттамаларының сметалық құндары қайта есептеліп, сараптамадан өткізу үшін ашық конкурс жарияланды. Нәтижесінде, Алатау мектебінің ашық конкурсының нәтижесі бойынша «ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ» ЖШС-гі 2 500,0 мың теңгеге ұтып алды. Сараптама қорытындысы 2019 жылдың ақпан айында алынады.

Диқан ауылындағы 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының кешенді сараптамасын «СтройПродуктив» ЖШС-гі 4 788,0 мың теңгеге ұтып алды, бірақ, облыстық білім басқармасының қорытындысына сәйкес мектеп қуаттылығы 180 оқушыға арналып қайта есептелуде. 2019 жылы қаңтар айында сараптау жұмыстары жалғасады.

Денсаулық саласы бойынша: Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен Жуалы ауданында мемлекеттік-жекешілік әріптестік бағытында 3 денсаулық саласы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Олар Шақпақата ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік,  Қошқарата ауылында 10 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялық және Ертай ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт нысандары  салынды.

2018 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3 075,0 млн. теңгені құрап, (2017 жылы 2 301,0 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 190,5 % пайызға орындалды.

192,2 млн. теңге көлемінде Қызыларық ауылында 150 оқушыға арналған орта мектептің өтпелі құрылыстарының, 78,7 млн. теңге көлемінде Б.Момышұлы ауылындағы «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу жұмыстарының, 607,0 млн. теңге көлемінде «Бурное Солар-2» күн электр станциясында өтпелі құрылыс жұмыстарының,                        2 197,1 млн.теңгеге «Сұрым-Бурное», «Абаил-Шақпақ» станцалары арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысын жүргізуі негізінде қол жеткізіліп отыр.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылы  16 501,0 млн. теңгені құрады (2017 жылы 13 649,5 млн. теңге), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда                 115,1  пайызға орындалды.

Атап айтқанда: «Бурное Солар-2» күн электр станциясында өтпелі құрылыс жұмыстарының жүргізілуі және Қызыларық ауылында орта мектептің өтпелі құрылыс жұмыстарының жүргізілуі, «Берікқара» демалыс лагерінде құрылыс жұмыстарының жүргізіліп-аяқталуы, «КазГидроОперейтинг» ЖШС гидро-электро станциясын салу жұмыстарының және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ «Сұрым-Бурное», «Абаил-Шақпақ» станцалары арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу негізінде негізгі капиталдағы инвестиция көрсеткіштері артып отыр.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2018 жылы  жалпы алаңы – 9 213 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,6 пайызға орындалып отыр.

Жол

Аудандық маңызы бар 12,3 шқ. автомобиль жолдары                 259 447,0 мың теңгеге және ауылішілік 13,1 шқ. автомобиль жолдары 220 373,0 мың теңгеге орта жөндеуден өткізіліп, нәтижесінде жақсы және қанағаттандырылық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесі 84,5 пайызды құрайды.

Мәдениет

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында цифрлық сауаттылыққа оқыту маңыздылығына орай Нұрлыкент, Ақтөбе, Мыңбұлақ, Шақпақ ауылдық округтері мен Б.Момышұлы ауылында электронды залдар ашылды.

«Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында кітапханалар жұмысын ілгерлету мақсатында білім орталығы Б.Момышұлы ауылы және Нұрлыкент ауылдық округі кітапханаларында ашылды. Сонымен бірге 5 елді мекенде цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды.

Білім

Ауданымызда білім саласына қатысты жалпы 74 білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны 40 (30 орта,  4 негізгі, 6 бастауыш), 29 балабақша (оның ішінде 3 жеке меншіктегі балабақша), 1 шағын орталық, 6 мектептен тыс мекеме ( №1, №2, №3, №4 Балалар өнер мектептері, Аула клубы, «Мәңгілік ел» тәрбие-білім беру орталығы) және 1-психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті.

2018-2019 оқу жылында 38 жалпы орта және 2 мектеп-гимназияда 11 130 бала білім алуда.

2017-2018 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 40 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1695 дананы құрайды. Аудан бойынша 1 компьютерге 9 оқушыдан келеді.

Аудан бойынша 40 мектепке (100%) телефон байланысы орнатылған. Мектептердің барлығы Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 40 мектеп (100%). 23 мектептің (57,5%) кітапханасы Интернет желісіне қосылған. Аудан мектептерінде барлығы 95 интерактивті тақталар бар. Арнайы жабдықталған биология кабинеті – 20, химия кабинеті –19, физика кабинеті–25. Жалпы аудан бойынша 25 лингофонды-мультимедиялық кабинет, №15 мектеп-лицейдін базасынан IT-сыныбы ашылды. Жалпы оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер – 496 (67,3 %) құрайды.

2018 жылы оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасына аудандық бюджеттен 188105,0 мың теңге қаржы қарастырылып, есепті мерзімге 11130 оқушы оқулықтармен толығымен 100,0 пайыз қамтамасыз етілді.

2018 жылы төмендегі білім мекемелеріне жалпы 30964,0 мың теңге қаражатқа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған:   

М.Ломоносов атындағы орта мектебінің есік және терезелерін ауыстыру бойынша 5600,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

А.Пушкин атындағы орта мектебінің ауласын көгалдандыру  және брусчатка төсеу бойынша 4480,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№1 мектеп – гимназиясының қойма ғимаратын күрделі жөндеу бойынша 8500,0 мың теңгеге «Теберде Строй Сервис» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің сыртқы дуалдарын күрделі жөндеуден  өткізуге (металл сайдингпен қаптау) 3000,0 мың теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ағымдағы жөңдеу жұмыстары:

Т.Әкімов атындағы орта мектептің жертөлесіндегі суды дренаждау жұмыстарына 3000,0 мың теңге қарастырылып,  «Ерке бота» ЖШС тиісті жұмыстарды жүргізді.

 

№1 мектеп-гимназиясының жертөлесін жөндеу жұмыстарына 1200,0 мың теңгеге конкурс нәтижесі бойынша «Компрессор Тараз» ЖШС жеңімпаз атанып, келісім-шарт жасалынып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жалпы 50 мекеме газбен, 24 мекеме қатты отынмен жылытылады. 2018 жылы 2386 тоннаға 35790,0 мың теңге мектептерге, 2820,0 мың теңге 188 тонна көмір балабақшаларға қарастырылды. Бүгінгі күні «Байдаулетов Нурдаулет Аманбекович» жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасалынып, көмір толық білім мекемелеріне жеткізілді. Табиғи газға 51939,0 мың теңге, балабақшаларға 9350,0 мың теңге қаралған.

Оқушыларды тасымалдау және ыстық тамақпен

қамтамасыз ету жұмыстары.

Ауданның 17 елді мекенінен 525 оқушы 9 орта мектепке тасымалданып оқытылуда. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тасымалдау ауыл әкімдеріне берілген.

Жалпы асхана саны – 40, ол 100 пайызды құрайды.

2018 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2333 балаға  184126,0 мың теңге қаржы қаралып, 11 айда 92,4% яғни, 170126,0 мың теңге қаражат игеріліп, ыстық тамақ берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту үлесін облыстық көрсеткішке жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда, 1-6 жас аралығында ауданда жекеменшік балабақша ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп, 2018 жылдың 30 тамызы «Конституция»  күніне орай,  91678 әскери бөлім аумағынан 75 орындық «Айсәуле» балабақшасы ашылды.

Көлбастау ауылынан «Әсем достар» 50 орындық жекеменшік балабақшасы ашылды.

Жалпы аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға 1-6 жастағы 2340 бала қамтылды.

Денсаулық сақтау

2018 жылы ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі бойынша 8 жағдай орын алды (2017 ж. – 5 жағдай). (әртүрлі себептермен: 2 жағдай мерзімінен бұрын туылуы, 1 жағдай емізулі баланың кенеттен қайтыс болуы, 2 жағдай бас миының ісігі, ми қан айналымының жіті бұзылуы, 2 жағдай  өкпенің жетілмеуі, мидың ишемиясы, 1 жағдай жүректің туа біткен ахауы).

Есепті мерзімге туберкулезбен ауыратындар саны 26 адам   (2017 ж.  44 адам), 100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 54,2 пайыз.  (2017 ж.  66,2 пайыз).

Спорт

2018 жылы ұйымдастырылған 304 іс-шараға (284-саламатты өмір салтын насихаттау бойынша, 20-салалық спартакиадалар)  53 788 аудан тұрғыны қатысты. Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі (51 875) тұрғынның 15 252-ін) 29,4 пайызды құрады (2017 жылдың осы кезеңінде 28,5%).

Қарасаз, Ақтөбе, Билікөл және Шақпақ ауылдық округтерінде өзіндік жергілікті бюджет есебінен қаржы қарастыра отырып «Street workout» спорттық алаңдары ашылды.

Салық және бюджет.

Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 2 334 473,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 2 282 043,0 мың теңге, немесе  97,8 пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 1 150 878,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 232 969,3 мың теңге орындалуы 107,1 пайыз немесе 82 091,3 мың теңге артық түсіп отыр.

Аудан бюджетінің кірісі

Аудан  бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғары бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары  8 887 467,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған соммасы 8 931 995,3 мың теңгені құрады.  Орындалуы 100,5%.

Аудан бюджетінің шығысы

Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспары 9 077 205,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 8 949 897,7  мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы соммасы 127 307,3 мың теңге немесе атқарылуы  98,6 % – ды құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Аудан бойынша 2018 жылы статистикалық сараптамасына сәйкес жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайыз болып, жалпы жұмыссыздар саны – 1 240 адамды құрады (облыста 4,8 пайыз).

Есепті мерзімге жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 692 адамды құрады немесе ресми жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайыз болып қалыптасты (2017 жылдың  11 айында ресми тіркеуде – 623).

2018 жылы 2487 азамат қайырылып, жұмыспен қамту шараларына 2766 адам тартылды, немесе 111,2 пайызды құрады.

Нақты айтар болсақ: тұрақты жұмыс орындарына                              1292 жұмыссыздар, қоғамдық жұмыстарға 359 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 233 жұмыссыздар, жастар практикасына 255 жастар, несие алуға 97 адам, бастау-бизнес оқытуға 187 адам, кәсіби оқытуға 343 адам  жолданды.

Сондай-ақ, 2018 жылға мүмкіндігі шектеулі 49 азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып,  49 мүгедек жұмыспен қамту шараларына тартылды (12 қоғамдық жұмысқа, 3 жастар практикасына, 5 әлеуметтік жұмыс орындарына,  29 тұрақты жұмыс орынға жолданды).

2018 жылы жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік заңына сәйкес кедейшілік деңгейінің 40 пайыздан 50 пайызға көтерілуіне байланысты 2018 жылы аз қамтылған отбасылар саны 7283 адамы бар 1388 отбасы болып қалыптасты.