Азаматтық бюджет. Мыңбұлақ ауылдық округі 2019 жыл

Азаматтық бюджет. Мыңбұлақ ауылдық округі 2019 жыл

 

Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік. Жер көлемі 6861,30 га. Халық саны 4280 адам.  Орталығы Көлбастау  ауылы. Аудан орталығынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан.

 

Қысқаша мазмұны:

 2 бет. Негізгі міндеттерге қол жеткізудің есептері. Бұл бетте  Мыңбұлақ ауылдық округі бюджетті орындау барысында қол жеткізген негізгі міндеттеріне түсініктеме береді.

 

 3 бет. Ауылдық округ – кіріс және шығыс бөліктері. Өткен жылмен қоса, бюжеттің  кіріс және шығыс бөліктері туралы ақпарат беріледі.

 

 4 бет.   Мыңбұлақ  ауылдық округінің экономикалық дамуы. Алдыңғы жылдарға дамуы және негізгі жоспарлары.

 

Экономикалық саясаттың мақсаты- Мыңбұлақ  ауылдық округі бәсекеге қаблетті тауар және қызмет өндірушілеріне тиімді мемлекеттік басқару жүйесі негізінде, сапалы, ырғақты экономикалық өсімінің қалыптасуына ықпал ету.

 

Ауылдық округ құрымында 2 ауыл бар:

Көлбастау ауылы,

Талапты ауылы.

 

Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

 

  2018* 2019*
1 Айлық есептік көрсеткіш  (теңге) 2405 2525
 2 Ең төменгі еңбек ақы мөлшері 28284 42500
3 Күн көрістің төменгі деңгейі 28284 42500
4 Ең төменгі зейнетақы мөлшері 33745 36108
5 Ауылдық округ бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы (теңге) 66236 71171
6 Жан басына шаққанда ЖӨӨ (мың теңге) 3230 3280
7 Халық саны (мың адам) 1 мамырға 4280 4280
8 Ауылдық округ орталығы халқының үлесі (%) 85,9 85,9
9 Ауыл халқының үлесі   (%) 100 100
10  65 жастан асқан  тұлғалардың үлесі (%) 0,9 1,1
11 Зейнетақы алушылардың саны (адам) 416 442
12  1000 адамға шаққандағы туылғандардың деңгейі 0,5 7,5
13 Еңбекке жарамды жастағы халықтың саны (мың адам) 3,0 3,0

АЕК- бұл ҚР қолданылатын зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерді есептеу, сонымен қатар айыппұл санкциясын, салық және басқа төлемдердің  есептерінің көрсеткіші.          (Жыл сайын ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңымен нақтыланады ).

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы-құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.

Қалыпты еңбек жағдайында және қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығында еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған, квалифицияланбаған (аса күрделі емес) жай еңбек үшін жұмысшыға берілетін кепілді ең төменгі ақшалай төлем.

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)- ауылдық округтің экономикалық даму нәтижелерін сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі.

Инфляция-ақшаның құнсыздануы,  халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы баға деңгейінің уақыт ішіндегі өзгеруін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* тиісті жылдың басына

 

                                               Білім

Көрсеткіштер 2018 2019         (болжам) 2020

( болжам)

Орта білім
ҰБТ орташа балы (балл) 85,8 80 80
Жалпы мектеп саны (жалпы білім беретін күндізгі мектеп саны) 2 2 2
Апатты жағдайдағы мектептердің үлесі (%) 0 0 0
Қажетті желілік ресурстармен мәліметтерді кепілді жылдамдықпен берумен қамтылған мектептердің үлесі  % 100 100 100
  Интерактивті құралдарды пайдаланатын білім мекемелерінің саны 2 2 2
Мектеп алды оқумен және тәрбиемен қамтылған балалар (%) 3-6 жас 99,1 100 100
Мектеп алды дайындықпен қамтылған балалар  (%) 100 100 100
 Жалпы бала бақша санындағы, мектеп алды оқумен және тәрбиемен қамтылған жеке меншік мекемелердің үлесі (%) 50 50 66,6
Бала бақшалардың саны 2 2 3
Шағын орталықтардың саны 0 0 0

Мыңбұлақ ауылдық округ бойынша 2018 жылғы ҰБТ-ның орташа балл көрсеткіші 85,8 балл болды.

 

2019 жылы ауданда ҰБТ көрсеткішінің деңгейі 80  баллдан төмен болмайды деп жоспарлануда.

Қажетті желілік ресурстармен мәліметтерді кепілді жылдамдықпен берумен қамтылған мектептердің үлесі     2019 жылы 100 %.

Интерактивті құралдарды пайдаланатын білім мекемелерінің саны 2, мектеп алды оқумен және тәрбиемен қамтылған балалар саны 99,1%

Бүгінгі таңда мектеп алды дайындықпен балалардың     100 %  қамтылған.

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

Денсаулық сақтау

 

Көрсеткіштер 2018 2019

( болжам)

2020

(болжам)

Ана өлімінің деңгейі (100 мың тірі туылғандарға) % 0 0 0
Сәби өлімінің деңгейі ( 100 мың тірі туылғандарға) % 0 0 0
 100 мың тұрғынға туберкулезбен ауырғандардың деңгейі % 0 0 0
100 мың тұрғынға туберкулезден қайтыс болғандардың үлесі % 0 0 0
 100 мың тұрғынға ВИЧ/СПИД  ауырғандардың деңгейі % 0 0 0
Мыңбұлақ ауылдық округінде 2018 жылы  ана өлімі және сәби өлімі орын алған жоқ.

 

Мыңбұлақ ауылдық округінде  туберкулезбен ауырғандар және ВИЧ/СПИД ауруымен ауырғандар 2018 жылы тіркелмеген және алдағы уақытта да тіркелмеуі жоспарлануда.

                               Әлеуметтік қорғау

 

Көрсеткіштер 2018 2019

( болжам)

2021           (болжам)
Жалпы ауылдық округ халық санына, күнкөрістің ең төменгі мөлшерінен табысы төмен халық санының үлесі % 28,5 26,8 25,0
Күнкөрістің ең төменгі мөлшерінен табысы төмен жалпы халық санына,қосымша әлеуметтік көмекпен қамтылған аз қамтамасыз етілген азаматтардың үлесі  % 44,0 42,5 40,0

Ең төменгі табысы бар халықтың үлесі 2019 жылы 1,7% қысқарады.

 

 

 

  2018 (нақты) 2019 (жоспар)
Кірістер 51 391 71 949
Шығыстар 51 391 71 949

 

 

 

 

Салық түсімдері түрлерінің үлесі,

2019 жыл., %

 

 

 

 

2019 жылғы  Мыңбұлақ ауылдық округ бюджетінің салықтық түсімдерін негізінен жеке табыс салығы 2 000 мың теңге, меншікке салынатын салығы 3 484 мың теңге, оның ішінде Мүлікке салынатын салықтар 54 мың теңге, жер салығы 230 мың теңге, көлік құралдарына салынатын салықтар 3 200 мың теңгеге  қалыптастырады.

 

Жалпы шығындар көлемінің үлкен үлесі: Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтердің шығындары- 31,8 %, білім беру-29,1%, тұрғын үй коммунальдық шаруашылық-9,4 %,  көлік және коммуникация- 24,3%,басқалар – 10,4 %,

 

Мыңбұлақ ауылдық округі жоспарлы бюджетінде шығыстар бөлігі (71 949 мың теңге), кірістер бөлігімен      (71 949 мың тенге)  тең екенін көрсетеді.

 

Мыңбұлақ ауылдық округі   2019 жылғы бюджет кірістері келесі көлемде қалыптасқан.  (71 949  мың теңге)

 

Салықтық түсімдер

5 484
Салықтық емес түсімдер 28
Негізгі капиталдан саудан түскен түсімдер 0
 Трансферттер  түсімдері 66 437

 

Кірістің көп үлесін трансферт түсімдері құрайды  92,3 %, салықтық түсімдер 7,6 %, салықтық емес түсімдер 0,04%

 

 

Трансферт- бұл қаржыны бір бюджеттен екінші бюджетке аудару. Ауылдық округ әкімінің 2019 жылғы бюджетіне трансферт түсімдері, негізінен жоғарғы тұрған бюджеттерден түседі. (Ауд.Б) 92,3%

 

 

 

Мыңбұлақ ауылдық округі бюджетінің 2019 жылға арналған шығыстары  (мың.теңге)

 

 

 

 

 

 

 

2019 жылы   аудандық  бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-маңызды бюджеттік инвестициялық жобалар

 

Нысандардың атауы Құны (мың тг) ескертпе
Жиыны 55 989  
Мыңбұлақ ауылдық округіндегі Ақсай-1 каналын тазалау жұмыстары 4 899 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
Талапты-Алатау-Застава автожолын жөндеуге, өтпелі жоба 29 729 Көлік және коммуникация
Талапты ауылы Б. Момышұлы көшесін 0,980 шақырым орташа жөндеу 17 444 Көлік және коммуникация
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округі Колбастау ауылында Конаев және Б.Момышұлы көшелерінің арасындағы бұрылыстарының жолдарын ағымдағы жөндеу 2 700 Өңірлерді дамыту бойынша
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің Талапты ауылында Б.Момышұлы көшесін жарықтандыру 1 217 Өңірлерді дамыту бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2020 жылдардағы кіріс саясаты Мыңбұлақ

ауылдық округінің  индустриалды-инвестициялық

дамуын ынталандыруды жалғастыруға,

бәсекеге қаблетілігін көтеруге және

экономикада тиімді  салық салмағын құруға бағытталады.

(негізгі көрсеткіштер бойынша, өндірілген өнім көлемі)

 

 

 

 

 

2019-2021 жылдардағы бюджеттің

болжам көрсеткіштері (мың теңге)

 

  2019 жыл 2020 жыл 2021

жыл

Кірістер 71 949 44 970 44 970
Шығындар 71 949 44 970 44 970