Азаматтық бюджет. Қарасаз ауылдық округі 2019 жыл

Азаматтық бюджет. Қарасаз ауылдық округі 2019 жыл

 

Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік. Жер көлемі 12979,86 га. Халық саны 3431 адам.  Орталығы Қарасаз  ауылы. Аудан орталығынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан.

 

Қысқаша мазмұны:

 2 бет. Негізгі міндеттерге қол жеткізудің есептері. Бұл бетте    Қарасаз    ауылдық округі бюджетті орындау барысында қол жеткізген негізгі міндеттеріне түсініктеме береді.

 

 3 бет. Ауылдық округ – кіріс және шығыс бөліктері. Өткен жылмен қоса, бюжеттің  кіріс және шығыс бөліктері туралы ақпарат беріледі.

 

 4 бет.    Қарасаз    ауылдық округінің экономикалық дамуы. Алдыңғы жылдарға дамуы және негізгі жоспарлары.

 

Экономикалық саясаттың мақсаты- Қарасаз  ауылдық округі бәсекеге қаблетті тауар және қызмет өндірушілеріне тиімді мемлекеттік басқару жүйесі негізінде, сапалы, ырғақты экономикалық өсімінің қалыптасуына ықпал ету.

 

Ауылдық округ құрымында 5 ауыл бар:

Қарасаз ауылы,

Ақбастау ауылы,

Жүрымбай ауылы,

Қарасу ауылы,

Көктас ауылы.

 

Негізгі экономикалық көрсеткіштер:

 

  2018* 2019*
1 Айлық есептік көрсеткіш  (теңге) 2405 2525
 2 Ең төменгі еңбек ақы мөлшері 28284 42500
3 Күн көрістің төменгі деңгейі 28284 42500
4 Ең төменгі зейнетақы мөлшері 33745 36108
5 Ауылдық округ бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы (теңге) 63097 71000
6 Жан басына шаққанда ЖӨӨ (мың теңге) 2602 2624
7 Халық саны (мың адам) 1 мамырға 3431 3431
8 Ауылдық округ орталығы халқының үлесі (%) 59,6 66,1
9 Ауыл халқының үлесі   (%) 100% 100
10  65 жастан асқан  тұлғалардың үлесі (%) 9,5 9,6
11 Зейнетақы алушылардың саны (адам) 387 374
12  1000 адамға шаққандағы туылғандардың деңгейі 1,9 17,5
13 Еңбекке жарамды жастағы халықтың саны (мың адам) 1,7 1,9

АЕК- бұл ҚР қолданылатын зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерді есептеу, сонымен қатар айыппұл санкциясын, салық және басқа төлемдердің  есептерінің көрсеткіші.          (Жыл сайын ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңымен нақтыланады ).

Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы-құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.

Қалыпты еңбек жағдайында және қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығында еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған, квалифицияланбаған (аса күрделі емес) жай еңбек үшін жұмысшыға берілетін кепілді ең төменгі ақшалай төлем.

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ)- ауылдық округтің экономикалық даму нәтижелерін сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі.

Инфляция-ақшаның құнсыздануы,  халықтың жеке тұтыну үшін сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жалпы баға деңгейінің уақыт ішіндегі өзгеруін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* тиісті жылдың басына

 

                                               Білім

Көрсеткіштер 2018 2019         (болжам) 2020

( болжам)

Орта білім
ҰБТ орташа балы (балл) 112 80 80
Жалпы мектеп саны (жалпы білім беретін күндізгі мектеп саны) 2 2 2
Апатты жағдайдағы мектептердің үлесі (%) 0 0 0
Колледж 1 1 1
Қажетті желілік ресурстармен мәліметтерді кепілді жылдамдықпен берумен қамтылған мектептердің үлесі  % 100 100 100
  Интерактивті құралдарды пайдаланатын білім мекемелерінің саны 2 2 2
Мектеп алды оқумен және тәрбиемен қамтылған балалар (%) 3-6 жас 99 100 100
Мектеп алды дайындықпен қамтылған балалар  (%) 100 100 100
 Жалпы бала бақша санындағы, мектеп алды оқумен және тәрбиемен қамтылған жеке меншік мекемелердің үлесі (%) 0 0 0
Бала бақшалардың саны 2 2 2
Шағын орталықтардың саны 0 0 0

Қарасаз ауылдық округ бойынша 2018 жылғы ҰБТ-ның орташа балл көрсеткіші 112 балл болды.

 

2019 жылы ауданда ҰБТ көрсеткішінің деңгейі 80  баллдан төмен болмайды деп жоспарлануда.

Қажетті желілік ресурстармен мәліметтерді кепілді жылдамдықпен берумен қамтылған мектептердің үлесі     2019 жылы 100 %.

Интерактивті құралдарды пайдаланатын білім мекемелерінің саны 2, мектеп алды оқумен және тәрбиемен қамтылған балалар саны 1,0% өседі.

Бүгінгі таңда мектеп алды дайындықпен балалардың     100 %  қамтылған.

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

Денсаулық сақтау

 

Көрсеткіштер 2018 2019

( болжам)

2020

(болжам)

Ана өлімінің деңгейі (100 мың тірі туылғандарға) % 0 0 0
Сәби өлімінің деңгейі ( 100 мың тірі туылғандарға) % 3/5,7 5,5 5,3
 100 мың тұрғынға туберкулезбен ауырғандардың деңгейі % 1,9 1,8 1,7
100 мың тұрғынға туберкулезден қайтыс болғандардың үлесі % 1,9 0 0
 100 мың тұрғынға ВИЧ/СПИД  ауырғандардың деңгейі % 5,7 5,7 5,6
Қарасаз ауылдық округінде 2018 жылы  ана өлімі орын алмаған. Сәби өлімі 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 0,2%-ға төмендейді..

 

 Қарасаз ауылдық округінде  туберкулезбен ауырғандардың үлесі 2019 жылы 0,1%-ға төмендейди деп күтілуде.

                               Әлеуметтік қорғау

 

Көрсеткіштер 2018 2019

( болжам)

2020           (болжам)
Жалпы ауылдық округ халық санына, күнкөрістің ең төменгі мөлшерінен табысы төмен халық санының үлесі % 12,5 11,0 10,0
Күнкөрістің ең төменгі мөлшерінен табысы төмен жалпы халық санына,қосымша әлеуметтік көмекпен қамтылған аз қамтамасыз етілген азаматтардың үлесі  % 41,5 40,0 40,0

Ең төменгі табысы бар халықтың үлесі 2019 жылы 1,5% қысқарады.

 

 

 

  2018 (нақты) 2019 (жоспар)
Кірістер 87 240 119 081
Шығыстар 87 240 119 081

 

 

 

 

 

Салық түсімдері түрлерінің үлесі,

2019 жыл., %

 

 

 

 

2019 жылғы  Қарасаз ауылдық округ бюджетінің салықтық түсімдерін негізінен жеке табыс салығы 1 600 мың теңге, меншікке салынатын салығы 3 779  мың теңге, оның ішін 300 мың теңге, көлік құралдарына салынатын салықтар 3 445 мың теңгеге  қалыптастырады.

 

Жалпы шығындар көлемінің үлкен үлесі : Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтердің шыңындары- 18,9 %, білім беру шығындаы 59,9%.   тұрғын үй коммунальдық шаруашылық-1,5 %, көлік және коммуникация- 17,2%, басқалар – 2,4 %,

 

Қарасаз ауылдық округі жоспарлы бюджетінде шығыстар бөлігі (119 081 мың теңге), кірістер бөлігімен      (119 081 мың тенге)  тең екенін көрсетеді.

 

Қарасаз  ауылдық округі   2019 жылғы бюджет кірістері келесі көлемде қалыптасқан.  ( мың  теңге)

 

Салықтық түсімдер

5 379
Салықтық емес түсімдер 78
Негізгі капиталдан саудан түскен түсімдер 0
 Трансферттер  түсімдері 113 632

 

Кірістің көп үлесін трансферт түсімдері құрайды  95,4 %, салықтық түсімдер 4,5 %, салықтық емес түсімдер 0,05%,

 

 

Трансферт- бұл қаржыны бір бюджеттен екінші бюджетке аудару. Ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы бюджетіне трансферт түсімдері, негізінен жоғарғы тұрған бюджеттерден түседі. (Ауд.Б) 95,4%

 

 

 

 

 

Қарасаз ауылдық округі бюджетінің 2019 жылға арналған шығыстары  (мың.теңге)

 

 

 

 

 

 

 

2019 жылы   республикалық, облыстық және аудандық  бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-маңызды бюджеттік инвестициялық жобалар

 

 

 

 

 

Нысандардың атауы Құны (мың тг) ескертпе
Жиыны 640 880  
Қарасаз ауылы Көктас ауылы Достық көшесін орта жөндеу 20 500           Көлік және коммуникация
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Қарасаз ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу (РБ) 541 391  

Құрылыс саласы бойынша

Жамбыл облысының Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округінің Көктас ауылында Достық көшесінің жарықтандыруы  

2863

         Өңірлерді дамыту бойынша
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Теріс ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу» жобаның ЖСҚ әзірлеу 6 900 Құрылыс саласы бойынша
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақбастау ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу» жобаның ЖСҚ әзірлеу 5 100 Құрылыс саласы бойынша
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақбастау ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу»  жобаның ЖСҚ кешенді ведомствадан тыс сараптама жүргізу 408 Құрылыс саласы бойынша
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Қарасаз ауылының сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысын салу 60 155  

Құрылыс саласы бойынша

Жұрымбай ауылын ауыз су жүйесімен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 3 300            Құрылыс саласы бойынша
Жұрымбай ауылын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жобасын сараптамадан өткізу 263            Құрылыс саласы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2020 жылдардағы кіріс саясаты Қарасаз

ауылдық округінің  индустриалды-инвестициялық

дамуын ынталандыруды жалғастыруға,

бәсекеге қаблетілігін көтеруге және экономикада

тиімді  салық салмағын құруға бағытталады.

(негізгі көрсеткіштер бойынша, өндірілген өнім көлемі)

 

 

 

 

2019-2021 жылдардағы бюджеттің

болжам көрсеткіштері (мың теңге)

 

  2019 жыл 2020 жыл 2021

жыл

Кірістер 119 081   90 513    90 513
Шығындар 119 081   90 513    90 513