Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтер әкімдерінің 2017 жылдың қортындысы бойынша халық алдындағы есебіне тезистері

Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтер әкімдерінің                

2017 жылдың қортындысы бойынша халық алдындағы есебіне тезистері

 

Б.Момышұлы ауылы

Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша:

Ауыл бойынша 20 шаруа қожалығы тіркелген, олардың барлығы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалықтарда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Болашақ» шаруа қожалығы (Р.Жақсылықов) 106 сиыр, 4 бұқа, «Тілек» шаруа қожалығы (Ж.Айнабеков) 102 сиыр, 4 бұқа, 4 бұзау, 620 қой, 20 қошқар, 4 жылқы, «Әділ» шаруа қожалығы (Ә.Адилова) 120 сиыр 4 бұқа, 17 бұзау, «Таңшығыс» шаруа қожалығы (Қ.Сейдалиев) 60 сиыр, 2 бұқа, 34 бие,                3 айғыр алып мал шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосуда.

Кәсіпкерлік саласы бойынша:

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Жамбыл филиалы арқылы 15 ауыл тұрғынына 53,3 млн. теңге микрокредит берілді. (мал шаруашылығына қатысты -11 жоба, бала бақша қызметі – 1 жоба, наубайхана-1 жоба), құрылысқа қажетті өнімдерге-               1 жоба, су шығару қызметі – 1 жоба, 2015 жылы өтініш білдіргендер ішінен 13 азаматқа оң қорытынды беріліп, 33 млн. 328 мың теңге микрокредит берілді.

Жеке кәсіпкер «Мешелова З» қосымша сүт өнімдерін өндейтін шағын зауыт ашып қазіргі уақытта кәсіпорында 11 адам тұрақты жұмыс атқарады. Жеке кәсіпкер «Г.Асемова» Жібек жолы көшесіндегі тігін цехында 14 тігін машинасы орналастырылған, 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«СМТС» ЖШС ауыл шарушылық өнімдерін өңдеу, оның ішінде сыр, сары май және өсімдік май өндіреді. Кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы 50 мың теңге. Жаз мезгілінде алкагольсіз сусындардың 6 түрін шығарады.

«Бурный ірімшік зауыты» ЖШС ауыл шарушылық өнімдерін өңдеу, оның ішінде: сыр, сары май және өңделген сүт өндіреді. Кәсіпорында                71 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, 45-50 мың теңге айлық жалақы төленуде.

Жеке кәсіпкер «Б.Мамышова» Жібек жолы көшесінен ғимарат соғып, аталған нысандардың құрлысы толықтай аяқталып, аудан әкімдігі сатып алып, заманауи үлгідегі халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

ЖК «Б.Көпбаев» автокөліктің майын ауыстыру цехын салу және автокөлік бөлшектерін сату дүкенін ашу мақсатында несиеге қол жеткізіп, қазіргі уақытта жұмыс істеуде.

ЖК «Р.Жолдасова» 2 қабатты 480 орындық мейрамхана және сауда үйінің құрлыс жүргізіліп, қазіргі уақытта жұмыс істеуде.

Өңірлерді дамыту бойынша:

Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратына 2017 жылға «Өңірлерді дамыту» мен арнайы шотынан түскен қаржыға төмендегі жұмыстар атқарылды:

Баймұханбетов көшесін жарықтандыруға -1680,0 мың тг.;

Қ.Қошмамбетов көшесін жарықтандыру -2744,0 мың тг.;

Сұлтан Бейбарыс көшесін жарықтандыру – 2576,0 мың тг.;

Қ.Иманбеков көшесін жарықтандыру – 2464,0 мың тг.;

Рысбек батыр көшесінің бөлігін абаттандыру – 2235,0 мың тг.;

Б.Сафинов көшесін дегі жаяу жүргінші жолын орнату – 1379,0 мың тг;

Тәуелсіздік және Б.Үсенов көшелерінің қиылысын абаттандыру – 5800,0 мың тг;

Игілік және Б.Үсенов көшелерінің бөлігін ағымды жөндеу –1401,9 мың тг.;

Жанқожа батыр көшесінің бұрылысын ағымды жөндеу – 909,5 мың тг;

Б.Үсенов және Бірлік көшелерінің бөліктерін орта жөндеу – 6003,2 мың тг.;

Қойгелді батыр көшесінің бөлігін орта жөндеу – 1601,6 мың тг.;

Егеменді көшесін орта жөндеу – 2373,3 мың тг.;

Баймұханбетов көшесін орта жөндеу – 7929,6 мың тг.;

А.Тұрысбеков көшесін орта жөндеу – 3539,2 мың тг.;

Аркаларды абаттандыру және жөндеу – 1700,0 мың тг.;

М.Мәметова көшесінің арықтарын ағымды жөндеу – 2430,0 мың тг;

Баймұханбетов, Қ.Иманбеков, Қошманбетов және С.Бейбарыс көшелерін жарықтандыру жұмыстарының смета жобасын жасауға – 78,5 мың тг;

Рысбек батыр көшесін абаттандыру жұмыстарына смета жасауға – 15,0 мың тг;

Трансформаторлар мен энергия құрылғыларына қызмет көрсетуге – 210,0 мың тг.;

Тәуелсіздік көшесін абаттандыруға – 3960,0 мың тг.;

Б.Момышұлы ауылының әкімшілік ғимаратын жөндеу – 6608,0 мың тг.;

Ынтымақ көшесін орташа жөндеу – 7179,2 мың тг.;

Үй номерлері мен көше атауларын және көше нұсқауларын жасау –4452,0 мың тг.;

Ауданда қайырымдылық жасайтын адамдарды бір орталыққа біріктіру мақсатында аудан орталығынан «Қайырымдылық дүкені» ашылып, жұмыс жасауда. Аталған дүкеннен есепті мерзімде 670 адам азық-түлікпен, киімдер түрінде көмек алып, жалпы соммасы 1.5 млн теңгені құрады.

«Кітапханаға сый жаса» атты оқырмандар арасында кітап қорын толықтыруға арналған қайырымдылық акциясын тұрақты ұйымдастыру қолға алынды. Аталған акция аясында кітапханаларға Аягүл Миразованың «Алтын жұлдызды ұстаз» (жинақ) атты кітабы сыйға тартылды.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 25 жағдайы төмен отбасыға тұрмыстық азық-түлік пакеттері таратылды.

Рухани жаңғыру бойынша ақпараттық-түсіндірме тобы ауыл тұрғындарымен 5 кездесу өткізілді. Рухани жаңғыру тақырыбында 6 банер ілінді.

 

Ақсай ауылдық округі: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2 млн. 730 теңгеге Қайрат ауылындағы «Шапағат» балабақшасы аумағы аббаттандырылды.

Дихан ауылының кіре берісіндегі аркага күн батареясымен қуаттандырылатын жарық қойылды. Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының ауласы аббаттандырылды.

Қайрат ауылы О.Тәукебай, Дихан ауылы Ы.Байділда көшесіне ауыз су құбыры тартылды.

Аудандық бюджеттен 3,0 млн.теңгеге Т.Рысқұлов көшесінің кейбір аумағы аббаттандырылды, жаяу жүргіншілер көпірі жасалды.

«Ақсай-2016» ауылшаруашылығы өндірістік коперативі арқылы 2017 жылы сүтті бағытта 707 бас мүйізді ірі қара малын сатып алған мүшелер саны: 51 кәсіпкер.

Ет бағыты бойынша 51 кәсіпкер 830 бас ірі қара малдарын алды.

Ақсай ауылдық округінде «Туған жерге туыңды тік» атты акциясының аясында екі іс-шара ұйымдастырылды.

Дихан ауылының азаматы Байбосынов Нұрманап өз қаражаты есебінен балабақша салу мақсатында 0,50 га жер учаскесі таңдалып мемлекеттік актісі дайындалуда.

Сонымен қатар акция аясында Қайрат ауылында демеушілердің көмегімен мешіт құрылысы жүргізілуде..

Рухани жаңғыру тақырыбында 3 банер ілінген.

 

         Ақтөбе ауылдық округі:

Лизинг негізінде 3 500 000 млн.теңгеге қант қызылшасын жинайтын комбайынын «Жаңаталап» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Тажиханов несиеге алып, жұмысын жүргізуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынға (ТБО) 2,5 млн. теңгеге қоршау жасалды.

Ақтөбе ауылдық округінің арнайы есеп шотына түскен қаржыдан 210 000 мың теңге Бәйтерек ауылындағы Бәйтерек мәдениет үйінің жанынан балалар ойын алаңшасы орнатылды. 606 000 мың теңге Ақтөбе ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне жаңа үлгідегі аншлаг жасатуға бөлініп, жасалды, әр үйге 505 дана, 12 мекемеге орналастырылды. 210 000 мың теңгеге Бәйтерек ауылындағы Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің кіші футбол алаңының қоршауына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 210 000 мың теңгеге Бәйтерек ауылындағы Ақтөбе дәрігерлік амбулаториясы алдынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус орнатылды.

         210 000 мың теңгеге Бәйтерек ауылындағы Т.Құрманалыұлы мен Алаш көшелерін арасын біріктіретін жаяу жүргіншілер көпірі жасалды.

         Т.Тастандиев атындағы орта мектебіне шатырына 9 800,0 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша                3 банер, 4 кездесу өтті, 2 мектепте Рухани жаңғыру кабинеті ашылды. Ауылдық округ әкімі аппаратында қоғамдық бұрыш орнатылды.

 

Билікөл ауылдық округі:

2017 жылы өзін-өзі басқару шотына түскен салықтар мен төлемдерден түскен қаражатқа Қарабастау ауылының орталығында орналасқан спорт алаңына қоршау жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 589,0 мың теңге Жылыбұлақ ауылы Шоссейная көшесіне көше жарығы жүргізілді.

Рухани жаңғыру, «Мәңгілік ел» идеяларын ілгерілету бойынша                Тау самалы лагерьінде этно мәдени орталықтары арасында әлеуметтік жоба аясында (644,0 мың теңге, «Қазақстанның болашағы үшін» ҚБ) жазғы оқыту лагерьі 20 адамның қатысуымен өтті.

 

Боралдай ауылдық округі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша 2060,0 мың теңгеге Көлтоған ауылындағы          Д.Қонаев көшесіндегі, Ертай ауылындағы Е.Оразалиев көшесіндегі, Рысбек батыр ауылындағы Рысбек батыр көшесіндегі көпірлерге ағымды жөндеу жұмыстары жасалды. Әкімшілік ғимараты сатып алынды. Жергілікті өзін-өзі басқару есеп шотынан 1087,0 мың теңгеге Көлтоған ауылындағы кіші спорт алаңына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

2017 жылы мал шаруашылығын дамыту бағытында жеке кәсіпкер Б.Тастанов-6000,0 мың теңгеге, жеке кәсіпкер Ж.Байболов-6000,0 мың теңгеге, жеке кәсіпкер Е.Жанпейсов-3000,0 мың теңге несие алып, ірі қара малын алды.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша              6 банер орналастырылып, тұрғындармен 3 кездесу өтті.

 

Қарасаз ауылдық округі 2017 жылы 2 ауыл шаруашылығын өндіру кооперативі құрылды. «Қарасаз 2017» сүт бағыты бойынша құрамы 37 азаматтан құрылып, несие алып, 440 бас ірі қара мал алынды. «Береке 2017» ет бағыты бойынша құрамы 65 азаматтан құрылып, несие алып, 501 бас ірі қара малы алуда.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша: Ақбастау ауылының Береке көшесінің орта жөндеуден өткізілді. Үнемделген қаржыға Жүрімбай ауылында орналасқан селге қарсы каналды тазартуға жоба-сметалық құжаттары дайындалып, жұмысы аяқталды. «Арнайы есеп шотқа» түскен қаржыға Ақбастау ауылының Береке көшесінің жолының екінші жартысы орта жөндеуден өткізілді, қазіргі уақытта Көктас ауылынан екі аялдама құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді, сонымен қатар Қарасаз ауылында орналасқан екі аялдамаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарасаз ауылының кіре берісіндегі аркаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қарасаз ауылының ауыз су жүйесінің электр сымдары мен есептегіш құралдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша              1 бильборд орналастырылып, 5 кездесу өтті, 3 кездесу өтті

 

Көкбастау ауылдық округі:

Ет бағытында «Көкбастау-17» ауыл шаруашылық өндірістік кооператив құрылып, 548 ірі қара малы алуда.

2017 жылға Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Қосбөлтек ауылына ауыз су жүйелерінің су сорғыш қондырғы орналасқан нысандарына 300,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.      Қосбөлтек ауылы А.Қойбақұлы көшесін жарықтандыру жұмыстарына 793,0 мың теңге бөлініп, жарықтандырылды.  Терс ауылы Тәліп көшесін 447,0 мың теңгеге жарықтандырылды. Қосбөлтек ауылы А.Қойбақұлы көшесін абаттандыру (жаяу жүргіншілерге тратуар салу) жұмыстарына 5134,0 (мың теңге) жұмсалды.

Күреңбел ауылдық округі:

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Қаратас ауылы А.Байшаханов көшесінің жолына 974,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, құм төселді.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде 670,0 мың теңгеге Күреңбел ауылы Бейбітшілік көшесі бойына жаяу жүргіншілерге араналған жол (тротуар) төселді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша              7 банер орналастырылып, 2 кездесу өтті.

 

Нұрлыкент ауылдық округі:

«Өңірлерді дамыту 2020 жылғы дейінгі» бағдарламасы аясында                            Түктібай ауылының Қызыл-күншығыс және Сметов көшелеріне көше жарықтары орнатылды. Нұрлыкент ауылдық округінің тұрмыстық қатты қалдықтарын тастайтын орынды абаттандыру (қоршау жұмыстары жүргілді). Жергілікті өзін-өзі басқару есеп шоты бойынша Нұрлыкент ауылындағы Болашақ көшесіне көше жарығы орнатылды. Нұрлыкент ауылындағы Е.Байғазиев, Наурыз, Достық және Е.Замбаев көшелерін аралығындағы жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселіп, жарықтандырылды. Көктем кезінде су алу қауіпі бар, Нұрлыкент ауылындағы су жүретін құбыр және Атакент көшесі бойынан жер асты суын тартатын дренаж қазылды. Түктібай ауылынан өрт болған жағдайда су алатын өрт суаты орнатылды. Нұрлыкент ауылындағы ескерткіштің алдынан гүл егуге арналған гүлзар орнатылды. Нұрлыкент ауылындағы Достық және Жеңіс көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нұрлыкент ауылындағы «Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес жауынгерлерге» арналған ескерткіш толық жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нұрлыкент ауылының Е.Байғазиев көшесінің бойына қылқан жапырақты декоративті ағаштар отырғызылды.

Округте орналасқан көше жарықтарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша                7 банер орналастырылды, 3 кездесу өткізілді. Округ аумағына 50 түп шырша егілді. ҰОС ардагерлерінің ескерткіші жөндеуден өткізілді.

 

Қызыларық ауылдық округі:

         «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында:                      Терс-Ащыбұлақ ауылындағы Мир көшесін ағымды жөндеу жұмыстарына 979,1 мың теңге қаржы бөлініп, атқарылды, Терс-Ащыбұлақ ауылындағы Южная көшесін ағымды жөндеу жұмыстарына 545,0 теңге бөлініп, шағал төселді. Жергілікті өзін-өзі басқару есеп шоты бойынша:                    Ақтөбе ауылы Советская көшесінің бөлігін жарықтандыру жұмыстары 2800,0 мың теңгеге бөлініп, орындалды. Қызыларық ауылында                          150 орындық орта мектеп құрылысы басталып, жүргізілуде.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша                7 кездесу өтті, 4 банер орналастырылды.

 

         Жетітөбе ауылдық округі:

        «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы шеңберінде:                  1 млн. 488 мың теңгеге Шыңбұлақ ауылындағы Мырзатай көшесінің ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, жергілікті өзін-өзі басқару есеп шоты бойынша: Кәріқорған мен Тасбастау ауылының батыс бөлігінде көпір орнатылып, іске қосылды; Қосмұрат, Кәріқорған және Шыңбұлақ ауылдарының арықтары тазартылды.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша                      2 кездесу өтіп, 1 банер орналастырылды.

 

        Шақпақ ауылдық округі:

        «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Шақпақата ауылының К.Кемелбеков көшесіне 564,0 мың теңге, Желтоқсан көшесіне 887,0 мың теңге, Шақпақата ауылының С.Сүгіртегі көшесінің бір бөлігіне шағал төсеу бойынша, ағымды жөндеуге 780,0 мың теңге, сол көшенің орта бөлігінің бүлінген жерлерін асфальт жамылғысын төсеуге 829,6 мың теңгеге жұмыстар атқарылды.

1490,0 мың теңгеге Т.Дүйсебайұлы ауылына кіре берісіне арка орнатылды. 400,0 мың теңге ауылдық округі бойынша аншлагтар ауыстырылды. 560,0 мың теңгеге С.Есімұлы мен Жібек жолы көшелерін жалғайтын көпір тұрғызылды. 436,0 мың теңгеге Д.Пахомов көшесінің бойынан спорт алаңшасы орнатылды, 52,0 мың теңгеге әкімшілік ғимаратына пандус орнатылды, 150,0 мың теңгеге ескерткіш тақтайшаларын орнатып, қоршауға жұмсалды. Шақпақата, Ынтымақ және Т.Дүйсебайұлы ауылдарындағы көшелеріне жүргізілген жарыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджеттен 42392,0 мың теңгеге Шақпақата ауылымен «Батыс Европа – Батыс Қытай» дәлізі аралығындағы жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Т.Дүйсебайұлы ауылының С.Нарбайұлы көшесіне 26131,0 мың теңге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша жастармен 25 кездесулер өткізілді.

Мыңбұлақ ауылдық округі:

«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша қарастырылған 1 220,0 мың теңгеге Көлбастау ауылы,                       Қ.Рысқұлбеков көшесіне жолаушылар өтетін көпір салу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 3 983,0 мың теңге қаржы бөлініп, келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды;

– Көлбастау ауылының Д.Қонаев көшесін орта жөндеуден өткізу               2 500,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып жұмыстар толық аяқталды.

– А.Рысбеков көшесінің жолын ағымды жөндеуден өткізуге 684,0 мың теңгеге «АБДИ-СТРОЙ» ЖШС жеңіп алып, жұмыстар толық аяқталды.

«Өзін-өзі басқару» шотына түскен жалпы сомасы 7023,9 мың теңгеге келесі жұмыстар атқарылды:

– Көлбастау ауылының орталық мешітіне бейне бақылау камераларын орнату жұмыстарына 220,0 мың теңге.

-Округ бойынша су тасқынын алдын алу шаралары бойынша елді мекендердегі көпірлер мен арықтарды тазарту жұмыстарына 180,0 мың теңге.

– Талапты ауылы Қазыбек би, Көлбастау көшелерінің жолдарын ағымды жөндеу және Көлбастау ауылы Қайрат Рысқұлбеков көшесінің бойына тратуар салу жұмыстарына 3648,0 теңге.

– А.Рысбеков көшесінің жолын ағымды жөндеу, Д.Қонаев көшесінің қиылыстары мен Қ.Рысқұлбеков көшесінің бөлігінінің жолын орта жөндеу, Қ.Рысқұлбеков көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салу, Талапты ауылы: Қазыбек би және Көлбастау көшелерін ағымды жөндеу, Көлбастау ауылының сумен қамту/су құбыры жүйелерін жөндеу/ қалпына келтіру бойынша жоба сметалық құжаттамалар дайындау жұмыстарына 397,0 мың теңге.

– Көлбастау ауылының су құбыры жүйелерін жөндеу жұмыстарына 1693,0 мың теңге;

– Тұрмысты қатты қалдықтарды тастайтын полигонды көміп тегістеу жұмыстарына 300,0 мың теңге.

Аудан тарапынан Көлбастау ауылы, Әбден Рысбек көшесінен Байтоқов көшесіне өтетін жаяу жүгіншілер көпірі жөнделіп, Қонаев көшесіне 2 дана аялдама салынған Көлбастау ауылынан Талапты ауылына қатынайтын жолды орта жөндеу жұмысына 105 560,0 мың теңге жұмсалып, жұмыстар толық аяқталған

2018 жылы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде   3983,0 мың теңге қаржы бөлініу жоспарлануда, көрсетілген қаржыға Көлбастау ауылының Д.Қонаев және Қ. Рысқұлбеков көшелерінің төменгі жағын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша              2 банер орналастырылды. 6 кездесу өткізілді.

 

        Қошқарата ауылдық округі: Қошқарата ауылдық округі бойынша   97 шаруа қожалықтары бар. Шаруа қожалықтарының еккені 5050 га егістік, оның ішінде 1200 га-бидай, 1650 га-арпа, 2200 га-мақсары егіліп, өнімдері жинап алынды. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 5 кәсіпкер несие алып, жылқы малын бордақылауда. Лизингке «Рауан» шаруа қожалығының жетекшісі Ш.Бақтыбаев 11 млн. 500 мың теңгеге Беларус маркалы тракторын шөп тайлағышымен сатып алды.

Өңірлерді дамыту бағдаламасы бойынша Қошқарата ауылында 1 млн.355 мың теңгеге Б.Үсенов көшесінен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Д.Қонаев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша              2 кездесу өтіп, 2 банер орналастырылды.