Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есебіне тезистері.

Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округтер әкімдерінің халық алдындағы есебіне тезистері.

 

Б.Момышұлы ауылы:

         2018 жылдың өніміне жаздық арпа – 401 га., күздік бидай – 110 га., мақсары- 215 га., көкөніс – 20га егілді. Шаруа қожалық иелері электронды қолтаңба алып , ай сайынғы статистикалық есептерін уақтылы тапсыруда.

Кәсіпкерлік саласы бойынша:

Азиялық Несие қоры – 210 адамға 67,100 мың теңге, Жуалы несие серіктестігі-1 адамға 2,500 мың теңге, Казмикрофинанс- 1982 адамға- 90,210 мың теңге, Арнур кредит-102 адамға-49,105 мың теңге әртүрлі мақсаттарға өтінім берушілерге несиелер берілді.

Ауылдағы өнеркәсіп және индустрияландырумен айналысып отырған кәсіпкерлері:

Жеке кәсіпкер «Мешелова З» ЖШС жобалық қуаттылығы 40 тонна, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді,  Қазіргі уақытта кәсіпорында 17 адам тұрақты жұмыс атқарады. 117,0 тонна ірімшік, 30,9 тонна сары май, 2100,8 тонна сүт өнімдері өндірілген.  Өнімдері Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, қалаларына тасымалданады.

«АгроАзықтүлікнанменжабдықтау» ЖШС негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, оның ішінде өсімдік майын шығарумен айналысады. 2006 жылы құрылған, жобалық қуаттылығы тәуләгәне 50-60 тонна мақсары өнімін өңдейді.  Қазіргі уақытта кәсіпорында 23 адам тұрақты жұмыс атқарады.

«СМТС» ЖШС жобалық қуаттылығы тәулігіне 7 тонна, сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді,  Қазіргі уақытта кәсіпорында 9 адам тұрақты жұмыс атқарады, жалақысы 50-100 мың теңге. 296,0 тонна ірімшік, 193,0 тонна сары май, 7895,0 тонна сүт өнімдері өндірілген. Өнімдері Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларына сатылуда. Жаз мезгілінде алкагольсіз сусындардың 6 түрін шығарады.

«Жуалы сүт компаниясы» ЖШС сүт сары май, брынза, моцарелла, қатты ірімшік, сулугуни, чечил өндіреді. 711 тонна ірімшік, 129,0 тонна сары май, 4483 тонна сүт өнімдері өндірілген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 154 млн. теңгеге қазандық, су құбырлары және қалдық суларды тазалау қондырғылары толығымен жаңартылған.

Қайырымдылық көмектер туралы:        Наурыз мерекесіне орай, Жеңіс күні және Жаңа жыл мерекесіне орай демеушілер көмегімен Б.Момышұлы ауылы бойынша  2 ҰОС ардагерлеріне, 20 азқамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері таратылып, қайырымдылық көмектері ұйымдастырылды. Құрбан айт мерекесіне орай 72 отбасыға ет таратылды.

Б.Момышұлы ауылында қайырымдылық дүкені ашылып отбасы төмен жанұяларына қызмет көрсетуде.

Өңірлерді дамыту, абаттандыру бойынша:

Б.Момышұлы ауылында 2018 жылы өңірлерді дамыту мен жергілікті бөджет қаржысына төмендегі жұмыстар атқарылды:

Жолдарды жөндеу:

Достық, С.Сейфуллин, Шығыс, Күшанов, Жуалы көшесі, Абай бұрылысы, Тұрысов көшесінің сай жағындағы көшесін орта жөндеу- өңірлерді дамыту. Әйтеке би көшесі, Жанқожа батыр көшесінің бір бөлігін ағымды жөндеу.

Ауыз су жүйесі: Ақжол, Б.Үсенов және Игілік көшелерін ауыз су жүйесіне қосу;

Көше жарықтандыру: Батырбек датқа, Зиябек Толымбаев, Боранды, Амангелді Иманов  көшесін жарықтандыру;

Абаттандыру, көгалдандыру  жұмыстары:

Төле би көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу

Жамбыл, Латикант көшелерін абаттандыру (жаяу жүргіншілер жолын салу)

Д.Пахомов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу

Жастар аллеясына автотұрақ орналастыру

Одан бөлек тал-дарақтар, гүлдер сатып алу, егу, суару, күтіп баптау жұмыстары- 18041,0 мың теңгеге мердігер КФ «Тараз»ОО «КОС» ЖШС-і ұтып алып, жұмыстар жүргізді.

Ауыл ішінің тазалығын ұйымдастыру жұмыстарына-12477,0  мың теңгеге  «Ғапар» ЖШС жұмыстар жүргізуде.

Ақсай ауылдық округі:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылындағы О.Тәукебай  көшесіне жаяу жүргіншілер жолы мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес 2 099 000 теңгеге  Ақмола кереңдер қоғамдық бірлестігі ұтып алды. Жұмыстар атқарылды. Үнемделген 577 460 теңге  қаржыға Қайрат ауылы Садыбай батыр көшесіне құм шағал төсеу жұмыстарына жұмсалды.

Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратына  трансфертпен берілген жергілікті салық төлемдерінен жиналған қаржы кіріс және шығыс көлемінің жоспары бекітілді.  Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының шатырын жөндеу жұмыстарына 1 459 000 теңге бөлініп, шатыры толықтай ауыстырылды. Қайрат ауылы Ә.Молдағұлова көшесін аббаттандыру жұмыстарына 450 000 теңге бөлініп, жұмыс толықтай атқарылды.

Дихан ауылының Ы.Байділда  көшесін аббаттандыруға 1 140 000 теңгеге құм-шағал төсеу жұмыстары атқарылды.

        Аудандық бюджеттен Қайрат және Дихан ауылдарының санитариялық тазалық жұмыстары мен ауылды тасқын судан сақтау мақсатында канал қазу жұмыстарына  950 000 мың  теңге бөлініп  жұмыстар толықтай  атқарылды. Баға ұсынысы нәтижесінде үнемделген қаржыға Дихан ауылының үстіндегі су тоғанын бекітуге жұмсалды.

Дихан ауылы Абай көшесі бойына жаяу жүргіншілер жолын жасауға 3 386 000 теңге бөлініп, 2 611 840 мың теңгеге келісім-шарт жасалып жұмыстары  толықтай  аяқталды. Үнемделген қаржыға  Б.Момышұлы саябағы аумағын аббаттандыру  жұмыстарына жұмсалды.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы Қайрат ауылы Манап  Әлімбекұлы көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 20.476  млн теңге бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.

Қайрат  ауылында орналасқан таза ауыз су ұңғымасына электр желісін тарту және қоршау жұмыстарына 3,797 млн теңге бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.

 

Ақтөбе ауылдық округі:

Ақтөбе дәрігерлік амбулаториясы орналасқан ғимаратты, округ әкімі аппаратының теңгеріміне алынды. Құжаттары толық рәсімделіп тіркеуден өтті.

Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша:

2018 жылы 5 шаруа қожалық 51 млн. теңге көлемінде лизингке және нақты ақысына 8 ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

2018 жылы  Лизинг негізінде Бәйтерек ауылының тұрғыны А.Яцук  МТЗ-82,1 маркалы тракторын, «Айкүміс» шаруа қожалығының жетекшісі С.Айходжаев тұқым сепкіш  құрылғысын, «Бекболат» шаруа қожалығының жетекшісі О.Бекболатов  МТЗ-82-1дана. маркалы тракторын, «Мухиддин» шаруа қожалығының жетекшісі

С.Каримова МТЗ-95- маркалы трактор 1дана. КПИ-1 дана. Култиватор -1 дана   тіркемелерін   несиеге алды.

2018 жылы «Муслим» шаруа қожалығының жетекшісі А.Исматов шөп орғыш (германка) өз қаражатына сатып  алды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»  бағдарлама шеңберіндегі      2 731,3 қаражатты Бәйтерек ауылына «Стрип Воркаут» алаңы және Еңбекші мен Сұлукөл, Шұғыла мен Ынтымақ  және Еңбекші мен Ынтымақ көшелерінің қиылыстарындағы арықтарға су өткізгіш  көпірлер орнату жұмыстары жасалған.

Жаңаталап ауылындағы «Жаңаталап» клубы ауласында орналасқан «Ер есімі-ел есінде» ескерткішіне және Бәйтерек ауылындағы Ақтөбе ауылдық округі әкімшілігі алдындағы «ҰОС құрбандарына арналған» ескерткішке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік конкурс арқылы «Алатау Бәйтерек» жеке кәсіпкерлігі мектеп оқушыларының тасмалын ұтып алды. № 26 Жаңаталап орта мекебіне Ақтоған, Күркүреусу ауылдарынан 39 оқушы тасымалданып оқытылады.

Жаңаталап ауылындағы ұзындығы 1450 метр Расылхан көшесіне 19,5 млн теңгеге асфальт жамылғысы төселді.

Көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша жұмыстар тізімге сәйкес атқарылуда. Қазіргі таңда округ аймағынан 8 азамат әскер қатарына жіберілді.

 Билікөл ауылдық округі:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы:

Қарабастау ауылындағы Бәйдібек көшесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу жұмыстар толығымен аяқталды.

         Қарабастау ауылының су тоспасын (родник) жөндеу жұмыстарына 3 500,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталының конкурстық хаттамасына сәйкес, «Еркежан» ЖШС 1 900,0 мың теңгеге жеңіп алды. Жұмыстар аяқталды. Үнемделген  1 600,0 мың теңге Қарабастау ауылының дренаж каналын қазуға, тазалауға жұмсалынды.

Әбдіқадыр ауылының Бөгембай көшесінің жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 326,0 мың теңгеге «Алатау-Бәйтерек» ЖШС мемлекеттік сатып алу порталының конкурстық хаттамасына сәйкес жеңіп алып, жұмыстарды толығымен аяқтады.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, «Алатау-Бәйтерек» ЖШС 4 076,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталының конкурстық хаттамасына сәйкес жеңімпаз атанып, балаларды жалпы білім беру ұйымдарынан және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауда.

 

Боралдай ауылдық округі:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша:

Жуалы ауданы Рысбек батыр ауылы Ауғанбаев көшесін жарықтандыру жұмысын толығымен аяқталды.

Рысбек батыр ауылы Ауғанбаев көшесін аббаттандыру метал құбырларынан жасалған бағандарды орнату жұмысы аяқтады.

Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр ауылы Ауғанбаев көшесін жарықтандыру  жұмыстарын аяқтады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын аумақты қоршау жұмыстары жұмыс толығымен аяқталды.

Боралдай ауылдық округінің әкімшілік ғимаратын ағымды жөндеу жұмысы толығымен аяқталды.

Боралдай ауылдық округінің Ертай ауылында су өткізу құбырларымен бекітпелерді орната отырып дренаждық арықтарды ағымдағы жөндеу             жұмысы толығымен жүргізілді.

Көлтоған ауылында №100, 26.06.18 жылғы келісім шарт бойынша «ЖК Алфавит» мердігер анықталып жұмысын аяқтады.

Боралдай округінің Ертай ауылында су өткізу құбырларымен бекітпелерін орната отырып, қоқыстардан тазарта отырып, дренажды жыраларды ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді

Көлтоған ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына кіре беріс жолдарды салу жұмысы жүргізілді.

Әкімшілік ғимаратының жылу қазандығын және бастырмасын ағымдағы жөндеуге 830000мың теңге ұсынылып ЖК «Азат-Дархан» мердігер анықталып жұмысын аяқтады.

Боралдай ауылдық округі әкімшілік ғимаратының жылу қазандығын және бастырмасын ағымдағы жөндеу жұмысы аяқтады.

Боралдай ауылдық округі әкімдігінің қоршауын ағымдағы жөндеуге 597000мың теңгенің жұмысын ЖК «Азат-Дархан» мердігер анықталып жұмысын аяқтады.

Боралдай ауылдық округінің қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқтады.

 

Жетітөбе ауылдық округі: 

Егін шаруашылығы саласында:

Ауылдық  округ  бойынша айдалмалы жер  көлемі 10627 мың га. құрайды, барлығы шаруа қожалықтарының   еншісінде. 1460 га күздік бидай,  3055 га көпжылдық шөп, таза жоңышқа – 280 га., арпа – 3300га., мақсары – 3250 га., қант қызылшасы – 6 га., мал азығын дайындау жұмыстары аяқталды.

Мал шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы мал  саны 3280 ірі  қара, 22 718  қой, 3067 -ешкі, 590 жылқы, 17 бас шошқа,  13934 бас құсты құрап отыр. Округ шаруа қожалықтарының малы: Сиыр -1113 бас, Қойы – 3564 бас, Жылқы – 209 басты құрайды.

Қолдан ұрықтандыру бойынша  селкционер маманы тарапынан жұмыстар атқарылуда.

Округ бойынша ветеринар мамандар тарапынан эпизотиялық іс-шаралары жоспарға сәйкес атқарылуда.

2018 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 1 СПК құрылып, бірінші СПК бойынша 20 азаматтан (СПК) құрылып,  Әділет басқармасына тіркелген. «Атамекен» кәсіпкерлікті жүргізу бойынша бүгінгі күнге 3 азамат жалпы соммасы 7 000000 теңге несие алып, 30 бас ірі қарамал алынды. Округке қарасты майбұлақ ауылынан «Темірбекова» шаруа қожалығы 2018 жылы өз қаражатына 2- МТЗ тракторын сатып алды, осы аталған ауылдан «Қалқаман» ш/қ өз қаражатына 1-трактор тістеуішімен сатып алды.

Көктемгі «Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту» 2 айлығы бойынша жұмыстар белгіленген іс-шараларға сәйкес жүргізілді. Округтегі барлық мекемелер өз учаскелерінде тазарту жұмыстарын атқарды, спорт алаңдары, мектептердің спорт алаңдары тазартылды. Қоңыртөбе ауылына кіре берісіне егілген қарағаштар күтіп-бапталуда. Арық-атыздар мен  көпірлер тазартылды. Елді мекендердің атаулары ретке  келтіріліп және тұрғын үйлердің сырт келбеттері әктелді.

Салық бойынша Жетітөбе ауылдық округіне бүгінгі күнге, көлік салығы – 2881132 теңге, жер салығына – 376619 теңге, мүлік салығына – 36955 теңге, ЖК-ден – 388109 теңге салығы алынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша нысанды бағыттар: Шыңбұлақ ауылынан Құрмаш көшесі 503 150 мың теңгеге толығымен, Тасбастау ауылынан Бағлан Үсіпбаев көшесіне 928 000 мың тегеге ағымды жөндеу жүргізілді және Қоңыртөбе ауылынан Әбдіәлім Құттыбаев көшесіне ағымды жөндеу жүргізілді

 

Күреңбел ауылдық округі:

2018 жылы екі шаруа қожалығы екі техника алды.

Күреңбел ауылдық округі бойынша «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылға Күреңбел ауылы Бейбітшілік және Қарабастау көшелерінің автокөлік жүретін жолы ағымдағы жөндеуден өтті, аталған жұмыстың үнемделген қаржысына Күреңбел ауылының орталығына «Стрит воркаут» спорт алаңшасы орнатылды.

Жуалы аудандық бюджеті есебінен ауылдық округтегі қатты қалдықтар тастайтын алаң қоршалды және осы алаңға баратын жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Ескерткіш қайта қалпына келтірілді.

Мемлекеттік конкурс арқылы «Ақниет» жеке кәсіпкерлігі мектеп оқушыларының тасмалын ұтып алды.  ауылдарынан 43 оқушы тасымалданып оқытылады.

Көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша жұмыстар тізімге сәйкес атқарылуда. Қазіргі таңда округ аймағынан 10 азамат әскер қатарына жіберілді.

Көкбастау ауылдық округі:

Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша:

2018 жылы  ауылдық округ бойынша «Ержан» шаруа қожылығының жетекшісі Б.Айнабекова култиватор -1 дана   және «Тәліп» шаруа қожалығынң жетекшісі Г.Иманбаев култиватор -1 дана   тіркемелерін   сатып алды.

Қоғамдық жұмыстарға 11 жұмыссыздар, жастар практикасына 4 жас, «Бастау-бизнес» оқытуға 5 адам, кәсіби оқытуға 3 адам  жолданып, сертификат алды.

Көкбастау ауылдық округі әкімдігі ғимаратын ағымды жөндеуден өткізуге 1800,0 мың теңге бюджеттен қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»  бағдарлама шеңберіндегі      780,0 қаражатты Теріс ауылына «Стрип Воркаут» алаңын орналастыруға жұмысалды.

2018 жылға Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша

Көктөбе ауылы Жамбыл көшесіне жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді (2777,0 мың теңге)

Теріс ауылынан Нұрлыкент ауылына, өзеннен өтетін жаяу жүргіншілер жолына көпір орналастырылды (2544,8 мың теңге)

Көктөбе ауылы мен Қосбөлтек ауылының ортасындағы балалар жүретін сайға көпір орналастыруға (357,37 мың теңге) жұмсалды

 

Қарасаз ауылдық округі:

         «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға  дейінгі» Қарасаз ауылында «Street Workout» ойын алаңын салуға 682,0 мың теңгеге ЖК «Іскер Тараз» жеңіп алып, жұмысты аяқтады.

Қарасаз ауылындағы ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Гагарин көшесіне 17 281,0 мың теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді;

Білім саласы бойынша Александр Пушкин орта мектебінің дәлізін 7 167,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қарасаз ауылдық округі әкімдігі ғимаратының ішкі ағымды жөндеу жұмыстары  8102,8 мың теңгеге  жүргізілді.    

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Құлтай» шаруа қожалығы 1 дана               МТЗ-82  тракторын қосымша техника-жабдықтарымен 8 650 мың. теңгеге, «Құнар» шаруа қожалығы  1 дана МТЗ-80 тракторы 6 470  мың. теңгеге сатып алынды. «Агрофирма Байсеркеден»  «Құлтай» шаруа қожалығы 2 млн. теңгеге асыл тұқымды 4 бас бұқа алды.

Тұрақты және маусымдық жұмыс орындарына 62 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 16 жұмыссыздар, жастар практикасына 7 жас қабылданды, «Бастау-бизнес» оқытуға 5 адам, кәсіби оқытуға 25 адам  жолданып, сертификат алды.

Көктемгі және күзгі санитарлық тазалық жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылды.

Қошқарата  ауылдық округі:

Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша:  2018 жылы 12 ай ішінде 6 шаруа қожалық 30 млн. теңге көлемінде нақты ақысына 6 шаруа қожалықтар  малдар  алынды. 2018 жылы «Роман» шаруа қожалығының жетекшісі  Ш.Бақтыбаев шөп орғыш (германка) өз қаражатына сатып алды. 2018 жылы «Береке» шаруа қожалғының жетекшісі  Ж.Умирзаков, «Азамат» шаруа қожалығының жетекшісі О.Ерубаев жем шөп тасыйтын өз қаражатына КАМАЗ сатып алды..

«Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейінгі» бағдарлама шеңберіндегі  Қошқарата ауылына  Д.Қонаев көшесіне көпір салынды.

Қошқарата ауылдық округі әкімшлігі алындағы «ҰОС құрбандарына арналған» ескерткішке  ағымдағы  әктеу  сырлау жұмыстары жүргізілді.

№9 Абай орта мектебі  Қызтоған, Ақтасты ауылдарынан  40  оқушы тасымалданып  оқытылады.

 

Қызыларық ауылдық округі:

          «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға  дейінгі» бағдарламасының шеңберінде Алатау ауылындағы ауыз су жүйесінің ауылға кірер бөлігін (коптаж) ағымды жөндеуге 2547,0 мың теңге қаржы бөлініп,  «Компрессор Тараз» ЖШС жеңімпаз атанып, жұмыстар атқарылды.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Қызыларық ауылдық округіндегі Ақтөбе ауылының Железнодорожная көшесіне тасжол төсеу жұмысына 2 752,0 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар орындалды.

Тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын орынды қоршау жұмыстарына 4 216,0 мың теңге трансферт есебінен  аудандық бюджеттен бөлініп, қоршау жұмыстары толығымен аяқталған. .

«Әбілдәбек-Бақалы-ст.Сұрым-Бәйтерек» автомобиль жолының 10-21 шақырым аралығын орта  жөндеуге 244169,0 мың тг. қаржы облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасы арқылы қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы жеңімпаз анықталып, жұмыстар 21-14 шақырым аралығына атқарылды.

– Ақтөбе ауылындағы ұзындығы 1,0 шақырымды құрайтын Жаңа тұрмыс көшесіне асфальт жамылғысы төселді;

– «Күйік – Терс-Ащыбұлақ» бағытындағы аудандық мәндегі автомобиль жол бойына аялдама құрылысын жүргізілді.

Ақтөбе ауылындағы ауыз су жүйесінің жобасын жасату мақсатында аудандық жер комиссиясы отырысының «оң» қорытындысы шығарылып, мемлекеттік жер актісін дайындау үшін құжаттар тапсырылды.

Тұрмысттық қатты қалдықтарды тастайтын орынға арнай есепшот ашу үшін жоба-сметалық құжаттамасы және экологиялық сараптамалық жұмыстар жүргізілуде

Білім саласы бойынша жалпы сметалық құны 488 035,0 мың теңгені құрайтын Қызыларық ауылындағы 150 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізуге техникалық бақылаушы мен авторлық бақылау қызметтерін қоса есептегенде нысан бойынша жалпы сомасы 477 543,0 мың теңгеге (ҚҚС-мен) келісім шарт жасалды. Жалпы нысан бойынша бөлінген қаржы 100,0 пайыз игеріліп, 2018 жылы қабылдау жүргізіліп, мектеп пайдалануға берілді.

91678 әскери бөлімі жанынан «Рахат-Саудакент» ЖШС 75 орынға арналған «Айсауле» бөбекжай-балабақшасы ашылып, қызметін жүргізіп келеді.

Қызыларық ауылдық округі әкімдігі ғимаратын ағымды жөндеуден өткізуге 3091,0 мың теңге бюджеттен қарастырылып, жұмыстар толық аяқталған.   

         Талапты – №2035 Б.Момышұлы атындағы застава жолы жөндеуден өтті.  Жұмыстар жалғасын табуда.

Тұрақты жұмыс орындарына 33, қоғамдық жұмыстарға                               9 жұмыссыздар, жастар практикасына 4 жас, «Бастау-бизнес» оқытуға                      6 адам, кәсіби оқытуға 5 адам  жолданып, сертификат алды. Несие алуға                   10 адам құжат тапсырып, 8 азамат 63600,0 мың теңге несие алып, 1919 бас қой сатып алынды.

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы және өз қаражаттарына заманауи үлгідегі жаңа техникалар сатып алынды, атап айтқанда 20 млн. 585 мың теңгеге 3 жаңа МТЗ тракторлары, 4 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері сатып алынды.

Мыңбұлақ ауылдық округі:

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде 3983,0 мың теңге қаржы қаралып, көрсетілген қаржыға Қонаев және Қ. Рысқұлбеков көшелерінің төменгі жағын жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. Қонаев және             Қ. Рысқұлбеков көшелерінің төменгі жағын жарықтандыру жұмыстары толығымен орындалып, үнемделген 800,0 мың тңгесіне Көлбастау ауылынан «Стрит варкаут» жасатуға жұмсалып, бүгінгі күнге толық аяқталған.

Төртінші бюджет шеңберінде жалпы сомасы 12021,0 мың теңге қаржы қаралып, көрсетілген қаржының 6964,0 мың теңгесіне ЖСҚ дайындалып, Көлбастау ауылында орналасқан ТҚҚ тастайтын орынды қоршау жұмысы мемлекеттік сатып алу порталы бойынша 2997,0 мың теңгеге жеңімпаз анықталған. ТҚҚ тастайтын орынды қоршау жұмысы толығымен орындалып, үнемделген қаржының 977,0 мың теңгесіне ТҚҚ тастайтын орынға баратын жолға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған қаржы бюджетке кері қайтарылды.

Көлбастау ауылы Ә.Рысбек көшесінен А. Байтоков көшесіне өтетін жаяу жүргіншілер көпірін ағымды жөндеу жұмыстарына 721,0 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталы бойынша 498,0 мың теңгеге жеңімпаз анықталған. Аталған жұмыс толығымен орындалды.

Бұрынғы Орақ-балға ауылының аумағындағы «Момыш бұлағын» қоршау жұмысына 4336,0 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталы бойынша 2190,0 мың теңгеге жеңімпаз анықталған. Аталған жұмыс толығымен орындалып, үнемделген 1580,0 мың теңгеге «Момыш бұлағына» стела орнату жұмыстары жасалды.

Көлбастау ауылы Қонаев және Қ. Рысқұлбеков көшелерінің төменгі жағының  жолдарын орта жөндеу жұмыстары 14 633,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары және және аудан тарапынан 5000,0 мың теңгеге Талапты аулының ескірген су құбырларын жаңарту жұмытары жүргізілді.

 

Нұрлыкент ауылдық округі:

Әкімшілік ғимаратын ағымды жөндеуге 5500,0  мың теңге қаралған. «Тараз Компрессор» ЖШС жөндеу жұмыстарын (осы ғимараттың жылу жүйесімен және от жағатын бөлме соғуға, алдыңғы жағына кіре-беріс және қоғамдық бұрыш орнатуға) жүргізді.

«Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 7342,0 мың теңге Тұрмыстық қатты қалдықтар тастау орнын бетон қоршаумен қоршалды. Баға ұсыным тәсілімен порталға ойнатылып, 23.05.2018 жылы «Алатау Байтерек» ЖШС-гі  2388,0 мың теңгеге жеңіп алды. Келісім шарт жасалды. Үнемделген 4804,0 мың теңгенің бірінші сметалық құжаттағы                      130м қоршаудың орнына толық бетон қоршау және евроқоршауға арналған бетон бағандар орнатуға 2900,0 мың теңгені бөліп аударылды.

Қоқыс тастау орнына су жиналатын болғандықтан  екі жеріне 240,0 мың теңгеге құбыр тасталды.

Желдің өткелінде орналасқандықтан төменгі бөлігіне 245,0 мың теңгеге бетон құйылды.

Қоқысқа кететін жолдарды арнайы көрсеткіш белгілерін орнатуға 232,0 мың теңге.

Бақылау камерасын орнатуға 245,0 мың теңгеге жұмсалды.

Түктібай ауылындағы кездейсоқ қоқыс орны арнайы техникамен 5 га -240,0 мың теңгеге аумақ тазаланды .

Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға 1668,0 мың теңге бөлінді. Оған 131,0 мың теңгесіне 172 дана  көшемен үй нөмерлері жазылған тақтайша жасалды. 542,0 мың теңгеге 217 дана қайын ағашы мен 5 га аумаққа 4000 дана қараағаш көшеттері отырғызылды.  ескерткіш, 2 дана арка және ескі емхана ғимарат орнымен алея жеріне мемлекеттік акті дайындауға 339,0 мың теңге бөлініп аударылды. 240,0 мың теңгеге көше аншлагтары жасалды..

«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 3 млн теңге  Нұрлыкент ауылындағы ауыз су жүйесіне техникалық паспорт дайындауға қаралған. Жамбыл облысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен 3 995,3 мың теңгеге 21.05.2018ж №45 келісім шарт жасалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4056,0 мың теңгеге Ақниет көшесін асфальттауға қаралды. «ОПС и К» ЖШС-гі  2100,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар орындалды. Үнемделген қаржы 1884,8 мың теңгені Ақниет көшесінің 227 м жолын асфальттауды жалғастыруға қосымша келісім шарт жасалып жұмыстар аяқталды.

 

Шақпақ ауылдық округі:

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға  дейінгі» бағдарламасының шеңберінде Шақпақата ауылындағы Жібек Жолы кемелбеков көшесінің қиылысын асфальтбетон жамылғысын төсеу  2550,0 мың теңге қаржы бөлініп,  жұмыстар атқарылды. Т.Дүйсебайұлы ауылындағы өзен бойынан адам өтетін көпірге 249,0 мың теңге бөлініп, көпір салынды.

Шақпақата ауылының Т.Рысқұлов көшесінің автомобиль жолының орта  жөндеуге 32625,0 мың тг. қаржы аудан әкімдігінің құрылыс, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі арқылы қарастырылып жұмыстары атқарылып, жол жөнделді.

Тұрмысттық қатты қалдықтарды тастайтын орынға арнай есепшот ашу үшін жоба-сметалық құжаттамасы және экологиялық сараптамалық жұмыстар 440,0 мың теңгеге жүргізілді.

Шақпақата ауылына және Т.Дүйсебайұлы ауылына орталықтандырылатын ауыз су жүйесін салу бойынша жер беріліп 284,0 мың теңгеге құжаттары әзірленді.

Көгалдандыру бойынша Шақпақата ауылының шет жағына «Жасыл желек» бағдарламасымен 220,0 мың теңгеге 2,5 га жерге 3200 қара ағашы, 20 дана сосна егілді.

Шақпақата ауылындағы орталық алаңның қорғандарын дәнекерлеуге 200,0 мың теңге бөлініп, жұмыс жасалынды.

Шақпақ ауылдық округі аумағындағы Ынтымақ, Амансай ауылдарынан және Шақпрақ бекетінен оқушыларды мектепке деін және кері қарай тасымалдау үшін 4820,0 мың теңге бөлініп оқушылар тасмалдануда.

Шақпақ ауылдық округіндегі көшелерді қардан тазартуға 442,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Тұрақты жұмыс орындарын – 1, қоғамдық жұмыстарға                               10 жұмыссыздар, жастар практикасына 6 жас, «Бастау-бизнес» оқытуға                      6 адам, кәсіби оқытуға 5 адам  жолданып, сертификат алды. Несие алуға                   11 адам құжат тапсырып, 8 азамат 28500,0 мың теңге несие алып, 40 бас сиыр, 23 бас жылқы, 130 бас қой сатып алып, бүгінгі күнге өз жұмыстарын жүргізуде.