Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Султанов Калдыбек Куанышбайулы туралы

 

Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы
Султанов Калдыбек Куанышбайулы туралы
 
 Султанов Калдыбек Куанышбайұлы 1962 жылы 7 қараша айында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Талапты ауылында туылған. 1970-1978 жылдары аралығында Талапты 8 жылдық мектебінде оқыған. 1978-1981 жылдары Шымкент облысы Бөген ауданындағы СПТУ-146 училищесінде оқып «мал шаруашылығындағы қой өсіру шебері» мамандығы бойынша бітірген.                             1983-1984 жылдары Ленин атындағы колхозда «Қолдан ұрықтандыру» технигі болып жұмыс атқарға. 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтына түсіп, мал дәрігері мамандығы бойынша 1989 жылы бітіріп шыққан.                                  1989-1992 жылдар арасында Жуалы ауданы Ленин атындағы колхозда ветеринариялық техник болып жұмыс атқарған. 1992 – 1999 жылдары Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ мал дәрігерлік бөлімі меңгерушісі болған.                                       1999-2000 жылдары «Жуалы ветцентр» ЖШС-де мал дәрінері болып жұмыс атқарған. 2000-2006 жылдары Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінде Лицензиялы мал дәрігері болып жұмыс істеген. 2006- 2010 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Жуалы аудандық аумақтық инспекциясында жетекші маман Ақсай ауылдық округі мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы қызметін атқарған. 01.02.2011-20.05.2011 жылы «Жуалы ауданы әкімінің ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-да ветеринар маман.                                   12.09.2011-01.01.2012 жылдары Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында ветеринар маман болып жұмыс атқарған. 2012 – 2016 жылдары аралығында  «Жуалы ауданы әкімінің ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-да Мыңбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда. Үйленген, екі ұл, екі қыз тәрбиелеуде. «Нұр Отан» ХДП мүшесімін.