«Жуалы ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық маслихатының 2017 жылғы 06 қазандағы № 17-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

Жамбыл облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

«Жуалы ауданы аумағында

иттер мен мысықтарды асырау

және серуендету, қаңғыбас иттер мен

мысықтарды аулау және жою

Қағидаларын бекіту туралы»

Жамбыл облыстық маслихатының

 2017 жылғы 06 қазандағы

№ 17-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан  Республикасының           2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының                    2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Жуалы ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 06 қазандағы № 17-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3563 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген Жуалы ауданы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларының:

5-тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланылатын орындарында (кiреберiстерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтiлерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердiң төбелерiнде), сондай-ақ осындай үйлердiң жанындағы аумақтарда асырауға жол берiлмейдi.

1) Иттер мен мысықтарды олардың терісін және етін тұтыну, өңдеу және өткізу үшін пайдалану мақсатында өсіруге жол берiлмейдi;
2) Аудан аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда) жол берiлмейдi »

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық маслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелер жөнідегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін  күнтізбелік   он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың                                          Облыстық мәслихаттың

сессия төрағасы                                                     хатшысы