Ереже

 

Б.Момышұлы ауылы

 

 

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің

аппараты» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің Ережесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және        өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                              23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. Аудан әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен осы жаңа редакциядағы Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                Б.Көпбосынов

 

 

Жуалы ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 28 қарашадағы

№ 283 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімдік қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар, мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  6. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi:

пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12.

  1. Мемлекеттiк органның толық атауы:

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Осы Ереже «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджетiнен жүзеге асырылады.
  3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

  1. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі миссиясы:

Аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

  1. Мiндеттерi:

1) аудан әкімдігі жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) аудан аумағында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

1) Тоқсан сайын аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарын дайындау;

2) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысына талдау жүргізіп, әкімге, аудан әкімшілігіне және жоғарғы тұрған органдарға сұранысы (немесе сұраған сұрағы) бойынша ақпарат беру;

3) Әкім, әкімшілік, аудан әкімі аппаратының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамасыз ету;

4) Аудан әкімшілігінің, әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингі мен Әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету;

5) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылық тәртіптеріне талдау жасау және аталмыш жағдай бойынша аудан әкіміне ақпарат беру;

6) Аудан әкімінің аппаратының жұмысын жоспарлайды, әкімшілік отырысын (немесе мәжілісін), жиналыстарын, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді, олардың дайындығы мен өтуін ұйымдастырады;

7) Әкімнің шешімдері мен өкімдерін, әкімшілік қаулыларын, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобасын дайындайды;

8) Әкімнің, әкімшіліктің, аудан әкімі аппараты басшысының актілерін тіркеу мен жіберуді (немесе жөнелтуді) жүзеге асырады;

9) Әкім мен әкімшілікке қарасты консультативтік-кеңесші органдардың, аудан әкімі аппаратына қарасты комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;

10) Аудан әкімшілігінің отырысын, аудан әкімінің жиналысын, әкім күндерін, бақылау сағатын, жалпыға міндетті оқу құқығын және басқа іс-шараларды жоспарлайды, дайындығын ұйымдастырады, өткізеді, мәжілістің материалдары мен хаттамаларын рәсімдеуді жүзеге асырады және жеткізеді;

11) Аудан әкімінің аппараты мен мемлекеттік органдар арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;

12) Президенттің, Үкіметтің және Қазақстан Республикасының орталық органдарының, сонымен қатар, әкім мен облыс әкімдігі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

13) Әкім және әкімшілік мүшелерінің кіріс құжаттарының бастапқы өңдеуін жүзеге асырады, алдын ала қарауды, тіркеуді, есебін, сақталуын, жеткізіліп беруін дер кезінде ұйымдастырады;

14) Әкімнің, әкімшіліктің, аудан әкімі аппараты қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін, сонымен қатар құпиялық іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерді құпиялық режимге сәйкес қамтамасыз етеді;

15) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін мониторингтеу;

16) Мекемелердің мемлекеттік сатып алуды өткізу мен рәсімін жүзеге асырады;

17) Мемлекеттік басқару органдары ақпараттық қоғам шарттарында мекемелер мен азаматтар арасындағы байланысты ұйымдастыратын әкімшіліктің ресми сайтын қолдау және дамыту;

18) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімінің аппараты кадрларының және атқарушы органдардың мониторингін жүзеге асырады;

19) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен атқарушы органдардың сынақтан өтуін, тәлімгерлік, қызметін бағалау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырады;

20) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен атқарушы органдардың аттестациядан өтуін, конкурстық іріктеуін, қызметтік жоғарылауын, тәртіптік жазаға тартылуын, қызметтен босатылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

21) Ауданда ақпараттық деңгейді көтеру және ақпараттандыру жүйесін дамыту жұмыстарын жүргізеді;

22) Ақпараттандыру саласында уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді;

23) Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға электронды қызметті дамытуға ықпал етеді;

24) Мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынуға құжаттарды дайындауды ұйымдастырады;

25) Әкімнің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының басшысы жеке тұлға мен заңды тұлғалардың, азаматтардың жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастырады, есепке алу мен жолдануын қамтамасыз етеді;

26) Өз шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

27) Азаматтық хал актілерінің 7 түрі бойынша мемлекеттік тіркеу (туу туралы тіркеу, некеге тұру, неке бұзу, әкелігін тану, ұл/қыз асырап алу, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру, қайтыс болғандығы туралы куәлік);

28) Азаматтық хал актілері бойынша қайта алынған куәлік пен анықтамаларды актіге тіркеу;

29) «РП ЗАГС» «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйені енгізу;

30) e.gov.kz электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсету;

31) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтер көрсету;

32) Мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату және тізім, есеп беру;

33) Бақылау және қадағалау функцияларымен бөлінген мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша ақпарат ұсыну;

34) Өзінің өкілеттігі бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету (Минск, Кишинев Конвенциясы бойынша);

35) Азаматтардың өтініштері бойынша қызмет көрсету;

36) Адвокаттар мен нотариустардың сұраныстарына жауап беру;

37) Әділет органына есеп беру;

38) Қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және мекемелерден сұрату және алу;

39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) Мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан аудан әкімдігі мен аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар сұрауға және алуға, келісім-шарт негізінде сараптама жасау және кеңес беру үшін мамандар мен тәуелсіз сарапшылар тартуға;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, үкіметінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

3) Әкімдіктердің мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдардың алқаларына, жиналыстарына қатысуға;

4) Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

5) Оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие болуға;

6) Мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;

7) Құрылтайшы құжаттарда қаралған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражаттар пайдалануға;

8) Жуалы ауданы әкімдігі және аудан әкімі аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;

9) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес облыс әкімі аппаратының негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

Міндеттері:

1) Бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

2) «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға.

 

  1. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
  2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппаратың коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппарат басшысын Жуалы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Жамбыл облысы Жуалы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жок.
  4. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1) Аудан әкімдігіне аудан әкімі аппараты туралы Ережені, аудан әкіміне аппаратының штаттық кестесі мен құрылымын бекітуіне ұсынады, бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасайды;

2) Аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы және аппараттың өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;

3) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің тапсырмаларын, облыс әкімдігі және әкімі актілерін орындаудағы бұзушылық фактілері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

5) Аудан әкімі аппараты бөлімдерінің ережелерін бекітеді;

6) Аудан әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізілетін мәселелердің, қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының аудан әкімдігі Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуінің және бекітілуінің сақталуын қамтамасыз етеді;

7) Облыс әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

8) Облыс әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;

9) Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

10) Аудан әкімінің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

11) Аудан әкімдігі қаулыларының, хаттамалық тапсырмаларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін жіберудің тізбесін бекітеді;

12) Аппарат басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.

13) «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

 

 

  1. Мемлекеттiк органның мүлкi

 

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.