Қоғамдық кеңесте ауданның бюджеті қаралды

Қоғамдық кеңесте ауданның бюджеті қаралды

 

Аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты  кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев  ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасының түсіндірме жазбасын қарап, келісім беру» мәселесі бойынша  аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлбара Бекмұрзаева баяндама жасады.  2019 жылға арналған аудандық бюджетті талқылау барысында Қоғамдық кеңестің  мүшелері түсінбеушілік танытқан көптеген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Әсіресе, қоғамшыл кеңес мүшелері Толымбек Айдарбеков, Кәрібай Құрмашев, Айтолқын Ахметова және басқалары бірнеше тарауларымен келіспей, сұрақтар қойып  отырды. Гүлбара Бекмұрзаева барлық сұрақтарға нақты жауаптар берді. Отырыста тиісті қаулы қабылданып,  аудан бюджетінің үшжылдық жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері бекітуге келісімін берді.

Гүлмира Дембаева,