Жуалы аудандық Қоғамдық кеңестің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы М А Ғ Л Ұ М А Т Т А Р

                             Жуалы аудандық Қоғамдық кеңестің

                         2018 жылы атқарған жұмыстары туралы

                                        М А Ғ Л Ұ М А Т Т А Р

Елімізді Қоғамдық кеңестер  2016 жылдың қаңтар айында  құрылып, үш жыл ішінде  өзіне  жүктелген міндеттерді өз өкілеттігі аясында лайықты  деңгейде  атқарып келеді.

Қоғамдық кеңестер Елбасының ұйғаруымен  Ұлт Жоспары- «100 нақты қадамның» 99 қадамының талабына сай атқарушы билік пен азаматтық қоғамның  арасындағы  дәнекер, әрі ақыл  қосушы, мемлекеттік органдардың  жұмысының ашықтығын  қамтамасыз  етуші,  бақылаушы орган ретінде құрылған. Ұлт Жоспарында  Қоғамдық кеңестер туралы былай делінген: «Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы Қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық  даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен  еркіндіктерін қозғайтын нормативтік- құқықтық  актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар  жобаларын  талқылау бөлігіндегі рөлдерін  күшейту. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру» болып табылады.

Елбасының  Ұлт Жоспарының 99 қадамын  және  «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы   мен  типтік Ережені басшылыққа ала отырып, аудандық Қоғамдық кеңес  өз жұмысын  лайықты деңгейде  ұйымдастыруда.  Қоғамдық ұйым 19 мүшеден тұрады. 2018 жыл басынан  біржылдық жоспар жасалынып, оның тиянақты және түпкілікті өткізуде әр кеңес мүшесі атсалысты.Барлығы 73 іс- шара өткізу жоспарланса, оның түгелімен барлығы өткізілді. Қоғамдық кеңес аудандағы барлық ауылдық округтердегі  халықпен 41 кездесу өткізді.

Қоғамдық кеңестің басты мақсаты- халыққа сапалы қызмет көрсету, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, зерделеп, тиянақты көмек көрсету.  Қоғамдық кеңестің атына  аудан тұрғындарынан түскен өтініш, арыз- шағымдар дер кезінде, уақытылы  қаралып, шешім қабылданды.   Әр өтініштің, әр хаттың артында тұрған адамдарды ескере отырып,   жыл бойындағы түскен  хаттар тиянақты, мұқият тексеріліп, тиісті шара қолданылып отырды.

Қоғамдық кеңес жанынан үш комиссия құрылған.  Олар  өз жұмысын жоспарлы түрде, жылдық жоспарға сай , «Қоғамдық кеңестер туралы»  ҚР Заңы, Ережесі  аясында жүргізуде. «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі» комиссияны Қоғамдық кеңестің мүшесі, Т.Рысқұлов  атындағы орта мектеп директоры Гүлнәр Мұсаханова басқарады. «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, әлеуметтік – мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі» комиссияны- Қоғамдық кеңестің хатшысы, аудандық газеттің редакторының орынбасары Гүлмира Дембаева және үшінші – «Аграрлық саясат,  ауылдық аймақтарды дамыту,  табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі» комиссияны Қоғамдық кеңес мүшесі, «Қазақстан-Жуалы» ӨК басшысы  Али Жаналиев басқаруда.

Жыл ішінде Қоғамдық кеңестің өз жұмысын  бірнеше бағытпен жүргізді.  Бірінші бағыт бойынша: Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты- қоғамдық маңызы  бар мәселелер бойынша жұртшылықтың  пікірін білдіру болғандықтан Заңның 5 бабының 1,2,3 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес  аудандық бюджеттің жобаларын және олардың орындалуын бақылауға алып, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға  жеткізу туралы есептерін тыңдап, аудан әкімдігінің  азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне  қатысты нормативтік- құқықтық актілердің  жобаларын әзірлеуге  және  талқылауға қатысты.

2018 жылы аудандық Қоғамдық кеңестің  президиумының 15 отырысы өтті. 13 қоғамдық тыңдау барысында 27  өзекті  мәселелер  қаралды, 67 кеңестің  отырысында   ұсынылған 49 құжаттар (шешім, қаулы және т.б.) бойынша  барлығына  қорытынды берілді.  Қоғамдық кеңес  мүшелері 7 қоғамдық мониторинг өткізді. Олар білім беру, ауыл шаруашылығы салалары, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің  2019-2021 жылдарға арналған  бюджет туралы, Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәселелері, ауыл тұрғындарын газбен, электр энергиясымен  қамтамысыз ету  тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық автомобиль жолдары, жолаушылар  көлігі, сәулет және құрылыс мәселелері кеңес отырыстарында  талқыланып, тиісті мекемелерге ұсыныстар  жіберілді.

Жыл басынан бері Қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстарында  Ақсай, Билікөл, Мыңбұлақ, Нұрлыкент, Көкбастау, Шақпақ, Қошқарата, Күренбел, Жетітөбе, Қарасаз ауылдық округтері әкімдерінің 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы және 2018 жылдың бюджеттік бағдарламаларының жобалары талқыланып қаралды. Жуалы әкімі Бақтияр Копбосыновтың да есебі тыңдалып, баға берілді. Одан басқа Жергілікті полиция қызметінің, «Жуалы-Су» КҚК -нің 2017 жылы атқарылған  жұмыстары да талқыланып, қаралды. Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің ұсыныстары, аудандық мәслихаттың  шешімдерінің күшін жою туралы,  аудандық  білім саласының оқу жылына дайындығы турылы мәселелер қаралып, талданды. Бірқатар ауылдық округтерінің өткен жылдың 6 айында атқарған жұмыстары да талқылауға түсті. Аудан әкімдігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу, 2019-2021 жылдарға арналған бюджет қаралып, талқыланды. Қоғамдық кеңестің отырыстарында 21 нормативтік-құқықтық актілер жобалары қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері облыстық Қоғамдық кеңеспен өткізген қоғамдық тыңдаулар барысында  облыстық кәсіптік- техникалық колледждердің мамандар дайындау бағытында  атқарылып отырған  жұмыстары, өткізілген іс-шаралары  қаралып, талқыланды.

Одан басқа  кеңес отырыстарында  мемлекеттік органдар  басшыларының есептері, бюджеттік  бағдарламаларының орындалу барысы,  Қарасаз, Жетітөбе, Қошқарата және Ақсай ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалып, тиісті баға берілді. Сондай-ақ, Қонаев атындағы, Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиялары,  А.Байтұрсынов атындағы, Герцен атындағы, Мыңбұлақ орта мектептерінің директорларының есептері тыңдалып, мектеп жанындағы асханаларының жұмысы,  балалардың  ыстық  тамақпен қамтылуы, білім сапасы, т.б. мәселелері зерделеніп, талқыланды. Мысалы, Мыңбұлақ  және А. Байтұрсынов  атындағы орта мектептердің асханаларында азық-түліктің жетіспеушілігі, оқушылардың білім сапасының төмендігі,  балаларға дайындалған тамақтың сапасының  төмендігі анықталып, мердігерлер мен аспасшыларға, мектеп басшылығына тиісті ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңестің екінші бағыты – Заңның 3- тармағына сәйкес аудандық Қоғамдық  кеңестің  азаматтардың  атқарушы биліктің қызметіне  сенім деңгейін арттыруға, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленістерінің оң шешімін  табуына арналды.

Мысалы, №16 Жуалы колледжінің директорының есебі тыңдалып, онда оқитын  білімгерлердің білім сапасын, оқу тәртібін жақсартуы бағытында жұмысты жандандыру бойынша  ұсыныс жасалды, ал тозығы жеткен екі шеберхананы күрделі жөндеуден өткізуі туралы  облыс әкіміне арнайы хат  жолданып,  2018 жылдың аяғында облыстан келген  комиссия зерделеу жұмыстарын жасап, устіміздегі 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық  шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі  бөлім басшысы Е. Сейітбековтің  атқарып отырған  жұмысына мониторинг жүргізілді. Онда Талапты ауылы арқылы шекара заставасына  қарай жасалған жолдың жөндеу жұмыстарының сапасына  баға берілді.  Жөнделген 12,5 шақырым  жолдың сапасының  төмендігін, су ағатын көпірлердің  жасалмағандығын және де  Рысбек батыр ауылындағы жөнделген 2 шақырым жол, Күйік  асуындағы  облыстық мәндегі жолдың сапасының төмендігін арнайы комиссия анықтап, тиянақты ұсыныстар  жасалды.  Қоғамдық кеңестің ұсынысымен және араласуымен   Талаптыдан   шекара заставасына қарай 4 көпір жасалды, құм шағал тағы  төселіп ,20 см көтерілді және  Рысбек батыр мен Күйік асуындағы жолдар қайта жөнделуден өткізілді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің  сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайнар Бедельбековтың жұмысына  мониторинг жасалынып, бірқатар мектептердегі өткізілген  жөндеу жұмыстарының анықталған кемшіліктеріне  қажетті ұсыныстар айтылып,   аудан әкімдігінің  білім бөлімінің басшылығына  арнайы хат жолданды.

Қоғамдық кеңеске  аудан тұрғындарынан түскен арыз- шағымдар мен өтініш-тілектер дер кезінде қаралып, зерделеніп, тиісті шешім қабылданады, жауаптары беріледі. Алайда, 2018 жылы ауыл тұрғындарынан  тускен 11 арыз- шағымдар уақытылы қаралып, егелеріне  жауаптары жолданды.

Жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан түскен арыздар қаралып, шешімін тапты. Онда олар   жұмыспен  қамту, атаулы әлеуметтік жәрдем ақы алу,  қоғамдық жұмыстармен қамтылу мәселесін көтерген, барлығы оң шешілді. Екі азаматтың арызы бойынша  бұл отбастарына өшірілген   газ, электр жарығы  қайта қосылды, оларға қарыздарынан құтылуға жолдар қарастырылып, көмек берілді.

Денсаулық сақтау саласының бүгіңгі таңда «Денсаулық» бағдарламасының орындалу бағытында келтіріліп отырған  кемшіліктері жөнінде аудандық   Қоғамдық кеңес жоғары органдарға, яғни, облыстық Қоғамдық кеңеске  тиісті шара қолдану үшін  хат жолдады.

Үшінші бағыт: Заңда белгіленген қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау

саласындағы өтініштердің іске асырылуы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу  мүмкіндігін кеңейту  мақсатында қоғамдық мониторинг,   сараптама ,  тыңдау және мемлекеттік органдардың  жұмысының  нәтижесі жөніндегі  есептерді тыңдау  арқылы жүргізіліп отырады.

Жыл сайын   аудан халқына  қызмет көрсететін мекемелердің басшыларының  жұмысы Қоғамдық кеңестің отырыстарында тыңдалып, сараптама жасалады. Сондай-ақ «Дипломмен – ауылға!» , «Өңірлерді  дамыту»,  «Жұмыспен қамту» , басқа да көптеген  мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы  бақылауға алынып, тексеріліп отырады. Қоғамдық кеңес өз жұмысында  жергілікті қауымдастықтардың  пікірі мен ұсыныстарына да сүйеніп отырады, олармен тығыз байланыс орнатқан.

2018 жылы Қоғамдық кеңес тарапынан  өзекті мәселелерді шешу жолында жоғарғы мемлекеттік органдарға 15 ұсыныс және 13 өтініш жолданды.  Аудан тұрғындарын толғандырған  маңызды мәселенің бірі- ауыз су мәселесі еді. Қоғамдық кеңестің  жүргізген  зерделеу жұмыстары нәтижесінде  бұл салада  жіберілген кемшіліктер жойылып, жұмыс жандана бастады, су үздіксіз  берілу мақсатында жұмыс атқарылуда.

Төртінші бағыт бойынша аудандық Қоғамдық кеңес  қызметінің ашықтығы мен  жұмысының жариялылығын  арттыру мақсатында, кеңестің мүшелері алдында тұрған өзекті мәселелерді, атқарып отырған шараларды және қабылданып отырған шешімдер мен  берілген ұсыныстар жайлы аудан тұрғындарын үнемі хабардар етіп отырады. Ол туралы аудан жұртшылығымен өткізген кездесулер мен жиындарда, қоғамдық қабылдаулар мен кеңестің отырыстарында айғақталады, жария етіледі. Аудандық Қоғамдық кеңес  азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және мемлекеттік шешімдерді, жергілікті маңызы  бар мәселелерді талқылау әрі қабылдау кезінде  жұртшылықтың пікірін ескерту,  жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» газеттеріне 30 дан астам мақалалар жарияланды.

Қоғамдық кеңестің  мүшелерінің білімділігі мен белсенділігімен және  әрбір мәселеге жанашырлықпен, жоғары жауапкершілікпен  қарауының арқасында   қоғамдық ұйым  өз жұмысын ашық және жариялы түрде  жүргізуде. 2018 жылға белгіленген барлық мәселе тиянақты  қаралып, шешімін тапты.

Жаңа 2019 жылға жылдық жоспар жасалынып, ол Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында  талқыланып, бекітілді.

 

Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы:                                     С.Жұмашев.