Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есебінің тезистері

Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есебінің тезистері

 

Бауыржан Момышұлы ауылы

Б.Момышұлы мен Көктөбе ауылдарының аралығындағы жалпы алаңы  30 га болатын 170 жер телімін жер кезегінде тұрған азаматтарға жер беру жұмыстары жүргізілуде.

«Бауыржан Момышұлы ауылы тұрғындарының қосалқы шаруашылығына суғармалы су жеткізіп беру» жобасы бойынша Ақсай өзенінен ұзындығы 4,8 шақырым су құбыры тартылды.

Аумақтық дамыту бағдарламасы шеңберінде және бюджет есебінен Бауыржан Момышұлы ауылында  атқарылған жұмыстар:

Б.Момышұлы ауылы бойынша жолдарды орта жөндеу құрылысына – 9 жоба енгізіліп, 13 көшенің (Бәйтерек-Абай, Мұнайшы, Қонаев, Иманбеков, Парасат – Әл-Фараби, Рысбек батыр-Үлеков, Алтынсарин, Толымбаев, Жібек жолы 2 қиылысы, Алатау)  көше жолдарына орта жөндеу құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Қонаев көшесіне – 1420 метрге фреза жасалып, ескі қабаты алынып, асфальт толықтай төселді. 10 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыс 100 пайыз орындалды.

Мұнайшы көшесі – ұзындығы 757 метр фреза жасалды ескі асфальттың қабаты алынды, асфальт төселді. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам жұмыспен қамтылды.

Бәйтерек және Абай көшесінің ұзындығы 1270 метр толықтай фреза жасалды, ескі асфальттың қабаты алынып, асфальт төселді. Жұмыс 100 пайыз орындалды. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам жұмыспен қамтылды.

Иманбеков көшесі – 626 метр көше ұзындығы толықтай фреза жасалып, ескі асфальттың қабаты алынып, асфальт жаңартылып төселді. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам жұмыспен қамтылды.

Парасат және Әл-Фараби көшелері – 820 метр көше толықтай фреза жасалып, ескі асфальттың қабаты алынды, жаңа асфальт төселді. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 адам жұмыспен қамтылды.

Рысбек батыр Ы.Алтынсарин және Ш.Улеков көшелеріне – 902 метрге асфальт жамылғысы төселіп, 2 адам жұмыспен қамтылды.

Толымбаев көшесіне – 150 метрге асфальт төселді. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 адам жұмыспен қамтылды.

Жібек жолы 2 ші қиылысы көшесіне – 950 метрге асфальт төселіп, 1 адам жұмыспен қамтылған.

Алатау көшесіне – 312 метрге асфальт төселген. 1 адам жұмыспен қамтылған.

Жібек жолы көшесіне – 2300 метрге асфальт төселіп, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адам жұмыспен қамтылды.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қатты жабынды асфальт төсеу жұмыстары басталып, белгіленген мерзімінде орындалды. Жалпы атқарылған жұмыстарды техникалық қадағалауды жүргізетін мекеме ЖШС «Амаль» мердігер өкілі арқылы атқарылуда, авторлық бақылауды «ТаразДорПроект» жүргізілді. Боранды, Тұрысбеков, Бәйтерек, Ы.Алтынсарин және Елшібаев көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы мен жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу құрылысы, Рысбек батыр мен Тәуелсіздік көшелері аралығындағы жаяу жүргіншілер көпірін ағымды жөндеп қалпына келтіру, М.Маметова көшесі Үсенов көшесінен және Ы. Алтынсарин көшесіне дейінгі қиылысты орта жөндеу жұмысы, С.Күшанов және Ы.Алтынсарин көшесі жолын орта жөндеу жұмыстары, Үсенов көшесі жолын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақсай көшесі мен Қ. Рысқұлбеков көшесі аралығы, Боранды көшесі мен А.Иманов көшесі аралығы, Тастандиев көшесі мен Тұрысов көшесі аралығы, Кушанов пен Ы.Алтынсарин көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысы Қ.Рысқұлбеков – Абылайхан көшесі аралығына, Жібек Жолы көшесі мен Парасат көшелерінің қиылысына, Жібек жолы көшесіндегі «Жасай бер, Қазақстан!» саябағы жанына, Д.Қонаев көшесі мен В.Латиканта көшелерінің қиылысына, Сафинов көшесіндегі «МЕР» дүкені жанына бейнебақылау камерасының баптауын жалпы базаға келтіріп іске қосу жұмыстары жүргізілді.

Қ.Рысқұлбеков көшесі мен Абылайхан көшесі аралығындағы жаяу жүргіншілер көпірін ағымды жөндеп қалпына келтірілді.

Парасат көшесіне Б.Момышұлының 110 жылдығына орай барельеф орнату, орталық алаңға Мемлекеттік рәміздер стендін, көшелердегі түнгі жарықпен қамтамасыз ету электролампаларды жөндеу ауыстыру жұмыстары, Мәңгілік Ел саябағына «Жан жүрегім Жуалы» МАФ орнатылды.

Сафинов көшесіндегі арка жазуын латын әріптеріне ауыстыру жұмыстары атқарылды. Ш.Уалиханов, әл-Фараби көшелері аралығындағы жаяу жүргіншілер жолын ағымды жөндеу жұмыстары, Жамбыл көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын орта жөндеу жұмыстары, Л.Сейітбеков көшесінің бір бөлігін орта жөндеу жұмысы атқарылды.

Пахомов көшесіне фонарлар орнату арқылы жарықтандыру Әулиебастау көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары, Б Момышұлы ауылындағы әл-Фараби көшесінің жолын орташа жөндеу жұмыстары, Б.Момышұлы ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын ағымды жөндеу, Б Момышұлы ауылындағы Батырбек Датқа және Б.Момышұлы ескерткіші, Жастар Аллеясы, Жасай бер Қазақсан Мәңгілік-Ел саябақтарының электр желілерін ағымды жөндеу, БМомышұлы ауылындағы Жасай бер Қазақстан колонадасы аумағына су жүргізу, Чернобыль АЭС жоюға қатысушыларға және Семей ядорлық полигонында міндетін атқарғандарға арналған ескерткіш орнату жұмыстары жүргізілді.

Б.Момышұлы ауылында айыппұл тұрағын қоршау, Латикант көшесіне автотұрақ орналастыру, Әл-Фараби көшесін қосу арқылы су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу, Абай, Шетбұлақ, Акментей көшелерін жарықтандыру, Б.Момышұлы ауылындағы жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмысы атқарылды.

Ауыл тазалығы бойынша барлық мекеме басшыларына және көше тұрғындарына көктемгі тазалық жұмыстары бойынша ұсыныс ескертпелер таратылады, келісім-шарт негізінде күл-қоқыстарды аптасына бір рет кестеге сәйкес жеке кәсіпкер «Арсенал» шығарады.

Б.Момышұлы елдімекенінде табиғи газға қосылмаған сегіз отбасы анықталып, табиғи газ құбыры тартылып, газ жағуға мүмкіндік алды.

Ақсай ауылдық округі 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақсай ауылдық округіне 2,389 млн теңге бөлініп, Қайрат ауылы А.Байтұрсынұлы көшесі жарықтандырылды.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Қайрат ауылы Т.Рысқұлов көшесіне  жарықтандыру жүргізіліп, үнемделген қаржыға Абай көшесі мен Төле би көшелеріндегі жарық шамдары заманауи үнемдегіш шамдарға ауыстырылды.

Диқан ауылына «Стрит Воркаут» спорт алаңы жабдықталып, пайдалануға берілді.

Қайрат ауылының Е.Демесінов көшесіне құм-шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Қайрат ауылы Төле би көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Б.Момышұлы атындағы саябақ аумағын аббаттандыру жұмыстары (киіз үй, жарық шамдарын орнату) атқарылды. Қайрат ауылы Ә.Молдағұлова көшесін аббаттандыру (көшені кеңейту) жұмыстары орындалды. Қайрат ауылы М.Әлімбекұлы көшесінің жаңа алқабына газ құбырларын тарту жұмыстары толық орындалды.

Ақсай ауылдық округі бойынша аббаттандыру жұмыстарына (қар күреу, қоқыс шығару, тал кесу, әктеу, сырлау, баннер дайындау  т.б.) кезең-кезеңімен атқарылуда.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында:

Ақсай каналының №3, №4 каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қайрат және Шетбұлақ тоғандарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

    

 

Ақтөбе ауылдық округі

Ақтоған ауылының жоғарғы бөлігінде орналасқан «Жарбұлақ» жасанды су тоғаны Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің тарапынан қайта жаңғыртылды.

Бәйтерек ауылы Ынтымақ көшесіне  асфальт жамылғысы  төселсе,

ал Ақбастау көшесіне көше жарығы орнатылды.

Жаңаталап ауылына «Стрит Воркаут» ойын алаңшасы орнатылса, Бәйтерек ауылының маңында орналасқан бейітке барар жолға шағал төсеу жұмысы жүргізіліп,  көпірі ауыстырылды.

Сондай-ақ, Жаңаталап ауылының маңындағы бейітке баратын жолға да шағал төседі.

№11 Т.Тастандиев атындағы ОМ-нің сыртқы қоршау жұмыстары 9 328 000 млн. теңгеге жүргізілсе, сонымен қатар, 7 655 000 млн. теңгеге терезелері ауыстырылып, әжетханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Билікөл ауылдық округі 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы:

Қарабастау ауылы Слямханов көшесінің балалар алаңшасына                     мердігер «Сейдалиев» ЖК қоршау жұмыстарын жүргізді;

            Аудандық бюджет қаражаты есебінен:

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, «Алатау-Бәйтерек» балаларды жалпы білім беру ұйымдарынан және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауда.

Қарабастау ауылының Слямханов көшесі мен №3 Қ.Қошмамбетов атындағы ОМ-нің айналасына 3 921,0 мың теңгеге  мердігер «ПремиумСтройКЗ2050» ЖШС көше жарығын жүргізді;

Қарабастау ауылының орталығында орналасқан сахнаға 1 450,0 мың теңге мердігер «Мадеш» ЖК ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді;

Қарабастау ауылындағы суару жүйесіне 8 550,0 мың теңгеге мердігер: «БақЭнерджиСервис» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстары, яғни, 600 метр лоток және 10 шлюз қойылды.

Ветеринариялық пункттің кеңсе ғимаратына 1 950,0 мың теңгеге «Муратбаев» ЖК ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасады;

Мердігер «Галеев» ЖК 2 484,0 мың теңгеге Қарабастау ауылына екі дана бейнебақылау камерасын орнатты;

Қарабастау ауылының су тоспасына 7 382,734 мың теңге қаражатқа тазалау жұмыстарын мердігер «РайСтиль» ЖК жүргізді;

Қарабастау ауылының су тоспасына 6 967,614 мың теңге қаражатқа орта жөндеу жұмыстарын мердігер «РайСтиль» ЖК жүргізді;

Билікөл ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсе ғимаратына мердігер «Малибекова Н.» ЖК 1 160,0 мың теңге қаражатқа турникет орнатты;

Қарабастау ауылы Қарабастау су тоспасына 774,1 мың теңге қаражатқа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру жұмыстарын жүргізген мердігер «Омар» ЖК;

Қарабастау ауылының кіреберісіне 1473,3 мың теңгеге стелла орнатылды. Жұмыстарды «Омар» ЖК жүргізді;

Қарабастау ауылының Бәйдібек және Жамбыл көшелерін 1 217,9 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру жұмыстарын жүргізген мердігер «Айтимбетова» ЖК;

Қарабастау ауылының дренаж каналдарын 2 500,0 мың теңге қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер «Мадеш» ЖК.

 

 

 

Боралдай ауылдық округі

Боралдай ауылдық округі бойынша сыбаға бағдарламасы бойынша «Бауыржан» Ш.Қ жетекшісі Қонашев Б – 4,6 млн теңге, «Нургелді» Ш.Қ жетекшісі Утегенов Н – 15 млн теңге, ИП «Берик» жетекшісі Серкебаев Б – 9,6 млн теңге, «Мамырбай» Ш.Қ жетекшісі Тулегенов С – 2,1 млн теңге, «Құрман» Ш.Қ жетекшісі Сейтжанова Г- 8,000 млн теңге, ИП «Бекнұр» жетекшісі  Тилепов Б – 4, 000 млн теңге:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында.

Тұрақты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарда тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жоспар 74 адам, орындалу көрсеткіші 74 азаматқа орындалып, көрсеткіш 100 пайыз.

Қоғамдық жұмысқа тарту бойынша жоспар 25 азамат орындалуы 25 азамат 100 пайыз, жастар тәжірибесі бойынша жоспар 10 азамат орындалуы 8 азамат 80 пайыз.       Жеке шаруа қожалығын кеңейту және бастау бизнес жобасы бойынша өз кәсіптерін бастауға 7 азамат 25 3000 00 мың теңге алды. Қайтарымсыз грант бойынша 3 азамат 1 666 800 теңге алып өз кәсіптерін жүргізуде.

Елдімекендерді көгалдандыру мен абаттандыру бағдарламасы                 бойынша

Көлтоған ауылының ауылішілік арық тазалау жұмыстары, Д.Қонаев көшесінің шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына стандартқа сай пандус орнатылды.

Ертай ауылы Л.Көпбаев көшесіне жарықтандыру жұмыстары, Рысбек батыр ауылы канал тазалау жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Жамбыл атындағы орта мектепке ағымды жөндеу жұмыстары жұмыстары жүргізіліп, жұмыстары толық аяқталды.

Көлтоған ауылындағы «Жастар аллеясына» көгалдандыру, Ертай ауылы Б.Ертаев және Ж.Қонашев көшелерін жарықтандыру жұмыстары атқарылды.

Ертай ауылына Стрит воркаут алаңшасы орнатылды.

Көлтоған ауылы Д.Қонаев көшесінің «Боралдай» бөбекжай-балабақшасының абаттандыру жұмысына 4 389 219 тг бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынып, асфальтталды. Көшесіне жарық орнатылып жұмыс толығымен аяқталды.

Аталған бөбекжай-балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ертай ауылына футбол алаңшасы орнатылды. Ертай ауылының су тоғандарының тазалау жұмыстары жасалды.

Көлтоған ауылы «Жастар аллеясының» алдына лоток орнатуға үнемделген қаржыдан 680 мың тг қаражат бөлініп жұмыстары аяқталды.

Жетітөбе ауылдық округі 

Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Қосмұрат ауылы Р.Алтынбек көшесі 2 млн.100 мың теңгеге жарықтандырылды.

Округке қарасты Қоңыртөбе ауылының Қ.Әбдіәлім және Б.Баратұлы көшелерінің көше жарығы ретке келтірілді.

Қоңыртөбе ауылындағыұзындығы үш шақырым болатын арық 930 мың теңгеге тазаланды.

Тасбастау және Кәріқорған ауылдарының арасына 10 млн теңгеге жаяу жүргіншілер жолы көпірімен бірге орнатылды.

Округке қарасты Шыңбұлақ ауылының Құрмаш, Бектаналы және   Мырзатай көшелеріне 4000,0 мың теңгеге көше жарығы орнатылды.

Шыңбұлақ ауылындағы ұзындығы 7,5 шақырым болатын «Тарақұл» каналы тазаланды.

Жетітөбе ауылдық округіне қарасты үш орта мектеп және бір бастауыш мектептің әжетханалары ғимарат ішіне кіргізіліп, сонымен қатар, Д.Пахомов атындағы орта мектеп және Тасбастау бастауыш мектебінің сырты заманауи қоршаумен қоршалды.

 

Күреңбел ауылдық округі

Күреңбел ауылының Жуалы, Бейбітшілік және Қарабастау көшелеріне  «ПремиумСтройКЗ2050» ЖШС 5016,0 мың теңгеге көше жарығын орнатты.

Қаратас ауылының Ә. Байшаханов  көшесінің 2/1 бөлігіне «BN Partners Group» ЖШС 2 048, 0 мың теңгеге көше жарығын орнатты.

Қаратас ауылындағы шарбақ суару қаналын мердігер « B.N. Grand Towers» ЖШС 3 722,0 мың теңгеге тазартып, қайта қазу жұмыстары жүргізіп, 1 шлюз қойды.

Күреңбел ауылына мердігер «Медицинский центр «Alatay Clinic» ЖШС 6 234,4 мың теңгеге кіші футбол алаңшасын орнатты.

Мал ұрлығының алдын алу ЖК «Береке» 3 829,9 мың Күреңбел ауылына 4 дана, ал Қаратас ауылына 1 дана бейнебақылау камерасын орнатты.

Күреңбел ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына ЖК «Малибекова Н» 1 200,0 мың теңгеге турникет орнатты;

Көкбастау ауылдық округі

Қосбөлтек ауылының О.Жапарқұл көшесіне «ЖамбылДорМостСервис Строй» ЖШС асфальт жамылғысын төседі.

«Алатау-Байтерек» ЖК Көктөбе ауылының Бейсен-ата көшесіне 2 384,0 мың теңгеге көше жарығын орнатты.

Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратына ЖК «Жадикеева Р» 1 197,0 мың теңге қаражатқа турникет орнатты.

Қарасаз ауылдық округі

«Ержан» шаруа қожалығы Беларусь 80.1 маркалы ауыл шаруашылығы техникасын 7 120 000 теңгеге сатып алса, «Құлтай», «Ескендір», «Мирас» және «Ханшайым» шаруа қожалықтары жылжымалы үй вагонының әрқайсысын 2 000 000 теңгеден алды.

Сонымен қатар, «АгроНесиеКорпорациясы» АҚ арқылы «Еламан» шаруа қожалығы Беларусь 952.2 маркалы ауыл шаруашылығы техникасын 8 960 000 теңгеге, погрузчик ТУРС маркалы ауыл шаруашылығы техникасын 1 050 000 теңгеге және «Кун» техникасын 300 000 теңгеге алды. Сондай-ақ «Б.Сейдалиев» шаруа қожалығы Беларусь 952.2 маркалы ауыл шаруашылығы техникасын 8 800 000 теңгеге және  «Кун» техникасын 1 200 000 теңгеге алды. Жалпы шаруа қожалықтары тарапынан 10 ауылшаруашылығы техникасы 35 430 000 теңгеге сатып алынып, округтың инвестициялық көлемін арттыруға, округ техникасын жаңартуға өз үлестерін қосты.

Ақбастау ауылы Береке көшесінің  екінші қиылысына жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды.  Ақбастау ауылына «Street Workout» ойын алаңшасын ЖК «Х.Туранова» жеңіп алып, жұмысты толығымен аяқтады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, Қарасу ауылы Ақ жол көшесіне «Алатау –Байтерек» ЖШС 3 200, 0 мың теңгеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.

Ақбастау және Жүрімбай ауылдарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауызсу жүйесінің құрылысын «Байсын-А» ЖШС жүргізіп аяқтады.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қарасаз ауылындағы «Береке» су тоғанына «Н.Артаев» ЖШС  21 700,0 мың теңгеге дамба салу құрылысын жүргізді.

Қарасаз ауылы Бейбітшілік көшесіне арық (лоток) жүргізіліп, аяқталды.

Ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының сыртқы бөлігіне жөндеу және пандус орнату жұмыстарын «Дуйсебаев» жеке кәсіпкерлігі жүргізсе, аталған ғимарат кіреберісіне «Береке» жеке кәсіпкері турникет  орнатты.

Тұрақты және маусымдық жұмыс орындарына 151 адам орналастырылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 40 адам тартылды, жастар тәжірибесінен өтуге 11 жас қабылданды. Кәсіби оқытуға 14 адам жолданып, сертификат алды. 24 азамат қайтарымсыз грант алып, кәсіптерін дөңгелетуде.

         Қошқарата ауылдық округі

Қошқарата ауылына ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы 2021 жылдың тамыз айында.

    Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қошқарата ауылы Е.Сауранбекұлы көшесіне, Қонаев көшесіне, Актасты ауылы Ақтасты көшесіне көше жарықтары орналастырылса, Қошқарата ауылы Б.Үсенов, Абай көшелерінің көше жарықтары және  Қызтоған ауылы Ж.Бижанов көшелерінің көше жарықтары диодты шамға ауыстырылды.

Қошқарата ауылы Б.Үсенов көшесі бойынан жаяу жүргіншілер жолы жасалынды.

Қошқарата ауылына Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына Абай мүсіні орнатылды. Қошқарата бөбекжай-бақшасының жылу жүйесі, балаларға арналған ішкі әжетхана, пандус орнату жұмыстары, ғимаратты қаптау жұмыстары және турникет орнату жұмыстары жүргізілді.

Қошқарата ауылында орналасқан қатты қалдықтар тастау орнын қоршау жұмыстары жүргізілді.

Ақтасты ауылынан жекеменшік-әріптестік негізде 50 оқушыға ыңғайластырылған Ақтасты бастауыш мектебінің жаңа ғимараты бой көтерді.

«Қошқарата ауылдық округі әкімі аппараты» КММ маңын абаттандыру және қоршау жұмыстары және пандус орнату турникет орнату жұмыстары жүргізілді.

Қызыларық ауылдық округі

            Ақтөбе ауылы Руханият көшесіне, Сұрым ауылы Д.Сламбай көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алатау ауылы Мөлтек көшесіне және Ақтөбе ауылы Қайнарбұлақ көшесі, Сұрым ауылының Д.Сламбай, Қызыларық ауылы Ө.Үсенбайұлы көшелері жарықтандырылды.

Каналдарды іске қосу бойынша құқық беретін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп, Көксай каналынан келетін 5 канал теңгерімге алынды.

– Қызыларық ауылдық округі аумағындағы сол жақ тармағы №2 ішкі шаруашылық каналы ұзындығы 3 км, ені 1,2 метр, тереңдігі 0,7 метр;

– Қызыларық ауылдық округі аумағындағы сол жақ тармағы №4 ішкі шаруашылық каналы ұзындығы 6 км, ені 1,5 метр, тереңдігі 0,8 метр;

– Қызыларық ауылдық округі аумағындағы сол жақ тармағы №6 ішкі шаруашылық каналы ұзындығы 4 км, ені 1,0 метр, тереңдігі 0,5 метр;

– Қызыларық ауылдық округі аумағындағы сол жақ тармағы №7 ішкі шаруашылық каналы ұзындығы 3 км, ені 1,5 метр, тереңдігі 0,6 метр;

– Қызыларық ауылдық округі аумағындағы сол жақ тармағы №10 ішкі шаруашылық каналы ұзындығы 3 км, ені 1,0 метр, тереңдігі 0,7 метр, жалпы «Көксай» каналынан келетін 5 каналға мемлекеттік жер актісі мен техникалық төлқұжаттары жасалды.

Бұдан бөлек, «Краснов» су каналы (4,3 шқ) мен «Мамырбай» су каналдарына (0,6 шқ),  Қызыларық ауылдық округі жерінде орналасқан 3 (үш) су тоғандарын Қызыларық ауылдық округі әкімінің теңгеріміне алу мақсатында жоба-сметалық құжаттамалары жасалып, құжаттары рәсімделу үстінде.

Қызыларық ауылы Т.Тастандиев көшесі №30 үй мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 401,29 м² құрайтын ескі мектеп ғимаратының тиесілі жерін кондоминиум арқылы Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің теңгеріміне беріліп, 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды;

Жалпы ауданы 202,3 м² құрайтын ғимараттың тиесілі жерін кондоминиум арқылы Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бокс мектебі» мекемесінің теңгеріміне беру туралы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 2020 жылғы 04 қарашадағы «Жуалы ауданының коммуналдық меншігіндегі мүлікті теңгерімнен теңгерімге беру туралы» №135 бұйрығы негізінде өткізу-қабылдау жұмыстары жасалуда.

            Мыңбұлақ ауылдық округі

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде 3295,0 мың теңге қаржы қаралып, көрсетілген қаржыға  Момыш бұлағы атындағы саябақты абаттандыру жұмыстары толығымен  атқарылды.

«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасынан үнемделген 800 мың теңге қаражатқа Талапты ауылы Көлбастау көшесі жарықтандырылды.

Көлбастау ауылы Б.Момышұлы көшесіне газ құбырларын тарту бойынша 6 млн 402 мың тг. қаражат бөлініп, жұмыс атқарылды.

Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты 5 млн 225 мың теңгеге жөнделді.

Көлбастау ауылы Ә.Байтоқов көшесіне ауызсу құбырларын тарту бойынша 964,0 мың теңгеге. жұмыстар атқарылды.

Көлбастау ауылы Б.Майлин көшесінің бір бөлігін жарықтандыру жұмыстары 2 млн 700 мың теңге қаражатқа жүргізілді.

Талапты ауылы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің шатырына ағымды жөндеу жұмыстары, Көлбастау ауылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепке ішкі әжетхана салу жұмыстары жүргізілді.

Көлбастау ауылы Д.Конаев және Қ.Рысқұлбеков көшелерінің шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Нұрлыкент ауылдық округі

Нұрлыкент ауылындағы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша Е.Байғазиев атындағы ұзындығы 2300 метр көше бойына су ағатын лотоктар орнатылды.

Түктібай ауылындағы Сметов көшесіне (ұзындығы 1200 м) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Нұрлыкент ауылындағы Мейірім тұйығын (ұзындығы 387 м) асфальттау жұмыстары орындалды.

6 шаруа қожалық жаңа техникалармен (4 трактор және қосалқы техникалар) толықты. Қаражат көлемі 56 млн 130 мың теңге.

«Бурное Солар-2» ЖШС-нің демеушілігімен 40 млн теңге қаражатқа Нұрлыкент ауылының  Жастар, Жеңіс, Абай көшелері (Жамбыл, Замбаев көшелері мен Мейірім тұйығының қиылыстары) асфальттанды. Мердігер «Гамбург» ЖШС.

2020 жылғы 15 қыркүйекте Нұрлыкент ауылында мәдениет үйінің құрылысы басталды. Мердігер «Нұрбек» ЖШС. 101млн 360 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылғы 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Нұрлыкент ауылдық округі тұрғындарының өтініштері бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Е.Байғазиев тұйығындағы және Е.Байғазиев көшесіндегі газ құбырларын ағымды жөндеуге Көктем көшесіндегі газ құбырларын ағымды жөндеуге қаражат қарастырылып, жұмыстар атқарылып жатыр.

  1. Нұрлыкент ауылы көшелеріне бейне бақылау камерасын орнату жұмыстары аяқталды.

Шақпақ ауылдық округі

200,0 мың теңгеге ЖК «Арсенал» Шақпақата ауылының орталық алаңына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді.

110,0 мың теңгеге ЖК «Галиев» қатты қалдықтарды сырып, қырып тазарту жұмыстарын жүргізді.

Округ бойынша 5 елді мекен газбен қамтылған. Шақпақ бекетіне газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп, көгілдір отынды үй-үйге тарту жұмыстары жүргізілді.

Шақпақата ауылы Д.Пахомов көшесі бойына ЖК «Қадиша-апа» 9 600 ,0 мың теңгеге су ағатын арық лоток орнатты, аталған жұмысқа «Бизнестің жол картасы-2020″ бағдарламасы бойынша 2 адам жұмысқа тартылды.

Амансай ауылына ЖК»Нуризат» 13 877,0 мың теңгеге Б.Көпбайұлы көшесінің бір бөлігіне орта жөндеу жұмысын жүргізіп, аяқтады.

7 102,0 мың теңгеге ЖК «Нуризат» Ынтымақ ауылындағы Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізді.

1 568,0 мың теңгеге ЖК «Е Сатынбеков» Ынтымақ ауылының кіреберісіне арка орнатты.

5091,0 мың теңгеге ЖШС «Сәулет 2012» Шақпақата ауылында К.Тұртаев көшесіне ескі бағаналарды ауыстырып, жаңа бағаналар орнатып, жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.

1484,0 мың теңгеге ЖК «Е Сатынбеков» Шақпақата ауылындағы Д.Пахомов көшесі мен Жібек жолы, С.Есімұлы көшелерінің жарығы энергия үнемдейтін диодты шамдарына ауыстырылды.

1607,0  мың теңгеге ТОО «СК-BazaLT» Ынтымақ ауылы Б.Момышұлы көшесіне энергия үнемдейтін диодты шамдар орнатып, ауыстырды.

ЖК «Туранова Хадиша» «Шақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратының сыртын 2 079,0 мың теңгеге қаптау жұмыстарын жүргізілді.

Шақпақата ауылына ЖШС «Ақ мешіт мелиоратор» және Ынтымақ ауылына ЖШС «Байсын-А» мердігер мекемелері ауызсумен қамтамасыз ету жүйесі бойынша жұмыстарын жүргізді.

Ынтымақ ауылындағы ауызсу құбырын жүргізу жұмыстарына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 24 адам жұмыспен қамтылды.

ЖШС «Интеллект Азия» мердігер мекемесі Т.Дүйсебайұлы ауылын ауызсумен қамтамасыз ету жүйесі бойынша жұмыстары жүргізілді. 7 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыды.

ЖШС «Ақ мешіт мелиоратор» мердігерлік мекемесінің демеушілігімен  Амансай ауылының жол бойыдағы аялдамадан ауылға кіретін жолға дейінгі аралықты тегістеп, жол салып берді.

Ынтымақ ауылы мен Т.Дүйсебайұлы ауылына инфраструктура жүргізу үшін мемлекеттік АКТ жасалуда.

1 754,0 мың теңгеге ИП «Жолдасова Қалбибі Көпбосынқызы» Шақпақата ауылы Д.Пахомов көшесі мен С.Сүгіртегі көшесінің қиылысында орналасақан «Стрит Варкауттың» айналасы қоршалды.

Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша Шақпақата ауылы Д.Пахомов көшесі бойына  ЖК «Қадиша Апа» 88,0 мың теңгеге аялдама орнатты.

2019-2020 жылы округте 14 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 азамат 7 953,0 мың теңге  алғашқы көтерме жәрдемақы алды. Халыққа қызметтерді қолжетімді алу үшін сервистік қызмет көрсету кабинеті ашылды.