«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

 

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

         Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы жомарт жүректі, туған жеріне ыстық ықыласын білдірген, ізгі істерді бастап, қайырымдылық шараларға белсенді қатысып жүрген аудан азаматтары «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды.

Сыйлық 5 номинация бойынша табысталды. Атап айтқанда, «Жыл тұлғасы» номинациясын «Банати» ЖК басшысы- Ибрагимова Банати Исраиловна, «Жыл меценаты» номинациясын «Бурное Солар» ЖШС директоры-Капенов Нұрлан Нұрғалиұлы, «Туған өлке» номинациясын «Тау Самалы» туристік сауықтыру кешенінің құрылтайшысы- Тлебаев Арыстан Бейшенұлы, “Жылдың үздік ұйымы” номинациясын “Гамбург” жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі, “Ерен еріктілік” номинациясын Абу Ұлдана Утемисқызы иеленді.

Жиында аудан әкімі  Нарбай Ергебеков номинация иелеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.