«Жомарт жүрек» сыйлығы

«Жомарт жүрек» сыйлығы

 

26 шілде күні « Нұр Отан» партия аудандық филиалының ғимаратында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өткізілді.

« Жыл меценаты» номинация бойынша « Злиха» шаруа қожалығының төрағасы К. Бегалиев, «Туған өлке» номинация бойынша «Ақментей»ҚБ төрағасы А. Дүрәлі, « Жүректен жүрекке»  номинация бойынша «Жуалы» ЖШС –нің төрайымы   К. Айтқұлова марапатталды. Номинанттарға бағалы сыйлықтар  тапсырылды. Марапаттау соңында концерттік бағдарлама қойылды.