Жуалы ауданы әкімдігінің жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында «Бизнес баспалдағымен» тақырыбында аудандық экономикалық ойынның мәліметі. 2018 жыл 03 сәуір

 

Жуалы ауданы әкімдігінің жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары  арасында  «Бизнес баспалдағымен» тақырыбында аудандық  экономикалық ойынның мәліметі. 2018 жыл 03 сәуір.

2018 жылдың 20 ақпан-20 наурыз аралығында мектеп ішілік экономикалық ойын Жуалы ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты 4 негізгі мектеп,2 мектеп-гимназия, 28 орта мектепте өткізілді. Қамтылған барлық оқушы саны 700 бала. 34 мектептің ішінен іріктеліп 9 мектеп аудандық экономикалық ойынға қатысты. Мектеп ішілік ойында ерекше көзге түскен оқушыларды номинация бойынша мектеп директорының мөрі басылған алғыс хаттармен марапатталды.

«Бизнес баспалдағымен» тақырыбында аудандық  экономикалық ойын №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтті.

ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастыру кезеңі: Жүргізуші Д.Қырғызбаева №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.

Құрметті «Бизнес баспалдағы» экономикалық ойынға келген қонақтар және қатысушылар, қош келдіңіздер!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде «болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жариялағаны көпшілікке мәлім. Мақаланың «Білімнің салтанат құруы, яғни техналогиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлы қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді»,- делінген. Бүгінгі экономикалық ойын осы тармаққа бағытталған. «Тәрбие және білім» кіші бағдарласамының «Саналы азамат» бағыты бойынша ұйымдастырылып отыр.

Сіздердің рұқсаттарыңызбен алқа мүшелерімен және экономикалық ойынға қатысушыларды таныстырып өтейін.

Алқа мүшелері:

  1. Шымыртайқызы Перизат аудандық «Жаңа өмір» газетінің тілшісі.
  2. Оразов Абзал №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры
  3. Наурызбаев Асланбек «Мәңгілік ел» орталығының директоры.
  4. Усипбекова Рахила аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Аудандық «Бизнес баспалдағы» экономикалық ойынға 9 мектептен келіп отыр, атап айтқанда №29, №15, №30 Көктөбе, №2 Мыңбұлақ, №27 Дихан орта мектептері, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы, №7 Т.Әкімов, №6 А.Пушкин, №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептердің 8-9 сынып оқушылары.

 

Экономикалық ойынның мақсаты: Ойынның мақсаты – жастарды кәсіпкерлікке бейімдеп, құқықтық мәдениетін және экономикалық сауаттылығын дамыту. Адамгершілікке, ауызбіршіліке, адами құндылықты жоғары қоюға, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

 Іс-шараның  міндеттері: –    Экономикалық қызмет туралы білімдерін кеңейту;-    Позитивті ойлауды , кәсіпкерлік дағдыларын, сенімділіктерін дамыту;-    Өзара көмек пен командалық рухты тәрбиелеу; –    Заманауи экономикалық ойлауды дамытуға жағдай жасау;-    Ойын түрінде олардың өз қабілетін талдауды үйрету.

  І кезең – ТАНЫСТЫРУ.

Тапсырманың шарты:

Топты таныстыру. 

Жеребе бойынша топқа ат беріледі, сол берілген топтың аты бойынша оқушылар экономикамен байланыстыра отырып, топтарын қорғап шығады.

1.№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы, топтың аты «Демалыс орталығы»

  1. №15 орта мектеп, топтың аты «Экспорт айналымы»
  2. №27 Дихан орта мектеп, топтың аты «Кәсіпорын»

4.№2 Мыңбұлақ орта мектеп ,топатың аты «Дихан шаруашылығы»

5.№30 Көктөбе орта мектеп, топтың аты «Мал шаруашылығы»

6.№24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп, топтың аты «Құрылыс нарығы»

7.№7 Т.Әкімов атындағы орта мектеп, топтың аты «Шағын бизнес»

8.№6 А.Пушкин атындағы орта мектеп, топтың аты «Сауда-саттық»

9.№29 орта мектеп, топтың аты «Орман шаруашылығы»

 

ІІ КЕЗЕҢ – СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА.

Тапсырманың шарты: әр топ жеребе бойынша таңдаған ситуациялық тапсырмаларды орындайды.

(Ситуациялық сұрақтар)

1) Наубайхана ашу керексің, қолыңда бар-жоғы 800 мың теңге, тығырықтан қалай шығасың?

2) 500 мың несие алып балық шаруашылығын аштың, балықтар бір күнде қырылып қалды, несиені қалай төлейсің, не істейсің?

3) Банктен несие алып уақытында төлей алмай пайызы өсіп кетті, не істейсің, қалай төлейсің?

4) Сен студентсін,қосымша табыс көзі керек , сенің әрекетің?

5) Ипотекаға үй алдың , шамалы уақыт өткенде жұмыстан қысқартылдың  қалай төлейсің?

6) 2 дипломың бар, жұмыс жоқ  не істейсің?

7) Сенде күндігіне 2 тонна сүт өндіріледі, сүт заводы бір айға жабылды,сүтіңді не істейсің?

8) Сенің жаңадан ашылған кәсіпорныңнан өрт шықты, сенің әрекетің.

9) Еккен егініңді өнім бергенге дейін шегіртке,қарға жеп жатыр,не істейсің?

ІІІ КЕЗЕҢ – ЖАРНАМА ҚҰРУ.

Тапсырманың шарты:    әр топ жеребе бойынша таңдаған өнімге жарнама жасауы керек.

  • Нан өнімдерін жарнамалау
  • Сүт өнімдерін жарнамалау
  • Көкөністерді жарнамалау
  • Құрылыс материалдарын жарнамалау

5)Киім-кешектерді жарнамалау

  • Сусындарды  жарнамалау
  • Косметикалық өнімдерді жарнамалау
  • Ет өнімдерін жарнамалау
  • Жиһаздарды жарнамалау

 

ІV КЕЗЕҢ – СӨЗ ШЕБЕРІ.

Тапсырманың шарты:  түрлі сөз шеберлігі

1) Егер мен әкім болсам…….

2) Егер мен тілші болсам ……..

3) Егер мен  жазушы болсам ……..

.4) Егер мен кәсіпкер болсам ……..

5) Егер мен футболист болсам ……….

6) Егер мен министр болсам …….

7) Егер мен ұстаз болсам ………..

8) Егер менде шағын бизнес болса ……….

9) Егер мен диханшы болсам……..

 

ҚОРЫТЫНДЫ

«Бизнес баспалдағымен» атты экономикалық ойынды  қорытындысы: .№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Оразов сөз алды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалысындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Саналы азамат» базалық бағытын іске асыру үшін «Бизнес баспалдағы» экономикалық ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Іс-шараның  мақсаты оқушылар кәсіпкерлікке бейімдеу, экономикалық сауаттылығын дамыту.болашақта сәттілік тілеймін. Осы мектеп-гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қырғызбаева өз сөзінде, «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалысындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Саналы азамат» базалық бағытын іске асыру үшін «Бизнес баспалдағы» экономикалық ойын өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Іс-шараның  мақсаты оқушылар кәсіпкерлікке бейімдеу, экономикалық сауаттылығын дамыту»- деп аяқтады. Жуалы ауданы білім бөлімінің әдіскері Р.Усипбекова қорытынды сөз сөйледі. Қатысушы топтарға алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта сәттілік тілеп бүгінгі экономикалық ойын жоғарғы дәрежеде өткенін және ұйымдастырушы тарапқа алғысын білдірді. Сонымен бас жүлде иеленген топты жариялап облыстық жарысқа баратынын айтты. 67 баллмен №7 Т.Әкімов атындағы орта мектеп, топтың аты «Шағын бизнес» облыс көлемінде өтетін ойынға қатысуға мүмкіндік алды.

МАРАПАТТАУ

Қорытындысында топтардың жалпы баллдардың қосындысының нәтижесінде жеңімпаздар анықталады. Жеңіске жеткен топ арнайы дипломмен І,ІІ,ІІІ орынды иеленген топтар бағалы сыйлықтармен және номинациялармен  марапатталды.

Бас жүлде:  67 баллмен №7 Т.Әкімов атындағы орта мектеп, топтың аты «Шағын бизнес»

1 орын: 66 баллмен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы, топтың аты «Демалыс орталығы»

2 орын: 63 баллмен №29 орта мектеп, топтың аты «Орман шаруашылығы»

3 орын: 62 баллмен №27 Дихан орта мектеп, топтың аты «Кәсіпорын»

 

«Жеке кәсіпкер» номинациясы бойынша №30Көктөбе орта мектеп оқушысы Қаржаубай Минура иеленді.

«Сөз шебері» номинациясы бойынша №2 Мыңбұлақ орта мектеп оқушысы Орынбай Аяжан иеленді. Орын алған топ жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.