Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында жас ақындар арасында аудандық «Жыр өзегі – рухани жаңғыру» атты жыр-мүшәйрасының хаттамасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында жас ақындар арасында аудандық «Жыр өзегі – рухани жаңғыру» атты жыр-мүшәйрасының

хаттамасы

 

Өткізілген орны: Қ.Сағындықов атындағы ОМ

Өткізілген күні: 06.04.2018 жыл

Қатысқандар саны: 13 адам көрермендер: 45 адам

2018 жылдың сәуір айының 6-жұлдызы күні аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Шақпақ аймағының жастар ісі нұсқаушысы және Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында жас ақындар арасында аудандық «Жыр өзегі – рухани жаңғыру» атты жыр-мүшәйрасы болып өтті. Жыр-мүшайраның негізгі мақсаты тарих қойнауында жатқан қазақ елінің тарихын түгендеу және тың таланттарын анықтап, жаңа буынды көпшілікке таныстыру. Сондай-ақ, жастардың туған елге жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылықтырын шыңдап қолдау білдіру болып табылады.

Алғашқы сөзді, аудандық халықшығармашылығы және мәдени демалыс орталығының көрініс өнер бөлімінің меңгерушісі Нұржан Әліш алып жас ақындарға мүшәйраның мақасаты туралы түсінік бере кетіп, негізгі тақырыпқа арқау болып отырған Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы екенін айта кетіп сәттілік тіледі. Мүшәйраға жалпы 13 жас ақын қатысам деп өз өтініштерін білдірген. Жастардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру, қоғамның белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу, жас ақындардың шығармашылығын дамыту және қолдау мақсатында ұйымдастырылған аудандық жыр-мүшәйрасы 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Жыр өзегі – рухани жаңғыру!» тақырыбында әр ақын үйден дайындап келген өз жанынан шығарған 1 өлеңін оқыды.

Екінші кезең – ақындық қабілетін айқындау үшін әр жас ақын мүшәйра өтетін орында қазылар алқасы ұсынған тақырыпқа өлең шығарды.

Қатысушылардың барлығы жасөспірімдер болды. Тіпті елдік пен бірлікті, тұтастық пен татулықты жырлауға мектеп оқушылары белсенділік танытты. Тарихтан толғаған жырлар мен мазмұнды өлеңдер көптің көңілінен шығып, әділқазыларды толғатты. Әділ қазылардың шешімімен «Ең жас ақын» номинациясымен Ерғали Дильназ №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы мадақталды. ІІІ-орын Мұстафа Аяжан №9 Абай атындағы орта мектебі және Мадияр Қасымбек №15 орта мектебі. ІІ-орын Ақнұр Әбдіжапарова №25 Ақтөбе тірек мектебі, І-орын Дәусен Демеу №28 Амангелді орта мектебінің оқушысы иеленді. Бас жүлдені Асқарұлы Бауыржан №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушысы жеңіп алды.

 

Шақпақ ауылдық округінің әкімі:                                    Н.Тилегенов

 

                  Жастар ісі нұсқаушысы:                                   А.Ахметов