«Білім және тәрбие» кіші бағдарламасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылады:
1– ЖОБА: «Бауыржан ұландары» әскери патриоттық клубы.
Б.Момышұлы орта мектебінің базасында 2018 оқу жылында «Бауыржан ұландары» тақырыбында клуб ашылады.
Жалпы клубқа 909 оқушы қатысады. Қажетті қаражат саны: 4,5 млн. теңге. Жүзеге асырылатын жылдары: 2018 жыл
2- ЖОБА:. «Менің өлкеме саяхат» киелі және тарихи өңірлерге саяхат (облыстық реестрге енген)
Жобаға қатысатын оқушылардың жалпы саны: 990 адам
Жалпы қаражат көлемі: 19,0 млн. тенге; 2018 жылға 1 млн қаралды. Жүзеге асырылатын жылдары: 2018-2022 жылдары.
3- ЖОБА: «Кітап – рухани қазына» атты байқау. Арнайы комиссия шешімімен 25 кітапты анықтап, мектеп оқушыларына ұсыну. Оқу жылы аяғында байқау ұйымдастыру. Жобаға қатысатын оқушылардың жалпы саны: 520 адам
Жалпы қаражат көлемі: 7,6 млн.тенге; Жүзеге асырылатын жылдары: 2018-2022 жылдары
4- ЖОБА: «Түлектер аллеясын» ашу
«Мектептер тағлымы» акциясы аясында бітіруші түлектерді тарта отырып, №1 Г.Орджоникидзе ат. МГ , №2 Мыңбұлақ орта мектебі, №5М.Ломоносов ат. ОМ, Ш.Уалиханов ат. НМ, №3Қ. Қошмамбетов ат.ОМ-нің ауласында «Түлектер аллеясын» ашу. Қаржы көзі қажет етпейді; Демеуші : Жуалы ауданының танымал түлектері; Жүзеге асырылатын жылдары: 2018-2022 жылдары.
2018 жылдың 25 мамырында №2 Мыңбұлақ орта мектебінде «Түлектер аллеясы» ашылды.
5- ЖОБА: «Салауатты өмір-ұлт болашағы» атты спорт секциясы (облыстық реестрге енген)
Мақсаты: Спорттың тау шаңғысы мен конькимен сырғанау түрлерін дамыту. Жобаға қатысатын оқушылардың жалпы саны: 1230 адам; 2017 ж.- 3,7 млн. тенге бөлініп, бұл қаражатқа қатысушы оқушыларға 150 шаңғы, 125 коньки алынды. 2018 ж. – 4 млн. тенге қаралды. Жүзеге асырылатын жылдары: 2018-2022 жылдары