ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауының әрқайсысының замандық тұрғыдан алғанда өзіндік маңызы зор. «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың аса бір ерекшелігі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.
Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» веб-порталына «пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың наурыз айының 13-жұлдызы күні Шақпақ ауылдық округіне қарасты, Шақпақата ауылында орналасқан №4 Балалар өнер мектебінің мәжіліс залында Жуалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімі мен Шақпақ ауылдық округі әкімшілігінің аппаратының ұйымдастыруымен округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке барысы ауыл өнерпаздарының және балалар өнер мектебінің шәкірттерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарламамен бастауын алды. Жәрмеңкенің шымылдығын Шақпақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Каипов пен Жуалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы Е.Қамбарбеков ашып берді. Жәрмеңкеге бірқатар мемлекеттік мекемелердің мамандары жұмылдырылып, аталмыш қызметкерлер шараға келген азаматтарға бүгінгі таңдағы электронды жүйе бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырып түсіндірді.
Айта кетсек, жәрмеңкеге халықтың сұранысы бойынша, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, ауыл шаруашылығы, Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, сонымен қатар, ветеринария бөлімі, Аудандандық кірістер бөлімі және білім бөлімі келіп қатысты. Тұрғындар жер, тұрғын үй кезегіне орналасу, дипломмен ауылға бағдарламасы туралы, жеке электронды кілт алу және тағы да басқа қызмет түрлері бойынша қызметтерді алуға көптеп жүгінді. Мемлекеттік қызмет көрсету кезекті жәрмеңкесі жоғарғы деңгейде өткізілді. Халық ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.
Жәрмеңкенің мақсаты – шалғайдағы тұрғындарға ауданның орталық және жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпараттандыру. Сондай-ақ, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету арқылы электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және заңгерлік кеңес беру болып табылады. Тұрғындардың іс-шараға қызығушылығын арттыру мақсатында ыдыс аяқтар, қаламсаптар және бүктемелер таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭЛЕКТРОННЫЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ УСЛУГИ – ГЛАВНЫЙ ИНСТРУМЕНТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВА

Ежегожное Послание Главы государства имеет особое значение в современном плане. Особенностью послания являются Новые возможности развития в условиях промышленности Цифровой Казахстан, повышение качества оказания электронных государственных услуг  Республики Казахстан в соответствии с Законом  «о Государственных услугах», по оказанию государственных услуг в электронной форме «электронного правительства», веб-портал (www.egov.kz).

Электронная система  максимально автоматизирована, оптимизирована на получение государственных услуг, призванная снизить расходы на социальные коммуникации на каждого члена общества.

Каждый гражданин страны имеет возможность получить электронные услуги посредством электронной цифровой подписи, зарегистрировавшись на веб-портале» Электронного правительства в «личном кабинете пользователя».

С целью реализации данной программы 13 марта текущего года в селе Шакпаката Шакпакского сельского округа в актовом зале Детской школы искусств №4 была организована ярмарка с целью оказания государственных услуг населению сельского округа, организованная отделом организационной и государственно-правовой работы акимата Жуалынского района и Аппаратом акима Шакпакского сельского округа. В ходе ярмарки были организованы концертные программы с участием воспитанников Детской школы искусств и художественной самодеятельности села. Открытие ярмарки состоялось исполняющим обязанности акима Шакпакского сельского округа К.Каиповым и главным специалистом отдела организационно государственно-прававой работы подразделений аппарата Жуалынского района  Е. Камбарбековым. На ярмарке были задействованы специалисты государственных учреждений,которые ознакомили посетителей с оказанием государственных услуг по электронной системе. Стоит отметить,  что по спросу населения в ярмарке приняли участие: отдел архитектуры и градостроительства, отдел занятости и социальных программ, отдел экономики и бюджетного планирования, отдел сельского хозяйства, районный центр обслуживания населения, отдел ветеринарии, районный отдел доходов, а также отдел образования. Население обратилось по вопросам получения услуг по земельным, жилищным вопросам, по программе с дипломом в село, по получению некоторых справок  из электронного правительства и других видов услуг. Очередная ярмарка государственных услуг была проведена на высоком уровне. Народ дал положительную оценку. Цель ярмарки – информирование населения о государственных услугах, оказываемых центральными и местными исполнительными органами района. Также, оказание юридических консультаций и обеспечение доступности услуг в электронном виде посредством оказания качественных услуг населению. В целях повышения интереса населения к мероприятию были подарки в виде бокалов,блокнот, ручек и буклетов.